Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


«Сіз қалай ойлайсыз, отбасы басшысы, үйдің отағасы кім болуы керек



жүктеу 2.59 Mb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата22.12.2016
өлшемі2.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

«Сіз қалай ойлайсыз, отбасы басшысы, үйдің отағасы кім болуы керек 
– ер ме, әйел ме, әлде бұл маңызды емес пе?» 
сұрағына жауаптар, %
 
36,7 
7,2 
24,2 
30,6 
1,3 
Еркек – отбасы басшысы, балалары мен 
әйелдерін асырап, маңызды шешімдерді 
қабылдайды 
Отбасының басшысы әйел болған жақсы, ал 
еркектер өздерін толығымен қызметі мен 
мәнсапқа арнаса 
Еркек өзі білетін мәселелерге қатысты шешім 
қабылдап, ал әйелдер  тек үй шаруасымен, бала 
тәрбиесімен айналысу керек 
Отбасындағы қарым-қатынастар тең дәрежеде 
қалыптасу керек және шешімдерді де бірлесе 
отырып қабылдау керек 
Жауап беруге қиналамын 

23 
Отбасы басшысы, үйдің отағасы кім болуы керектігіне қа-
тысты қойылған сұраққа, еркек пен әйелдің көзқарастары әр 
түрлі:  еркектер  отбасында  патриархалды  құрылымды  сақ-
тап  қалуды  қалайды,  46%  әйелдерге  қарағанда,  еркектердің  
56,2%-ы отағасы еркек болу керек десе, 0,9% еркектер мен 2,5% 
әйелдер отбасы басшысы әйел болу керек деп есептейді. 
Бұл  сұраққа  берілген  жауапта  әйелдер  мен  еркектер-
дің  гендерлік таңдауларында айырмашылықтар байқалады: 
еркектер  гендерлік  стереотипке  тап  болып,  отбасының  па-
триархатты  құрылымын  сақтауға  ниет  білдіреді.  «Әйел  мен 
еркек  тең»  деген  эгалитарлық  тұрғыдан  берілген  жауапты   
еркектердің  29%-ы  мен  әйелдердің  32,9%-ы  таңдады.  Салы-
стырмалы  түрде,  қазіргі  таңда  гендер  әйелдердің  мүддесіне 
қарай  іске  асып  жатыр.  Отбасындағы  гендерлік  теңдікті 
алға  тартатын  көбіне  әйелдер  ғана  екенін  ескерсек,  алынған 
көрсеткіштерді  оптимистік  тұрғыдан  сипаттуға  болады:  ер-
кектердің көбі отбасындағы басшы болуға талпынбайды, кей-
бірі тең қарым-қатынасқа да дайын.
Респонденттердің құндылықты таңдауларын этностық тұр-
ғыдан  қарастырсақ,  қазақтардың  56,7%-ы  отбасында  отағасы 
еркек болу керек деп есептейді. Ал, әйелдердің  25,9%-ы еркек 
пен  әйел  маңызды  шешімдерді  ақылдаса,  тең  қабылдау  ке-
рек  дейді.  Бұл  көрсеткіштер  өзге  ұлт  өкілдерінде  –  28,3%-ды, 
орыстарда 41,7%-ды көрсетті және патриархатты құрылымды 
қолдайтын қазақ ұлты да өз отбасыларында гендерлік теңдікті 
орнатқысы келетіндігі анықталды.
Отбасындағы көшбасшылыққа қатысты сұраққа жауап беру 
барысында,  гендерлік новациялар ең жас респонденттерге тән 
(18–29 жас аралығы) екендігі анықталды, олардың 12,7%-ы отба-
сы  мәселесін  шешу  барысында  ата-аналары  мен  балаларының 
да  пікірлерін  ескереді;  осы  топтағы  респонденттердің  34,4%-ы 
күйеуі мен әйелі тең дәрежеде шешім қабылдаулары тиіс дейді.
30  және  одан  да  жоғары  жастағы  респонденттерге  өзге 
бағыт  тән:  олардың  басым  бөлігі  отбасында  еркек  (әкенің) 
басшы болу керек деген көзқараста (әрбір топта 50%-дан). Осы 
топтағы  әрбір үшінші респондент маңызды шешімді күйеуі 
мен әйелі бірге қабылдаулары тиіс деп санайды.
2 Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі

24
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
Бұл сұраққа берілген жауаптар арқылы ғылыми дәрежесі 
барлардың  арасында  ескішілдік  сарыны  байқалады:  олардың 
63,5%-ы  отбасының  басшысы  сөзсіз  еркек  болуы  тиіс  десе,  
21,3%-ы – күйеуі де, әйелі де отбасында тең басқарады дейді. 
Сондай-ақ,  білімі  төмен  респонденттердің  (50%–54,1%)  әрбір 
екіншісі (арнайы орта, аяқталмаған орта білімі бар және білімі 
жоқтар)  әкені  отбасының  басшысы  санайды,  сонымен  қоса 
осы топтың әрбір үшіншісі (30,4%–37,5%) күйеуі мен әйелі де 
отбасында жетекші рөлді атқара алады деп көрсеткен.
Гендерлік  стереотиптер  мен  отбасы  саласында  болып 
жатқан  сан  түрлі  өзгерістерді  сақтауға  бағытталған,  гендер-
лік  сананы  айқындайтын  бұл  сұраққа  материалдық  статусы 
тұрғысынан  берілген  жауаптар  әр  түрлі  болды.  Жағдайы 
төмен отбасылар отбасында еркектің басшы болуын қалайды. 
Тек 0,8%-ы ғана әйелінің басым рөлде болуына келіседі. Күйеуі 
мен  әйелінің  бірлесе  шешім  қабылдауын  респонденттердің  
30,9%-ы  қолдаса,    8,9%-ы  шешім  қабылдауда  балалардың  да 
пікірі  маңызды  екенін  мойындайды.  Ендігі  тұста  ауқатты 
отбасылардың  көзқарасы,  олардың  50%-ы  еркекті  басшы 
санаса, 50%-ы еркек пен әйелдің тең болуы керек дейді. Олар 
әйелдің  басшы  болуы  немесе  отбасы  мәселесін  шешуде  ба-
лалардың пікірін сұрауды мүлдем жоққа шығарады. 
Қалған  категориядағы  респонденттер  өз  көзқарастарын 
нақты білдірген жоқ. Ауқатты отбасылардың берген жауап-
тарының  өзгелерге  қарағанда  айырмашылығы  бар  (100000 
тг-ден 150000 тг-ге дейін табысы барлар). Бұл топтағылардың 
61,5%-ы еркекті басшы санайды, 0%-ы – әйелдерді, гендерлік 
теңдікті  7,7%-ы,  ал  балалардың  пікірін  ескеруді  –30,8%-ы 
қолдайды.  Гендерлік  теңдікті  қолдауда,  ауқатты  отбасылар 
(табысы 150000 тг-ден жоғары) жоғарғы көрсеткішті көрсетті 
–  олардың  тең  жартысы  отбасындағы  гендерлік  теңдікті 
қолдайды.  Бірақ  ауқатты  отбасыларының  балалардың  пікі-
рін  есепке  алмайтындығы  алаңдатады.  Ауқаттылардың  бір-
інші  орында  болуы,  өмірлерінің  жоғары  деңгейімен,  түсін-
діріледі,  әйелдерінің  жұмыс  істемеуі  әрі  үй  шаруасымен 
айналыспауымен  (жалдамалы  қызметшілер,  күтушілер, 
заманауи  тұрмыстық  техникалар)  түсіндіріледі.  Негізді 

25 
табысты  еркектері  табатын  мұндай  отбасыларда  (іскер 
әйелдерді санамағанда), бала тәрбиесі, отбасылық демалыс,  
т.  б.  мәселелерді  шешуде  әйелдердің  бірінші  орында  екені 
мойындалады  –  осы  себептен    бұл  топтағы  респонденттер 
50%-дық көрсеткішті көрсетіп отыр.
2.2 Қоғамның әлеуметтік тұрғыдан өзгеруі аясындағы  
отбасының модификациясы
Нарықтық  ықпалдың  нәтижесінде  «тең  емес»  некелер 
мәселесін  ушықтырған  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық 
дифференциациясы  отбасылық  трансформацияны  түсіну 
үшін маңызды болып келеді. 
7    –  диаграмма
«Отбасылық өмір үшін жарыңызды өз әлеуметтік ортаңыздан таңдау 
маңызды ма? (өмір салты, табыс деңгейі, білім деңгейі)» 
сұрағына жауаптар, %
Сұралғандардың  39,4%  өмірлік  жарды  таңдауда  оның 
әлеуметтік  жағдайы  мен  табыс  деңгейіне  мән  бермейтінін 
және  ең  бастысы  –  өзара  сезімдердің  болуы  деп  ойласа, 
респонденттердің  үштен  бір  бөлігі  (29,4%)  өмірлік  жарды  өз 
ортаңнан  таңдау  керек  деп  ұйғарады,  ал  әрбір  төртінші  са-
уалнамашы  (24,7%)  бұл  ережені  кей  жағдайда  бұзатынын 
мойындайды.  Бұл  мәліметтер  бұрынғы  кеңестік  қоғамға 
2  Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі
 
Жарды өз ортаңнан 
таңдау керек, 
29,4 
Болашақ жарыңды 
өз емес, өзге 
әлеуметтік топтан 
таңдайтын кез де 
болады, 
24,7 
Ерлі-зайптылардың 
әлеуметтік 
жағдайы мен табыс 
деңгейі маңызды 
емес, 
39,4 
 
Жауап беруге 
қиналамын, 
6,5 

26
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
тиесілі  әлеуметтік  бірқалыптылық  пен  некедегі  сезімге  деген 
бағыттылықтың  қоғамдағы  әлеуметтік  тапқа  бөлінушілікті, 
яғни неке серіктерін таңдаудағы кедергілерді ескеретін үдеріс-
ке орын бергенін көрсетеді. 
Қазақстандық  қоғамға  тиесілі  әлеуметтік  тапқа  бөлінуші-
лік  жаңа  құндылықтық  бағдарларды  қалыптастырады.  Ер 
адамдардың  27,8%-ы  мен  әйел  адамдардың  31%-ы  жұбайы-
ның  өз  әлеуметтік  ортасынан  таңдау  керектігін  ұйғарады, 
ал  ер  адамдардың  24,6%-ы  және  әйел  адамдардың  24,7%-ы 
бұл ережені кей жағдайда ғана бұзуға болады деп есептейді. 
Әлеуметтік-экономикалық  кедергілер  неке  таңдауының  ке-
дергілеріне айналады. Кеңестік уақытта реттелмей қалған құ-
рылым  жандана  түсті.  Бұл  орайда  неке  шектеулері  көбінесе 
әйел  адамдарға  тиесілі  болып  келеді.  Осыған  қарағанда 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  әйел  адам  психологиясының 
ерекшеліктері әсер етіп отыр: тек әйел адам жарының мінезі 
мен  қалауына  сәйкес  болып,  үйреніп,  бейімделуіне  мәжбүр 
болып  келеді,  бұл  үрдіс  күйеуі  бір  ортадан  болғанда  сәл 
жеңілірек жүреді. 
Дегенмен, ер адамдар (39,6%) мен әйел адамдардың (39,2%) 
көп  бөлігі  басқа  ұстанымда:  әлеуметтік  жағдай  мен  табыс 
деңгейі  маңызды  болып  келмейді,  ең  бастысы  –  өзара  ұна-
тушылық  сезімнің  болуы  (ер  адамдар  әйел  адамдардан  озық 
келеді)  дейді.  Бұл  жауаптар  заманауи  әлемнің  басқа  үдерісі-
мен  байланысты  болып  келеді:  жаһандану  үрдістерінің  өсуі, 
коммуникативті  ағымдардың  интенсивтілігі,  мәдениаралық 
сұхбатқа ұмтылу. Неке таңдауының шекаралары мен шеңбері 
де  өзгерістерге  ұшырап  жатыр,  адамдар  ажыратып  тұрған 
әлеуметтік  тұңғиықтардан  «секіре  отырып»,  түрлі  әлеуметтік 
топтармен байланыс орнатуда. Дегенмен, бұл тек үдеріс қана. 
Күлшеқыздың  ханшайымға  айналып  кетуінің  таңғажайып 
әңгімелері  әлі  күнге  әдетті  ойдан  шықпай  отыр.  Қазақстанда 
неке  таңдауының  екі  стратегиясы  да  көрініс  табуда,  алай-
да  біріншісі  (әлеуметтік  тапқа  бөлінушілікпен  байланысты) 
басымырақ болып келеді. 
Өмірлік  жарды  өз  әлеуметтік  ортасынан  таңдау  маңызды 
ма деген сұраққа түрлі этнос өкілдерінің жауаптары ұқсас бо-

27 
лып келеді. 39,4 % қазақ, 39,8 % орыс және өзге ұлт өкілдері-
нің  38,3%-ы  өмірлік  жарды  таңдауда  әлеуметтік  жағдай  мен 
табыс  деңгейінің  маңызды  болып  келмейтінін,  ең  бастысы  – 
өзара ұнатушылық сезімнің болуы деп ұйғарады. Бұл орайда 
әлеуметтік  айырмашылықтар  мен  «тең  емес  неке»  түсінігін 
жою  әрекеттері  басым  болған  кеңестік  кезеңнің  мұрасы  өз 
ықпалын тигізіп отыр. Алайда, бұл күйдегі адамдардың ойлары 
өзге үдеріспен бұзылады. Ол өз кезегінде қоғамда әлеуметтік-
экономикалық  тапқа  бөлінушіліктің  жүріп  жатқанына  және 
негізгі  үш  таптың,  яғни  бай,  орта  таптың  және  кедейлердің 
пайда  болуы  қазақстандық  қоғам  үшін  үйреншікті  жағдай 
екеніне негізделеді. Ендігі бізде «өзара тең емес некелер» үшін 
әлеуметтік  орта  қалыптасты.  Сол  себептен  респонденттердің 
көп  бөлігі,  оның  ішінде  қазақтардың  32,7%-ы,  өзге  ұлт  өкіл-
дерінің 27,4%-ы және орыстардың 24,6 %-ы өмірлік жарды өз 
әлеуметтік  ортадан  таңдау  керектігін  мойындай  отырып,  кей 
жағдайларда осы әлеуметтік тосқауылдан аттап өте алатында-
рын белгілеп өтті. 
Түрлі жас топтарындағы респонденттердің осы сұраққа де-
ген жауаптары мен көзқарастары ұқсас болып келді. Алынған 
нәтижелер  бойынша,  «жұбайының  әлеуметтік  жағдайы  мен 
табыс  деңгейі  маңызды  емес,  ең  бастысы  –  өзара  ұнатушы-
лық  сезімнің  болуы»  көзқарасы  басымырақ  болып  келеді. 
Респонденттердің 33% – 42,3%-ы осы көзқарасты ұстанатынын 
көрсетті.  Өмірлік  жарды  өз  әлеуметтік  ортадан  таңдау 
керектігін  30  жастан  бастап  45  жасқа  дейінгі  азаматтардың 
30,1%-ы,  46  жастан  бастап  60  жасқа  дейінгі  азаматтардың 
32,1%-ы,  ал  61  жастан  асып  кеткендердің  30,3%-ы  қолдады. 
Ең жас респонденттердің жауаптары бойынша «таңдау басқа 
әлеуметтік топтың адамына түсетін жағдайлар болуы мүмкін» 
деген ой-түйіні екінші орынды иеленіп тұр. 18 жастан бастап 
29 жасқа дейінгі жастардың 26,9%-ы осылай ойлайды. 30 жас-
тан асып кеткен респонденттердің барлығында бұл ой үшінші 
орынға иеленіп, 20,2 %-дан 28,3% көлемінде өзгеріп тұрады. 
«Сіздің ойыңызша, өмірлік жарды өз әлеуметтік ортаңыз-
дан таңдау маңызды ма?» деген сұрақтардың жауаптары білім 
деңгейі  әр  түрлі  респонденттердің  көзқарастары  ортақ  және 
2 Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі

28
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
ұқсас болып келетінін көрсетеді. Өмірлік жарды таңдау үшін 
әлеуметтік жағдайдың болу-болмауы маңызды емес деген ой-
тұжырым білім деңгейлері арнайы орта, орта және толық емес 
азаматтар үшін 37%, жоғары білім мен ғылыми дәрежелері бар 
адамдар  үшін  44%  аралығы  шамасында  орналасқан.  Шама-
мен алғанда әрбір үшінші респондент (жоғары білімі бар аза-
маттарды  есепке  алмағанда,  өйткені  бұл  классификациядағы 
әрбір төртінші адам осы ұстанымды таңдайды) өмірлік жарды 
өз әлеуметтік ортасынан таңдау маңызды деп ойлайды. Әрбір 
төртінші  респондент  (жоғары  білімі  бар  азаматтарды  есеп-
ке  алмағанда,  өйткені  бұл  классификациядағы  әрбір  үшінші  
адам осы ұстанымды таңдайды) кей жағдайларда өмірлік жар-
ды басқа әлеуметтік ортадан таңдау мүмкін екенін айтып кет-
кен болатын.  
Өмірлік жарды өз әлеуметтік ортасынан таңдау маңызды-
лығы  туралы  сұраққа  берілген  жауаптарды  алу  барысын-
да  нақты  бағыт-бағдар  айқындалады:  отбасылардағы  табыс 
деңгейі жоғары болған сайын өмірлік жарды таңдау барысын-
да махаббат некені тіркеу үшін негізгі мотив деп бағаланбайды. 
Мәселен,  материалдық  жағдайы  орташа  респонденттердің 
44%-ы өмірлік жарды таңдау барысында әлеуметтік жағдайды 
есепке алу маңызды емес, барлығын өзара ұнатушылық сезім 
анықтайды,  ал  35%-ы    өмірлік  жарды  өз  әлеуметтік  ортасы-
нан таңдау керек деп ойлайды. Материалдық жағдайы жақсы 
категориядағы арақатынас мүлдем басқа: өзара ұнатушылық 
сезімді  қолдайтын  23,1%,  ал  табыс  деңгейі  шамамен  бірдей 
және  бір  әлеуметтік  ортадан  шыққан  өмірлік  жарды  таңдау 
53,8%-ды  құрайды.  Қазақстандық  қоғамның  заманауи  әлеу-
меттік  стратификациясы  өткен  шақта  қалған  бұрынғы  неке 
стратегияларының  жандануының  алғышарттарын  қалыптас-
тырып жатыр: өмірлік жарды тек өз таптық ортаңнан таңдау. 
Бірақ,  бұл  үдеріске  түрлі  неке  стратегияларын  теңдестірудің 
жаһанданушылық үдерісі қарама-қайшы болып келеді. 
Ең  ауқатты  респонденттер  әлеуметтік  стратификацияға 
сай аталмыш үдерістен ажыратылып, күтпеген нәтиже береді. 
Бірде бір респондент өмірлік жарды өз әлеуметтік ортасынан 
таңдау  керектігін  қолдамады.  50%-ы    әлеуметтік  жағдайдың 

29 
маңыздылығы  жоқ  деп  ұйғарады,  ең  бастысы  –  өзара  ұнату-
шылық  сезімнің  болуы,  ал  қалған  50%-ы  сақ  жауап  береді: 
өмірлік жарды кей жағдайларда ғана өз әлеуметтік ортасынан 
таңдау мүмкін екенін ұйғарады. Ең ауқаттылары неке таңдауын 
жасағанда  өз  әлеуметтік  орталарымен  шектеліп  қоймайды. 
Өмір сүрудің жоғары деңгейіне иеленген олар көбінесе сезімге 
бой ұрады. 
2.3 Этносаралық өзара әрекеттесу аясындағы 
қазақстандық отбасы 
Қарапайым  азаматтардың  қарым-қатынастары  деңгейінде 
этносаралық  келісім  үлгісі  қалай  жұмыс  істейтінін  анықтау 
үшін респонденттерге этносаралық некелерге қалай қарайтыны 
туралы сұрақ қойылды. 
8 – диаграмма
 «Сіз ұлтаралық некеге қалай қарайсыз?» сұрағына жауаптар, % 
Респонденттердің  63,9%-ы  жарының  ұлты  отбасындағы 
қатынастарға  әсер  етпейді  деп  ойласа,  әрбір  төртінші  адам 
(25,2%)  ұлтаралық  некелердің  ұзаққа  бармайтынын  ұйғарса, 
11%-ы жауап беруден бас тартты. 
Осы  сұрақтың  жауаптарында  ер  адамдар  мен  әйелдер-
дің бойындағы этносаралық толеранттылықтың ұқсас деңгейі 
2 Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі
 
Адамның ұлты 
отбасын құруға 
кедергі бола 
алмайды, 
63,9 
Мұндай неке 
ұзаққа 
бармайды, 
25,2 
Жауап беруге 
қиналамын, 
11 

30
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
аңғарылады, алайда ер адамдардікі жоғары болып келеді. Ер 
адамдардың  64,3%-ы  ұлтаралық  некелерге  қалыпты  қараса, 
олардың  24,1%-ы  мұндай  некелердің  ұзаққа  созылмайтынын 
айтып  кеткен  болатын.  Әйел  адамдардың  көрсеткіштері  сәл 
төменірек:  63,4%-ы  ұлтты  неке  тұрақтылығына  әсер  етпейді 
деп ойласа, 26,2%-ы мұндай некелерді мүлдем жақтыртпайды. 
Сандардың  көрсетуінше,  ер  адамдар  мен  әйелдердің  басым 
бөлігі ұлтаралық некелерге қалыпты қарайды, алайда мұндай 
некелердің саны ондай көп емес: Қазақстанда моноэтникалық 
некелер басымырақ болып келеді.  
Түрлі этнос өкілдерінің ұлтаралық некелерді бағалау ба-
рысында айқын айырмашылық байқалады. Өзге ұлт өкілдері 
осы  мәселеге  қатысты  түсіністік  білдірді  –  респонденттердің 
77%-ы  ұлтаралық  некелерге  қалыпты  қарайды,  тек  16,1%-ы 
осыған қатысты өз сенімсіздіктерін білдірді. Сұралғандардың 
72,7%-ы  ұлтаралық  некелердің  берік  және  сенімді  болаты-
нына  сенсе,  14,7%-ы  бұған  күмән  білдірткен  болатын.  Орыс 
респонденттері  ұлтаралық  некелердің  болашағын  бағалау-
да орта аралық ұстанымдарға иеленіп келеді. Қазақ респон-
денттерінде  пайыздар  көрсеткіші  сәл  басқаша:  55,1%-ы 
ұлтаралық  некелерге  қалыпты  қараса,  33,65%-ы  мұндай  не-
келерді  жақтыртпайды.  Қазақ  халқында  жарды  өз  ұлтынан 
таңдау дәстүрі басқа ұлттарға қарағанда берік болып келеді, 
алайда  ұлтаралық  некелерді  қолдайтын  55%  қазақ  этника-
лық  шекараларды  шайып  тастаған  жаһанданудың  заманауи 
әлеміне сай үдерістердің кең таралуын меңзейтін қомақты сан 
болып табылады. 
«Ұлтаралық  некелерге  қалай  қарайсыз?»  деген  сұрақтың 
жауаптары түрлі жас топтарына жатқызылатын респондент-
тер  ұстанымдарының  жуықтығын  анықтаған  болатын.  Бұл 
мәліметтердің  көрсетуінше,  пайыздық  көрсеткіш  61  жастан 
асқандарда 60,1%, ал 46 жастан бастап 60 жасқа дейін 64,%-ды  
құрайды.  Ол  өз  кезегінде  адамның  ұлты  отбасыдағы  қарым-
қатынастарға  әсер  етпейтінін  көрсетеді.  Бұл  ұстанымдар  ин-
тернационалды бірлік қағидатының басым болуы және біздің 
қоғамда этноұлттық ұйымшылдық жағдайының сақталынып 
қалғанын  білдіреді.  Оған  қоса,  әр  түрлі  жас  тобындағы 

31 
әрбір  төртінші  респондент  этносаралық,  ұлтаралық  неке-
лердің  ұзаққа  бармайтынын  айтып,  мұндай  некелерді 
қолдамайтындарын білдірді. 
Білім  деңгейі  тұрғысынан  қарастырсақ  «Ұлтаралық  не-
келерге  қалай  қарайсыз?»  деген  сұраққа  жауаптар  мұндай 
екпінді тұжырымдарды шығарды: 
-  білім  деңгейінің  жоғарыдан  оның  мүлдем  жоқ  болуы-
на  дейін  төмендеуі  көрсетілетін  синхрониядағы  респондент-
тер  тарапынан  этносаралық  некелерді  қалыпты  бағалаудың 
өсуі  (ұғымдар  аралығы  59,8  %-дан  67,2  %    дейін  орналасқан). 
Осы көзқарасты негізгі және ахуалды емес деп қарастыратын 
респонденттердің  ғылыми  дәрежесі  бар,  олардың  53,8%-ы 
ұлтаралық некелерді қолдап отыр. 
Ғылыми  дәрежесі  бар  респонденттердің  ұлтаралық  неке-
лерге деген кері қатынастарының үлес салмағы (40,4%), бұл осы 
ұстанымды  21,3–34%    ұғымдар  аралығында  таңдайтын  басқа 
білімі бар топтармен салыстырғанда жоғары болып келеді. 
Материалдық  жағдайы  төмен  респонденттер  ұлтара-
лық  некелерге  басқалардан  жоғары  түсіністік  танытқан:  тек          
25%-ы  мұндай  некелер  ұзаққа  созылмайды  деп  ойлайды. 
Кейін  бұл  көрсеткіш  өсіп,  ауқаттылардың  категориясында 
30,8%-ға    дейін  ұлғаяды,  ал  ең  ауқатты  категориядағы  100%  
респонденттер «жоқ» деп жауап береді. 
2.4 Ерлі-зайыптылардың діни сенімдеріне байланысты 
неке беріктілігін бағалау 
Қазақстандағы  діни  жағдай  отбасылардың  өміріне  түбе-
гейлі өзгерістер әкелетіндей қарама-қайшы күйде дамып жа-
тыр. Дәстүрлі емес діни қоғамдастықтардың бір бөлігі дәстүр-
лі  отбасылық  қатынастардың  трансформациясы  мен  отбасы 
мүшелерінің  діни  ұстанымдары  бойынша  өзара  бөлініп,  бір 
біріне  қарсылық  білдіруіне  үміт  артып,  соны  мақсат  тұтуда. 
Бұл  зерттеуде  респонденттердің  діни  ұстанымдардың  өзара 
сәйкестенбеуі  жағдайында  отбасы  беріктілігін  бағалауға 
қатысты жалпы нұсқама зерттелініп отыр. 
2 Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі

32
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
9    –  диаграмма
«Сіз қалай ойлайсыз, мүшелері түрлі діни сенімді ұстанатын 
отбасылар мықты бола алады ма? Мысалы, әртүрлі конфессияға жа-
татындар немесе біреуі – діндар, ал екіншісі – атеист?» 
сұрағына жауаптар, %
Жағдайдардың әртектілігі келесі жауаптарды айқындаған 
болатын.  Респонденттердің  тең  жартысы  (46,9%)  адамдар-
дың  түрлі  конфессияларға  жатқызылуын  берік  отбасының 
шырқын  бұзбайды  деп  ойлайды,  алайда,  әрбір  үшінші 
респондент  (33,9%)  түрлі  конфессияларға  бөлінушілікті 
отбасының  құлдырауына  әкеліп  соқтырады  деп  ұйғарады. 
Респонденттердің бесінші бөлігі жауап бере алмады. 
Гендерлік  артықшылықтар  аясындағы  жауаптардың  тал-
дауы әйелдер мен ер адамдардар ұстанымдарының ұқсас бо-
латынына меңзейді. Ер адамдардың тең жартысы (49%) түрлі 
конфессиялар  сенімін  ұстануды  отбасының  беріктілігіне 
кедергі  келтірмейді  деп  ойлайды,  алайда  32,6%-ы  осы 
тұжырымға  күмән  келтіреді.  Әйел  адамдар  осы  іспетті  ой-
тұжырымдарға  қатысты  сақтық  білдіреді:  тек  44,9%-ы  ғана  
отбасы  конфессияаралық    қарым-қатынасқа  негізделгенімен, 
тату-тәтті өмір сүре алады деп ойлайды. Бірақ, 35,1%-ы мұндай 
мүмкіндікті  жоққа  шығарады.  Жалпы  алғанда  келтіріліп 
отырған  сандық  мәліметтер  ұлттық  конфессияаралық  сая-
саттың  тиімділігін  аңғарады.  Шындығына  келгенде,  мұндай 
жағдайларды қолдағандар аз болғанымен, қазақстандықтардың 
ойынша,  өзара  түсіністік  кез-келген  жағдайларда  болуы 
мүмкін:  қоғамда  орын  алған  мұндай  түсіністік  отбасында  да 
 
Түрлі конфессияда 
болу, отбасына 
кедергі келтірмеу 
керек, 
46,9 
Түрлі конфессияда 
болу отбасының 
күйреуіне әкеледі, 
33,9 
Жауап беруге 
Каталог: doc
doc -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
doc -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
doc -> «Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері»
doc -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
doc -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
doc -> №3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет