Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата03.03.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

 
3-сурет. Цилиндрлік проекция 
 
18.2 Конустық проекция 
Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар 
үшін  өте  қолайлы,  бұрмалану  аз  байқалады.  Сондықтан  Ресей, 
Қазақстан  және  ТМД  елдерінің  карталары  көбінесе  осы  проекциялар 
негізінде жасалады. 
Табанының  және  төбесінің  проекциялары  берілген  көлбеу 
конустың  проекцияларын  салайық.  Фронталь  проекцияда  конустың 
кенеп сызығының проекциясы салынады. Горизоталь проекцияда SA, 
SB  жасаушыларының  проекциялары  арқылы  кескіндесек,  онда 
конустың  сызбадағы  көрнекілігі  нашарлайды.  Сондықтан  конусты 
қаусыра  орап  өтетін  горизонталь  проекциялаушы  беттің  проекция 
жазықтығымен  қиылысу  сызығы,яғни  горизонталь  әлпет  салынады. 

 
86 
Конустың  бүйір  бетінің  горизонталь  әлпеті  шеңбердің  бөлігі  мен  S 
нүктесі арқылы өтетін бөлігі үзік сызығымен кескінделеді 
 
4-сурет. Конустық проекциялар 
 

 
Птоломейдің  қалыпты  тең  аралық  конустық  проекциясы. 
Қалыпты  жанама  конуста  салынады.  Картографиялық  тор  құру, 
шарты  бойынша  барлық  меридиандар  мен  паралельдер  бойымен  бас 
масштаб  сақталуы  керек.  Бұл  тордың  барлық  паралельдері  шеңбер 
доғалары  болып  саналады.Осы  проекцияны  алғаш  рет  грек  ғалымы 
Птоломей  қолданды.  Ондағы  конуспен  жанасу  паралельдерімен 
оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  15  градусқа  дейнгі  паралельдермен 
шектелген  карта  жолағында  бұрмаланушылықтар  көп  емес. 
Сондықтан олар батыстан шығысқа карай созылып жатқан елдер үшін 
қолайлы. 

 
Красовскийдің  қалыпты  конустық  проекциясы.  Красовский 
проекциясындағы картографиялық тор қиып өтетін конуста салынады. 
Оны есептеу кезінде ондағы бейнеленген КСРО территориясының көп 
бөлігінде  нақтырақ  алсақ  40  градус  және  73  градус  солтүстік  ендік 
паралельдер  арасында  аудан  бұрмаланушылықтары  мүлдем  болмай, 
шеткі  паралельдерінде  ұзындық  масштабтары  тең  болу  керек.  Тор 
қалыпты  конустық  проекцияларға  тән  формаға  енген.  Нольдік 
бұрмалану  сызығы  50  градус  және  68  градус  ендік  паралельдер 
бойында  орналасқан.  Оларды  конус  және  глобустық  қиып  өтетін 
паралельдер  деп  есепеуге  болады.  Ондағы  меридиан  бойындағы 
аралықтартең және олардың масштабыбас масштабқа жақын.   
 Жалған  конустық  проекциялар  –  параллельдері  концентрлік 
шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен, қалған меридиандары 
қисық сызықпен бейнеленетін проекциялар.  
Жартылай  конустық  проекциялар  –  параллельдері  орта 
меридианды  кескіндейтін  түзу  сызық  бойындағы  шеңберлермен 
бейнеленетін проекциялар. 
 
 

 
87 
 
5-сурет. Конустық проекциядағы бұрмаланушылық 
 
18.3 Азимуттық проекциялар 
Азимуттық  проекцияда  параллельдер  тұйық  шеңбер  жасап,  ал 
меридиандар  бір  нүктеден  жан-жаққа  бойлық  бұрыштарының 
көрсеткішіне  сәйкес  бөлінген  түзу  сызықтар  түрінде  таралады. 
Азимуттық  проекциялар  жекелеген  материктер  мен  полюстік 
аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады. 
Параллельдері 
концентрлік 
шеңберлер, 
меридиандары 
параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция 
Оларда  меридиандардың  арасындағы  бұрыш  тиісті  бойлықтардың 
айырымына  тең  болады.  Азимуттық  проекциялардың  жеке  түріне 
перспективтік  проекциялар  жатады.  Жалған  цилиндрлік  проекциялар 
–  параллельдері  параллель  түзу  сызықтармен,  орта  меридианы  осы 
сызыққа  перпендикуль  түзумен,  қалған  меридиандары  қисық 
сызықтармен кескінделетін проекциялар. 
Перспективті  азимутальды  проекциялардағы  бұрмаланудық 
таралуымен  картографиялық  тордың  сыртқы  бейнесі  жобалау 
орталығымен  байланысты,  яғни  жобалаушы  сәулелер  шығаратын 
кеңістік  түріне  байланысты.  Шар  бетіне  жанама  жазықтыққа 
жобалаушы орталықтың орналасуына байланысты проекциялар: 

 
орталық; 

 
стериографиялық; 

 
ортографиялық болып келеді. 
Орталық картографиялық проекциялар бұл ежелгі проекциялардың 
бірі.  Оны  б.з.д.  ІҮғ.  Жұлдызды  аспан  картасы  үшін  грек  философы 
Фалес  қолданған.  Стериографиялық  проекцияны  б.з.д.  ІІ  ғ.  Ежелгі 
грек ғалымы Гиппарх жасаған.  
Ортографиялық  проекцияны  б.з.д.  ІІ  ғ.  Грек  ғалымы  Аппалони 
жасаған.  Бұл  проекция  қазіргі  кезде  де  күн  жүйесі  планеталарды 
бейнелеу үшін қолданылады.  

 
88 
6-сурет. Азимуттық проекциялар 
 
 
 
Перспективсіз  азимутальді  проекциялары  жиі  қолданылатын 
проекциялар:  Постельдің  азимуттальді  тең  аралық  проекциясы  және 
Ламберттің  тең  көлемді  азимутальды  проекциясы.  Постельдің 
проекциясы  бұл  проекциялардың  қалыпты  торы  карта  орталығында 
полис  бейнесіне  ие.  Оның  меридиандары  тура  полистегі  нүктелерін 
бірдей бұрышпен тарайды. Тор бас масштабы барлық радиустарында 
сақталады  деп  құрылады.  Постельдің  проекцияларында  аудан  мен 
бұрыш  бұрмаланады.  Жалпы  Постельдің  азимутальды  проекциясы 
еркін карта орталығынан радиустары аралығынан тең болы келеді. 
Гаусс – Крюгер проекциясы 
Тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік Картографиялық проекция – 
топографиялық  карталар  жасауға  және  триангуляция  деректерін 
өңдеуге  пайдаланылады.  Конустық  проекциялар  –  параллельдері 
концентрлік  шеңберлермен,  меридиандары  ортогональдік  түзу 
сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл проекцияларда бұрмалану 
бойлыққа  байланысты  болмайды,  сондықтан  параллельдер  бойымен 
орналасқан  аудандарды  бейнелеуге  қолайлы  келеді,  сондай-ақ, 
геодезиялық проекция ретінде де қолданылады. 
Бақылау сұрақтары: 
Картографиялық  проекция  дегеніміз  не?  Оның  тарихын 
сипаттаңыз. 
Проекциялардың жіктелуі неге абйланысты жүреді? 
Цилиндрлік  прекция  дегеніміз  не?  Ол  қалай  құрылады?  Оның 
қандай түрлері картографияда кеңінен қолданылады? 
Конустык проекция дегеніміз не және ол қалай бөлінеді? 
Азимуттық проекция жайлы айтыңыз. 

 
89 
19. Картографиялық генерализация (іріктеу) 
Генерализациялау  -  жалпылау,  жалқыдан  жалпыға  логикалық 
өтуі, жалқы құбылыстарды жалпы ұстанымдарға бағындыру.  
Генерализация  деген  сөздің  аталу  тегі  (лат.  genralis  -  жалпы, 
жалпылау).  Іріктелу  (генерализовать)  геобейнелеу  іс-әрекетінің 
ажыратылмайтын  қасиеттерінің  бірегейі,  оның  алуан  түрлері  бар: 
картографиялық,  дистанциондық,  динамикалық,  автоматтық  т.б. 
Түрлері  мен  бейімделулерінің  әр  қилылығына  қарамастан,  іріктеудің 
басты мағынасы – геобейнелеудің масштабы мен атқаратын міндетіне 
орай  объектілер  мен  құбылыстардың  кейіп-кескіндері,  сипатты 
ерекшеліктері және өзара байланыстылықтары өзгермей қала береді. 
Картографиялық  генерализация  (іріктеу)  –  бұл  картаның 
масштабына,  атқаратын  міндетіне,  мазмұнына,  картографияланатын 
жер  танабының  ерекшеліктеріне  сай  бейнеленетін  объектілер  мен 
құбылыстардың  басыңқы  да  кейіпті  кескіндерін  сұрыптау,  жалпылау 
және бөлектеу. 
Картографиялық генерализация – картада бейнеленген объектілердің 
масштабына  және  қолдануына,  картаның  мазмұнына  және 
картографияланатын  аумақтың  ерекшеліктеріне  сәйкес  жалпылануы 
мен жинақталуы. 
Генерализация  –  барлық  картографиялық  көріністердің  негізгі 
қасиеттерінің  бірі.  Ол  объектіліердің  сандық  және  сапалық 
қасиеттерін жалпылау мен қоймай, кеңістікте негізгі қасиеттерін жеке 
және  жалпылай көрсетумен көрінеді.  Картографиялық  генерализациялау 
процессі  автоматтандырылуға  қиын.  Генерализацияның  факторлары 
ол  картаның  масштабы,  объекті  оқып  білуі,  картаны  графикалық 
көркемдеуі  болып  табылады.  Картада  тек  қана  қолдануға  сәйкес 
объектілер  ғана  көрсетіледі.  Басқа  объектілерді  яғни  картаның 
мазмұнына  сәйкес  емес  болса,  онда  оны  қабыл  алу  қиынға  түседі. 
Объектіні  нақты  оқып  білу  кезінде  көрініс  анық  және  түсінікті 
болады,  ал  фактылы  материалдар  аз  болған  уақытта  ол  жалпыларған, 
схемалы түрде болады. 
Іріктеудің  нәтижесінде  ықпал  ететін  басты  фактор  –  ол  карта 
масштабының  өзгеріске  ұшырауы  –  оның  ірі  масштабтылықтан  ұсақ 
масштабытылыққа айналуы. 

 
90 
Мысалы,  бастапқы  1:25000  ірі  масштабты  картадан  1:200000 
және  1:1000000  ұсақмасштабты  карталар  іріктелуі  керек  делік.  Бұл 
үшін алдын ала мынадай талдау іс-әрекеттері қажет: 
 
Көрсеткіштер 
Талдау іс-әрекеттері 
Бастапқы масштаб 
Іріктеу масштабтары 
1. Сандық масштаб 
1:25000 
1:200000 
1:1000000 
2. Атаулық масштаб 
1см-0,25 км 
1 см-2км 
1 см- 
10 км 
3. Жер бетіндегі 1 км 
қашықтыққа сәйкесті 
картадағы кесіндінің 
ұзындығы, см 

0,5 
0,1 
4. Жер бетіндегі 1 км
2
 жер 
танабына сәйкесті картадағы 
ауданның мөлшері, см
2
 
(немесе мм
2

16(1600) 
0,25(25) 
0,01 )1)
 
 
Тұжырым:  іріктеудің  салдары  жер  танабының  картадағы  1600 мм
2
 
тең ауданын 25 мм
2
 және 1 мм
2
 шамаларына дейін кішірейтті. 
Төменде  іріктеуден  туындаған  картографиялық  бейнелерге  тән 
сипаттамалар берілген. 
 
Бастапқы масштаб 
Іріктеу масштабтары 
1:25 000 
1:200000 
1:1 000000 
Елді мекен 
Жеке  және  көлденең  көшелер,  бақтар, 
бау-бақшалар 
барынша 
толық 
келбеттелген 
Әжептәуір 
сұрыпталы
п 
жалпыланғ
ан 
Пунсонмен ғана діттелген 
Өзен 
Енді 300м, сал өткел (алаңы 5*4м
2
, жүк 
көтергіш қабілеті 5 т), диірмен, кемежай 
айқын кескінделген 
Қос 
сызықпен 
дараланған 
Қалыңдығы  0,5  мм  дара 
сызықпен ғана діттелген 
 
Іріктелуге қажетті мынадай жағдайлар еске алынуы керек: 
– картаның  түрі.  Жалпы  географиялық  картада  жер  әлпеті,  жер 
бедері,  гидрографиялық  объектілер,  топырақтар  мен  өсімдіктер 

 
91 
жамылғысы  сияқты  жер  танабының  элементтері  тең  қатынаста 
іріктелуі керек. Тақырыптық картадағы объектілер мен құбылыстардың 
іріктелуі әр қилы, кейбіреулері толық, басқалары ықшамдалған болып 
келеді де, іріктеудің деңгейі картаның тақырыбымен шамаланады; 
– объектілер  мен  құбылыстардың  маңыздылығы.  Құдықтар, 
шөлді  аймақтардағы  бұлақ-су  көздері,  сұреулер,  ну-ормандағы  жеке-
дара құрылыстар, қауіп-қатер көздері іріктеуден тыс қалмау керек; 
– картаның  атқаратын  міндеті.  Ол  бойынша  жер  таңабындағы 
көптеген  объектілер  мен  құбылыстар  көлемдік  сұрыптау  мен 
мөлшереленеді  де,  оларға  тән  сандық  және  сапалық  сипаттар 
жалпылануға ұшырайды. 
Іріктеуге қатысты тағы бір дәйектілік – оның геометриялық мән-
жайы.  Бұнымен  байланысты  алуан  түрлі  тұлғалар  сандық  және 
сапалық  жалпыланудан  өтуі  керек.  Сандық  жалпылауда  объектілер 
мен  құбылыстардың  сипаттары  аралық  (сатылық)  межелеудің 
іріленуімен  бөлектенеді.  Мысалы,  жапырақты,  қылқан  жапырақты, 
аралас  ағашты  орман  тұлғаларының  шартты  белгілерін  бір  белгіге  – 
бірлестірілген орман белгісіне ауыстыру қажет болады. 
Объектілерді  сұраптауда  олардың  ең  қажеттілерін  ғана  қалдырып, 
басқаларын  шығарып  тастаумен  шектеледі.  Іріктеу  барысында  тағы 
бір  есте  болатын  жағдай  –  ол  карта  жасауға  байланысты  берілетін 
редакциялық  нұсқаулардағы  цензді  («өкілдік»  қалыпты)  сақтап  қалу. 
Мысалы,  картадағы  1  дм
2
  ауданға  шағылатын  елді  мекендер  санын 
немесе  карта  бетінде  кескінделетін  өзендердің  қысқалығын  шектеу. 
Сондай-ақ жекелеген объектілерді жинақы таңбамен (пунсонмен) ғана 
беру. 
Түрлі түсті карталар бір түсті карталарға қарағанда көп белгілерді 
көрсетеді.  Басылып  шығарудың  сапасы  мен  түсті  дұрыс  таңдау 
картаны оқуды жеңілдетеді. Бір түсті карталарда әртүрлі сызықтар мен 
объектілердің түрлерін көрсету мүмкіндігі аз.  
Картаның қасиеттері мынадай: 
-
 
масштабтылық. Картографиялық бейнелеулер нақты өлшемдерімен 
салыстыруда белгілі бір пропорцияда кішірейтіліп кескінделеді
-
 
картографиялық бейнелеудің іріктелуі. Карта бетінде ең басты, 
кейіпті деген құбылыстар мен объектілер көрсетіледі: 
-
 
картографиялық  бейнелеудің  өңегелігі.  Сызбалық  кейіптеу 
шартты картографиялық белгілеулер мен құбылыстар картографиялық 
бейнелеудің тәсілдері мен келбеттеледі; 
-
 
математикалық айқындылығы. Картаны жасау картографиялық 
салынды  деп  аталатын  кескіндеудің  математикалық  тәсілімен  жүзеге 
асады.  Мұнда  бейнелеуге  қойылатын  шарттар:  үздіксіздік  пен  бір 

 
92 
мағыналылық  сақталып  қалады,  яғни  Жер  әлемі  бетіндегі  әрбір 
нүктеге (объектіге) сай карта бетінде бір ғана нүкте сәйкестенеді; 
-
 
картографиялық  бейнелеулердің  әр  алуандылығы.  Кеңістікті 
таралған  қай  құбылыс  немесе  объект  болмасын  оны  карта  бетінде 
келбеттеуге  болады.  Тіпті  картаның  көмегімен  өткен  уақытқа  көз 
жіберуге болады. Мысалға тарихи карталарды еске түсіріңіз. 
Мазмұны  бойынша  карталар  жалпыгеографиялық,  тақырыптық 
және  арнайы  деп  аталып  3  топқа  бөлінеді.  Жалпыгеографиялық 
карталарда геометриялық пішінімен тұлғаланған мазмұндық элементтер 
(жер бедері мен келбеті, су объектілері, елді мекендер, жол қатынастары, 
байланыс  желілері  кескінделеді.  Бұларға  тән  сипаттамалардың 
түгенделуі  масштаб  пен  олардың  іріктелу  дәрежесіне  тәуелді  болып 
келеді.  Бұл  карталардың  қолданылуында  ірі,  орта  және  ұсақ 
масштабты карталар тиісінше топографиялық, шолулық-топографиялық, 
шолулық  болып  аталынады.  Бет-бейнелік  карталар  -  жер  тілімінің 
үшөлшемді  көлемдік  сүлбісі.  Олардың  көрнекі  мен  айқынды  болуы 
үшін вертикаль масштаб горизонталь масштабпен салыстыруда 2-5 есе 
(таулы  аймақтарда)  және  5-10  есе  (жазықтарда)  іріленіп  қабылданады. 
Бұл  карталар  оқыту  процестерінде,  кейбір  іс-тәжірибелі  есептерді 
шығаруда  (мысалы,  жолдар  мен  су  қоймаларын  жобалауда)  жиі 
қолданылады.  Құрылымдық  профильдер  -  жер  қыртысының  берілген 
бағыттар бойынша тіке тілігі және онымен қоса тіке бағытта жинақы 
көрсетілетін маңайдағы құбылыстар (мысалы, геологиялық құрылым, 
топырақ, өсімдіктер және т.б.). 
 
1-сурет. Генерализация 
 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
Генерализациялау дегеніміз не? Картографияда генерализациялау 
қандай мақсатта қолданылады? 
Іріктеуге қандай факторлар әсер етеді? 
 

 
93 
20. Географиялық карталардағы жазулар 
Шартты  белгілерден  басқа,  карталарда  көп  санды  жазуларды 
қатысады.  Олар  құрамның  маңызды  элементін  құрастырады, 
бейнеленген  обьектіні  түсіндіреді,  олардың  сапалық  және  сандық 
мінездемесін көрсетеді, анықтамалық мәлімет алу үшін қызмет етеді. 
Жазулар картаны байытады, бірақ оның оқуын бір уақытта төмендете 
алады.  Жазулардың  үйлесімді  сан  құруы  және  олардың  дұрыс 
орналастырылуы картографиялық туынды жасауда маңызды мақсатты 
құрастырады. 
Жазулардың үш тобы бөлінеді: 
Топонимдер – картографиялық обьектінің өзінің меншікті атауы. 
Олар  рельеф  элементтерінің  аттары-  оронимді,  су  обьектілерінің 
аттары-гидронимді, этностардың аттары- этнонимді, жануар әлемінің 
аттары- зоонимді және сол сияқты. 
Терминдер  –  картографиялық  обьектіге  қатысты  ұғым.  Бұл 
жалпыгеографиялық, геологиялық, мұхиттық, әлеуметтік - экономикалық 
және  -  басқа  терминдерді  бола  алады  (мысалы,  «аудан»,  «бұғаз», 
«шығанақ» және басқалары). 
Түсіндірмелі жазудың : 
– сапалық мінездеме
– сандық мінездеме; 
– хронологиялық жазу; 
– қозғалыс белгілеріне түсіндірме; 
– меридиандардың  және  параллельдердің  цифрлеу  және 
картографиялық тор сызықтарына түсіндірме түрлері бар. 
Картографиялық топонимика 
Топонимика (грекше topos- орын және Noma - ат) – географиялық 
атауларды  зерттейтін  ғылым,  олардың  пайда  болуын,  мағынасын, 
дамуын,  қазігі  жағдайын,  оларды  белгілеуді  зерттейді.  Топонимика 
география,  тарих  және  лингвистика  ғылымдармен  байланысты. 
Топонимия – қандай болмасын аумақ атауларының жиынтығы. 
Топонимика  бірнеше түрге бөлінеді: 

 
Ойконимдер – елді мекендердің атаулары (гр. oikos - пәтер-үй, 
мекен). 

 
Астионимдер – қалалардың аттары (гр. asty – қала). 

 
Гидронимдер – өзендердің аттары (гр. hydros - су). 

 
Дримонимдер – ормандардың аттары (гр. δρΰς  ағаш). 

 
Оронимдер – таулардың аттары (гр. oros - тау). 

 
Урбанонимдер – қала ішіндегі нысандардың аттары (Urbanus - 
қалал ық ) 

 
Годонимдер – көшелердің аттары (гр. hodos - жол, көше, арна). 

 
94 

 
Агоронимдер – аудандардың аттары ( гр. agora - аудан). 

 
Дромонимдер  –  хабарлау  жолдарының  аттары  (гр.  dromos  - 
қозғалыс, жол). 

 
Макротопонимдер  –  үлкен  аумақты  елсіз  мекендердегі 
нысандардың аттары (гр. makros - үлкен). 

 
Микротопонимдер  –  кішкене  аумақты  елсіз  мекендердегі 
нысандардың аттары (гр. mikros - аз). 

 
Антропотопонимдер 
– 
адам 
қолынан 
пайда 
болған 
географиялық нысандардың аттары (гр. antropos - адам). 
Картографиялық  топонимика  –  топонимика  мен  картографияның 
құрамдас бөлігі және картадағы географиялық обьектілердің атаулары. 
Сонымен  қатар  оған  елді  –  мекеннің  географиялық  атауы, 
олардың  сараптамасы,  жүйелендіру  және  стандарттау,  нормативтерді 
жасау және олардың картадағы жазылу ережелері кіреді. 
Тапографиялық  жұмысқа  бағыт  беру  ресми  құжаттардың 
анықтамасынан,  ескі  картографиялық  және  әдеби  құжаттардан, 
жергілікті  тұрғындардың  адамдарынан  сұрастыру  арқылы  алынады. 
Бұл  оңай  іс  емес  атаулардың  мұқият  тексеруін  қажет  ететін, 
орфографиялық  қателерді  жою  үшін,  жасырынып  кіргендер  ресми 
құжаттарға, әртүрлі обьектілердің атауларын сараптау, яғни жергілікті 
тұрғындармен  қолданылған,  әсіресе  аз  қоныстанғанаудандарда, 
біреумен себепсіз, жаңа атаулардың кездейсоқ алынуын болдырмау. 
Георгафиялық атаулардың таңдауы мына жағдайларда қажет, бір 
обьектінің  бірнеше  атауы  әр  түрлі  тілде  болуы,  яғни  мемлекеттік 
ресми  сапада  қабылдануы.  Осындай  жағдай  Бельгияда,  көптеген 
атаулар  француз  және  фламандықта  түрлерде  кездеседі,  сонымен 
қатар Швейцарияда , атаулар паралельді неміс , француз және итальян 
тілдерде қолданылады. 
Ресейде  сондай  атаулардың  паралельді  қолдануын  кездестіруге 
болады,  Татария  және  Татарстан  сияқты,  Башкортостан  және 
Башқұртсчтан,  Якутия  және  Саха  республикасы,  Ақ  өзен  және 
Акитиль  және  сол  сияқты.  Үлкен  қиындық  тағы  мына  жағдайларда 
көрінеді,  белгілі  бір  географиялық  обьект  әр  түрлі  мемлекеттерге 
жатады.  Мысалы,  Германиядағы  Дунай  өзені  және  Австрияның 
Донау,  Венгрияда  -  Дуна,  Румынияда  -  Дунэря,  Болгарияда  және 
Югославияда  -  Дунав  деп  аталады.  Даулы  аумақтардың  бірі, 
ағылшынша  Фолкленд  аралдары,  Аргентинада  Мальвин  аралдары 
атын  алып  жүретін  аралдар  картада  саяси  проблемамен  тұрады. 
Жапон  теңізі  кәрістер  карталарда  Шығыс  және  тіпті  Шығыс  -  Кәріс 
деп аталады. 

 
95 
Орыстарың  карталарында  кейде  бір  уақытта  бірдей  атау 
келтіреді, мысалы, аралық шекараларда Германиямен және Польшада, 
-  Одер  және  Нейсе  (неміс),  Одра  және  Ныса  (поляк).  Батыс  Двина 
өзені Латвияда Даугавай деп аталады, испандық өзен Дуэро және Тахо 
Португалияда  Дору  және  Тыжу  атын  алады  -  мұндай  жағдайда 
картада параллельдік гидронимдермен беріледі. 
Көп  қиындықтар  және  түсініксіздіктер  шет  атауларын  беруде 
болады.  Орыстардың  карталарында    американдық  қалалардың  атауы 
Нью-Йорк деп жазу  қалыптасқан,  бірақ  сонымен  қатар  жаңа  Орлеан, 
канадалық  ауылды-  мекендер  орналастырылған  дәстүрмен  және  әр 
түрлі  жазылулармен  беріледі:  Нью-Брансуик  және  Ньюфаундленд, 
бірақ - Жаңа шотландия . 
Арнайы  ұлттық  және  халықаралық  топонимикалық  атауларды 
нормалауда  көп  күш-  жігер  кетеді,  шет  тілдік  атаулардың  берілуінде 
ереже құрылады,әсіресе тілдік жағынан, карталарда жаңа географиялық 
атауларды  жазудың  ережесін  кірістіреді.  Мұндай  жұмыс  әсіресе 
көптеген  өзгертулерде  көкейкесті,  Азия  және  Африка  елдеріндегі 
бодандықтан  құтылу  жолындағы  тәуелсіздік.  Соңғы  жылдары 
атаулардың өзгертулері Кеңестік Одағын жаулап алды. 
Халықаралық  нормалау  топонимодер  үшін  әсіресе  өзекті, 
алғашқы  рет  Антарктидаға  георгафиялық  объектілердің  берілуі, 
дүниежүзілік  мұхитта,  сонымен  қатар  басқа  планеталарда.  Қызықты 
тәжірибе  Халықаралық  астрономиялық  бірлестіктің  жер  бедерінің 
планеталық  деталіне  қатысты.  Мысалы,  Шолпан  үшін-  әйел  атымен 
аталған  жалғыз  планета,тек  әйел  атауына  берілу  ескеріледі.  Кратер- 
әйгілі  әйелдердің  тегі,  үстірттерге  -  Құдайлардың  аттары,  атыздарға 
және каньондарға - мифологиялық кейіпкерлердің атаулары. 
Картографиялық терминдер 
Географиялық  атаулар  бұл  топонимдер  болып  есептелінеді. 
Географиялық  атаулар  карталарды  орналастыру  кезіндегі  нақты 
шараларды қажет етеді. Топонимика бес формада қолданылады: 
1.
 
Жергілікті  арнайы  жерлер  формасы,  яғни  бұл  елдердің 
мемлекеттік тілімен жазылады. 
2.
 
Фонетикалық формасы, яғни мұнда басқа тілде жазылуы. 
3.
 
Салттық формасы, мұнда әрбір елдің тілінде жазылады. 
4.
 
Ауыстыру  формасы  мағынасына  қарай  жазылады  (Отты  жер- 
Огненная земля). 
5.
 
Әріппен  берілу  формасы  немесе  оны  транслитерация  деп 
атайды. Бір әріппен беріле отырып, екінші әріпке көшу. 

 
96 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет