Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы


Қазақ тілінің келешегін ойлап, қам жеген



бет18/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Қазақ тілінің келешегін ойлап, қам жеген

Бауыржан Момышұлын ерекшелеп тұратын қасиеті – оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, жаудан елін қорғағандай ұлттық мүддені де шалағайлықтан, тілімізді шұбарланудан қорғауы. Мысалы, 1943 жылы ажалмен арпалысып жүргеніне қарамастан, ол Қазақстан басшыларына майданнан хат жазып, онда қазақ тілінің мүшкіл жағдайын баяндап, ана тілінің төрге шығару үшін қандай шаралар қолдану керектігі жайында нақты ұсыныстар жасайды. Сөйтіп, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, М.Қаратаев тәрізді басқа да тіл мен әдебиет білгірлері, академиктер мен профессорлар қозғамаған мәселені қарапайым жауынгер Бауыржан Момышұлы қозғайды. Ал мұның себебі, өзінің айтатынындай, оның маңдайына тек қана «шындықты айту жазылған».Екінші жағынан алғанда, Бауыржан – қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі.

Бауыржан Момышұлының сол кездегі жаны ауырып айтып кеткен тіл шұбарлығы, өз тілін менсінбеушілік, ана тілінің қадірін білмеушілік мәселелері – дәл қазіргі уақытта да уытты мәселелердің бірі болып тұр. Арада 70 жылдай уақыт өтсе де, оның айтқан қазақыландыру мәселесі бүгінгі күнде енді жүзеге асуда.

Бауыржан Момышұлы көтерген тіл туралы мәселелерді талдап, сол ойларының осы күнде қаншалықты орындалып жатқандығын талқылау. Бұдан батырдың көрегендігін тануға бола ма? Көреген болу үшін тек білімділік жеткілікті ме, әлде өз халқыңды шын сүю де қажет пе? Ой талқы ұйымдастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет