Қазақ романдарындағы ізденістер жайлы зерттеулер Роман күрделі жанр



бет1/8
Дата21.10.2022
өлшемі24,86 Kb.
#44586
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақ романдарындағы ізденістер жайлы зерттеулер
Роман күрделі жанр. Қазақ романының бастау бұлағы, бүгінгі арнасы заман талабы мен уақыт сынына лайық бет-бейнесін тапқан. Роман туған қоғам мен сол дәуірдің тынысын көркем бейнелеп бере алуымен құнды. Зерттеу нәтижелері роман жанрының өз кезеңінің идеялық, эстетикалық ұстын ұстанымдары шеңберінде дамып, түрлі ізденіс іздерін қалдыратындығына көз жеткізеді. Бұл көбіне шығарма туған орта мен дәуірдің тарихи, әлеуметтік, саяси, идеологиялық қалыптасқан санасы мен үстем ой-пікірлерінің эстетикалық мазмұнға айналып жалпыадамзаттық құндылықтар шегінде танылатынын көрсетеді. Шығармадағы мезгіл мен мекен, уақыт пен кеңістік ұғымдарының тарихи жағдаймен сабақтас келетіні анық. Қазақ романындағы түрлі ізденістер қазақ романы туралы жазылған еңбектерді талдау, салыстыру барысында анықталды. Алғашқы қазақ романы туралы жазбалардан бастап қалыптасқан роман сынын ескере отырып, роман жанрында заман беталысының өзгеруіне орай туған ізденістер өміршеңдігі тұрғысынан бағаланды. Нәтижесінде жалпыадамзаттық мұраттар қай дәуірде де бір болғанымен, әр кезеңде түрлі сурет пен көріністерге ие болатынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Көркем туындының сюжеті мен композициясы сол сурет пен көріністерді жүйелеп, бейнелі тілмен баяндап жеткізуден ғана құралмақ.
Кіріспе
Уақыт тынысы кім-кімді де өзінің қоғамдық, әлеуметтік жағдайларына сай мақсаттарына қызмет еткізерлік құзыреттілікке ие. Осы жөнмен зерттеу нысанына назар салғанда, өмірдегі әр заттың өз орны болғандай, идеялық мәні де қатар жүретіндігіне көз жеткізуге болады. Мақалада қазақ романдарының ізденістері төңірегінде еңбектенуге негіз боларлық әдебиеттанушыларымыздың ой-пікірлері осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерінен алынып, ХХ ғасыр бас кезіндегі әдеби көзқарастардан бастап жүйеленді. Соның нәтижесінде ұлттық мұраттар мен жалпыадамдық құндылықтардың жазушы еңбегіндегі идеялық-мазмұндық ізденістерге ықпалы, сондай-ақ қызметі айқын көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет