Ќант ќызылш асы


Қызылшаның полиплоид тұқымын алу



бет12/12
Дата07.03.2022
өлшемі211,5 Kb.
#27193
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қызылшаның полиплоид тұқымын алу

Ф.Пето мен Дж.Бойс (F.H.Peto, J.W.Boyce, 1940) қызылшаның диплоидты будандарына қарағанда триплоидты будандарының шырынының қанттылығы, тамыржемісінің салмағы жоғары екендігін дәлелдегеннен бері қант қызылшасының селекциясы мен тұқым шаруашылығы триплоидты будандарды пайдалану бағытында дами бастады. Будандық тұқым алу үшін диплодтық және тетраплоидтық формалар будандастырылады.

Триплоидтық қызылша алу үшін жылда будандық тұқым өндіру қажет. Ол үшін алдын ала диплоидтық және тетраплоидтық аталық және аналық формалар таңдалып алынады.

Басқа дақылдарға қарағанда қызылшаның диплоидтық және тетраплоидтық формаларын будандастыруға еш кедергі жоқ, сондықтан оларды табиғи жағдайда тозаңдандыра береді. Ол үшін диплоидтық және тетраплоидтық формалардың қатарларын кезек орналастыру жеткілікті. Табиғи тозаңданудың арқасында триплоидты будандар алынады.

Әрине сортішілік тозаңданудың нәтижесінде тұқым құрамында диплоидтық және тетраплоидтық формалар да қалыптасады, тіпті анизоплоидтар да болуы мүмкін. Кейбір деректер бойынша диплоидтық және тетраплоидтық формаларды 1:3 арақатынасында орналастырған тиімді.

Диплоидтық формалардың тозаң түтікшелері тетраплоидтықтардікінен тезірек өсетін болғандықтан тозаңдану негізінен диплоидтық формалардың тозаңымен жүреді де, тетраплоидтық өсімдіктерде триплоидтық тұқым қалыптасып дамиды.

Тұқым екі нұсқа бойынша жиналады:


  1. Аталық және аналық формалар бөлінбей, бүкіл егістіктен.

  2. Аталық және аналық формалар бөлек жиналады.

Бірінші нұсқа бойынша жиналған тұқымның 70-75%-ы триплоидтық болады.

Екінші нұсқа бойынша жиналған тұқымның 90%-ы триплоидтық болады.

Мысалы Белоцерковский полигибрид 41 бірұрықты тетраплоидтық форманы диплоидтық көпұрықты формамен 3:1 арақатынаста орналастырып будандастыру арқылы алынады. Тұқым жинау екінші нұсқа бойынша жүргізіледі және тек бірұрықты тұқым пайдаланылады.

Келешекте 100% триплоидтық тұқым алу мақсаты тұр. Бұл мақсат аналық форма ретінде цитоплазматикалық аталық ұрықсыздықты қолдану арқылы шешілмек.

Триплоидтық қант қызылшасы ең жақсы диплоидтарға қарағанда гектарынан 15-20% қант жинауға мүмкіншілік береді және церкоспорозға төзімді келеді.
Қызылша тұқым шаруашылығында өзекті мәселе тұқымның бір ұрықты болуы. Белоцерковский полигибрид 2, Ялтушковская односеменная 30 сыяқты будандар мен сорттарды пайдалану қызылша өсірудегі шығынды өте көп төмендетеді. Аталған будандар мен сорттардың бірұрықтылығы 70-75%-ға жетеді

Диплоид тозаңдары Тетраплоид тозаңдары



Диплоид өсімдік Тетраплоид өсімдік



аналығы (2х) аналығы (4х) Қант қызылшасының диплоид және тетраплоид өсімдік тозаңының өсу жылдамдығы




Қант қызылшасының триплоид будан тұқымын алу үшін егістікте диплоид және тетраплоид өсімдіктердің 2х - диплоид өсімдіктер; 4х – тетраплоид өсімдіктер

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет