Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет7/21
Дата12.09.2022
өлшемі54.35 Kb.
#38866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Еуроцентризм –ғылым,білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.
Егемендік –мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда, шешімдер қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.
-Ж-
Жалпы адамзаттық құндылықтары –бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесінен туған адамгершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.
Жаңарған колониализм(неконсерватизм) – бұрынғы отаршы елдердің тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.
Жаңарған консерватизм(неконсерватизм) – бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қазыналар мен арман-мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыртуға тырысқан Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол біздің ғасырымыздың 70 жылдарының екінші жартысында пайда болған. Белсенді өкілдері: Д.Белл, И.Кристонн, С.Липсет және т.б.
Жаңарған либерализм(неолиберализм) – дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды ХХ ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық-саяси ағым. Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік-экономикалық және т.б. мәселелердің кейбір жерлерін мемлекеттің реттегенің жөн көреді. Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласуына және т.с.с. қарсы шығады.
Жаңаша саяси ойлау –КСРО мен СОКП басшыларының жалпы адамзаттық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы. 80 жылдардың ортасында оған себеп болғандар: 1)ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, блоктар арасында әскери қақтығыстың болмау керектігін түсіну; 2) ғаламдық мәселелердің маңызды орын алуы және т.б.
«Жасылдар» -айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тіршілікті сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші жартысында ол қозғалыстардан партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазір барлық елдерде дерлік бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет