Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет25/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               185
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
шеберлiк пен шикiлiк мәселелерiне баса көңiл аударған, кiсiлiк қасиеттерге 
қайта-қайта  оралған.  Шалкиiздiң  өзi  көп  оқыған,  көп  нәрсенi  тоқыған 
сынды  да,  сындарлы  қайраткерлiк  деңгейге  жеткен.  Жорықта,  соғыста, 
айтыс жанжалда ел мен ердiң құны қатар сынға түстi. Ел ерлерсiз, ер өз 
елiнсiз  бабына  келмедi.  Қысылтаяң  кезде  тума  туыстан  сүйенiш  iздедi, 
жұрттан суырылып шығар дарадан тiрегiн көздедi. Ерлер кiмдер едi, нен-
дей қасиетiмен үлгi едi? Ерлердiң «алдаспаннан игi қолы», «жеңсiзден игi 
тоны», «арғымақтан игi малы болар ма» – дейдi Шалкиiз жырау. Шалкиiз 
дүрлiккен, демiккен елге бас-көз болатын ханның бейнесiн iздестiредi. Бай-
салды, батыл, ұстамды хан, сұлтан ол үшiн алдаспан. Пиғылы терiс хан iс 
етсе, ол «жиған малыңды тәрiк етер, ат-тоныңды бұлды етер, өз басыңды 
олжа  етер».  Хан  Темiрдiң  осындай  қиқарлығын  көрген  Шалкиiз  одан 
алшақтайды.  Шалкиiз  жырау  жау  жағадан  алғанда,  ел  бiрлiгiнен  артық 
қорған жоқтығын былай ескерттi: 
Жоғары қарап оқ атпа
Жуық түсер қасыңа. 
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, 
Күндердiң күнi болғанда 
Сол жаман айғақ болар басыңа [5, 44 б.]
Жемсаудан  арылып,  дұспан  жауға  қарсы  бiрлесу,  сөйтiп  сәттiлiкке 
үлес  қосу  –  қажеттi  үндер  және  керектi  күндер  едi.  Сондай  сындарлы 
кезеңде, тар жерде кiмнiң кiм екенi бiлiне бастады. 
Жақсының жақсылығы сол болар,
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер;
Жаманның жамандығы сол болар.
Сөйлесе дәйiм бетін қара етер;
Бiр жақсыға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жақсы жамандығың жақсылыққа жыр етер.
Жақсының  тiлегi  бiр,  Тәңiрiмен  ниеттестер  дегендi  айтады.  Өзiне 
тегеурiндi  жандарды  iздеген  жерден  табады,  жат  жерде  өзiн  танытады. 
Жаманның  жауы  –  тiлi  мен  пиғылында,  икемсiз  қылығында.  Ерiккеннен 
қызыл тiлiн тыймайды, жалғандықты жамылған сусыма сөзi аузына сый-
майды. Қисынсыз қылығымен көрiнгендi қинайды. Iске ебi жоқ, бос сөзi көп 
есiктен күле кiрiп, күңiрене шығады. Терiс пиғылды iштегi дұшпан. Жаман-
дар қоңқалап, бiр жақсыны көре алмайды. Жаман ұшқан жапалақтай аяқ 
астынан табылады, жағасы оның тайғақ, әркiмге ұрынады. Өз пиғылына 
тоқ,  жақсылыққа  жоқ.  Сөз  ұқпай,  ұлағат  тұтпай,  сырт  айналып  кетедi. 
Iштей менмен ел арасынан табылмайды, кiсiден тартып алғанымен жары-
майды. Туырлығы жоқтың, туғаны жоқ, тыраңдап түзге де кетедi. Ниетi 

186                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
арам, өзiне жүк тиетпейдi. Жаманның жұғымсыздығынан елдiң, әйелдiң, 
сәбидiң  қанша  көз  жасы  төгiлдi.  Жыраудың  тоқтамы:  «Күндердiң  күнi 
болғанда, сол жаман айғақ болар басыңа». 
Жақсы  мен  жаманды  адамдық  пен  күрес  өлшемiмен  салыстырған 
Шалкиiз жырау тағлымы мол өсиеттер қалдырды. Солардың бiрi: 
Атаның ұлы ерлерге,
Малыңды бер де басың қос, 
Басыңды қос та бек сыйлас, 
Күндердiң күнi болғанда,
Басың жауда қалар ма! [5, 53 б.]
Сырты  құрыш,  жүзi  болат,  ақыл-айласы  көпке  танымал,  жанкештi 
ерлiгiмен көзге түскен жырау Ақтамбердi Сарыұлы тұлғалық пен жорық 
тақырыбын  жалғастырады.  Адам  бақытына  жетсе,  басына  қондырса, 
жақсылармен тең өсер. «Бiлiмдi туған жақсылар, аз да болса көппен тең», 
ақ  пейiлмен  сыйласар  жолдаспен  тең.  Жақсылар  елi  үшiн  батырлар-
ша  жорықтайды,  қыңыр-қисықтан  қорықпады.  Жақсылардың  жетегiнде 
кетерiн Ақтамбердi жырау былайша жеткiзедi: 
Әдiл туған жақсыға, 
Екi даугер жүгiнсе, 
Тiзесiн қисық бұрмаса, 
Асылдығы бiлiнер. Ендi бiрде: 
Орын тапқан ер жiгiт 
Жерсiз болар деймiсiң, 
Орда тiгiп орнаса 
Төрсiз болар деймiсiң! [5,76 б.]
Ақтамбердi  жырау  өмiр  ережесiн  жақсыларды  марапаттау  арқылы 
ғана  емес,  жамандықтың  бастауын  iреп,  салдарын  саралайды.  Жамандық 
адамдардың бiрiн-бiрi қорлаудан, зорлаудан басталады. Қорлау да, зорлау 
да – жендеттiк, пенденiң бағын аштырмайтын жексұрындық. «Жаман болса 
жолдасың, астыңнан өткен сызбен тең», «Жаман туған жiгiтке, рақатты күн 
бар ма». Жамандық – жауың. Екеуiнiң де түрi көп. Сонда кiм жаман? Дәулетiн 
көтере алмай желiккен, өз мiнiн бiлмеген, ата мен ананы сыйламаған, ертең 
не  болатынын  бiлгiсi  келмеген,  күнде  жанжалдың  делебесiн  қоздырған, 
жетiм мен жесiрге қол ұшын бермеген, Жаманның көрiнiсi күңгiрт, салмағы 
сұмдық, әсiресе қашқанда ақыл, асқанда дегбiр қалдырмайды. Себебi:
Ұрысқақ болса ұлың жау,
Керiскек болса келiнiң жау. 
Үйiңдегi ұлың жаман болса, 
Есiктегi құлмен тең, 

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               187
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
Қойныңдағы қатының жаман болса
Қаңтардағы мұзбен тең [5, 83 б.], – дейді Үмбетей жырау. 
Ел  амандығы,  жұрт  жарасымдылығы  жамандықта  емес,  тыныстың 
тұнығында, бiрлiктiң беделiнде едi. Есейгендер адамдық қасиеттiң құнын 
ертерек ұқты, елдiктiң күре жолында ту тiктi. Жырау: «Сары аязда қата ма, 
қайнардың аққан тұнығы. Қап түбiнде жата ма, болаттың асыл сынығы» 
немесе  «татулықта  береке»,  «бiрлiкте  қасиет»  деуi  жаңа  дәуiрдiң,  жаңа 
қатынастардың талабына меңзегендей. Ойы сезiмталдар мұны ұғар, онсыз 
адам үмiтiнен де, жақынынан да ақсайды – деп көрегендiк танытады.
Бұқар  жыраудың  бас  тақырыбы:  дүние  көркi  –  адам,  адам  көркi  – 
оның жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi; дүние – бай мен жарлы-жақыбайға 
ортақ, алмакезек, мұнда мәңгi байлық та, жарлық та, көптiк те, жалғыздық 
та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi тұлға екендiгiне жырау айрықша 
мән бередi.
Адамзаттың баласы,
Атадан алтау тумас па 
Атадан алтау туғанмен, 
Оның iшiнде бiрi арыстан болмас па! 
Арыстанының барында
Жорғасы болса мiнiсiп, 
Торқасы болса киiсiп, 
Толғамалы қамшы алып, 
Толғай да толғай дәурен сүрмес пе [5, 116 б.] – деген толғауы 
осы  ойдың  айғағындай.  Абылай  ханға  арнаған:  «Жұлдызың  туды-ау 
оңыңнан, жан бiткен ерiп соңыңнан. Он сан Алаш баласын, аузыңа құдай 
қаратып...»  –  деген  толғауында  ханның  мәртебесi,  бiрiншiден,  халықтың 
өзара бiрлiгiн сақтай бiлуiнде, екiншiден, халыққа өз саясатын қолдатқыза 
алатын ептiлiгiнде екенiн алға тартады. Осыдан: адамды адам ететiн – оның 
ортасы, нақты тәлiм-тәрбиесi деген ұстанымды бекем ұстайды.
Қазақ халқы рухани құндылықтарға өте бай, мысалға адал, адалдық 
деген ұғым, ол адам іс-әрекетінің өлшемі, яғни ардан аттамай, ешкімнің 
ақысын жемей, біреуге қиянат жасамайтын адам, сонымен бірге «таза» де-
ген мағынада, ішіп-жеуге арналған таза азық дегенді білдіреді. Адалдық 
руханилық ретінде қалыптасқан құндылық. Ол өз-өзінен қалыптаспайды, 
оны болашақ ұрпақтың бойына сіңіру қажет. Адалдық – өмірдің барлық 
жағдайларында адамның өз уәдесінде тұрып, қалыптасқан адамгершілік 
нормаларына сай әрекет ететін талап. Егер күнделікті тіршілікте адалдық 
пен арсыздықты шатастырып, рух тазалығын жаман мінездердің құрбаны 
қылсаң, онда ешқандай өнегелілік, ізгілік жолына түсе алмайсың дейді қаз-
ақ  ойшылдары.  Олардың  шығармаларынан  жақсы  мінез  қалыптастыра-
тын кісілік, жомарттық, кішіпейілділік, төзімділік, әділдік, инабаттылық, 
шыншылдық,  сабырлылық,  қанағатшылдық  сияқты  көптеген  категория-
лар көрініс береді. Қанағатшылдық, шүкіршілік, тәубашылдық қазақ жы-

188                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
рауларының  есептеуінше  ұстамдылық,  сабырлық,  тоқтамдылық  сияқты 
абзал қасиеттердің үлгісі. 
Рухани  кемелдену  мәселесi  қашанда  адамның  өзiне-өзi  үңiлуiнен, 
өзiмен-өзi күресуiнен басталады, өйткенi барлық жақсылық пен жамандық, 
тазалық пен арамдық, әулиелiк пен күнәһарлық адамның өзiнiң iшiнде. 
Мәселе – тек өмiрлiк ұстанымда, дұрыс таңдау жасай бiлуiнде. «Рухани-
лықтың  ең  негiзгi  өлшемдерiнiң  бiрi  –  адамның  жақсылыққа  қарай  тал-
пынысы, – дейдi С.Нұрмұратов. – Ал кез келген мақсатқа қарай ұмтылыс 
жақсылыққа қарай барар жол емес. өйткенi, «мақсат – оған жетуге тиiстi 
құралды ақтайды» деген қағида адами өлшем тұрғысынан терiс түсiнiк бо-
лып  табылады.  Қоғамдағы  әдiлдiктi  ешқашанда  күштеу,  зорлау  арқылы 
жүзеге  асыруға  болмайды.  Бұл  рухани  әлемнiң  заңдылығына  қайшы 
келетiн iс-әрекеттер. Тек адамға бiткен iшкi нұрдың күшiмен, шыдамдылық 
пен  мойынсұнушылық  арқылы  барлық  қайшылықты  жеңiп  шыққанда 
ғана руханилықтың есiгi ашылады» [6, 37 б.].
Руханилықтың өлшемдерінің бірі ретінде адамның жақсылыққа ұмты-
луын айта аламыз. Ненің жаман, ненің жақсы екендігін білу адамның алды-
нан шығып отыратын үлкен мәселе, ол таңдау еркіндігін туындатады. Жаса-
ған  жақсылығыңды  айтып,  міндетсінуге  болмайды,  онда  ол  руханилыққа 
жатпайды. Бұл жерде шынайы жақсылықты көрсете білу керек. Шал ақын 
шығармашылығын қарастырсақ, ол барлық нәрсе адамға байланысты дейдi:
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,
Жақсы атансаң бiреудiң хақын жеме… 
яғни,  зұлымдыққа  жол  бермеу,  жамандықты  бетке  қағу  әр  жанның 
парызы дейдi. Жақсылықтың отын маздататын да, жамандықтың түйiнiн 
бықсытатын да адам деген ой айтылады. Сондықтан ол жақсылық қайдан 
шығады,  жақсы  адам  дегенiмiз  кiмдер,  жамандық  неден  туады,  жаман 
адамдар  қандай  деген  мәселенi  сөз  қылады.  Жақсылық  жасау  адамның 
шынайылығынан туған нұрлы қадам, ол адамды бақытқа әкеледі. 
Шалкиiз  жыраудың  пайымдауынша  адамның  адамдық  қасиетi 
оның ата тегiнде, қоғамдағы орнында ғана емес, жеке басының жақсы, не 
жамандығында.  Туған  елiне  қайырлы,  ағайынына  мейiрлi,  досына  адал, 
дұшпанына қатал азамат адам атына лайық болады. 
Жауға кисең берен ки
Егеулеген болат өте алмас,
Есендiкте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау iс түссе
Дұспанның қолы жете алмас, – [5, 44 б.]
деп жырлаған Шалкиiз жырау досқа адал, дұшпанға ымырасыз болу-
ға шақырады. 

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               189
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
Дұспанға белiңдi шешiп инанба,
Инантып тұрып өлтiрер [5, 50 б.] 
Бұқар  жырау  халықты  қоғамға  пайдалы  мiнез-құлыққа  шақырады. 
Адамның жақсы болуы – елдiң, көптiң қамын ойлауда екенiн Бұқар жақсы 
бiледi және жақсы туған жiгiттi ел қамын ойлауға үндейдi. 
Ақсұңқар құстың баласы
Ұяда алтау тумас па?
Ұяда алтау туғанмен,
Оның бiреу-ақ алғыр болмас па?
Алғырының белгiсi
Ұзақтан жемдi iлмес пе,
Бiрге туған ұялас
Бiзге сауға демес пе,
Өзi аштан өлсе де,
Айырып жемiн бермес пе [5, 116 б.].
Ал, Ақтамбердi жырау шығармалары гуманистiк, адамгершiлiк идея-
ларды көтерiп, пендешiлiктi, өзiмшiлдiктi сынайды. 
Мал-басы өскен адамның,
Алды-арты бұрқан бу болар
Көтере алмай дәулетiн
Көрiнгенге қыр қылар… [5, 75 б.] 
Өмiрдегi қиыншылықтармен күресiп, ерiнбей еңбек етсе, сол еңбектiң 
жемiсiн жеп, бақ-дәулет орнайды, өмiрдiң қызығы, елдiң тыныштығы тату-
тәттi бiрлiкте. 
Бiрлiгiңнен айрылма,
Бiрлiкте бар қасиет– дейдi. 
Бұқар – гуманист тұлға. Ол дағдарыс пен халықаралық жанжалдардың 
негізгі себепкері билеушілердің арасындағы қақтығыс екендігін, бұл үшін 
қарапайым  халық  жазасын  тартпауы  керектігін  айтады.  Бейбіт  өмір 
халықтар арасында өзара достық орнағанда ғана болуы мүмкін, бейбіт өмір 
бағасыз сыйлы нәрсе. Өз заманының көреген тұлғасы Қазақ хандығының 
үстінен төніп тұрған отарлау қаупін сезді. Қауіп жырау үшін екі жақтан 
келіп отыр. Бұқар отырықшылық мәдениетті халық бірлігі үшін маңызды 
деп санайды. Халықаралық саясатта бейбітшілік принциптерін ұстанатын 
жырау,  мемлекеттердің  өзара  бейбіт  өмірін  армандағандығы  белгілі. 
Халықшыл  Бұқар,  тек  халық  мүддесі  қорғалатын  мемлекет  қана  күшті 
бола алады дегенге саяды. 

190                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Өмірдің  мәні  туралы  философтар  пікірлерінің  жалпы  адамзатқа 
ортақ,  әлдеқалай  бір  жиынтық  тұжырым  болып  шығып  жатуының  да 
өзіндік  жөні  бар.  Адам  өмірінің  мәні  оның  әлеуметтік  жағдайларымен 
айқындалады.  Адам  —  белсенді  әрекет  иесі.  Ол  әлеуметтік  дамуды 
жеделдетіп  немесе  тежеп,  оған  тура  ықпал  ете  алады.  Тарихтың  түрлі 
кезеңдерінде  өзгеріп  отыратын  адам  өмірінің  мәнін,  құндылығын 
айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс 
ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан 
біріктіретін ұғым. 
Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым 
бар. Ол — бақыт туралы ұғым. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» 
деген  тұжырымның  кез  келген  адамға  түсінікті  әрі  жылы  естілетіні  содан 
болса  керек.  Бақыт  дегеніміз  —  өзі  болмысының  шарттары  мен  адамның 
кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққан-
дылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсе-
тетін моральдық сана ұғымы. Бақыт – мұраттың сезімдік-эмоциялык фор-
масы  болып  табылады.  Бақыт  ұғымы  –  белгілі  бір  нақты  объективті  жағ-
дайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, соны-
мен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті 
бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт 
ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны – әр адамның 
өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.
Бақыт – сондай-ақ, тарихи жене ұлттық шарттылық сипатта көрініс 
береді.  Моральдық  сана  тарихында  бақыт  –  адамның  тумысынан  иелік 
ететін  құқығы  деп  есептелген  мезеттер  болса  да,  іс  жүзінде  қоғамда 
езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жаныш-
талып  тасталатын  жағдайлар,  жеке  адамның  бақытына  тосқауыл  бола-
тын  тарихи  оқиғалар  да  аз  болмайды.  Бақыт  дегенiмiз  –  өз  болмысыңа, 
жеткен  табыстарың  мен  өз  мақсаттарыңның  iске  асуы  жолындағы  күре-
сiне қанағаттану, ал өмiр мәнi адамның өз ұмтылысын ұғынуы, алға қой-
ған  мақсаттарына  деген  сенiмi.  Бақыт  пен  мұрат  ұғымдары  адамның 
iс-әрекеттерiмен  тығыз  байланыста  айтылып,  көркемдiк  бейнелермен 
көмкерiлiп,  көшпелi  қоғамның  далалық  болмысымен  шынайы  ыңғай-
ласып,  бiрлiкте  тұрады.  Бақыт  ұғымының  өзi  адамдардың  достығына, 
сүйiспеншiлiгiне, қайырымдылығына негiзделедi. Асан қайғы:
Бақыты оянған ерлердiң, 
 
Әрбiр iсi оң болар.
Дәулетi күнде артылып, 
Не қылса да мол болар, – деп бақ-дәулеттiң келуi мен кетуi 
құбылмалы екенiн ескертедi. Асан бақытты дегенде оның жиған байлығын 
айтпайды, адамның бақыттылығы оның ақылдылығында, елге қайырлылы-
ғында, сол қасиеттерiмен жұртқа танылғанда ғана бақытқа жету мүмкiндiгi 
болатынын айтады. Ақын-жыраулардың пікірінше адамгершілігі өте мол, 

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               191
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
жомарт, ақкөңіл, парасатты, қарапайым, адал адам ғана бақытты бола ала-
ды, ал пасық, өркөкірек, сараң адамның бақытты болуы мүмкін емес. 
Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық 
қағидалар  біздің  өмірімізге  де  мықтап  ене  бастады.  Тұлғаның  мүддесі 
қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай 
жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса 
керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып 
отыратын  болуы  керек.  Қоғам  бақытты  болса  ғана  адам  бақытты.  Ал 
қоғамның  бақыты  оның  әр  мүшесінің  бақытынан  құралады.  Қатардағы 
адамның  түсінігіне  салсақ,  бақыттың    белгісі  жанына  жайлылық,  тәніңе 
ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған, соны-
сымен  көпшіліктің  санасына  орныққан  жағдай  болар.  Солай  болғанның 
өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол – табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен 
көңілдің хошын табу – әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.
Өмір  және  оның  мәні  туралы  ой  қозғаған  ұлылардың  бәрі  бақытты 
еңбекпен  байланыстырады.  Осы  ұстанымды  қуаттайтын  ойшылдарды, 
ғұламаларды,  көркем-өнер  кайраткерлерін  көптеп  кездестіруге  бола-
ды.  Көпке  танымал  болмаса  да,  қатардағы  салауатты  адамдар  да  осыны 
мақұлдайды. «Бақыт – тек еңбекпен келеді» деген тұжырым ертеден келе 
жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның 
өзі  таңдаған  кәсіппен  айналысуы,  ұзақ  және  қызықты  еңбек  жолынан 
өтіп,  мол  тәжірибе  жинап,  кәсіпқойлықтың  шыңына  шығуы,  шабытпен 
еңбек етіп, оның нәтижесін көруі – міне, адамды бақытқа бастап апарар 
баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті бола-
ды. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасын-
да  өзі  қалаған  мамандығы  бойынша  еңбек  етіп,  көпшілік  алып  жүрген 
жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары 
мен туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санай-
тындар толып жатыр.
Ал  шығармашылық  жұмыстармен  айналысатын  адамдардың  өз 
бақытын  ерінбей,  жалықпай,  маңдай  терін  сыпыра  еткен  еңбегінен 
табуының  мысалдары  айшықтырақ  көрінеді.  Олар  үшін  еңбек  үрдісінің 
өзі  –  құлшынысқа,  ләззатқа  толы  аса  жоғары  эмоциялық  күй.  Олар 
еңбекті ешқашан «ауыртпалық» деп санамайды, «қиындық» немесе «азап» 
деп есептемейді. Шығармашылық жұмыспен айналысатын адам үшін әр 
жаңа  туынды  жа-саудың  өзі  бір  ғажайып  сырлы  дүниеге,  нұрлы  әлемге 
сапар  шегіп  келгенмен  бірдей  болып  көрінеді.  Әрине,  шығармашылық 
еңбек ететіндердің халыққа танымал болатыны, олардың құрметке тезірек 
бөленетіні  рас.  Дегенмен  барлық  адам  шығармашылық  жұмыспен  ай-
налыса алмайды десек те, жұмыстың барлық түрін шығармашылықпен, 
шабытпен  істеуге  болатынын  да  жоққа  шығаруға  болмайды.  Фабрика 
станогында, егінжайда, қызмет көрсету саласында немесе қатардағы көп 
мекеменің  бірінде  өз  міндетін  құлшыныспен  атқарып  жүрген  адамдар 
баршылық.

192                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Еңбек еткісі келген адамға еңбектің кез келген түрі құлшыныс туды-
рады. Мұны саудасы жүріп тұрған кәсіпкер де, машинасы жүріп тұрған 
жүргізуші де, егіні жайқалып өсіп келе жатқан диқан да, бір жерден кен 
қорын тапқан геолог та жақсы біледі. Еңбектен бақыт табу үшін әркімнің 
кәсіпті  дұрыс  таңдауы,  оны  сүйе  білуі  керек.  Сондай-ақ  еңбек  ниетпен 
істеледі, оның ынтасы болуы керек. Түпкілікті мақсат пен нәтиже айқын 
болса, адам еңбегінің болашақ жемісін көре алса, кез келген әрекет шығар-
машылық үрдіске айналады, кез келген адам құлшына еңбек ететін болады.
Көптеген  адамдар  бақытты  махаббатпен  байланыстырады.  Махаб-
бат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. 
Махаббат үшін аңызға татитын ерліктер мен адамды таңғалдыратын әре-
кеттерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдерде де аз болма-
ған. Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған 
мансабың да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Қарсы жыныс өкіліне 
деген алабұртқан құлшыныс, жұптасып өмір сүруге ұмтылу құбылыстары 
о  бастан  тек  адамдарға  ғана  тән,  табиғи,  сонысымен  де  заңды  құбылыс. 
Сондықтан да махаббатпен өмір сүру бақыттылықтың басты белгілерінің 
бірі  болып  келді  және  бұдан  былай  да  бола  береді.  Шын  махаббат  екі 
жақтың психологиялық және тәни үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі 
аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын 
жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. Махаббат – адам өмірінің тым 
шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысы бар маңызды қыры.
Адамдарды біріктіруші күш ретінде қызмет ететін рухани құндылық 
–  бұл  махаббат.  Махаббатты  Адам  –  әлем  қатынасының  өзегі  етіп  алған 
адам  үнемі  дамуға,  жетілуге  мүмкіндік  алады.  Дүниедегі  бар  жақсылық 
махаббатпен  жасалады,  махаббатпен  нұрланады.  Ең  арғысы  сәулетті  үй 
салып, бітік егін өсірсеңіз, жер қойнауын қопарып кеніш көзін ашсаңыз, 
кітап жазып, ою-өрнек тоқысаңыз да қаншама ой қуатын, жан мейірімін 
жұмсайсыз.  Өйткені,  шын  сүйіспендіктен  туған  дүние  ғана  құнды,  сұлу 
болмақ.  Ғаламдық  биіктен  қарасақ  та,  махаббаттың  орны  орасан  екені 
көрінеді. 
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп – әділетті. 
Адамзатты сүю, әділетті сүю — бұдан асқан асыл мұрат 
болушы  ма  еді?  Өйткені,  Абайша:  «Ғадаләт  барша  ізгіліктің  анасы  дүр. 
Ынсап,  ұят  бұл  ғадаләттан  шығады»  (Отыз  сегізінші  сөзден)  [7,  144  б.]. 
«Адамшылықтың  алды  махаббат,  ғаделет  сезім.  Бұлардың  керек  емес 
жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ... Бұл ғаделет, махаббат сезімі кімде 
көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол ғақил» (Қырық бесінші сөзден) [7, 164 б.]. 
Демек, күллі адамгершілік қасиеттер, ізгілік, ар-ұят, қанағат-ынсап – ма-
хаббат анадан туады екен. Абай саналы адамзат өмірінде жиі ұшырасатын 

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               193
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
жамандықтарды махаббатпен емдеуге болады деп сенген. «Күллі адам ба-
ласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, 
екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-
ғылымның  жоқтығы.  Дүниеде  ешбір  нәрсені  оларсыз  біліп  болмайды. 
Білімсіздік  хайуандық  болады.  Еріншектік  –  күллі  дүниедегі  өнердің 
дұшпаны.  Талапсыздық,  жігерсіздік,  ұятсыздық,  кедейлік  –  бәрі  осы-
дан  шығады.  Залымдық  –  адам  баласының  дұшпаны»  (Отыз  сегізінші 
сөзден)  [7,  152  б.].  «Жер  бетіндегі  адамдарды  біріктіруші  күш  ретінде 
қызмет  атқаратын  рухани  құндылық  –  махаббат  деп  аталады.  Адамдар 
бір-бірінің тілін түсінбесе де, дінін, саяси жүйесін қабылдамаса да өзара 
жақындастырушы,  біріктіруші  күштің  әрқайсымыздың  ішімізде  екенін 
сезеді. Сол махаббатты әрбір субъект Адам – әлем  қатынасының өзегі етіп 
алса, онда көптеген мәселелер өзінің жоғарғы деңгейінде шешімін табар 
еді, тұлға үнемі дамуға, жетілуге мүмкіндіктер алады» [8, 51б]. 
Адам  баласы  бір  жағынан  табиғи  сұраныстың  негізінде  нәпсілік 
әлсіздікке  ұшырап  отырса,  екінші  жағынан  рухани  дамудың  принцип-
терімен де өмір сүруге талпынады. Мұсылман дінінде рухани қалыптасу-
дың  үйлестіруші  құбылыстары  қанағат,  тәубә,  нәпсі,  иман  ұғымдары 
арқылы  көрініс  береді.  Тәуба  ету,  адам  баласының  барлық  үлкен  күнә-
ларын  жойып  қана  қоймайды.  Жүрегiнде  иманы  бар  әрбiр  пенденiң, 
Жаратқан  иесiнiң  рызалығын  табудан  үмiтi  болса,  ондай  кiсi  тауба  ету 
Алла Тағаланың пендесiне деген сүйiспеншiлiгiн оятады. Негiзiнде тәуба 
ету  ол  өзiмiздiң  пайдамыз,  әлемдегi  адам  заттың  барлығы  тәуба  етпей 
өтсе  де  Аллаға  титтей  де  кесiрiн  тигiзе  алмайды.  Бiрақ  Алла  Тағаланың 
мейiрiмдi, рахымды деген сипаттары бар. Осы мейiрiм – рахымдылығынан 
пенделерiне  жол  көрсетiп,  сол  жолмен  жүрген  пендесiне  разы  бола-
ды.  «Қазақ  дүниетүсінігінде  «тәубә»  ұғымы  қандай  да  болмасын  іс-
қимылдың  шегін  аңғартады.  Барға  разылық  таныту,  қанағатшыл  болу, 
жоққа  мойымау,  астамшылдық  жасамау  тәубә  ұғымының  басты  сипат-
тары. Тәубәшілдікте асығыстық, жанталас жоқ, онда ұстамдылық басым. 
Қазақтың  «асығыстық  шайтанның  ісі»  деуі  де  сондықтан.  Тәубә  ұғымы 
шыдамдылықпен де байланыста. Шыдамдылық көнбістік емес, керісінше 
әліптің артын бағу, асығыстық пен ағат қимылдар жасамау. Керек десеңіз 
ол даналықтың көрінісі» [9,74 б.].
Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі, 
Бөріге қой алдырмас ердің ері, 
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері, – дейді Шал ақын [5,151б]. 
Бұл жердегі Нәпсі деген ұғымды алсақ, нәпсі адамның болмысы, нәпсісіз 
адам да, ғұмыр да жоқ. Нәпсі – адамның тән және жан қуаты. Нәпсінің ба-
сты көріну жолдары: қоректену (дәм, ас), әсемдікке ынталану (киім, сән), ма-
хаббат, ғашықтық (үйлену), билік-мансапқа ынталану және байлыққа ден 
қою. Осы мәселелерде мөлшер керек. Егер одан асса адам өзге жолға түседі. 

194                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет