Абай қҰнанбайұлы (1845-1904) Абай Құнанбайұлы дүниеге келген: Семей облысындағы Шыңғыс таудың баурайында



бет2/19
Дата13.10.2022
өлшемі104,49 Kb.
#42751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
МЕДЕУ СӘРСЕКЕ
«Алыпты алып қана арқалай алады, Абайдай данышпанды Мұхтар Әуезов әлемге танытты. Сәтбаевтың ұлы тұлғасын Медеу Сәрсеке ұлықтады» деген: Ә.Нұршайықов.
«М.Сәрсекенің «Жаңғырық» романы өндіріс тақырыбына арналған. Ондағы тартыс өндірістік қарым-қатынастардан туады. Бірақ оның негізінде адамдық, адалдық үшін күрес бар...Роман өндіріс адамдарының өмірін бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс заманының шындығымен байланыстырып, үлкен прозаның байсалды реалистік үлгісінде суреттейді» деген: Серік Қирабаев.
Медеу Сапаұлы Сәрсеке дүниеге келді: Шығыс Қазақстан облысына қарасты бұрынғы Абыралы ауданы Қайнар кентінде, 1936 жылы 2 қаңтарда.
Медеу Сәрсеке бітірген жоғарғы оқу орны: Алматыдағы Кен-металлургия институты, инженер-металлург мамандығы.
Медеу Сәрсеке 1958-1959 жылдары қызмет етті: «Лениншіл жас» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі.
Медеу Сәрсеке 1959-1964 жылдары қызмет етті: Семей цемент зауытында ауысым мастері, зауыт диспетчері, өндіріс-техника бөлімінің аға инженері.
Өндірістегі мамандардың қызығы мен қиындығы туралы терең сыр шертетін Медеу Сәрсекенің кітаптары: «Жаңғырық» романы, оның жалғасы ретінде «Көмбе» романы.
Медеу Сәрсекенің ғылыми-фантастикалық жанрдағы шығармалары: «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетінші толқын».
Медеу Сәрсекенің белгілі тұлғаларға арналған еңбектері: Жазушы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ебіней Арыстанұлы Бөкетов туралы «Ебіней Бөкетов», тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы.
Медеу Сәрсекенің Семейде болған ядролық сынақтың адамзатқа тигізген ауыр қасіреті туралы шығармасы: «Семей қасіреті».
Медеу Сәрсеке 1970 жылы марапатталды: «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен.
Медеу Сәрсеке 2001 жылы марапатталды: ҚР-ның «Құрмет» орденімен.
Медеу Сәрсекенің атақтары: Семей қаласы мен Баянауыл ауданының «Құрметті азаматы» және «Павлодар облысына еңбегі сіңген қайраткер».
Медеу Сәрсекенің атақтары: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық және Ш.Құдайбердиев атындағы Семей университетінің «Құрметті профессоры», ҚР-ның «Құрметті кеншісі» және Геология комитетінің «Құрметті кен іздеушісі», ҚР Ақпарат және қоғамдық тарих академияларының толық мүшесі.

Медеу Сәрсекенің драмалары қойылған қалалар: Семей, Арқалық, Жетісай, Талдықорған, Алматы.
Медеу Сәрсекенің 1989 жылы Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 90 жылдық мерейтойы қарсаңында экраннан бірнеше мәрте көрсетілген туындысы: «Уақыт төрелігі» драмасы (режиссері Елжас Қасиманов).
Медеу Сәрсекенің драма жанрына қатысты елеулі туындылары: «Шыңғыс хикаясы», «Жарылыс», «Заңды неке».
Семей театрында 1983-2006 жж аралығында 600 рет қойылған Медеу Сәрсеке туындысы: «Заңды неке» комедиясы.
2010 жылдан бері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театр сахнасында және облыстық театрларда табысты түрде қойылып келген драма: «Тендерге түскен келіншек» (Медеу Сәрсеке).
Медеу Сәрсеке бүкіл саналы ғұмырын арнады: Академик Қ.Сәтбаевты зерттеуге.
Медеу Сәрсеке 1965 жылдан бастап айналысты: Тек әдеби жұмыспен.
«Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес» деген: Қаныш Сәтбаев.
Қаныш Сәтбаевтың өмір жолына арналған роман-эссе: «Қаныш Сәтбаев» (Медеу Сәрсеке).
Қаныш Сәтбаевтың әкесі: Имантай би.
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі жазылған: Баяндау тәсілімен.
«Үрдіс көшпей, жолшыбай бұлақ, суларға екі ауыл он-он бес күннен қонып, мал мен жанға тыныс беріп, біртіндеп жылжып отырады. Көбіне қонатын жерлері Батпақкөл, Шыбындыкөл, Шөптікөл, Айнабұлақ, Шабақайдың басы, ең ақырында Нияз таулары». Үзінді алынған шығарма: «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі.
Қаныш Сәтбаев екі жыл білім алған молда: Жұмаш.
«Қанкенің оқуға зеректігі сондай-ақ мәлім болған. Ол біз құсап ескі оқуды әлденеше қыс мыжыған жоқ, сөзді де ежіктемей бірден оқып кетті. Мұхтасар мен биданды тез меңгерді. Сол себепті, би атам оны молда алдында көп ұстаған жоқ» деген: Имантай бидің тәрбиесінде болып, кіші ауылда өскен Тармызи Әбсәліұлы.
Қаныш 15-16 жастағы жасөспірімдер оқитын болыстық мектепке барып, үздік оқуымен көзге түседі: 12 жасында (1909-1911 жж.).
Қаныштың күтушілері: Өз ауылының ересек балалары Бапай, Жұмағұл, Нұрлан.
Қаныштың әдебиетке құмарлығы арта түсті: Училище қабырғасында.
Қаныш оқыған авторлар: Л.Толстой, В,Максимов, М.Сервантес, Ж.Верн.
Өзіндей жас ойын-сауықпен уақыттарын өткізіп жатқанда Қаныш не істейтін болған: Тасты тасқа ұрып, сындырып, неше түрлі шақпақтас жинап жүретін болған.
«Айталық, Бұланты өзенінің оң жағынан, тақтатасты жыныстардан (сланец) тұратын қима жартас бетінен ол көптеген хайуанаттар суретін табады; нақ осындай тас бейнелерді ол Тамды, Жетіқыз өзендерінің бойынан да көрген; ал Ұлытаудың ұлы шыңы Едіге үстіндегі, Бала Жезді мен Сарысу өзендерінің жағаларындағы адам мүсіндері ше; немесе Алашахан, Жошы, Домбауыл кесенелерінің көне құрылыстық сәулет өнерінің үлгісі ретіндегі сипаты...». Үзінді қай шығармадан: «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе.
Қаныш Сәтбаев көптеген әндердің шығу тарихын баяндап, жаздырады: А.В.Затаевичке.
«Қаныш Сәтбаев – жас қазақ инжерені, Томск технология институтында білім алған» деген: Александр Викторович (соңғы жинағының 267-түсінігінде).
Қ.Сәтбаевтың шыққан биігін дүниежүзіндегі ең биік шың – Эвереске теңеген: Кәкімбек Салықов.
«Көп зерлеп тауларым мен ойпатымды,
Тудырды көп болжағыш ой татымды.
Кейбіреу аруағымен арпалысса,
Ол көкте жұлдыз болып қайта туды» деген: Кәкімбек Салықов.
«Халқым менен де биік» деген: Қаныш Сәтбаев.
Қаныштан «Қазақтардың бәрі сіздей алып па?» деп сұраған: Уинстон Черчилль.
Қаныш Сәтбаевтың негізгі ғылыми еңбектерінің басым көпшілігі: Рудалық кендер геологиясы, Қазақстанның минералдық ресурстарын зерттеу.
Қаныш Сәтбаевтың аса құнды еңбектері: Жезқазған кені туралы зерттеулері, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектері.
Қаныш Сәтбаев Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық қамқоры Едіге батыр туралы ел аузынан жазып алған жыр нұсқасын «Ер Едіге» деген атпен бастырды: 1927 жылы, Мәскеуде.
Қаныш Сәтбаев «Ер Едіге» жыры үшін қудалауға ұшырайды: 1950 жылы.
Қаныш Сәтбаевтың жариялаған «Едіге батыр» жыры қайта жарық көрді: 1989 жылы ғалымның бір томдық таңдамалы мақалалар жинағында.
Қаныш Сәтбаев бастырған «Ер Едіге» жыры қазақ және орыс тілдерінде кітап болып шықты: 1995 жылы.
Қаныш Сәтбаев алгебра оқулығын араб қарпінде жазып шықты: 1924 жылы.
Қаныш Сәтбаев жазып шыққан алгебра кітабы латын графикасына көшірілді: 1929 жылы.
Қаныш Сәтбаевтың ұстазы: М.Усов.
2008 жылы Ресейдің Томск қаласында геологтер аллеясына ғалымның ұстазы М.Усовтан кейін екінші етіп ескерткіші орнатылды: Қаныш Сәтбаевтың.
Қ.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ҚР-ның Ұлттық банкінен не шығарылды: 20 теңгелік естелік монета.
Павлодар мемлекеттік университетінде 2001 жылдан бері өткізіліп тұрады: «Қ.Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциялары.
«Коллизия» латын тілінен аударғанда беретін мағынасы: Қақтығыс.
Қарама-қарсы мүдделер мен күштердің, көзқарастардың қақтығысы: Коллизия.
«Коллизия» не үшін қолданылады: Әдебиет пен өнер туындыларындағы тартыстың, сезім арпалысының шебер бейнеленуін көрсету үшін.
Екі немесе бірнеше жақтың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы: Тартыс, конфликт.
Тартыс қалай бөлінеді: Әлеуметтік, бейәлеуметтік.
Әлеуметтік тартыс нысандары: Адамдар.
Бейәлеуметтік тартыс нысандары: Табиғат құбылыстары.
Күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр: Роман.
Роман неден тұрады: Өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады.
Соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіріп, таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды: Эссе.
Эссе құрылады: Табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға.
Эссе сипатында туған туындыларға тән: Батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар, талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар.
Бір не бірнеше кейіпкердің өмір жолының дамуын көрсететін әдеби жанр: Роман.
Ғылыми мақала мен әдеби очеркке ұқсас, автордың бір мәселеге жеке көзқарасын білдіретін, яғни роман мен эссенің ерекшеліктерін үйлестіретін прозалық әдеби жанр: Эссе.
Қаныштың шын есімі: Ғабдул-Ғани.
Анасы Ғабдул-Ғаниды еркелетіп қалай атаған: «Ғаниым», «Ғанышым».
«Қаныш Имантайұлы жердің терең қыртыстарын терең зерттеу нәтижесінде пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын анықтады. Қазба байлықтарының жату, таралу, пайда болу заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, тұңғыш рет Жезқазғанның металлогениялық картасын жасады. Кейіннен бұл методология еліміздің басқа аймақтарында, соның ішінде, Мұғалжар мен Текеліде, басқа да өңірлерге қолданылды. Соның нәтижесінде тұтас рудалық аймақтар пайда болды» деген: Мұрат Шөкейұлы.
«Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады» деген: Қаныш Сәтбаев.
«Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады» деген: Қаныш Сәтбаев.
«Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жатырай да жарқырай береді» деген: Қаныш Сәтбаев.
«Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деген: Қаныш Сәтбаев.
«Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі – парасат» деген: Габриэль Мабли.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет