Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу” кафедрасы



бет6/6
Дата24.05.2023
өлшемі28,58 Kb.
#96394
1   2   3   4   5   6
Өмір-бойы асырауда ұстау.
Өмір-бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті, сол азаматты немесе ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір-бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді. Өмір-бойы асырауда ұстау шартына, ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады. Рента төлеушінің міндеті, рента алушыны тұрғын үймен, тамақпен, киіммен қамтамасыз ету және күтім жасау. Шартта рента төлеушінің салт-жора қызметін көрсетуге ақы төлеуі көзделуі мүмкін. Шартта асырауда ұстауға заттай беруді, ақшалай төлеммен ауыстыру мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтін нормаларға негізделген .Айрықша реттеу ҚР АК 28 тармағының 4-де қарастырылған, ол нормалар өмір бойы асырауда ұстау шартын тікелей реттеуге арналған.
Шарт элементтері. Өмір бойы асыраумен қамтамасыз етілетіндер азаматтар болып саналады. РФАК-ң өмір бойы асырауда болушы тұлғалар айтылған. Өмір бойы асырауда ұстау шарты детте күн көру үшін өздерінің қаражаттары жоқ, жетіспейтін қария еңбекке қабілетсіз адамдармен жасалады. Осының өз салдары бар. Өмір бойы асырауда ұстау шартында жағдай басқаша қалыптасады. Әдетте өмір бойы асырауда болып келетін адамның және асыраушының ерекше қалыптасатын, сенімгерлікке негізделетін қатынастары туралы айтылады. Өмір бойы ұстаушы да азаматты азық-түлікпен, тұрғын үймен,киім кешекпен егер керек болған жағдайда денсаулығына қарап және тағы басқаларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Шарт нысанасы. Өмір бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлік, яғни асырау төлемдері жасалуы үшін берілетін мүлік- тұрғын үй, пәтер, жер аумақтары және басқалары жатады. Нысананың екінші элементі асырауға қатысты орын алады. Шарт бойынша асыраудағы адам тұрғылықты жаймен қамтамасыз етіледі. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғыен үй құқықтарының барынша нашарлатпауы қажет.
Шартта асыраудың жалпы көлемі анықталып көрсетілуі тиіс.
Шарт мерзімі. Шарттың мерзімі асырауды алушының өмірінің ұзақтылығымен шектеледі. Төлемдердің мезгілдігін анықтау үшін ҚР АК 532 бабы қарастырған ережелер қолданымды болып келеді.
Шарт мазмұны. Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушісі көбінесе құрамасында бірнеше “бөлшегі” бар асырауды жүзеге асыруды міндеттенеді.
Рента төлеуші де оған өмір бойы асырауды қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті иеліктен шығаруға, келісе салуға және мүлікке өзге жолмен билік иелік етуге құқығы бар, бірақ осының барлығына рента алушының алдын ала келісімі қажет. Өмір бойы асырауды берген кезеңде рентаны төлеуші рента төлеу үшін берілген мүліктің құны табиғи тозу құнынан асып төмендемеуіне қажетті шараларды қолдануы қажет. Сондықтан рентаны алушыға өмір бойы асырауда ұстау шартының осындай жағдайы сақталғанын бақылау құқығы беріледі. Өмір бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келеді. Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеуші рента алушыны асырау үшін жұмсалған шығындардың өтелуін талап ете алмайды. Өзінің міндеттемеерін рентаны төлеуші елеулі бұзған реттерде рентаны алушы өзіне оның өмір бойы асыруды қамтамасыз туї үшін берген мүлкін қайтаруды талап ете алады. Рента алушының басқа құқығы, осындай бұзушылықтар орын алса, рентаны сатып Алу бағасын төлеуді талап етуде болып келеді. Рентаны сатып Алу жағдайлары ҚР АК 528 бабына сәйкес анықталады. Өмір бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келген. Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеуші рента алушыны асырау үшін жұмсалған шығындардың өтелуін талап ете алмайды. Заңнамадағы осы шешім, рента шарте рентаны сатып Алу жолымен тотатылатын реттерге қатысты соның заңды негіздеріне мұқият қарауды талап етюді. Барлық орын алған жағдайлар да бағалануы қажет. Бұны жасамаса, онда рента алушының тарапынан құқықтарын теріс пиғылдармен пайдалануына жол берілуі мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


Гражданское право: Общая часть. Учебник // Под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина. Алматы, 2000.
ГК РК (Особенная часть). Комментарий. Отв. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, 2000.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 1994 жылғы 27 желтоқсандағы, (Ерекше бөлім), 1999 жылғы 1 шілдегі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет