Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Ясауи орынбасарлары мен ізбасарлары жайлы түсіндіріп беріңіз



бет9/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
17. Ясауи орынбасарлары мен ізбасарлары жайлы түсіндіріп беріңіз
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің дүниенің төрт бұрышынан келген 99 000 шәкірті болған екен. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтыңұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаныңәкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидіңүшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.
Қожа Ахмет Ясауидің атақ-даңқы тек Орта Азия өлкесiне ғана емес, қыпшақтар арасына да кеңінен танымал болған. Әзіреті Сұлтанның нұсқауымен тікелей барған шәкірттері де, шәкірттерінің шәкірттері де қыпшақтар арасында Ясауидің ілімін таратқан. Солардың бірі - Бираш сопы. Жоғарыда баяндалғаны сияқты Бираш Ясауидің нұсқауымен аталмыш өлкеге жіберілген. Бираш сопының iзбасары - Ешмехмет те 36 жыл шейх болған және «Шейх Баба» деген атпен қыпшақтар арасында танымал болған. Қыпшақтар арасында Ясауи жолын қуушылардың бiрi - атақты Шейх Хаятуллаћтың шәкiртi Ыдырыс та - Ясауи жолындағы дәруiш. Сондай-ақ Ыдырыс сопының орынбасары деп қазандықҚасым Шейхты айта аламыз. Ақ Еділдің жоғарғы жағында Ясауи шәкірттерінің тағы бірі - Қожа Әмір Келалдыңқабірі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет