Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет1/17
Дата04.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#134308
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



Ақылдың алты қалпағы
(Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)
Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады.
Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қара қалпақ сары қалпаққа қарама-қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.
Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. 
Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.
Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.


Дананың кілттері
(Тони Райан әзірлеген әдістеме)



  • «Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».

  • «Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.

  • «Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.

  • «Жаңа дизайн» кілті – (ағылшынның BAR аббервиатурасынан: (B - bigger) артық, (А - add) қосу, R-remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизаин беру үшін қолданылады.

  • «Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет