Алфавит – ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген сим-волдар жиыны. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің қуаттылығы деп аталады



бет1/10
Дата28.01.2023
өлшемі38,99 Kb.
#63426
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

INFORMATIKA 8 SYNYP
Алфавит – ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген сим-волдар жиыны. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің қуаттылығы деп аталады.
Егер алфавиттегі барлық символ бірдей жиілікпен кезігеді
(тең ықтималды) деп жорамалдасақ, онда әр (Х) символдың
беретін ақпарат көлемі Хартли теңдеуімен есептеледі.
N = 2i
N – алфавиттің қуаттылығы
Х – символдың ақпараттық салмағы
I = К • Х
І – ақпарат (саны) көлемі
К – ақпараттағы символ саны (қуаттылығы)
Х шамасы – символдың ақпараттық салмағы
Хабар – ақпаратты жіберу процесінде қабылдаушыға түсетін ақ-
параттық ағын.
Хабар – біз еститін сөздер (радиодан берілетін хабар, мұғалім-
нің түсіндірмесі), қабылдайтын бейнелер (фильм, бағдаршам сигна-
лы) және оқитын кітап мәтіні.
Хабардың ақпараттылығы дегеніміз – қабылдаушыға берілген
хабардың маңыздылық дәрежесі. Ақпараттың көлемін анықтау үшін өлшем бірлігін енгізу қажет. Ақпараттың саны сол ақпаратты алушы адамға берілетін білімнің көлемімен айқындалады. Ақпаратты
өлшеудің екі түрі бар. Олар: ақпаратты өлшеудің алфавиттік әдісімен ақпаратты өлшеудің ықтималдық әдісі
Бит – өзара тең ықтималды екі тәжірибенің (оқиғаның) белгісіз-
дігін өлшейтін бірлік.
Бионика (грек. βίον – тіршілік ететін) – жанды табиғаттың ұйымдастыру принциптерін, қасиеттерін, функциялары мен құрылымын, яғни жанды табиғат нысандары мен олардың өнеркәсіптік баламасын техникалық құрылғыларда және жүйелерде пайдаланатын қолданбалы ғылым.
Компьютердің ішкі құрылымы
Дербес компьютер – әмбебап техникалық жүйе. Оның конфи-
гурациясын (негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, пер-
нетақта) қажетінше өзгертуге болады. Жүйелік блок – негізгі құ-
рылғы. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған
құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары:
аналық тақша;
• процессор немесе микропроцессор;
• жедел жад;
• қатқыл дискідегі деректер жинақтауыш;
• алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған дискжетек;
• СD және DVD дискжетектері;
• бейнеграфикалық бейімдеуіш;
• дыбыстық тақша;
желілік тақша;
• енгізу-шығару порттары;
• қоректендіру блогы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет