Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы


«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында жастарға кәсіптік білім беру



Pdf көрінісі
бет20/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#7954
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында жастарға кәсіптік білім беру 
маңызы 
Исмурзина Гүлнар Базарбайқызы 
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ 
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру институтың «Инновациялық дамуды 
әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бас маманы, магистр 
 
Ел  Президентінің  Жолдауында  баршамыздың  мақсатымыз,  мүддеміз, 
тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте, татулықта 
болу маңыздылығын айтқан болатын. Қазақстанның мәңгілік ел болуы ертеңгі 
ел  тұтқасын  ұстар  жастар  қолында,  терең  білім  игеріп,  ізденіп,  білікті  маман 
атанып, өмірге бейім болу қажеттілігі «көзі ашық, көкірегі ояу» жанға түсінікті. 
Ел  ертеңі-білімді  де  тәрбиелі  ұрпақ,  білікті  маман.  Ұрпағымыз  тәрбиелі, 
білімді,  саналы  болған  жағдайда  ғана  елімізді  көркейтуге  үлес  қосып,  арман-
мақсаттары «Мәңгілік ел» мұратымен ұласпақ.  
Ел  болу  мәселесі,  ұлтты  сақтау,  жерді,  туған  атамекенді  қорғау  мәселесі 
қазақ  халқы  үшін  қашанда  тарихи  даму  тұрғысынан  маңызды  болып  келе 
жатқаны белгілі. Осы аталған мәселелер ешқашан да күн тәртібінен түскен емес 
[2]. «Мәңгілік ел» мұратымен үндесетін ұлы мақсаттарды ертеңіне ұластырып, 
жалғастыру бүгінгі кәсіби білікті жастарымыздың қолында.  
Елбасы  өзінің  Қазақстан  халқына  арнаған  кезекті  Жолдауында  да 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  тарихи  астарына  тоқтап  өтті.  «Мәңгілік  Ел  -  ата-

188 
 
бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен 
терезесі  тең  қатынас  құратын,  әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын 
Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты,  түтіні түзу ұшқан, 
ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  ел  болу  еді.  Біз  армандарды 
ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  Елдің  іргетасын  қаладық.  Мен  Мәңгілік  Ел 
ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары  -  «Қазақстан-2050»  Стратегиясының  түп 
қазығы етіп алдым»[1], - деп атап өткен болатын.  
Әлем  тәжірибесі  көрсеткендей,  кез-келген  мемлекеттің  экономикалық 
даму  жетістігі  сол  елдің  білім  жүйесі  мен  азаматтарының  білім  дәрежесіне, 
біліктілігіне,  кәсіби  құзіреттілігіне  байланысты.  Өйткені  білім  арқылы  ғана 
қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады, 
білім-қозғаушы  күш. Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесіндегі 
модернизациялау үдерісі - білім мазмұнын жаңарту мен сапасын арттыру, білім 
берудің  ұлттық  моделін  жетілдіру,  ақпараттық  технологияларды  меңгерту 
сынды кешенді шараларды жүзеге асыруда.  
Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  жыл  сайын  халыққа  ұсынған  Жолдауында 
білім саласына ерекше басымдық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру 
үшін  барлық  жағдай  жасауда.  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясында:  ―  Біздің 
жастарымыз  оқуға,  жаңа  ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім 
мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл 
үшін  барлық  мүмкіндіктерді  жасап,  ең  қолайлы  жағдайлармен  қамтамасыз 
етуіміз  керек.  «Біздің  басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай  мықты 
мемлекеттің,  дамыған  экономиканың  және  жалпыға  ортақ  еңбектің  негізінде 
берекелі  қоғам  құру.  Мықты  мемлекет  экономикалық  жедел  өсу  жағдайын 
қамтамасыз  ету  үшін  аса  маңызды  болмақ»  [1]  деп,  Қазақстанның  алдыңғы 
қатарлы  жоғары  дамыған  30  мемлекеттің  деңгейіне  жетіп,  ену  үшін  нақты 
мақсаттар жүктелді. 
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  саласын  дамыту,  кәсіби  білікті, 
сапалы мамандар дайындау үшін шетелдік халықаралық тәжірибелерді кіріктіре 
отырып  қолға  алып  жатқан,  дуалдық  оқыту  жүйесі  де  мемлекет  тарапынан 
жоғары деңгейде қолдау болса, оң нәтиже береді деген сенім бар. 
Дуалдық оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру өнеркәсіп өміріне дайындық 
жүргізу  үшін  білім  алушының  теориялық  және  практикалық  дағдысын 
қалыптастыру  мақсатында  жүргізілетін  негізгі  оқыту  жүйесі  болып  табылады. 
Дуалды  оқыту  әдісі  әлемнің  көптеген  ірі  дамыған  мемлекеттерінде  мысалы, 
Германия,  Австрия,  Дания,  Нидерланды,  Швеция,  Англия,  Оңтүстік  Корея 
сияқты дамыған елдерінде жоғары нәтиже беріп жүргізіліп келеді. Яғни, білім 
алушыны  жан-жақты  дайындау.  Сонымен  қатар,  еңбек  нарығындағы 
жұмыссыздық  мәселесін  шешу,  жас  білім  алушының  жаңа  технологияны 
меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін 
қалыптастыру.  Сондықтан,  дуалды  оқыту  жүйесі  өнеркәсіп  саласына  қажетті 
мамандарды  даярлау  мәселесін  толық  қанағаттандыратын  негізгі  жүйенің  бірі 
болып табыла отырып, дуалды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын 
арасында  тығыз  байланыс  орнайды.  Бұл  оқыту  жүйесінінің  тиімділігі  жан-
жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігі шет елдердің тәжірибелерін 

189 
 
зерттей  келе,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесіне  енгізуді 
басшылыққа  алуда.  Бұл  жүйенің  басымдығы  оқытудың  өндіріспен  тығыз 
байланысын  орнату.  Зерделей  келе  бүгінгі  таңда  елімізде  осы  жүйені 
қолданысқа  енгізу  қолға  алынуда.  Мұнан  «Мәңгілік  ел»  идеясын 
жалғастыратын, елінің дамуына үлесін қосатын білікті де білімді, құзіретті, өз 
ісінің шеберін қалыптастыру күтілуде. 
Құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  кәсіби  маманның  - 
қазіргі  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың, 
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, 
білімнің  жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды 
қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылады. 
Өңір  экономикасы  қарқынды  дамып  келе  жатқан  кезде  кәсіптік  білім 
беруді дамыту  үшін бірінші кезектегі міндеттерді шешу маңызды. 
Ол бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. 
Бірінші  –  лицейлер  мен  колледждердің  материалдық-техникалық  базасын 
жаңғырту.   Осыған  орай  бүгінгі  таңда  жастардың  техникалық  және  кәсіптік 
білім алуға бетбұрысы жаман емес. 
Екінші  бағыт  –  кәсіптік  оқытудың  дуалды  жүйесін  енгізу  арқылы 
әлеуметтік  әріптестікті  дамыту.  Мұның  нәтижесінде  болашақта  өз 
қызметкерлері  арасынан  сауатты,  білімді  жас  мамандарды  көргісі  келетін 
кәсіпорындар  оларға  сапалы  білім  алуға  көмек  қолын  соза  бастады.  Жалпы 
алғанда,  кадр  даярлаудың  практика,  тағылымдама,  шәкіртақы,  еңбекке 
орналастыру сынды дәстүрлі кезеңдері өз нәтижесін беруде.  
Үшінші  бағыт  –  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау  үшін  инновациялық 
технологияларды қолдану. 
Бүгінгі  таңда  мемлекетіміздің  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру 
міндеттері  функционалдық  сауаттылықты   дамытуға  негізделетіні  белгілі.  Ол, 
біріншіден,  интеллектуалдық  еңбектің  мәртебесін  көтеріп,  жастардың 
білімділікке,  парасаттылыққа,  Отан  мен  халыққа  қызмет  етуге   деген  қарым-
қатынасын өзгертуді; екіншіден – ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін 
халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті 
мол  тұлға  қалыптастыруды;  үшіншіден  –  білім,  ғылым  және  инновациядағы 
серпілісті қамтамасыз ету міндеттерін іске асыруы тиіс. 
    Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесіндегі  модернизациялау 
үдерісі  -  білім  мазмұны  мен  сапасын  арттыру,  білім  берудің  ұлттық  моделін 
жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас 
қалыптастыру  секілді  кешенді  шараларға  тікелей  қатысты.  Әлем  тәжірибесі 
көрсеткендей,  кез-келген  мемлекеттің  экономикалық  жетістігі  сол  елдің  білім 
жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы 
ғана  қоғамның  интеллектуалдық  капиталы  мен  инновациялық  әлеуеті 
қалыптасады,  елдің  стратегиялық  жоспарлары  білімді  де  білікті  тұлғалармен 
жүзеге асады. 
 «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы бүгінгі таңда, педагогикалық 
кадрлардың  біліктілігін  арттыру  жүйесіндегі  негізгі  ұйым  болып  табылады. 
Облыстық  филиал    педагогтардың  сапалық  құрамын  арттыруға  және  кәсіптік 

190 
 
шеберлігін жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарады. Институт өз жұмысында 
мына  принциптерді  басшылыққа  алады:    қоғамға  бағытталуы;  ғылымилық  және 
инновациялық,  жаңа  технологиялар,  ғылыми  білім  мен  ақпаратты  қолдану; 
педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету; білім сапасын мен 
бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  бағытталған  қызметтің  жаңа  түрлерін  меңгеру; 
ақпараттың  ашықтығы  және  қол  жетімдігі;    әрбір  адамның  жеке  жауапкершілігі;  
барлық  құқықтық  нормаларды  сақтау  және  педагогтардың  біліктілігін  арттыруда 
көшбасшылық  пен  жаңашылдықты  ендіру.  Осы  бағыттағы  білім  мен  біліктілігі 
үйлескен  педагогтар  ғана  ел  ертеңі  үшін  еңбек  етер  жастарды  қалыптастырады, 
заманауи білім мен ұлттық тәрбиені ұштастыра біледі. 
Абылайдың  арманы  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастауымен 
Қазақстан егемендік алғаннан бері соңғы 25 жыл уақыттың ішінде орындалып 
келе жатқанының куәсіміз. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, 
күндіз  отырмай,  қара  терін  төгіп,  қызыл  қанын  ағызып»  «Мәңгілік  Елдің» 
іргесін  қалап  кетсе,  дәл  осыны  жаңа  дәуірде  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  ХХІ 
ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта 
жалғастырып отырғанын атап өтсек артық кетпейміз [3]. 
Елбасының  келешек  ұрпағымыздың  өсіп-өнуі  үшін  жасап  жатқан 
парасатты  қадамдары  өте  мол.  Еліміздің  балабақша,  мектеп,  колледж,  жоғары 
оқу орындарына арналған стратегиялық білім беру бағдарламалары жастардың 
білім  мен  ғылым  жолында  жан-жақты  дамуларына,  жаңа  өзгерістерге  төтеп 
бере  алатын,  заманауи  техниканы  меңгерген,  өз  ісінің  шеберлері  ретінде 
қалыптасуларына  мүмкіндіктер  беріп  жатыр. Сондықтан  да  қазіргі  таңдағы 
білім алудағы басты мақсат: жастардың өз елінің нағыз патриоты бола отырып, 
өз  елінің  дамып,  әлемдік  аренада  өз  орнын  айқындайтындай  мемлекетке 
айналуына  септігін  тигізетін,  жаңа  технологияны  меңгерген,  қоғамға  адал 
қызмет ететін, өмірге бейім, жаңашыл тұлға болып қалыптастыру. Осыған орай, 
Тәуелсіздігіміздің  тұтастығын  сақтау,  еліміздің  бірлігін  нығайту,  ұлттың  ұлы 
мақсаттарын  жүзеге  асыруға  үлес  қосу  елдің  әр  перзентінің,  бүгінгі 
жастарымыздың міндеті. 
Ойымды  қорыта  келе,  ел  ертеңі  үшін,  өткен  ата-бабалар  мен  болашақ 
ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға 
айналған  «Мәңгілік  ел»  болу  идеясын  жүзеге  асыру  жолында  күш-жігерімізді 
жұмсай берейік!-дегім келеді.  
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Н.Ә.Назарбаевтың«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, 
бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «Егемен Қазақстан» газеті, 
2014, 17 қаңтар  ж. 
2.
 
Бурбаев Т. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы философиялық талдауды 
қажет етеді» http://www.inform.kz/, 11.02.2015 
3.
 
С.Сыздықов «Мәңгілік ел» және Елбасы», «Егеменді Қазақстан» 19 
қаңтар, 2014. 

191 
 
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы оқушының зерттеушілік 
жұмысының маңызы 
Маханбетова Ағима Әбілқызы,  
«Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны 
әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, 
 педагогика ғылымдарының кандидаты
Есжанова Ләззат Жубаханқызы, 
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №13 орта мектеп 
                       директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
Мәңгілік  ел  идеясының  негізі  жалпыадамзаттық  құндылықтар  гуманизм, 
патриотизм,  төзімділік,  адамгершілік,  ұлтаралық  сыйластық  пен  ашықтық 
ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен 
этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады. Сондықтан да ұлттық 
парыз,  ұлттық  сезім,  ұлттық  сана,  ұлттық  рух  және  ұлт  мақтанышы,  ұлт 
намысы құндылықтар ұлттық идеяның негізгі көрінісі болып табылады.      Сол 
себепті  өткен  тарихқа,  салт-дәстүрге  көз  жүгірте  отырып,  төлтума  ұлттық 
ерекшеліктегі 
әлеуметтік 
тәжірибені 
нығайтуға 
күш 
салынуда. 
Егемендіктің,тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіну үшін еліміздің төл тарихын 
тереңінен  танып,  зерттеп,  зерделеп,  осы  ұлы  жолдағы  ерлік  дәстүрімізді 
ұлықтап, насихаттай білуіміз қажет. Тәуелсіздік бұл - баға жетпес байлық, қол 
жеткізген асыл арманымыз, болашаққа бастар мәңгілік мұратымыз.  
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  бастауымен  тәуелсіздік  алғаннан  бергі 
уақытта,    осы  ұлы  құндылығымызды  тұғырлы  ету  жолында  үлкен  жұмыстар 
атқарылуда.                «Мәңгілік  Ел»,  «Ұлы  Дала  елі»    жалпыұлттық  идеялары 
осының    басты  айғағы.  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  түп  қазығы  -  Қазақстандық 
патриотизм.  Сондықтан  мектептегі  тәрбие  үрдісінде  жүйелі  оқушыларды 
ғылыми жобаға қатыстыруды ұйымдастыру маңызды.  
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары 
мен  әдістері  арқылы  жүзеге  асырылады.  Солардың  ішіндегі  ең  тиімдісі 
зерттеуге  үйрету  және  мектептегі  оқушылардың  ғылыми  қоғамын  тәрбие 
үрдісінде  ұйымдастыруды  жолға  қою.  Жеке  тұлғаны  дамытып  қалыптастыру 
үшін олардың өзгермелі әрекеттерін қоршаған ортамен, өлкетану бағытындағы 
ізденіс  әрекеттерімен    байланыстырудың  маңызы  зор.  Әрбір  зерттеуші 
тақырыпты  таңдағанда  «Мені  не  қызықтырады?»-деген  сұраққа  жауап  беруді 
ойлау  керек.  Ал,  жетекші  оқушыға  жоба  жаза  алатынын  және  жақсы 
идеялардың  барлығы  да  жазу  кезінде  пайда  болатынын  түсіндіріп,  оқушының 
жазуға  деген  қызығушылығын  арттырса,  сонда  бала  зерттеу  жұмысын  жазуға 
талпынады.  Зерттеу  жұмысымен  айналысу,  шығармашылық  жоба  жазу 
оқушының  аналитикалық  ойлау  қабілетін  дамытады,  шешім  қабылдай  алу 
қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен 
техниканың  жетістігіне  сәйкес  армандарына  жетуге,  өз  жолдарын  дәл  табуға 
көмектеседі.  Оқушыны  ғылыми-зерттеу  жұмысына  қатыстыру  үшін  алдымен, 
оны  қызықтыра  отырып,  зерттеу  талабын  қалыптастыру  керек.  Яғни,  оқушы 

192 
 
ақпаратты  ала  білуге,  оны  басқаларға  хабарлай  білуге  талпынуы  тиіс.  Ең 
алдымен  оқушыны  өздігінен  шешім  қабылдауға,  ақпараттар  алуға,  оны 
басқаларға  жеткізе  білуге  үйрету  қажет.Қазіргі  білім  мен  тәрбиенің  негізгі 
бағыты жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның «мен» менталитетін 
қалыптастыру,  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  дамыту  мәселесінің  айналасында  болып 
отыр. Расында да, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, 
өз  белсенділіктерін  туғызу,  өзін-өзі  тәрбиелеу  іс-әрекеттерін  ықпал  ету-
ұстаздар алдындағы жауапты міндет. 
 Оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін  қалыптастыру  –  оларды 
ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы. Оқушылардың ғылыми қоғамы 
мұғалімдермен  бірлесе  отырып,  балалардың  ынтасы,  қабілеттерін  ескеріп,  өз 
қалауларына  жол  ашып,  іздену,  зерттеу  тақырыптарын  алуды  ұйымдастыру, 
ғалымдармен  тікелей  байланыса  отырып,  ұйымдастыру  жұмыстарын  жүргізуі 
керек.  Оқушылардың  бойында  дарындылық  қасиеттерін,  ізденімпаздығын 
қалыптастыруда  сыныптан  тыс,  жеке,  ұжымдық  жұмыстар  ұйымдастыруда 
шығармашылық  ой,  пәндік  апталықтар  мен  үйірмелер,  факультативтік 
сабақтардың  маңызы  зор.  Барлық  жұмыстарда  оқушылардың  қалауы,  таңдауы 
мен  ұсыныстарын  ескеру  қажет.  Мектептегі  тәрбиелік  сайыстар,  түрлі 
шығармашылық  кештер  оқушылардың  ізденіс  қабілетін  ұштап,  оң  нәтижеге 
жетуге ықпал етеді. 
Жобамен жұмыс істегенде, оқушылар ақпарат жинайды, әр түрлі ғылыми, 
бұқаралық  жазбаларды  қолданады.  Жобаны  орындауда  оқушыларға 
төмендегідей  талаптар  қойылады:  өз  ынтасымен,  ықласымен,  өз  бетімен, 
шығармашылықпен мәселені шешу.Жоба жасауда мұғалімнің де, оқушының да 
өз  қызметі  болады.  Қызметтер  өз  деңгейінде,  толыққанды  ,  етене 
байланыста   жүргізілмесе,  жоба   өз  нәтижесіне   бермейді,  табысты 
қорғалмайды. Ғылыми - зерттеу жұмысымен  айналысатын дарынды оқушымен 
жұмыс  жүргізу  үшін  тақырыпты  талдауға  ақыл-кеңестер  беріп,  ғылыми  – 
зерттеу  орындарымен  таныстырып,  пайдаланатын  әдебиеттерді  іздестіру 
жолдарын  көрсету  керек.  Сонан  соң  тақырыппен  жұмыс  жүргізу  жолдары, 
архив  материалдарын  пайдалану,  баспасөзбен  жұмыс  істеу,  деректерді 
нақтылау  әрекеттеріне  бағдар  беру  арқылы  жұмыстың  барысын  қадағалап 
отыру  қажет.  Ғылыми  жұмыс  жазу  барысында  оқушының  бойында  ізденіс 
әрекеті,  туындаған  немесе  талқыланатын  мәселені  шеше  білу  дағдысы 
қалыптасады.  Оқушының  дарындылығын  әлеуметтік  қажеттігіне  сай  ғылыми 
негізіңде  дамытудың  шарттарын  анықтап,  оны  қанағаттандыруды  әр  кезеңде 
жүргізу  керек,  себебі,  ғылыми  –зерттеу  жұмысының  екінші,  үшінші  кезеңдері 
осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне 
байланысты. 
Ғылыми-зерттеу 
жұмысымен 
айналысатын 
оқушыны 
қалыптастыру  жолындағы  басты  мақсат  қоғамдық  өмірге  бейімделген 
интеллектуалды  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.    Ғылыми-
зерттеу  жұмыстары  оқушының  интеллектуалдық  дамуының  өсу  деңгейін 
арттырады.  Ғылыми  сипаттама  беруді  үйренеді.  Ғалымдардың  тәжірибесіне 
негізделген  материалдарды  іздестіріп,  танымдық  белсенділігін  арттырады.  
Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді. Ғылыми жұмыстардың 

193 
 
теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік 
көрсетіп,  ғылыми  нәтижесін  алады.  Еліміздің  ғылыми  дәрежесін  жоғары 
деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады. 
«Өрлеу»    БАҰО  АҚ  филиалы  ББЖ  ҚБАРИ  жоспарына  сәйкес  2016 
жылдың  13-24  маусым  аралығында  Қызылорда  қаласында  мектеп 
директорларының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарларына арналған «Білім беру 
мазмұнын жаңарту жағдайында  отаншылдық және көшбасшылық қасиеттерді  
қалыптастыру  тұлғаны  тәрбиелеу  мен  әлеуметтендірудің  негізі  ретінде» 
тақырыбында  біліктілікті  арттыру  курсы  өткізілді.  Курс  аясында  облыстық 
дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып,  қаралған  мәселелердің    бірі  тәрбие 
үдерісінде  оқушылардың  ғылыми  әлеуетін  арттыру  бағытында  курс 
тыңдаушысы  Қызылорда  облысы,  Арал  ауданы,  №13  орта  мектеп 
директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Есжанова  Ләззат 
Жубаханқызының  өз  жетекшілігіндегі  оқушымен  ғылыми  жобалық  жұмысты 
жүргізу тәжірибесімен бөлісті. 
Қызылорда  облысы,  Арал  ауданы,  Қарақұм  ауылы  №59  орта  мектептің 
оқушысы Әсем Сұлтанаеваның ғылыми жобалық зерттеу жұмысының өзектілігі 
-  тәуелсіздіктің  басты  қозғаушы  күші  болған  көшбасшылық  пен  патриотизмді 
мәңгілікке  жалғайтын  «Мәңгілік  Ел»-  ұлттық  идеясын  өзіндік  тұжырымымен  
айқындай  білгені.  Ол  ғылыми  ізденістегі  алғашқы  қадамдарын:  «Мені  не 
қызықтырады?», «Неден бастаймын?», «Кімнен, неден, қандай ақпарат керек?», 
«Мен  елімнің  патриоты  болу  үшін  қандай  үлес  қосамын?»  деген  сауалдарға 
жауап  іздеуден    бастаған.    Бұл  таным  тәсілін  қолдануы  бәрінен  бұрын 
оқушының  ақыл-ойын  жетілдіру  арқылы  көшбасшылық  қабілетінің  арттыра 
түсуіне ықпал етті. 
Көшбасшылық  пен  патриоттық  тәрбие  берудегі  зерттеушілік  жұмысты 
орындау барысында жасалған қорытындыда мыналар белгіленген: 
 - Оқушының тақырыпты таңдауына мән беріліп, үлкен қолдау жасалды;  
-  жобаны  жүзеге  асыруда  мектептегі  бірлестіктер,  кітапханамен  жұмыс, 
жетістікке  жеткен  зерттеуші  оқушылармен  кеңесу,  жеке  тұлғалармен 
әңгімелесу,  аудан,  облыстық  тарихи  орындарға  саяхат,  аудандық  ішкі  саясат 
бөлімі, мен ЖОО-мен байланыс жүзеге асырылған; 
 -  Оқушы  ғылыми  зерттеу  жұмысының  кіріспе  бөлімінде  егемендік  пен 
тәуелсіздіктің  ең  жоғары  құндылық  екендігін  баяндай  отырып,  зерттеушілік 
жұмыстың мақсат, міндетін, өзектілігін дұрыс көрсете білген; 
-  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың    жалпыұлттық  «Мәңгілік  Ел»  идеясын 
жариялауға  негіз  болған,  қазақ  халқының  арғы  тектері  болып  табылатын  сақ, 
ғұн,  түркі  халықтарының  тәуелсіздік  жолындағы  күресін,  патриотизмін, 
көшбасшылығын ерекше сипаттай білген;  
- Оқушының өз жұмысында пайдаланған тарихи деректері, тәуелсіздікті ту 
еткен бабаларымыздың өмірінен зор тағлым береді;  
- Жұмыстың танымдық-тәрбиелік маңызы жоғары. 
 Жұмыстың  маңызды  жағы  оқушының  берген  ұсыныстарынан  айқын 
көрінеді:  
-
 
Қазақтардың арғы тегі сақ, ғұн, түркілер тарихынан  

194 
 
фильмдер түсірілсе;  
-
 
Қазақ тұлғалары тарихынан телесериалдар түсірілсе;  
-
 
Патриоттық  бағыттағы  балаларға,  жастарға  арналған  әдеби                                                                                                                                                     
шығармалар көптеп  шығарылса;  
-
 
Тәуелсіздік  жолында  ерен  еңбек  сіңірген  тұлғалар  тарихы  мектеп  
бағдарламасына жеке пән ретінде енгізілсе;  
-
 
Елбасының  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  насихаттауға  байланысты 
мектеп оқушылары арасында республикалық жыр мүшәйрасы өткізілсе.  
Өзінің  мүшайраға  қосар  үлесін  Елбасына  арнаған  жыр  жолдарымен  де 
көрсетіпті: 
          Мәңгілік Елдің Жаршысы  
Қазақтың нұры, албырт өскен жасынан,  
Қиындық та бар өткізген талай басынан.  
Ғайыптан келіп, нұр бердің қазақ көгіне,  
Бұлқынған жүрек кеудеге сыймай тасыған.  
Өзгеріс келіп қазақтың байтақ жеріне,  
Өмірге жаңа күннен сәуле себіле.  
Халқым да мықты шегінбеді ешқашан,  
Қарсы тұрды желтоқсанның желіне.  
Тәуелсіздік аңсаған арман ғасырдан,  
Қол жеткіздік, қуанышты жасырман.  
Ақталып шықты құрбан болған боздақтар,  
Көтерілді еңсеміз де басылған.  
Абыройын аспандатқан елімнің,  
Сырын білген дархан дала жерімнің.  
Ел қондырып Сарыарқаның төсіне,  
Ақтадыңыз ақ үмітін сенімнің.  
Қасиетті ұлытаудың бөктерінен,  
Сыр шертіп еліміздің өткенінен.  
Мәңгілік елімізді ұлықтадың,  
Өшпестей ғып тарихтың беттерінен.  
Жақсылық құйсын еліме менің жырадан,  
Жарқын өмір жетелеп келер нұр алдан.  
Тәуелсіздік тұғырынан таймасын, 
Мәңгілік елмен ,мәңгі жаса- Нұр ағам!  
  Әсемнің ақындық қабілетін шыңдауына жол ашқан жобалық зерттеушілік 
жұмысын  мысал  ете  отырып,  болашақ  -  бүгінгі  мектеп  қабырғасында  білім 
алушы  оқушыларымыздың  қолында.  Бүгінгі  жас  ұрпақтың  алдында  әлемдік 
стандартқа негізделген білім алу жауапкершілігі тұр. Ал ұстаздар қауымы оқу-
тәрбие  процесінде  білім   мен  тәрбиені  қатар  меңгеруге  лайықты  болуға  тиіс. 
Оқушының  тұлғалық  бейнесін  қалыптастыруда  түрлі  өмірлік  жағдаяттарда  өз 
бетімен шешім қабылдау және әрекет жасау, өз тұжырымдарын дәйектеу және 
айналадағыларымен  өзара  қарым-қатынас  орнату,орын  алып  отырған 
әлеуметтік  жағдайларға  дұрыс  баға  беру  мақсатында  әсіресе  бастауыш  сынып 
оқушылары арасында ғылыми жоба қорғау жарысы тұрақты ұйымдастырылып 

195 
 
отырған  жөн.  Бүгінгі  жас  ғалымдар  болашақта  мемлекеттің  ғылымын  ілгері 
апарып,  дамытатын  ғалымдарға  айналмасына  кім  кепіл?  Қарыштап  дамыған 
мемлекеттердің  қатарында  заманауи  жаңалықтарының  жаршысы  болып,  білім 
мен ғылымға тың жаңалық қосатын бүгінгі күннің шәкірттері. 
         
Абай:  «Білгені,  көргені  көп  адам  білімді  болады»-  деген  екен. 
Оқушыларды  мектеп  жасынан  бастап  білім  мен  ғылымға  баулысақ,  еліміздің 
келешегі кемел болары сөзсіз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет