Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі «Мәңгілік ел» идеясының символы


Зерттеуші С.Медеубекұлы Елубай бақсының жыланды арбау үшін бөрі иесін былай шақырғандығын барлатады



бет8/8
Дата29.09.2023
өлшемі2,4 Mb.
#111707
1   2   3   4   5   6   7   8

Зерттеуші С.Медеубекұлы Елубай бақсының жыланды арбау үшін бөрі иесін былай шақырғандығын барлатады:

Зерттеуші С.Медеубекұлы Елубай бақсының жыланды арбау үшін бөрі иесін былай шақырғандығын барлатады:

Бөрі, бөрі, бөрі ием,

Кел, жебеуші, бөрі ием,

Ұмай Ене, Шашты Әзіз,

Еміп өскен бөрі ием!

Арлан, арлан бас бөрі,

Алты құлаш аш бөрі,

Алтайы көкжал жас бөрі,

Азулы туған қас бөрі..


З. Тұрсынханұлы «Көк бөрілердің көз жасы»
М.Мағауиннің «Қасқыр-Бөрі» әңгімесі
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Маңғыстаудың ең биік шоқысы Отпан тау болып есептеледі. Жаугершілік заманда ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау басына от жағып белгі берген. Оны көрген батырлар келісімді жерге жиылып, бас біріктіріп, жауға соққы берген. Сондықтан Отпан тау ел бірлігінің символы болып келді. Маңғыстаудың, исі қазақтың танымал ақындары Сабыр Адай мен Светқали Нұржан бас болып, 2003-жылы Отпан тау басына Адай ата кесенесін салды. Адай ата кесенесіне «Түгел түркі түбі бір, түп атасы – Көкбөрі» деген ұғымға сай Көкбөрінің алып бейнесі орнатылып, төменірек Ақсарай салынды.
Қорытынды
Бағзы заманда қазақ халқы көк бөріге табынып, шығу тегін байланыстырған . Ежелгі дәуір әдебиетінде көк бөрі батырдың серігі мен елді жаудан қорғаушы ретінде суреттелсе, жыраулар поэзиясында ақындар мен батырлардың ұранына айналған.
XX ғасыр әдебетінде Ақын –жазушылар шығармаларында көк бөрінің қасқырға айналуын сол қоғамның ұсақталған адамдарымен байланыстырды. Көк бөрідегідей ата – бабаларының бойындағы қасиеттерді келешек тәуелсіз елдің ұрпақтарынан күтеді. Күлтегінен бастау алатын «Оғызнама» жырында, «Ертарғын» халықтық туындысында, Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жырында Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңінде Шалкиіздің «Ау, бөрілер, бөрілер», Дулат Бабатайұлының «Аягөз» өлеңінде ерекше рухтық сипатта жырланады.Алаш қайраткерлерінің өкілі М. Жұмабаев, Б.Күлеев шығармаларында, О.Сүлейменовтың «Бөлтіріктер» туындысында , Ф.Оңғарысыновнаның «Сиыну» өлеңінде, жаңа заман ақын-жазушылар шығараларында ұлттық намыс пен айбындылық, бостандықтың белгісі көк бөрі әр түрлі сипаттағы символға ие болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  • 1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том – Алматы 2002 ж. 682б. 2. М. Жармұхамедов «Көненің көзі» - Алматы «Санат» 1996 ж,54 б. 3. Ежелгі дәуір әдебиеті – Алматы «Ана тілі» 1991 ж. 4. Образование тюркского каганата и его распад – Өскемен 2004 ж. 5. Қ. Өмірәлиев «Оғыз қаған эпосының тілі» - Алматы: «Ғылым» 1988ж. 6. Тұрсынхан Зәкенұлы «Көк бөрілердің көз жасы» - Астана «Елорда» 2002 ж. 7. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр – аңыздар» - Алматы: 1985 ж.

Ықылас қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет