Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі көріктеуіш құралдар
Алдымендәстүрлітүрде «көріктеуішқұралдар» терминініңанықтамасынатоқталайық. Тиісті әдебиеттерде «тілдің көріктеуіш құралдары» дегеннің нақты анықтамасы жоқ екендігін байқаймыз. Әлемдік лингвистикадағы (мысалы, орыс тіл білімі бойынша зерттеулерде) кейбір еңбектерде стильдік фигуралардың барлығы көріктеуіш құралдар болып танылады [3, 53], кейде сөйлеуші автордың коммуникативтік мақсатқа сай стильдік амал-тәсілдер ретінде қолданған лексикалық-грамматикалық тілдік бірліктері де көріктеуіш құралдар деп аталады [4, 50] А.В. Федоровтың көзқарасы да осындай, ол былай деп жазады: «В системе стиля всякое средство выражения, всякий элемент языка, приобретающий стилистическую функцию, является выразительным средством, независимо от того, создает ли он в сочетании с другими элементами впечатление привычности данного отрезка речи, или, напротив, заставляет его выделяться в целом по контрасту с нейтральными формами речи, или же, наконец, создает контраст внутри него, вступая в столкновение с окружающими словами или грамматическими конструкциями» [5, 73].