Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47)



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата03.03.2017
өлшемі3,24 Mb.
#6675
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

Түйіндеме 
Қырғызбекова С. С. - Абай атындағы ҚазҮПҰдың Шығармашылық тәртiптер кафедрасының 
аға оқытушы, e-mail-sveta010161@mail.ru   
                       Студенттердің рухани-адамгершілік білім беру саласындағы жобалау рөлі 
Студенттерге  оқытылатын  дизайн  сияқты  арнайы  сабақтар,  әлеуметтік  жеке  тұлға  және  жалпы 
мәдени  біліктіліктің  қалыптасуы  ушін  ғана  емес,  сондай-ақ,  діни  және  рационалды  екі  факторсыз 
ескеруге  болмайтын,  студенттердің  рухани-адамгершілік  тәрбиесіне  арналған    бірегей  мүмкіндікке 
ие. Дизайн студенттерді көркем өнер тәрбиесіне үйретеді, түрлі құралдарды, әдіс-тәсілдерді қолдану 
студенттерге  заттар  мен  құбылыстар  туралы  ой-пікірін  мәнерлі  түрде  барынша  әсерлі  жеткізуіне 
ықпал  етеді,  сондай-ақ  студенттерге  рухани-моральды  тұрғыда  дамуға  көмектеседі.  Студенттердің 
көркем-эстетикалық даму жолында жағымды динамика болуы қажет. Бейнелеу өнері сабағы үстінде 
рухани-моральдық даму шығармашылық қасиеттермен қатар дамиды, дәлірек айтсақ, студенттердің 
рухани  моральдық  дамуы  көркем-эстетикалық  бағыт  құралдарының  көмегі  арқылы  қалыптасады. 
Студенттерде  жоғары адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына оқытушының, ата-ананың, діни 
қызметкерлердің, жоғары оқу орнының барлық білім беру ортасының үнемі қадағалауы қажет.  
Түйінді  сөздер:  Адамгершілік,  маральдық,  тәрбие,  өнеер,  мәдениет,  студенттер,  ата-аналар, 
ғылым және дін, дизайн, жасөспірім, педагогика, дәстүр, театр, музей. 
 
Summary 
Kirgizbekova S. S.- the senior lecturer of chair of Creative disciplines of KAZNPU of Abay 
e-mail-sveta010161@mail.ru 
Design role in spiritual and moral education of students 
Special disciplines, such as, design, taught students, have unique potential not only for formation of social 
and personal and common cultural competences, but also for spiritual and moral education of students which 
is impossible without two factors: religious and rational. The design acquaints students with different types 
artly  -  esthetic  education  (acquaintance  to  art,  graphic  activity),  use  of  various  means,  methods  and 
receptions  promotes  acquisition  by  students  of  skills  to  transmit  impressions  about  objects  and  the 
phenomena  through  expressive  images,  and  also  promotes  spiritually  –  to  moral  development  of  pupils.  In 
artly  esthetic  development  of  students  there  has  to  be  positive  dynamics.  On  occupations  of  the  fine  arts 
spiritual and moral development happens to development of creative abilities in students, namely: spiritual 
moral  development  of  trained  happens  to  the  help  of  means  of  the  art  and  esthetic  direction.  Continuous 
external influence of teachers, parents, priests, all educational environment of a higher educational institution 
in general is necessary for formation of the supreme moral values at students" 
Keywords:  Morals,  morality,  education, art,  culture, pupils,  parents, taste,  science  and  religion,  design, 
youth, pedagogics, traditions, theater, museums. 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
124 
ӘОЖ 378.147:73/76 
ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ РУХАНИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ 
ТӘРБИЕНІҢ АСЫЛ АРНАСЫ 
 
Бекболатова К.М. – Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институтының 
«Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының 6D010700-«Бейнелеу 
өнері және сызу» мамандығының 1  курс докторанты, 
sunkarz@mail.ru
 
 
Мақалада  автор  ғалым-педагогтардың  ғылыми  еңбектеріне  талдау  жасап  және,  өзінің  жеке  зерттеулер 
нәтижелері негізінде қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарының құрамына кіретін дәстүрлі көркемөнер 
мен қолөнердің мәнін, мазмұнын ашып жазған және қоғам өмірінде, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде студенттерді 
кәсіби  даярлау  кезіндегі  олардың  рөлін,  сонымен  қатар  көркемөнер  білімі  мен  өнер  арқылы  тәрбие  беруді 
ізгілендіруде халықтың көркемөнер-эстетикалық мұрасын пайдалану маңыздылығын көрсетті.  
Түйін  сөздер:  дәстүрлі  өнер,  рухани-мәдени  құндылық,  ЖОО,  мектеп,  көркемөнер  білімін  ізгілендіру, 
рухани-мәдени тәрбие.  
 
Қоғам дамуының экономикалық және әлеуметтік мәселелері адамның рухани мәдениетінің, адам 
табиғаты  байлығының  дамуымен  тікелей байланысты.  Олай  болса,  жеке  адамның  мәнді  күштерінің 
даму  сипаты  мен  деңгейі  -  қоғам  дамуының    бірден-бір  көрсеткіші  деуге  болады.  Сондықтан,  бұл 
тұрғыда  этномәдениет  -  әлеуметтік  мұрагерліктің  механизмі  және  адамның  өмір  қарекетін 
ұйымдастырудың ерекше құралы саналады.   
Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауларында мәдени-тарихи мұраны сақтау және оны өскелең 
ұрпаққа  жалғастыру  мақсаттары  қойылған.  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиялық  саяси  бағыттары 
мазмұнында,  ХХІ-ғасырдағы  жас  ұрпақ,  тек  оқыту,  білім  алудың  объектісі  болумен  бірге,  рухани-
мәдениет  субъектісі  саналатын  жаңа  мазмұнды  оқу-тәрбие  орнының  жасампаз  шәкірті  болуын 
қамтамасыз  ету  қажеттігі  қоғамдық  талап  екені  айырықша  атап  көрсетілген  [1].  Жеке  адамның 
қалыптасуы, дамуы, кәсіби деңгейінің жақсаруы, ғылым мен практика жетістіктерін игерту мазмұны 
үрдісінде  ұлттық,  жалпы  адамзаттық  рухани  және  мәдени  құндылықтарды  меңгерту,  Қазақстан 
Республикасының  білім министрлігінің  «Тәлім-тәрбие  тұжырымдамасы»,  «Этномәдениет  тәрбиесі», 
«Мәдени  мұра  бағдарламасы»    т.б.  құжаттар  мазмұнында  жас  ұрпаққа  туған  халқының  өнер 
саласындағы  көркем-материалдық,  этномәдени  құндылықтары  арқылы  рухани-эстетикалық  тәрбие 
берудің негізгі бағыттары мен идеялары айырықша атап көрсетілген [2-3].                 
Қазіргі қазақ халқы, өткен дәуірлерде, ұлан-қайыр ұлы  далада көшпенді  малшы, жауынгер ғана 
емес,  сонымен  бірге  тамаша  қолөнерші,  сәулетші,  мүсінші,  суретші,  ұста-зергер  болғаны  туралы 
археологиялық,  этнографиялық  еңбектер  мен  мұражай  жәдігерлерінен,  сәулеттік  кешендерден  мол 
ақпарат  аламыз.  Оның  айғағы  ретінде,  Маңғыстаудағы  сәулеттік  ескерткіштерді,  Тараздағы  Айша-
бибі,  Бабаджа-қатын,  Қарахан  мазарларын,  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесін,  Өлкетану 
мұражайындағы  тас  мүсіндер,  металдан  жасалған  қару-жарақтар,  ыдыстар,  әшекей  бұйымдарды 
айтуға  болады  [4].  Міне  бұл  тарих  жәдігерлерден,  ертеден  бері  ата-бабаларымыздың  алтын  мен 
күмісті, қола мен темірді, ағаш пен сүйекті, жүн мен теріні шебер өңдеп, күнделікті тұрмысқа қажетті 
бұйымдарды  ұлттық  нақышта,  өзіндік  эстетикалық  талғаммен  жасай  білгенін,  көреміз.  Соның  бір 
айғағы, бүгінгі күнге дейін қазақ отбасында дайындалып, қолданылып келе жатқан текемет, сырмақ, 
түскиіз, ұлттық киім үлгілерін, алтын мен күмістен жасаған сан-алуан зергерлік әшекейлерді айтуға 
болады. 
Қазақ халқының дүниетанымдық ой-өрісі мен рухани дамуын, біздерге дейін жеткен эстетикалық-
мәдени  қазыналарын  жасаушы-тарихи,  материалдық  ескерткіштері,  кәсіби  шаруашылық,  тұрмыс-
салт  дәстүрлері,  ауыз  әдебиеті,  дәстүрлі  бейнелеу  және  қолөнері,  сәулет  өнері,  музыка  өнері, 
мерекелік  ойын-сауықтары  қамтамасыз  етіп  келгенін,  философия,  тарих,  этнография,  эстетика, 
мәдениет  және  өнертану  саласындағы  және  ұлттық  тәлім-тәрбие  құндылықтарын  жас  ұрпақ 
тәрбиесінде пайдалану жолдарын зерттеуші педагогтар еңбектерін талдай отырып көз жеткіземіз. 
Жеке  адамның  рухани  мәдениет  тәрбиесінің  компоненттерінің    бір  саласы  -  адамзаттың  өткені 
және  қазіргі  шығармашылық  қызмет  үрдісіндегі  көркем-материалдық,  рухани-мәдениет 
құндылықтарын  игеруі.  Бұл  міндет  «Бүгінгі  жас  ұрпақ,  тек  оқыту,  білім  алудың  объектісі  болумен 
бірге,  рухани-мәдениет  субъектісі  саналатын  жаңа  мазмұнды  оқу-тәрбие  орнынының  жасампаз 
шәкірті  болуы  қажет»  [1].    деген  талаптың  негізгі  өзегі  –  жаңаша  ойлау  мен  білімдарлықты  – 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
125 
қоғамның,  оның  жеке  азаматтарының  келбетін  өркениет  мәдениеттілігі  деңгейіне  көтеру  болып 
саналады. Ал бұл саладағы құндылықтарды игеру - адамдардың қоршаған дүниеге қатынастары мен 
қолөнер  шығармаларын  қабылдауындағы  жоғарғы  эстетикалық  құндылықтарды  игеруінің  рухани-
практикалық  іс-әрекеті.  Тарихи  қалыптасу,  даму  кезеңдерінде,  халқымыз  өзінің  ұлттық, 
психологиялық,  әлеуметтік  болмысының  бар  мүмкіндіктерін,  мінез-құлық  нормаларын,  тәлімдік 
қағидаларын  болашақ  ұрпақты  рухани-эстетикалық  дамуын  жүзеге  асырудың  тәрбиелік 
принциптерін  қалыптастырған.  Ол  тәрбие  құралдары,  адамдардың  материалдық  байлығы  және 
қоршаған  шындық  болмысына,  ортаға  деген  рухани  дүниетанымдық,  өнердегі  әсемдік, 
шығармашылық  көзқарасының  жемісі  саналатын  –  сан-алуан  өнер  түрлері.  Өнер  өзіндік  көркем-
мәнерлік құралдарымен жасалған образдар арқылы адам санасына әсер ете отырып, өмір шындығы 
мен  өнердегі  сұлулық  пен  әсемдікке  деген  эмоциялық  қатынастың  қалыптасуына  зор  ықпал  ететін 
мүмкіндігі зор тәлімдік құрал. 
Өнер  түрлерінің  ішінде,  Қазақ  халқының  дәстүрлі  тұрмыстық  әрі  кәсіби  фольклорын  құрайтын 
колөнері  мен  сәндік-қолданбалы  өнері  табиғатының  жан-жақтылығы,  мәні  мен  мазмұны,  жасалу 
тәсілдерінің сан-алуандығы мен  тарихи, этнографиялық, мәдениеттанымдық аспектілері және оның 
ұлттық мәдени  құндылығы  ғалымдар: Ә.Марғұлан [5], Х.Арғынбаев,  Ө.Жәнібеков [6], С.Қасиманов 
т.б.  еңбектерінде,  сол  сияқты,  бұл  өнердің  адамның  қоршаған  шындық  болмысына  эстетикалық 
қатынасын,  рухани-материалдық  дүниетанымын  қалыптастырудағы  алатын  тәрбие    саласындағы  
маңызы  -  Ө.Жәнібеков,  Б.Байжігітов,  С.Ұзақбаева,  М.Балтабаев,  Қ.Болатбаев,  т.б.  ғалымдардың 
философиялық, өнертану, эстетикалық, педагогикалық еңбектерінде ашып көрсетілген [6-10].  
Қазақ арасында үйші, оюшы, ағаш ұстасы, зергерлер еңбегі өте зор бағаланатын болған. Алтынды 
аптап, күмісті қаптап әйелдер тағатын - білезік, сақина, қапсырма, алқа, өңіржиек, сәукеле т.б. толып 
жатқан    зергерлер  жасаған  әшекей  бұйымдар,  қазақтың  ұлттық  киімдерімен  мәндік,  сәндік  үйлесім 
таба, сол заманға сай сұлулық ансамблін жасайтын.  
Қазақтың тұрмыстық және кәсіби сәндік қолөнерінің туындылары қазақ киіз үйінің жиһаздарын, 
тұрмыста қолданылатын сан-алуан бұйымдар мен сәндік әшекейлерін құрайды. Қазақ киіз үйінің ішкі 
үйлесімі,  түгелдей  халық  шығармашылығының  туындыларын  паш  ететін  мұражайы  деуге  болады

Олар:  өрнектеліп  тоқылған  алаша-кілем,  оюлы  текемет  пен  сырмақтар,  аяққаптар  мен  кесеқаптар, 
сүйекпен,  металмен  әшекейленген  және  өзара  өте  жарасымдылықпен  орналастырылған  ағаш  төсек, 
сандық, әбдре, асадал, адалбақан, іргеге ілінген, саналуан түстегі жіптермен кестеленген түскиіз т.б. 
қазақ  әйелдерінің  немесе  шеберлер  қолынан  шыққан  сәнді  де  мәнді  бұйымдар.  Қазақ  отбасының 
ұрпақтары  осы  өнер  туындыларының жасалуын  көзімен  көріп, жасауға  араласа  жүріп,  сол  сұлулық 
пен әсемдіктің, ою-өрнектер әлемінің ортасында өмір кешкен. Сол материалдық, рухани байлықтың 
ықпалымен, өнер түрлерімен танысқан, араласқан жас ұрпақ бойында әсемдікке қызығушылық сезімі
көркемдік талғамы оянып, өзінің де сондай әсемдік жасауға деген ынтасы, белсенділі қалыптасады, 
есейе келе өзі жасаған заттарының өмірден орын алғанын көрген жас, шығармашылық іс-әрекетінің 
жемісінен ләззәт алады [11, 205 б].  
Ұлттық  дәстүрлі  сәндік  қолөнердің  рухани-мәдениет  пен  материалдық  дүниетаным,  көркем-
эстетикалық тәрбие үрдісіндегі  ролі  мен  мәні  ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нысанасынан 
түскен  емес.  Отандық  педагог  ғалымдардың  (Қ.Әмірғазин,  Е.Асылханов,  Б.Әлмұхамбетов, 
Ж.Балкенов,  Қ.Ералин,  Ә.Қамақ  т.б.)  зерттеу  еңбектерінде,  ұлттық  көркемөнердің  философиялық, 
тарихи, этнографиялық, мәдениеттанымдық аспектілері, оның мәдени-эстетикалық құндылық ретінде 
әрі  ол  құндылықтарды  болашақ  өнер  мұғалімдерін  кәсіби  дайындаудағы,  сонымен  бірге,  мектептік 
көркемдік білім мен тәрбие саласындағы маңызы ашып көрсетілген.  
Жоғары  педагогикалық  оқу  орындарында  көркемөнер  мамандығы  студенттерінің  кәсіби 
шеберліктерін  дамытуға  байланысты  және  мектептік  бейнелеу  өнері  пәнін  оқыту  проблемаларын 
зерттеуші кейбір ғалымдардың пікірінше, бүгінгі өнер пәндеріне арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік 
құралдар  мазмұнында,  негізінен,  оқушылыардың  тек  көркемдік  дағдылары  мен  шығармашылық 
қабілеттіліктерін  қалыптастыру,  дамыту  мәселелеріне  көңіл  бөлінетіні,  өнер  сабақтарының  
құрылымында,    өнердің    кез-келген    түрін    игеру    үшін      алдымен    оның    жасалу    техникасын  
меңгертіп алып, содан  кейін ғана  жалпы  көркем-эстетикалық  даму  мен  тәрбие  үрдісіне  ауысуға 
болады  деген  пікір  қалыптасқаны  айтылады  [12].  Соған  орай,  бізде  өз  зерттеуіміз  барысында,  осы 
күнгі  қолда  бар  ғылыми  зерттеулер  мен  педагогикалық  баспа  беттеріндегі  ғалымдардың  ғалыми 
мақалалардағы  тұжырымдық  ойларын  зерделей  отырып,  студенттерге  көркемдік  білім  беру 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
126 
жүйесіндегі  -  оқу-шығармашылық  іс-әрекетінде,  өнер  тарихы,  өнертану  саласында  халқымыздың 
этномәдениеті  мен  ұлттық  өнердегі  эстетикалық  дәстүрлерін  игерту  мәселелерінің  аз  зерттелгенін, 
бұл  проблеманың өзектілігін байқаймыз.  Бүгінгі студент пен мектептік жас ұрпақ, тек оқыту, білім 
алудың  объектісі  болумен  бірге,  рухани-мәдениет  субъектісі  саналатын  жаңа  мазмұнды  оқу-тәрбие 
орнының  жасампаз  шәкірті  болуы  қажет.  Бұл  талаптың  негізгі  өзегі  –  жаңаша  ойлау  мен 
білімдарлықты  –  қоғамның,  оның  жеке  азаматтарының  келбетін  өркениет  мәдениеттілігі  деңгейіне 
көтеру.  
    Қазіргі уақыт кеңістігіндегі білім беру жүйесінде, интеллектуалды дамыған, моральдық, рухани-
эстетикалық  тағлымы  берік  қалыптасқан  болашақ  ел  азаматын  дайындауды  қамтамасыз  ететін 
білімдарлық  пен  рухани-мәдениеттілік  сапасы  арасындағы  олқылықтардың  көрініс  беруі 
педагогикалық  шындық.  Мектеп  жасындағы  балалардың  да  бойында  өркениеттікке  жатпайтын, 
келеңсіз  жат  мінез-құлықтар  мен  рухани  өрістің  таяздығынан,  халықтық  мәдени  құндылықтарға 
деген  немқұрайлы  көзқарастардың  бой  алуына  себеп  болуда.  Міне,  осы  олқылықтарды  түзету 
мақсатында елімізде арнайы «Этномәдени тәрбие тұжырымдамасы», «Мәдени мұра» бағдарлдамасы 
жасалды.  Ол  мемлекеттік  құжаттар  мазмұнының  талаптары  мен  міндеттері,  ЖОО  студенттерін, 
әсіресе  көркемөнер  мамандарын  дайындайтын  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімдерін,  осы  өзекті 
мәселелерді шешуге кәсіби дайындауды жүзеге асыруға жетелейді. 
  Педагог-зерттеушілер – студенттер мен оқушылар санасына өнердегі формалардың әрбір тарихи 
кезеңдер  талаптарына  қарай  өзгеру  логикасының,  халықтың    қоғамдық    өмір    құрылымының, 
эстетикалық  идеясының,  көркемдік    дәстүрлерінің    өзгеруімен    табиғи  байланыста  екендігін,  бұл 
өзгерістердің  тарихи  себептерін  қызығушылықпен  сараптай  алу  қабілеттерін  қалыптастыру  негізгі 
маңызды  мәселелердің  бірі,  егер  бұл  мәселе  өз  деңгейінде    орындалмаса,  өнер  арқылы  көркемдік 
білімнің  мәні  жоғалады,  ол    дегеніміз,    тұлға  бойында  әсемдік  сезім    мен    халықтық    көркем  
эстетикалық    құндылықтарға    деген    дұрыс    көзқарастың  жоғалуы,  ұлттық  өнер  мен  әлемдік  өнер 
мұраларына деген кереғар  пікірдің  қалыптасуына  әкеп  соғады - деген пікір айтады [13,  206 б ]. 
 Мамандық  бойынша  студенттерді  өнерге  баулу  саласындағы  өзекті  мәселелерді  шешуге 
бағытталған  алдыңғы  сатылардағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымыздың  нәтижелері  мен 
тұжырымдары: 
-
 
студенттердің  көркемдік  жетістіктері  ең  алдымен  өнерді,  оның  бойындағы  рухани  әрі 
материалдық,  эстетикалық  құндылық  белгілерін  тану,  қабылдау  дағдыларын  дамытудың 
маңыздылығын;  
-
 
өнерге  деген  әсерлі  танымдық  қатынасты  тәрбиелеу,  эстетикалық  сезімталдықты  дамыту, 
өнерге аса қажетті көркемдік талғамның қалыптасуына ықпалды әсер ететіні; 
 
-
 
көркемдік  білім  негіздерін  игеруге  бағытталған  теориялық,  практикалық  білім  іс-әрекеттерін, 
халықтың  рухани,  көркемдік,  материалдық  құндылықтарын,  эстетикалық  дәстүрлерін  игертумен 
тығыз  ұштастыра  жүзеге  асыру,  өнердің  атқаратын  қызметіне  сай  ұйымдастырылған  ғылыми-
педагогикалық    сәйкестікті    талап    ететінін  дәлелдеп  берді.  Бұл  талаптар,  бүгінгі  студент,  ертеңгі 
мектеп мұғалімінің жас ұрпаққа көркемдік білім мазмұнын жаңаша заманауи міндеттерге сай жүзеге 
асыруына аса қажетті. 
 
Қазіргі  мектеп  оқушыларының  эстетикалық  және  рухани  дамуы,  негізінен,  көркемдік  білім 
құралдары  –  әдебиет,  музыка,  бейнелеу  өнері және  сәндік-қолданбалы  өнер  пәндері  арқылы  жүзеге 
асады.  Кез-келген  өнер  түрі  өзіне  тән  көркем-мәнерлілік  тілімен  балалалрдың  санасына    әсер  етіп, 
қоршаған    өмір    шындығына    деген    сезімдік    әсерлерін,  таным    деңгейін,  әдемілікті  сұлулық  
заңымен    қабылдау    дағдыларын    қалыптастырады.  Бүгінгі  таңда,  жас  ұрпақты  бейнелеу  өнерінің 
түрлі салалары бойынша көркем бейнелеу, орындау қабілеттілігіне  баулуға  арналған  тәжірибелер  
мен  әдістемелік  материалдар  баршылық. Бұл салада Қазақстан ғалымдары, арнайы ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының нәтижелерімен республикада өнер арқылы  көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие 
беру мазмұнын жандандыруға белсене араласып келеді. 
Қазіргі таңда республикада жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер  - елімізді 
бүкіләлемдік  өркениеттік  кеңістікке  енуді  қамтамасыз  ететуге  бағытталған  басты  іс-шаралары.  Бұл 
іс-шаралар  мазмұнында,  халқымыздың  этномәдениет  саласындағы  рухани-адамгершілік  сапаларын, 
этикалық-эстетикалық  құндылықтарын  бүкіләлемдік  мәдениеттің  өнегелік  нұсқаларымен  кіріктіре 
отырып  жас  ұрпаққа  игерту  арқылы,  тәлім-тәрбие  мазмұнын  ізгілендіруге  бағытталған 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
127 
педагогикалық  талаптар  мен  міндеттерді  де  жүзеге  асыру  қажеттігі  назардан  тыс  қалмаған. 
Егемендіктің  елеулі  белестеріне  шыққан  еліміздің  болашақтағы  даму  стратегияларына  арналған 
мемлекеттік  құжаттар,  бағдарламалар,  тұжырымдамалар  мазмұнының  бәрінде,  ел  болашағы  –  жас 
ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беру  міндеттері  ашып  көрсетілген.  Олай  болса,  мектептік  тәлім-тәрбие 
мазмұнын,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  өнегелі  нұсқаларымен  байыта  отырып 
гуманизациялау  үрдісіне,  көркемөнер мамандығы студенттерін болашақ ұстаздық кәсіпке дайындау 
бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірінен саналады. 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып,  мынадай тұжырым жасауға болады:  
 
1.
 
Халқымыздың  дәстүрлі  көркемөнерінің  құндылықтарын,  ЖОО  көркемдік  білім  мен  тәрбие 
жүйесін  рухани-мәдениет  құндылықтарымен  ізгілендіруге  қатысты  іс-шараларды  педагогикалық, 
психологиялық  жағынан  үйлестіре  дарыту,  қазіргі  өркениетті  қоғам  өмірінде  айрықша  маңызды 
мәселе. 
2.
 
Көркемдік  білім  мамандарын  дайындау  мен  мектептік  өнер  пәндерін  оқыту  мазмұнына, 
ұлттық  көркемөнер  құралдарын  пайдалану  негізінде,  туған  халқының  рухани-мәдениет 
құндылықтарына эстетикалық қатынас мәдениетін, адами құндылықтарды сыйлау, қарым-қатынасқа 
түсу мәнерін меңгеруге деген ұмтылыстарына ықпал жасаудың әдістемелік жолдары жасалуы қажет.      
3.
 
Көркемөнер саласындағы тәлім-тәрбие мазмұнын, рухани-мәдениет құндылықтары негізінде 
ізгілендіру  міндеттері,  педагогиканың  жаңаша  нақтыланған  қоғамдық  тәрбиелік  принциптерді, 
этномәдениет  тәрбиесінің  озық  үлгілік  нұсқаларын,  көркемөнер  пәндерін  оқыту  мазмұнынмен, 
жекеше  шығармашылық  ізденіске  баулу  жұмыстарымен  тығыз  байланыстыра  жүзеге  асырудың 
қажеттілігі туындайды. 
 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта 
даярлау  жүйесінің  негізгі  бағдарлары  "Қазақстан-2050"  Стратегиялық  саяси  бағыты. 
Президенттің Халыққа жолдауы //Егемен Қазақстан.    
2. Қ.Р. «Мәдени мұра" бағдарламасы. – Астана, 2003 
3. Қ.Р. «Этномәдениет тәрбие» тұжырымдамасы. – Астана, 2000. 
4.  Қазақстанның  сәулеттік  ескерткіштері  мен  сәндік  қолөнері  және  олардың  тәлім-тәрбиелік 
маңызы  //«Қазақ  тәлім-тәрбие  тарихы»  атты  кітапта.  Жалпы  редак.  С.Қалиев  .  Оқу  құралы.  – 
Алматы: Алтынсарин ат. ПҒ ҒЗИ, 2002. -  
5 Маргулан А. Казахское народное прикладное искусство. 1-2 т. – Алматы: Өнер, 1986. – 256 с.;  
1987. – 288 с. С илл.  
6. Жанибеков У. Эхо...по следам легенды о золотой домбре. – Алматы: Өнер, 1990.  
7. Байжігітов Б. Қазақ өнерінің эстетикалық табиғаты. Фил. ғылым. докторы дисс. автореф. – 
Алматы, 1994. – 24 бет.  
8. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие.  – Алматы: Мектеп, 2001. – 135 б. 
9. Балтабаев М. Казахская традиционная культура в системе образования. – Алматы: РИК, 1994. 
10.  Болатбаев  Қ.  Болашақ  бейнелеу  өнері  мұғалімдерін  дайындау  процесінде  халықтық 
педагогиканы қолдану. П.ғ.к. ...дис. автореф. – Алматы, 1995. - 18 б 
11.  Тәттібаева  Г.  Қамақ  Ә.  Қазақтың  дәстүрлі  өнер  саласындағы  рухани-мәдениет 
құндылықтарын игертудің педагогикалық маңызы //Ізденіс (Поиск) ҚРБҒМ ғылыми журналы, № 2, 
2013. – 204-207 беттер
 
12.  Қамақ  Ә. Мектепте бейнелеу  өнерін  оқыту  әдістемесі.  Оқулық.  –  Алматы:  Орхон  баспасы, 
2014. – 284 б. Суретті. 
13.  Қамақ  Ә.  Көркем-эстетикалық  білім  мазмұнын  рухани  мәдениет  құндылықтарымен 
гуманизациялау  роблемалары  //Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конф.  материалдары.  23-
24.10.2015. – Талдықорған: Жансүгіров ат. ЖМУ, 2015. – 129-132 б.  
 
 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
128 
Резюме 
Бекболатова К.М. – Докторант 1 курса специальности 6D010700- «Изобразительное искусство 
и черчение» кафедры «теории и методики изобразительного и декоративно-прикладного искусства» 
КазНПУ имени Абая. 
sunkarz@mail.ru
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет