Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49

Міржақып  Дулатов  үшін  халқының  өмірін  жырлаудан  асқан  мәр-
тебелі  тақырып  жоқ.  Көп  өлеңдерінде  ол  қазақ  елінің  ауыртпалықтағы, 

262                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
отарлық  езгідегі  жағдайын  баяндай  келіп,  елдің  мүддесіне  қызмет  ету  – 
әpбip  азаматтың  парызы  деген  тұжырым  жасайды.  Мысалы,  «Шағым» 
өлеңін алайық. Бір қарағанда «Шағым» өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл 
күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік 
ой  басым  жатыр.  Ел  ішіндегі  білімсіздік,  бойкүйездік,  жалқаулық, 
енжарлық, алауыздық тәрізді толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын 
мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, – [5, 91б.]
деп  Міржақыптың  өзі  айтқандай,  халқының  тұрмысындағы  кертартпа 
кемшіліктер  оның  жүрегіне  оқ  болып  қадалады.  Сондай  сәттерде  айна-
ласынан  өзіне  серік  болатын,  тірек  болатын  адам  іздейді.  Таппай  көңілі 
құлазиды.  Дегенмен  ақынның  мұңы  терең  қайғыға  ұласып  кетпейді. 
Өлеңінің соңында: «Әділдік аста қалған еш күні жоқ», – деп, түптің түбінде 
әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайты-
нын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! [5, 91 б.]
Ақынның  мақсаты  –  халқының  тағдырына  ара  түсу,  елі  үшін  еңбек 
етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, 
әділетсіздікті  әшкерелейді,  олардан  арылудың  жолын  іздейді.  Мәселен, 
«Таршылық халіміз хақында аз мінәжат» өлеңінде қазақ ауылының көpiні-
сі суреттеліп, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашы-
лады.  Ел  ішіндегі  бірліктің,  ынтымақ  пен  бірауыздылықтың  жоқтығын 
айта  отырып,  ақын  ел  билеу  жүйесіндегі  жүгенсіздік  пен  әділетсіздікті 
сынға алады.
«Алашқа»  өлеңінде  ақын  халқының  өткендегі  өмірін  есіне  түсіріп, 
жақсы  мен  жаманды,  кешегі  мен  бүгінгіні  салыстыра  отырып,  бірқатар 
әлеуметтік  шындықтың  бетін  ашады.  Алдымен  күні  кеше  төскейі  төрт 
түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауыл-
дардың  сәнін  әсем  суреттейді,  ел  басқарған  ақылды  хандар  мен  билерді 
еске алады.
Қақ жарған қара қылды биің қайда?
Ақ орда би түсетін үйің қайда?
Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайда? – [5, 106 б.] – дей келіп, 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       263
руханиятының түптамыры                                   
ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ер-
лер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің 
берекесі де артық болмақ. Бірақ өмір Міржақып ойлағандай емес. Би – пара-
шыл, қарттары – қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан:
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
Қайраған қолдан келмес іске әуре боп,
Қорлыққа,  тілімді  алсаң,  болма  кездес!  –  [5,  107  б.]  –  деп, 
халықты  ойлануға  шақырады.  Қойды  қасқырға  бақтырғандай  әділетсіз 
заманның  жайын  түсіндіреді.  Ел  басқарушы  залымдарға  сенбей,  өз 
күшімен күн көру қажеттігін айтады.
Ғұмар Қараштың ойынша адамға ең керек қасиет – руханилық. Адам-
ның күші оның руханилығында, адамшылығында, ал адамшылықтың басы 
– дінде деп түсінеді. Ғұмар иман мен ұятты бір негізде қарастырады.
Тұрады ұят тұрған жерде иман 
Әдебі пайғамбардың бұған илан [6, 125б.]. 
Дін – адамның ұятында, арында яғни оның иманында. Ұят жоқ жер-
де  иман  жоқ.  Сол  сияқты  арсыз  адам да  да  иман  болмақ  емес.  Ұят  пен 
ар  иманның  не гіз дері.  Ұяты,  ары  бар  жан  Жаратушысын  танып,  иман 
келтірмек.  Иманы  берік  халықтың  рухы  да  мықты  болатынын,  иман-
сыздық, ұятсыздық дінсіздікке апаратынын Ғұмар баса айтады. Сондықтан 
қай  қоғамда  болмасын  дінге  мықтылық,  иманға  беріктік  керек.  Ғұмар 
жан  мәселесіне  де  көңіл  аударған.  Ислам  діні  бойынша  адам  жаны  о 
дүниеге барғанда жауапқа тартылады. Оның жер бетінде жасаған жақсы, 
жаман  істері  таразыға  салынады.  Себебі  жердегі  тіршіліктің  иесі  адам 
болғандықтан,  оның  жаны,  рухы  өзге  тіршілік  иелерінен  жоғары  тұр. 
Ғұмар  екі  дүниеде  де  адамға  иманы  жолдас  деп  түсінген.  Иманды  адам 
жан азығы арқылы жетілдіріп, шыңдап отыруы абзал. «Алла Тағала рух 
арқылы  адамның  тәніне  жан  салғаннан  кейін  ғана  адам  өзінің  өмірлік 
мақсаттарына  келе  алады  немесе  адам  мақсатты  –  тіршіліктік  жараты-
лыс  қалпына  ене  алады.  Адам  материалдық  өмірді  жандандырады,  іске 
қосады, оған рухани жылулық беріп, махаббат сәулесін шаша алады және 
өзі  жасаған  заттар  мен  құбылыстарға  әдемілік  бере  алады.  Олай  болса, 
жан  адамға  берілген  басқа  қасиеттерге  қарағанда  маңыздырақ  құбылыс 
болып тұр. Өйткені адам тек жанның қуаты арқылы ғана тіршілік етеді, 
өмір сүре алады. Жан арқылы ғана адам тәні шынайы тіршілікке ие бола-
ды. Ал жан тән арқылы ғана өзін көрсете алады, дами алады. Тән жанның 
даму  құралы.  Тән  тозғанда  жан  өз  тіршілігін  тоқтатады.  Жан  адамның 
жердегі тіршілігі үшін жаратылған» [6, 41 б.].

264                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Алаш зиялыларының азаматтық және саяси ұстанымына сай Ғұмар 
да Қазан төңкерісінің жалпы адамзаттық гуманизмге қарсы бағытталған 
саясатын  қабылдаған  жоқ.  «Тұрымтай»  жинағындағы  «Неден  қорқам?», 
«Жұртым  саған  не  болды?»  өлеңдерінде  бір  ғана  қазаққа  емес,  тұтастай 
ұлттарға жасалып отырған қияс тәжірибенің қиямет зобалаңын, қасіретті 
алапат зардабын болжай білді.
Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам.
«Таң туды, мезгіл жетті» деп адасып,
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам [6].
Халқының  тағдырын  ойлаған  Алаш  әдебиеті  өкілдері  таптың  емес, 
тұтас  қазақтың  қамын  жеп,  ұлтқа  қызмет  етудің  өшпес  те  өлмес  үлгі-
өнегесін көрсеткен айрықша құбылыс. Ол біріншіден, тарих тағылымына 
үңілдірсе,  екіншіден,  Алаш  арыстарының  діттеген  мұрат-мақсаттарына 
деген  адалдық  пен  саяси  ұстанымдарынан  бір  табан  шегініс  жасамаған 
тұлғаларын тануда да үлкен мәнге ие. Ғұмардың «Неден қорқам?» өлеңін-
дегі  әрбір  жолдар  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  кезең  шындығын  тануда 
айрықша болып табылады.
Аждаһа алты басты жаудан қорқам,
Бүлдірген ел арасын даудан қорқам:
Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,
Құрылған аяқ асты аудан қорқам:
Асығыс істей салған істен қорқам,
Қандары тасқан қара күштен қорқам,
Дос болып бірге жүріп қастық етіп,
Тысына қайшы келген іштен қорқам» 
деген  ақын  үрейі  жаңа  саясаттағы  талай  қиянаттар  мен  зобалаңдарды 
ығына түсуімізге мүмкіндік береді. Сондықтан да, ақын қан төгіс арқылы 
келген биліктің әлеуметке теңдік пен бостандық орнатуындағы қадамдары 
қоғамдық даму заңдылығына қайшы болып табылатынын және де өзгенің 
күштеп таңған азаттығы мәңгілік болмайтынын, сол себепті өзіңнің сара 
жолыңды  ізде  деген  мұратын  алға  тартады.  Ақиқат  жолынан  адасып, 
сағым қуған тобырлық сананы сынға алады.
Алаш туының  асқақ, елдік қасиеттердің баянды болуы үшін  әр аза-
мат халқына еңбек етуде имандылық пен құрандай киелі ұғымдарды са-
насында тоқуы шарт деген талап қояды. Мұның бәрі Ғұмардың ұлтжанды 
тұлғасының,  ақындық  қуатының  қашан  да  ұлт  мұратымен  сабақтасып 
отырғанын, өмірлік мақсаты болғанын дәлелдей түседі.
«Көреміз бе?» өлеңі жалпы Алаш партиясының, Алаш автономиясы-
ның нысаналы өмірлік мұрат-мақсатын анық танытатын және де осы жол-

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       265
руханиятының түптамыры                                   
дағы  ерен  істерді  Ғұмардың  әрдайым  қолдаушы  тұлға,  қозғаушы  ақын  
болғанын  ұғындырады.  Ұлттық  бірлік,  мемлекеттігімізді  нығайту  өткір 
қойылып  отырған  қазіргі  тұста  аталған  өлеңде  көтерілген  саяси-идео-
логиялық мәселелер қашанда санаға тоқылар ұлағат деп білеміз.
Тәуелсіздіктің  басты  сипаты  –  мемлекеттік  істердің  ұлттық  мүдде 
тұрғысынан шешілуі, өз жерінің қазба байлығын халық игілігіне жаратуы 
десек, осынау кемелділікке жетудің жолдарына қатысты ғасыр басында-ақ 
Ғұмар келелі ойлар түйеді.
Өз жерінен шыққан кенді өзі алғанын,
Әдемілеп айқұш-ұйқұш жол салғанын,
Еуропаның өнерінен үлгі алғанын,
Тірілікте көзімізбен көреміз бе?
«Алаш» атты орда құрып шалқығанын,
Бақ дәулеті туып өсіп балқығанын,
Әрбір істе қазақ исі аңқығанын,
Тірілікте көзімізбен көреміз бе?!. [6]
Ұлттық идеяға әлемдік ақыл-ой мен оны қажет еткен ұлттың даналы-
ғы, бүгінгі есті ұлдарының көрегендігі мен біліктілігі, мемлекеттің саяси 
қуаты керек. Біздің алдымызда мемлекеттік тілді ұлттық идея дәрежесіне 
көтеру міндеті тұр. Өйткені мемлекеттік тіл – ұлттың ұйытқысы. Бүкіл 
Қазақстан  азаматы  осы  мемлекеттік  тілдің  төңірегіне  топтаса  алады. 
Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы да – мемлекеттік тіл. Өз 
еліңнің  патриотизмін  көрші  елдің  мемлекеттік  тілімен  жасау  мүмкін 
емес.
Ақынның  «Адаспа,  аңдық  етпе,  адам  ұлы»  деген  биік  гуманистік 
ескертуі  қай  кезең  үшін  болмасын  қашан  да  назарда  болатын  өшпес 
ұлағат  деуге  болады.  Ал,  «Саған  не  болды?»  өлеңінде  елдік  мәселелерді 
жырлағанда  жаңа  жүйе  икеміне  жығылып,  илеуіне  оңай  көндіге  кеткен 
халқының бейқамдығына, саяси балаң аңғырттығына налиды.
Дүние толы өсек-аяң, жер солды,
Елемесең, елім, байқап оң, солды.
Өтер жолың тайғақ кешу тар жол-ды, 
Байқамастай, елім, саған не болды?
Дұспан шықты, жан-жағыңды қамады, 
Жиғаныңды алды, өртеді, талады, 
Қарсылассаң тамағыңнан шалады,
Мұны көрмей, жұртым, саған не болды? – дей келе, дәуір 
шындығын реалистік тұрғыдан суреттеп, халық намысын, рухын көтеруді, 
ұлттық  сананы  серпілтуді  мақсат  етеді.  Сондықтан  да,  ақын  халықтың 

266                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
өзіне деген сеніміне, бұла күшіне үміт артады, тығырықтан шығар жолда 
әлеуметтің ақиқат жолынан адаспауын көздейді.
Мағжан  қазақ  халқының  шынайы  өкілі  ретінде  әлемді,  тарихты, 
кеңістікті  «адам  мен  адам»,  «адам  мен  қоғам»  және  «адам  мен  табиғат» 
арасындағы  үйлесім  арқылы  бейнелейді.  Ұлы  ойшыл  адамның  жан-
дүниесіне керекті бірден-бір қасиет – қиялдың қалыптасуына жағдай ту-
дыратын  оның  қоршаған  ортасы  деп  санаған.  Адам  халықтың  мүддесі 
тұрғысынан шынайы қиялдай білуге тәрбиеленуі керек, сонда ғана арман 
мен қиял адамды жақсы лыққа, ізгілікке жетелейді. Мағжанның көзқарасы 
бойынша, адамның әдемі пішіндерді, табиғаттың сұлулығын көру қабілеті, 
терең  ойлау  мен  қиялдың  ұшқырлығы  күрделі  таным  процесі  арқылы 
жүреді. Ақын жалпы «таным» деген ұғымды әртүрлі әдемі түстерден рақат 
алу,  табиғат  құбылыстарының  жаратылысы,  ондағы  дыбыстардың  сан 
алуандылығынан ерекше әсер алу деп ұғады. Сұлулықты сезіну адамның 
өмірге  деген  қызығушылығын  арттырады.  Ол  эстетикалық  талғамы  бар 
адамның барлық уақытта жамандықтан жиреніп, ізгіліктің, жақсылықтың 
қажеттілігін сезіне білетіндігін баса айтады: «Сұлулық сезімдері адамның 
дұрыс,  сұлу,  ләззат  іздеуіне,  сұлу  нәр сені  сүюіне,  көріксіз  нәрседен 
жиренуіне,  хатта  жақсылыққа  ұмтылып,  жау ыздықтан  тыйылуына  көп 
көмек  көрсетеді».  Ақын  табиғат  жайлы  былай  толғанады:  «Үлбіреген 
гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз 
қара-көк теңіз... Міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, яки 
искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз... 
адамның  көру  сезімін  сиқырлап  барып,  жанда  сұлулық  толқындарын 
туғызады». 
Мағжан  ақын  әлемдегі  барлық  дау-жанжал  мен  қайшылықтардың 
түп тамыры жеке адамда, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдықтықтың 
арақаты насында жатыр деген тұжырымға келеді. 
Ойшыл ақын адам болмысына жақсылық жасауға деген ұмтылыс пен 
жамандықтан бойын аулақ салу тән, «ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу 
адамның  жаратылысының  өзінде  бар  нәрсе»  деп  есептейді.  Мағжанның 
пікірі  бойынша,  «махаббат»  және  «ізгілік»  сөздерінің  мазмұны  өте 
жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білді-
реді.  Бақытты  өмір  адам  мен  қоғамның,  ұлт  пен  адамзаттың  бірлігін 
қалайды. Адам бақыты – біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отаны-
на  сүйіспеншілігіне,  екіншіден,  ұлт  пен  адамзаттың  жай-күйіне  тәуелді. 
Адам өз заманы мен мәдениетінің перзенті, ол өзінің қызметінде өз ұлты 
мен адамзаттың мүддесін басшылыққа алады.
Ақынды  алғашқы  өлеңдерінен  бастап,  соңғы  демі  үзілгенше  туған 
халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдениетінің, жалпыадамзаттың 
тағдыры толғандырады. Ес білгеннен көкжиекке дейін керілген кең байтақ 
даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-
аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл 
ұлттық рух кемерінен асып төгіледі:

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       267
руханиятының түптамыры                                   
Шынында менің өзім де – от,
Қысылған қара көзім де – от.
Мен оттанмын, от – менен
Жалынмын мен жанамын
Оттан туған баламын.
Ақынның  «от»  деп  отырғаны  –  халықтың  ұлттық  рухы.  Ұлттың  та-
рихи  және  философиялық  зердесін  оятып,  рухын  көтеру  арқылы  ғана 
бодандықтан құтылуға, ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге, тіпті, әлем халқына 
өз өркениетіңді танытуға болады деп есептейді.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар [7]
Мағжан ақын халықтың тарихи зердесін оятып, ұлттық намысы мен 
ұлттық рухын сілкіндірудің қажеттігін, ортақ мүдде жолында топтасқан 
ұлттың  ғана  азаттық  алып,  әлемдік  өркениеттік  қауымдастық  қатарына 
бәсекеге қабілетті болып қосыла алатынын осыдан бір ғасырға жуық уақыт 
бұрын-ақ  түйсініп,  өршіл  жырға  айналдырып,  айта  алған.  Және  туған 
халқының сол замандағы қиын халін, кенжелеп қалған тұрмыс-тіршілігін 
көре отырып, осылай жасаған:
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен.
Академик  Ә.Н.  Нысанбаев  «Әз  Жәнібек  сендер  бол,  мен  Асан  бо-
лып өтейін» деген мақаласында: «Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ 
халқы, тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының 
санасы  мен  сезімін  жаулап  алып,  аймақтық,  тіпті,  әлемдік  мәдениеттегі 
ерекше құбылысқа айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығар-
маларында  айтылатын  қағидалар  мен  ойлар,  ақын  жүрегін  мазалаған 
толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, өз мәнін жойған 
жоқ. Керісінше, уақыт озған сайын ұлттық ұлыстық, жалпы адамзаттық 
философиялық-әлеуметтік  проблемалар  қатарында  алдымыздан  қайта 
шығып отыр» деп атап өтеді [8, 4 б.]. 
Қазақты біртұтас ел деп танып, Алаш идеясын біртұтас қазақ идея-
сы деп мойындауымыз қажет. Алаш идеясына деген адалдық пен сенім 
– бізден соны талап етеді. Ал қазақ үшін Алаш идеясынан, оның бес ұлы 
идеясынан артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі 

268                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
мақсатын жойған жоқ. Ол идеялар мыналар: Бірінші: жер мәселесі. Жер-
сіз  Отан  жоқ.  Әлихан  Бөкейхановтың  ұйғарымы  бойынша:  «Қазақтың 
байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп 
толық  игермейінше,  жер  жеке  меншікке  де,  қоныстанушыларға  да 
берілмейді». 
Екінші: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ 
мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір 
түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. 
Үшінші:  Ә.Бөкейхановтың  жобасы  бойынша,  «Қазақтың  жерінде 
өндірілген  «бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің  азаматтарының  үстіне  тоқыма 
болып  киілуі»  керек,  яғни  толықтай  экономикалық  тәуелсіздікке  қол 
жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. 
Төртінші: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл 
үстемдігі болуы керек. 
Бесінші,  түпкі  мақсат:  ғылымға,  ұлттық  салт-дәстүрге  негізделген 
заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. 
Жер  үшін,  жер  мен  аспан  байлығы  үшін,  тәуелсіз  экономика  үшін, 
тіл  мен  діл  үшін,  дін  үшін,  қазақ  ұлтының  көзқарасы  мен  ар-ожданын 
қорғайтын, ұлтты сыйлауға мойынсындыратын тәуелсіз заң мен тәуелсіз 
ойлау  жүйесін  қалыптастыратын  тәуелсіз  ғылым  үшін  күрес  жолы  енді 
басталды. Демек, Алаш идеясы бүгін де, ертең де өзінің жалғасын табады. 
Жаһандану дәуіріндегі рухани тәуелділіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық 
бағдарлама осы болып табылады. 
Мәмбет  Қойгелдиев  алаш  идеясының  түпкі  маңызын  былай  ашып 
көсетеді:  «Алаш  тәжірибесі  нені  көрсетті?  Біріншіден,  Алаш  идеясы  бұл 
белгілі  бір  топтың  еркімен  өмірге  келген  жасанды,  сондықтан  да  өткінші 
құбылыс емес. Ол ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құн-
дылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмір-
ден  біржола  ығыстыруға  көп  күш  жұмсаған  большевиктер  құрған  билік 
өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы 
оның  өміршеңдік  сипатын  айғақтайды.  Алаш  идеясының  өзегі  –  ұлттық 
мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі 
жоқ халық – жетім халық. Кез келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мем-
лекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республи-
касы  –  Алаш  идеясының  өмірлік  шындыққа  айналуының  көрінісі  ретінде 
бағалануы  әбден  орынды.  Ал  оның  ішкі  әлеуметтік  мазмұны,  демократия-
лық принциптерге сүйенген қоғамды халықтың мәдени деңгейіне және сая-
си белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн» [9]. 
Алаш  зиялылары  бастаған  рухани  мәселелер  бүгінгі  Қазақстанның 
тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақы-
рыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға бо-
лады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы 
мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы 
сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       269
руханиятының түптамыры                                   
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен 
көрініс тауып жатты. 
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтыл-
ған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы 
үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін 
де  көрсетеді.  Себебі  қоғамымыз  тіл  саласында  әлі  де  Алаш  зиялылары 
көтерген  мәселелер  деңгейінде  отыр.  Алаш  қайраткерлері  қазақ  халқын 
азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың 
ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. 
Бұлай  болатыны,  А.Байтұрсынұлының  сөзімен  айтқанда  «тілі  жоғалған 
жұрттың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов бұл 
бағытта бос үгіт насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ жоғының ор-
нын толтыруға білек сыбанып кірісті. Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абай-
дың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет 
Байтұрсынұлының орны сондай. Оның өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-
арманы туған халқына деген қалтқысыз қызметтен тұрады. Оның өмірін сон-
дықтан да жеке адамның, жеке бір маманның өмірі деп қарауға болмайды. 
Ол – халықпен біртұтас, қалың елмен тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер 
нағыз халық перзенті. А.Байтұрсынұлы сол бір кездегі халқының мүшкіл 
халін  көріп  күйзеліп,  оны  өзге  жұрттармен  салыстырып,  қараңғылықтан, 
надандықтан шығудың бірден-бір жолы – оқу, білім деп табады да, өзінің 
бар  күш-жігерін  осы  жолға  жұмсайды.  А.Байтұрсынұлының  1925  жылға 
дейін 7 рет басылған бұл «Оқу құралы» – қазақ халқын төте оқу жолымен 
жаппай сауаттандыруға арналған тұңғыш әліппе болып табылады. 
«Қазақ» газетінің алғашқы санында Ахмет Байтұрсынов патша өкіме-
тінің  отарлық  саясатын  көрсете  отырып,  «Біздің  болашақ  тағдырымыз  не 
болмақшы? ...біздің алдымызда ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз өмір 
сүру-сүрмеуі,  болу-болмауы  басты  мәселе  болып  тұр.  Өзіміздің  дербес-
тігімізді сақтап қалу үшін біз барлық күш-жігеріміз бен қуат-құралымыз-
ды оқу-ағарту мен жалпы мәдениетке ұмтылуымызға жұмсауымыз, ең ал-
дымен, ана тілінде әдебиетті дамытуға күш салуымыз қажет. Мынаны естен 
ешқашан шығаруға болмас: тәуелсіз, дербес өмірге өзінің ана тілінде сөй-
лейтін және төл әдебиеті бар халық қана таласа алады» [10, 4-5 бб.] – дей 
келіп, – орыс және татар тілдерінде оқыған қазақтар қазақ тілін менсінбей-
тін болды, бүйте берсе қазақ тілімен қоштасып, қазақтың ұлт ретінде жойы-
лып кету қаупі бар, сол үшін қазақ тілін өркендетуіміз керек – деп ашық ай-
тады. «Қазақ өкпесі» деген мақаласында қазақ хандығы неліктен құлады, өз 
алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың 
негізгі жағдайлары деген мәселелерге тоқталады. «Олжалы жерде үлестен 
қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жол-
дан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты», деп ел мен елді, ұлт пен ұлтты 
байланыстыратын  ғылым,  өнер  екенін  айтып,  оқуға,  ағартушылыққа  ден 
қояды. Ахмет қазақша әліппе жасап, қазақ тіл білімінің негізгі терминдері-
не анықтама берген, дыбыс жүйесін қалыптастырған, қазақ мектептерінің 

270                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет