Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады



бет15/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
1.Карточкамен жұмыс.

1- карточка: Жігіттің неше жұрты бар? Жауабы: Үш жұрты болады. Өз
жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.

2- карточка: Жеті атаңды ата. Жауабы: Әке, бала, немере, шөбере,
шөпшек (туажат), жүрежат, жегжат, жұрағат.

3- карточка: «Жеті атаны білген ұл-жеті жұрттың қамын жер»-деген
аталы сөзді қалай түсінесіз? Жауабы: Бұрынғы ата-бабаларымыздың аруағына
тағзым етіп, құрмет көрсету, өскенде туған-туыскандарына мейірімді, ел-
жұртына тірек-сүйеніш, камқор болатын жаксы азамат болып өсу.

8. Сөзжұмбақты шешкізу (Ортаңғы бағанда «О» басталатын сөз
шығару.)







О




























































































































1. Әкенің әкесі саған кім? (ата).

2. Әпкенің күйеуіне сен кімсің? (балдыз).

3. Сен кімге іні боласың? (аға).

4. Әпкеден кіші кім? (сіңлі).

5.Шешеңнің туысы саған кім? (нағашы).

Мен өз туысыма кім боламын? Сурет 1 бойынша жаңа сабақты
бекіту: Бала, қыз




Сурет 1 – Туыс атаулары


  1. Сөздік қорын молайту: тірек сөздер (мейірімді, қамқоршы, ашулы,отбасы, отбасы мүшелері, туыстар) беріп сөйлем құрату.

  2. «Сөз» ойынын өткізу.

Ойынның шарты: Бастаушы тақырыпты атайды. Қалған ойыншыларосыған тиісті сөздер тауып айтуы керек.

1-ші ойыншының айтқан сөзін, 2-ші ойыншы қайталап, өз сөзін қосады.3-ші ойыншы 1-ші және 2-ші ойыншының сөздерін қайталап, өз сөзін айтады.Ойын ары қарай осылайша жалғасады. Кім айта алмай, мүдіріп қалса,


ойыннан шығады. Соңында калған бала женеді.

Мысалы; бастаушы «Туыстар» деп тақырыпты айтады.

1- ші ойыншы «Ата» десе, 2-ші ойыншы «Ата», «Апа». 3-ші ойыншы«Ата», «Апа», «Әже», 4-ші ойыншы «Ата», «Ала», «Әже»,«Немере» дейді.



Мұғалім оқушыларға отбасы туралы түсінік беріп, ондағы әр адамныңрөлі, туыстық қарым-қатынасы, оның адам өміріндегі мәні жөнінде
әңгімелейді. «Әке мен ұлдың шеше мен қыздың, әке мен қыздың, келін мен
қайын ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, күейу мен қайын
ененің бажалардың, жезделердің, бөлелердің, тағы да баска туған-
туыстардың, жекжаттардың арасындығы өзара жарасымды қарым-қатынас
инабаттылық, ізеттілікке тәрбиелейді деген пайымдаудың астарын ашып,
маңызын ұғындырды.

Осы сабақ арқылы оқушы өзіне әке-шешесінің баласы, атасы мен
әжесінің немересі, ағасының інісі, әпкесінің бауыры, сіңлісі мен
карындасының ағасы, жеңгесінің қайнысы, жездесінің балдызы екенін біліп,
туыстық қарым-қатынастың сыр-сипаты туралы мағлүмат алды.

Сабақ барысында ойындар ойнату, тірек сөздерге сөйлем қүрастыру,
сөз жұмбак шешу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылып, шежіре үйрену, жігіттің
«үш жұртын» аралауы сияқты тапсырмалар берілді. Сөйтіп, сабақ мазмұны
қазақтың бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлері оқушылардың отбасының-
алтын ұя, тіршіліктің тұғыры екендігі, отбасы мүшелерінің әрқайсының
тұрмыста атқаратын рөлі мен қызметі барын үғынуға септігін тигізетіндігін
көрсетті.

Дүниетану сабақтарында оқу процесінің дидактикалық мақсаттарын
қазақ халқының тыныс-тіршілігі мен ұштастырудың маңызы зор. Осы орайда
мақал-мәтелдердің бала тәрбиесінде атқаратын кызметі ерекше. Кезінде
ғалым, педагог М.Рабдуллин «бүгінгі жастарды патриоттык рухта
тәрбиелеуде мақал-мәтелдердің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ.
Халықты сүй, халық үшін еңбек ет. Ел-жұртка қорған бол» деген көрегенді
де салиқалы ой айткан болатын. Халық мұрасын бала тәрбиесінде
қолданудың көкейкестілігі бүгінгі таңда Қазақстандық патриотизмді
қалыптастырып дамытуда бұрынғысынан да артып отыр.

Шындығында, халық даналағының, мақал-мәтелдердің жас буынға ой
салып, өмір құбылыстарын танытудағы әсер-ықпалы мол. Өмір
тәжірибесінен түйінделген мақал-мәтелдер балаларды өнер-білімге
шақырады, адамгершілікке, кішіпейілдікке қалыптастырады. Оны
мұғалімдердің «өсімдіктерді қорғау», «Табиғат-менің өз үйім» тақырыбында

өткізген сабақ мазмұны айқындайды.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.
Өсімдіктерді қорғау.

Білімділік мақсаты: Қазақ халқының өсімдіктердің адам өміріндегі
қызметі жайлы білімдері туралы мағлұматтар беру. Өсімдіктердің
табиғаттағы ауаны тазарту, шуды бәсеңдету, шаң мен улы газдарды өзіне
сіңіру, топырақты құнарландыру, сай-жыралар мен сусымалы құмдардың
бекітушілік қасиеттерін түсіндіру. Олардан жасалатын тағамдық, емдік,
бұйымдарға мысалдар келтіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өсімдік атаулыға, жалпы табиғат-
анаға аялы көзкарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Өсімдік туралы ұғым-түсініктерін кеңейту,
оларды түрлеріне, адам өміріне атқаратын қызметіне карай ажырата білуге
үйрету. Табиғаттағы сұлулықты түсіне білуге талпындыру.

Сабақтың барысында жаңа тақырып мұғалімнің келесі әңгімесі
бойынша түсіндіріледі. «Өсімдік - табиғаттың бір бөлігі, тірі перзенті». Ата -
бабаларымыз балалардың қандай да бір ісіне риза болғанда «өркенің өссін»
деп бата берген. Бұл сөздің тәрбиелік мәні зор. «Өркен» - өсімдіктің бүршік
ашып, жапырақ жаюы. Яғни бұл - ер-азамат болып, бала-шағаң көбейіп,
өрісің ұлғайсын, ұрпағың өміріңді жалғастырсын деген сөз. Ертеде Сүлеймен
патша зәулім мұнара салдыру үшін, тауға 80 мың адам жіберіп, ағаш
кестіріпті. Ағаштарды түгел оталған арманда су тасқыны болып, оның орнын
шайып кетеді. Орманнан нәр алып отырған өзендер тартылып, арнасы кеуіп
қалады. Сөйтіп, бұрынғы жасыл аймақ шөлге айналады.

Осы мысалдан-ак өсімдіктің табиғаттағы маңызының зор екенін көруге
болады.

Адамдар мен жануарлардың тыныс алып, өмір сүруі үшін оттегі кажет.
Ал оттегін ауа қабатынан өсімдіктер бөліп шығарады.

Жасыл желектер ауаны шаң мен улы газдардан тазартады, ауаны
салқындатады, қысқы суықтың ызғарын бәсендетеді.

Ағаштарға қарасам дем аламын,

Ағаштардан тазалық таба аламын.

Алыстағы теніздің демін сезіп,

Самғағанын көремін шағаланың (К.Ахметова).

«Жасыл желек-жердің көркі» дегендей, өсімдік жерден ел дәулеті.

Ертеден табиғатпен етене, қоян-қолтық өмір сүрген халқымыз
өсімдіктің пайдасы туралы талай даналық ой түйген. Мысалы: «Атаңнан мал
қалғанша, тал қалсын», «Ер — елдің көркі, орман-тоғай - жердің көркі», «Бір
тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады» деген
мақал-мәтелдер соның айғағы. Әйгілі ғалым, дәрігер Ибн Сина 700-ге жуык
өсімдіктердің емдік қасиеті бар екенін айтқан. Мәселен, Ошағанның дәрілік
қасиеті мен бірге оны ауа- райын болжауда да қолдануға болады.

Мұғалім тақырып мазмұнын осылай баяндай келе, М.Әлімбаевтың
«Қошақан мен ошағанның сырласуы» өлеңді оқып береді:

Қошақан: Қошақан:

Ой, қошақан, ошаған, Ой, қошақан, ошаған,
Қоймаушы едің түйремей. Бүгін қалай қадалдың?
Неден жұмсақ босағаң, Қастығың ба жасалған,
Тікендерің инедей. Қадалғаннан қан алдың?
Ошаған: Ошаған:

Келе жатқан жаңбыр бар, Ашық болса, күн жаумай,
Өн бойымды алды ылғал.
Қоямын мен жұмсармай.

«Жаумай ма, әлде жауа ма,
Қандай болмақ күн бүгін»-
Ауа райын біл бұрын.
Жаңа сабақтың мазмұны төмендегі мақал-мәтелдер мен канатты сөздерарқылы қорытылады: «Өсімдік - азык көзі; Өсімдік - дәрі-дәрмек коймасы; Өсімдік - адамға көрік беретін киім, өсімдік - адамға түрлі бұйым»; «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»; «Тірі нәрсе - шөп деген, көгал деген, көкті жұлма, болады обал деген». Енді келесі сабақ тақырыбына көшейік.

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат- менің өз үйім».

Білімділік мақсаты: Оқушыларға халық даналығы арқылы табиғат пенадамның тығыз байланыстылығын ашып көрсету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін,
бақылаушылығын, салыстырушылық дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаны қорғай білуге
деген жауапкершілік сезімін ояту және әкологиялық ұғым беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет