Г.К.Мукеева- Ақтөбе облыстық ғылыми –тәжірибелік орталығының бөлім меңгерушісі
Б.Б.Досанова –Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің химия және химиялық технология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Кіріспе Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Химия пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – оқушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Химия пәнін оқып – үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Есеп шығару – оқушыларды химиялық ой – өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы .
Есеп шығару оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Химиялық есептер :
Жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету;
Сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
Оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады;
Есеп шығару химия пәнің меңгеруде үлкен орын алады, себебі ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін практикада қолданып үйренеді. Қажет болған жағдайда анықтамаларды пайдаланып оқулықтардан теориялық материалды қайталайды, есеп шығаруға қажетті мәліметтерді еске түсіреді.
Есеп шығарып үйренудің негізгі 2 жолы бар.Есеп шығаруды мұғалім үйретеді, немесе арнайы оқу құралдарының көмегімен оқушы өз бетімен үйренеді. Химия пәніне бөлінген апталық 2 сағаттың ішінде мұғалім теориямен қатар есеп шығаруды үйретуі тиіс. Ал сабақтан тыс уақытта химияға қызығатын оқушылар өз бетімен есеп шығарып, үйренуі үшін қазақ тілінде шыққан арнайы оқу құралдары мен есептер жинақтары керек. Әзірше ондай оқу құралдары жоқтың қасы. Осы орайда, бұл әдістемелік құрал химия есептерін өз бетімен шығарып үйренгісі келетін оқушыларға және ұстаздық қызметтерін жаңадан бастап жатқан жас мамандарға пайдасын тигізетін шығар деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл әдістемелік оқу құралы «Химия мен биология» мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне мектептерде өтетін педогогикалық практика кезінде көмектесе алады.
Химия есептерін шығаруға арналған курс жүргізуде қолданбалы көмекші құрал бола алады деп сенемін.
1