Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі


қалайтынның  бәрiнен  де  бас  тартып,  қаламайтыныңды  жаса



жүктеу 2.07 Mb.
Pdf просмотр
бет18/22
Дата29.12.2016
өлшемі2.07 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

қалайтынның  бәрiнен  де  бас  тартып,  қаламайтыныңды  жаса

.  Бiр 
қарағанда  ол  ақылға  симайтын  нәрсе  сияқты.  Бiрақ,  оның  негiзiнде  жатқан 
мағна  мынада

  ол  -    адамның  өмiрге  деген  қызығушылығын,  соған 

160 
 
бағытталған  еркiн  сөндiру.  Ол  үшiн  адам  аскетикалық  өмiр  салтын  ұстап, 
басқалардың  зардабын  бөлiсiп,  өзiнiң  жан-дүниесiнде  ешқандай  да 
өзiмшiлдiктiң жұрнағын қалдырмай құрту керек. Сонда ғана адам өмiрге деген 
қызығушылықтан толығынан арылып, өзi сияқты жердегi бақытқа жетуден бас 
тартқан адамдармен бiрiгiп, басқа адамдардың зардабын, қайғысын жеңiлдетуге 
тырысады.  Бұл  көзқарас  Үндi  халқының  тудырған  “нирвана

,  көне  Грек 
философтарының “атараксия

 деген ұғымдарына өте жақын. 
      Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж.ж.)- өз заманында бағаланбаған, 
жалғыздықтың зардабын толығынан басынан өткiзген, бүкiл өмiрiн жеке 
тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тiкелей 
байланысын көрсеткiсi келген Дания елiнен шыққан дiни философ. Оның 
философиялық көзқарасы мен жалпы дүниесезiмiнiң қалыптасуына әкесiнiң 
дiни дүниесезiмi мен “бiздiң жан-ұямызға Құдай қарғысын атты

 деген жалған 
пiкiрi үлкен әсерiн тигiздi. Жас Кьеркогер әлсiз болып, неше-түрлi аурулардан 
шықпай өстi, бұл жағдай да оның дүниесезiмiне өз әсерiн тигiзсе керек. Ең 
соңында, ол 1841 ж. белгiсiз себептерге байланысты өзiнiң терең махаббаты 
Регина Ольсен деген қыздан үйленерiнiң алдында бас тартады. Осыдан кейiн ол 
толығынан дiни сезiмге берiлiп әкесiнен қалған үлкен үйде жазушылық iсiмен 
айналысып, қалада жүрттың көзiне өте сирек кездеседi. әкесiнен қалған барлық 
қаражатты өзiнiң жазған көп шығармаларын жарыққа шығаруға жұмсайды. 
Негiзгi еңбектерi
:
 “Әлде- әлде

, “Үрей мен қалтырау. Диалектикалық 
лирика

. “Ажалға бастайтын ауру. Қайта туу мен оянуға бағытталған 
христиандық-психологиялық тебiренiстер

 т.с.с. 
 Жалпы  алғанда  өзiнiң  қысқа  өмiрiнiң  шеңберiнде  бұл  кiсi  28  томдық 
еңбектердi тудырған, соның iшiнде 14 томы - оның күнделiктерi. өз заманында 
атағы  шықпаған  философ  ХХ  ғ  үлкен  құрметке  бөленедi,  оның 
шығармашылығына арналған мыңдаған зерттеулер жарық көредi. 1948 ж. берi 
Копенгаген  қаласында  “Кьеркогериана

  деген  осы  ойшылдың  көзқарасын 
зерттеуге арналған журнал шығады. 
    Өзiнiң 
шығармашылық 
жолының 
басында 
Кьеркогер 
қайсыбiр 
философиялық  жүйенi  жасаудан  бас  тартып,  соңғының  ең  биiк  шыңы  - 
Гегельдiң  философиясын  қатты  сынға  алады.  Өйткенi,  оның  философиясында  
рационализм  өзiнiң  шегiне  жетiп  панлогистiк  дәрежеге  көтерiлдi  (  pan,-  грек 
сөзi,- бәрi де, logos,- ақыл-ой). Гегельдiң ойынша, болмыс - ойлаумен тең, ақыл-
ойдың  шеңберiнен  шығаттынның  бәрi  де  ақиқатты  емес,  Ғарышта  өжеттi 
танымның аша алмайтын  ешқандай сиқыры болмақ емес. 
 Кьеркогер мұндай көзқарасқа үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады, өйткенi, болмысты 
жүйелеу  мүмкiн  емес.  Қайсыбiр  жүйе  -  аяқталғандықпен  тең,  ал  болмыс  үне-
бойы  өзгерiсте.  Екiншi  жағынан,  Гегель  тұлғаны  объективтi  нақтылы-тарихи 
шеңбердiң  iшiне  қойып  түсiнедi,  яғни  жеке  тұлғаның  өзiндiк  қайталанбайтын 
тек  соған  ғана  тән  өмiрi,  оның  еркi  тарихтың  қадамының  астында  көмiледi. 
Сондықтан, ол Гегельдiң объективтiк диалектикасына өзiнiң субъективтi, жеке 
тұлғаның  өмiр  сүру  (экзистенциалдық)  диалектикасын  қарсы  қояды.  Оның 
ойынша,  қайсыбiр  дүние  жөнiндегi  жаратылыстануға  негiзделген  ғылыми 

161 
 
көзқарас  -  залымдықтың  нышаны.  Жаратылыстану  ең  соңында  адамзаттың 
құруына  әкелуi  мүмкiн,-  дейдi  Кьеркогер.  Ойшылдың  бұл  пiкiрiн  үстiрт 
қарамай терең ойласақ, расында да, бүгiнгi таңда ғылым адамға көп жақсылық 
әкелгенiн  бәрiмiз  де  бiлемiз,  сонымен  қатар,  ядролық  соғыс  пен  экологиялық 
апаттың мүмкiндiгiн адамзат жоя алмай отырғаны да - бүгiнгi таңдағы ақиқат.     
   Кьеркогердiң  ызасын  келтiретiн  нәрсе  -  ол  адамды  объект  ретiнде  қарап 
зерттеу,  өйткенi,  адам  -  рухтың  басшылығымен  өмiр  сүрiп  жатқан  жан  мен 
дененiң бiрлiгi, жеме-жемге келгенде ол - рух. Ойшыл рух - ойлаумен тең емес, 
олай  болса,  ол  -  қисынның  заңдарына  тәуелдi  емес  деген  пiкiрге  келедi. 
Сондықтан,  философияның  негiзгi  мәселесiне  нақтылы  адамның  өмiр  сүруi, 
оның  өзiндiк  санасы,  iшкi  рухани  өмiрi  жатуы  керек.  Егер  Сократ  дүниенi 
түсiну  үшiн  ең  алдымен  “өзiңдi  тани  бiл

  деген  болса,  Кьеркогер  тек  қана 
адамның  iшкi  өмiрiн  танумен  қанағаттанып,  сыртқы  дүниенi,  болмысты 
танудан  үзiлдi-кесiлдi  бас  тартады.  “Шындық,  сыртқы  өмiр  бар  ма
?
“,-  деген 
сұраққа ол терiс жауап бередi. “Шындық - ол iшкi дүние (innerlichkeit), Меннiң 
өз  Менiне  деген  қатынасы

.  Адамның  iшкi  өмiрi  объект  болмағаннан  кейiн 
танылмайды,  оны  тек  қана  тебiренуге  ғана  болады.  Сондықтан  Кьеркогер 
адамның  iшкi  өмiрiн  бейнелейтiн  жаңа  категорияларды  философияға  еңгiзедi. 
Олар
:
  өмiр  сүру,  үрей,  сәт,  өту,  секiру,  шешiм,  шектелген  мен  шексiздiк, 
мүмкiндiк  пен  шындық,  зардап  шегу,  қайталау,  түңiлу,  өкiну,  кiнә  мен 
күнә,  қайта  туу  т.с.с.  Кьеркогердiң  ойынша,  бұл  ұғымдар  арқылы  жеке 
адамның қайталанбас тебiренiстерiн беруге болады. 
  Өмiр  сүру  дегенiмiз  -ол  тебiрену,  зардап  шегiп,  соның  шеңберiнен  шығуға 
бағытталған адамның iңкәрi. Өмiр сүру  - адамның алдындағы мүмкiндiктердiң 
бiреуiн ерiктi түрде таңдап алып өзiнiң қайталанбайтын ерекше болмысын iске 
асыру, тобырға ұқсамау, одан бөлiну. Өмiр сүру дегенiмiз - iшкi шектелген мен 
шексiздiктiң  арасындағы  таңдау,  соған  байланысты  үрей,  шешiм  және  секiрiс. 
Кьеркогердiң ойынша, шешiм ешнәрсеге байланысты емес, ол тұлғаның ерiктi 
таңдауымен  байланысты.  Ал  секiрiстiң  өзi  Гегельдiң  айтып  кеткен  ұғымынан 
өзгеше  -  ол  ешқандай  дәнекерлiктi  талап  етпейдi,  ол  зерденiң  шеңберiнен 
шығып кететiн рухтың iс-әрекетi.  
  Жоғарыда 
байқағанымыздай,  Кьеркогердiң  өмiр  сұру  диалектикасы 
философиядағы  жалпы  ұғымдардың  өзара  байланысы  мен  бiр-бiрiне  өтуiнен 
анағұрлым  алшақ  жатыр.  Мұнда  бiз  тек  адамның  iшкi  жан-дұниесiнiң 
тебiренiсiн көрсететiн “сезiмдiк ұғымдарды

 байқаймыз. 
    Адам  өмiрiндегi  негiзгi  сұрақтар
:
  қалай  өмiр  сүру,  не  болу  керек,  не 
нәрсеге  ұмтылу  қажет
?
  Осы  сұрақтарға  жауап  беру  ретiнде    Кьеркогердiң 
экзистенциалдық  диалектикасы  адам  өмiрiнiң  үш  сатысын  суреттейдi.  Олар  - 
эстетикалық, этикалық және дiни сатылар.   
   Адам  өмiрiнiң  бiрiншi  эстетикалық  сатысында  тiкелей  сезiмдiк  өмiр  салты 
қалыптасады.  Эстетикалықты  Кьеркогер  кең  түрде  Канттың  түсiнiгiне  сәйкес 
ақыл-ойдан  бөлек  сезiмдiк  қабылдау  мен  ләззәт  алу  ретiнде  көрсетедi. 
Қоғамдағы көпшiлiк осы сатының шеңберiнде өмiр сүредi. Ол дене әсемдiгiне 
құмарту  (эротика),  парықсыздық,  бiр  көргендегi  сезiмдiк  әсердiң  негiзiнде 

162 
 
кездейсоқты  байланыстарға  түсу,  қоғамдағы  үлгiге  (модаға)  айналған 
нәрселерге  ынтық  болу,  әрбiр  кұн  мен  сағаттан,  әрбiр  сәттен  ләззәт  алуға 
тырысу. Бұл сатының ұраны
:
 carpe diem, carpe horam
!
 ( әрбiр кұн мен сағаттан 
ләззәт ал
!
 ). Бұл өмiр салты адамды өзiнiң сезiмдерi мен құмартуы, ындынының 
құрсауынан шығармайды. 
   Келесi  өмiр  сатысы  -  этикалық.  Егер  эстетикалық  өмiр  салты  ләззат  алуға 
бағытталған  болса,  этикалық  сатыда  адам  iзгiлiк  жолына  тұсiп,  қоғам 
алдындағы  парызды  орындау  соның  кепiлiне  айналады.  Эстетикалық  өмiр 
салтында  адам  өз-өзiн  қанағаттандырса,  этикалық  сатыда  жалпылықты  iске 
асыруға  тырысады.  Осы  арада  үлкен  қайшылықтар  пайда  болады  -  адамның 
iшкi  өзiндiк  сезiмдерi  оны  бiржаққа  жетелесе,  қоғамдағы  этикалық 
нормалардың  талаптары  оны  екiншi  жаққа  сiлтейдi.  Парыз  талаптарына  сай 
келуге  тырысып,  адам  бiржақты,    сезiмi  сарқылған,  машинаға  ұқсас  пендеге 
айналады.  Бұл  бағыт  барған  сайын  тереңдей  түсiп,  қайғылы  қайшылықтарға 
әкеледi,  өйткенi,  уақыттан  тәуелсiз  моральдық  сана    өтпелi  адамның  сезiмдiк 
iңкәрiнен  өзiнiң  iргетасын,  тұрақтылығын  таба  алмайды.  Адам  моральдық 
жағынан  алып  қарағанда  өз-өзiне  жеткiлiктi  пенде  бола  алмады.  Кьеркогер 
оның себебiн, Августин сияқты, адамның туа күнәлiгiнен көредi. 
 Бұл  арада  “әлде-әлде

  принципi  таңдау  мәселесiн  шешпейдi,  өйткенi  екi 
сатының да үлкен кемшiлiктерi бар, сондықтан “ол да емес, бұл да емес

 деген 
тұжырымға өмiр диалектикасы әкеледi. Олай болса, адам үшiншi соңғы сатыға 
өту шешiмiне келiп трагикалық секiрiстен өтедi. Бұл саты дiни шеңберде өтпек. 
Кьеркогер  өз  заманындағы  адамдарға  ренжiп,  олар  ғылыми  танымның 
кереметтiгiне сенiп, адамның өмiр сүруi мен iшкi рухани тебiренiстерiнен пайда 
болатын  мәселелердi ұмыт  қалдырғаны  жөнiнде  айтады.  Тек  қана дiни  сатыға 
көтерiлген  адам  ғана  ол  мәселелердi  өзiнiң  өмiрiнiң  негiзiне  айналдырады. 
Адам күнәлi пенде ретiнде өзiнiң кiнәсiн мойындап Құдайдың өзiмен сұхбатқа 
тұсiп өз-өзiн табады. Ал мұның өзi үлкен зардап шегу арқылы келмек. 
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
1.Маркстік философияның негізгі қағидасы қандай? 
2.Қоғамды материалистiк тұрғыдан түсiну дегеніміз не? 
3. Маркстік философия таным мәселесіне қандай жаңалықтар енгізді?   
4.К. Маркс дамудың қайнар көзін неден іздейді?  
5.Әлеуметтік  мәселелерді  таптық  тұрғыдан  қарау  қандай  салдарларға 
әкелуі мүмкін?  
6. К. Маркстің қоғамды формациялық жолмен талдауы дұрыс па?  
7.Марксизмдегі адам мәселесінің ерекшеліктері? 
8. Маркстің коммунизм теориясын сынай аласыз ба? 
9. Марксизмнің гуманистік – адамгершілік жақтарын көрсетіңіз? 
 
Ойланыныз: 
 

163 
 
1.Ф.Энгельс:   

  Рухани  бай  адам  –  әр  уақытта  зәру,  мұқтаж  адам;...сол 
ниетін әрдайым толықтыруға тырысады. 

,- дегеніне не дер едіңіз? 
2.Ф.Энгельс: 

 Адамды - адам еткен еңбек 

 дегеннің сыры неде жатыр? 
3.  Коммунизм  идеясындағы  : 

  ...  бәріде  тең  құқылы... 

  ,-  солай  болуы 
мүмкін бе? 
 
                          ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ: 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 
Қосымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– Москва: Восточная литература,2001. 
 
Реферат тақырыптары: 
 
1.
 
Ф.Бэкон- Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушы. 

164 
 
2.
 
Р.Декарттың рационалдық философиясы. 
3.
 
Б.Спинозанның  пантеистік ілімі.  
4.
 
Ф.Бэконның танымдағы елестері. 
5.
 
В.Лейбництің монадологиясы. 
6.
 
Дж.Локктың жеке меншік пен азаматтық қоғам жөніндегі ойлары. 
7.
 
Дж.Локктың танымдық ілімі. 
8.
 
В.Лейбництің теодицеясы. 
9.
 
Ф.Бэкон танымдық теориясы. 
10.
 
Т.Гоббстың мемлекет жөніндегі ілімі.  
11.
 
XVIIIғ. «Ағарту философиясының ерекшеліктері». 
12.
 
Д.Толанд пен А.Коллинздің деистік көзқарастары. 
13.
 
А.Шефтсберри мен Б.Мандевильдің моральдық философиялары. 
14.
 
Ф.Вольтердің философиялық көзқарастары. 
15.
 
Фрнацуз энциклопедияшылары.  
16.
 
Ш.Монтескьенің мемлекет билігін бөлу принципі. 
17.
 
Ж.Ж.Руссоның «қоғамдық шарт» тұжырымдамасы.  
 

165 
 
10 семинар. ХХ ғасырдағы Қазіргі заман философиясы 
 
1.Классикалық философияның дағдарысы. Қазіргі заман философиясындағы 
сцентизм мен антисцентизм бағыттары арасындағы күрес. Неопозитивизм-
ғылыми философия ретінде. 
2.Герменевтика мен феноменология ағымдары 
3. Экзистенциализм-адамның өмір сүру философиясы ретінде. 
4.Қазіргі заманғы діни философия.                    
 
     Жаңа  ғана  көз  алдымыздан  өткен  ХХ  ғасыр  тарихтың  қойнауына  кiрiп 
тыныштыққа  ие  болып  жатыр.  Болашақта  оның  адамзат  тарихына  тигiзген 
ықпалы терең түрде талданып анықталады. Дегенмен, бүгiнгi таңның өзiнде бiз 
оған көз жiберiп, оның адамзат тарихына тигiзген орасан-зор ықпалын, терең де 
ұшкiр  қайшылықтарын,  жетiстiктерi  мен  кемшiлiктерiн  т.с.с.  талдауымызға 
әбден болады. Сонда ғана бiз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пiкiрлердi 
жете түсiне аламыз. 
   ХХ ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкiншiлiгi  мен соның негiзiнде оны қайта 
өзгертудiң  тамаша  жетiстiктерiн  көрсете  бiлдi.  Изиданың  жапқышының 
үстiндегi “ Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, 
өтпелi  пәнде  менiң  жапқышымның  етегiн  ешқашанда  көтере  алмайды

,-  деп 
жазған сөздердi  адамзаты  ХХ  ғасырда терiске  шығарған  сияқты.  Осы  ғасырда 
табиғаттың  ең  терең  құпиялары  ашылып,  адам  игiлiгiне  жұмсала  басталды. 
Мысалы,  бұгiнгi  Францияда  қоғамға  қажет  электр  қуатының  68  пайызын 
атомдық  электростанциялар  бередi
!
  Бұгiнгi  адам  ми  далада  жұрiп,  ұялы 
телефонмен ғарыш арқылы  мыңдаған шақырым алыстықта өмiр сүрiп жатқан 
жолдасымен,  я  болмаса  әрiптесiмен  сөйлесе  алады,  компьютер  арқылы  неше-
түрлi  ақпаратты  қабылдап,  өзiнiң  бiлiмiн  өсiрiп,  өмiрде  пайдаланады. 
Лондонның  “Хитроу

  аэропортынан  “Конкорд

  деген  дыбыстан  да  жұйрiк 
ұшаққа  мiнiп,  бiрнеше  сағаттан  кейiн  жердiң  ана  жақ  бетiндегi  “Кеннеди

 
атындағы  аэропортқа  қонып,  АҚШ-тан  бiрақ  шығуға  болады 
!
  Бұгiнгi  таңда 
Ғарыштағы  жасанды  серiктер  мұхиттағы  балықтардың  жиналған  жерiн 
анықтап,  сол  жерге  кемелердi  жiбередi,  қай  жерде  қандай  табиғи  байлықтар 
барын  болжай  алады,  ауа-райы  жөнiнде  мәлiмет  берiп,  т.с.с.  ақпараттар 
жеткiзедi.  ХХ  ғасырда  жасалып  бұгiнгi  миллиардтаған  адамдардың  өмiрiне 
кеңiнен  кiрген  заттардың  iшiнен  машиналар  мен  ұшақтарды,  неше-түрлi 
байланыс  жүйелерiн,  радио  мен  телевидениенi,  компьютерлердi,  жасанды 
материалдарды  т.с.с.  атап  өтуге  болар  едi.  Бұлардың  бәрi  де  тек  ХХ  ғасырда 
пайда  болып  өмiрдi  күрт  өзгерттi 
!
  ХХ  ғасырда  пайда  болған  өндiргiш 
күштердiң  қуаты  бүкiл  адамзат  цивилизациясының  бұрынғы  4-5  мың 
жылдардағы  жасағанынан  анағұрлым  асып  түседi 
!
  Бұл  айтылған  деректердiң 
бәрi  де  болашаққа  деген  оптимистiк  өмiрсезiмiн  тудырып,  табиғаттың  барлық 
стихиялық  күштерi  ертелi-кеш  игерiледi  деген  сциентистiк  көзқарастарды 
тудырды. 
   Бiрақ,  бiз  бұл  жерде  “шыңға  қарай  өрлеу  -  құлдырауды  тереңдете  түседi

,-  

166 
 
деген 
нақыл 
сөздi 
естен 
шығармағанымыз 
жөн. 
Атомдық 
электростанциялармен бiрге өмiрде атомдық бомбалар пайда болып Хиросима 
мен  Нагасакидiң  трагедиясына,  Семей  полигоны  сияқты радиациямен  уланған 
жерлердiң  көбейуiне,  ол  жердегi  өмiр  сүрiп  жатқан  адамдардың  геноцидке 
ұшырауына  әкелiп  соқты.  Чернобыль  атомдық  станциясындағы  жарылыс 
адамзаттың  ғылыми  тәкәппарлығын  су  сепкендей  басып
:
  “Тоқта,  сен  Құдай 
емессiң, аяғыңды байқап бас

,- деген сияқты болды. 
    ХХ ғасырдағы қоғамдық өзгерiстерге келер болсақ - олар да қайшылықтарға 
толы.  Бiр  жағынан  адамзаттың  мыңдаған  жылдар  армандаған  “жерұйығын

  - 
коммунизмдi  дұниеге  еңгiзуге  бағытталған  орасан-зор  батыл  да  қайғылы 
әлеуметтiк  тәжiрибе  ХХ  ғ  70  жылдан  артық  уақытын  алды.  Ақырында,  ол 
тарихи  тұйықтыққа  әкелiп  тiредi.  Дұниенiң  байлығын  қайта  бөлу  әрекетi  екi  
бұрынғы-соңды  болмаған  Дүниежүзiлiк  соғыстарға  әкелiп,  миллиондаған 
қыршын  жастардың  өмiрiн  алып  кеттi.  Гитлер  мен  Сталиннiң  жасаған 
залымдықтарымен  салыстырсақ,  Калигула  мен  Неронның,  Атилла  мен 
Шыңғысханның,  Иван-Грозный  мен  Наполеонның  жасағандары  баланың 
ойыншығы сияқты 
!
  Мұндай  жағдай  философиядағы  адам  өмiрiне  деген  терең 
тебiренiстердi  тудырып  “өмiр  философиясын

,  әсiресе,  экзистенциализм 
бағытын күшейтiп, оның “дiни

 және “атеистiк

 бағыттарын дүниеге әкелдi. 
   ХХ  ғ  екiншi  жартысында  дамыған  капиталистiк  елдер  “постиндустриалдық 
цивилизацияның

  шеңберiне  кiрiп  өздерiнiң  халықтарына  жеңiл  де  бай  өмiр 
салтын ұсынды. Демократия бiршама жетiстiктерге жетiп, “адам құқтарының

 
сақталуына көп көңiл бөлiне бастады.  
   Бiрақ  байлықтың  өсуi  адамзаттың  рухани-адамгершiлiк  жолындағы  өрлеуiн 
тездеткен  жоқ,  тiптi,  керiсiнше,  оны  тоқыратып  тастағандай  болды.  Бiр 
жағынан,  жер  бетiнде  өмiрдiң  қызығына  тоймай,  күнбе-күнгi  өмiрден  ләззат 
iздеген  дамыған  елдердегi  “алтын  миллиард

,  екiншi  жағынан,  күнбе-күн 
аштықтың  зардабын  көрген  тағы  да  “миллиард

,  ал  ол  екеуiнiң  ортасында 
аласапыран  қиындықтарды  басынан  өткiзiп,  жақсы  өмiрге  ұмтылып  жатқан 
кедей  елдердегi      адамзаттың  қалған  4  миллиарды
!
  Бүгiнгi  таңда  ХХ  ғ  орта 
кезеңiнде  пайда  болған  адамзаттың  жарқын  болашағы  жөнiндегi  идеялар 
бiршама  сөнiп,  ғасырдың  аяғына  қарай  пессимистiк  антисциентистiк 
дүниесезiм бой алып келе жатқан секiлдi. 
   Ал  ендi  ХХ  ғасырдың  рухани  мәдениетiне  тоқталсақ,  ол  да  неше-түрлi 
шытырман қайшылықтарға толы. Бiр жағынан, орасан-зор ғылыми жетiстiктер, 
мәдениет  құндылықтарын  миллиондаған  данамен  басып  халыққа  тарату 
мүмкiншiлiктерiнiң  өсуi  т.с.с.,  екiншi  жағынан,  адамның  техника,  өлi  байлық, 
дене ләззатының құлына айналуы. Бiр жағынан, ХХ ғ бүкiл адамзат тарихының 
беттерiнде  сирек  кездесетiн  ұлы  гуманистер  -  Тереза-ана,  А.Сахаров, 
А.Швейцер,  Махатма  Ганди  т.с.с.  өмiр  сұрсе,  екiншi  жағынан,  бұл  ғасыр 
Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелдi. 
   Бүгiнгi адамзатына керектi нәрсе - жер бетiндегi Ғарыштың әсем гүлi - өмiрдi 
сақтап  қалу,  ғылымның  жетiстiктерiн  адамгершiлiкпен  ұштастырып,  жаңа 
жағдайда  “мәңгi  сұрақ

-  адамның  өмiрiнiң  мән-мағнасы  мен  не  үшiн 

167 
 
жаратылғанына - жаңа шешiм iздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың 
бiр-бiрiн толықтыруы, өзара бiр-бiрiн ақтауыкөмектесуi қажет сияқты.  
   Әрине, мұндай талдауларды әрi қарай жалғастыра беруге болар едi. 
Бiрақ, жоғарыда көрсетiлген  сиппатамалар ХХ ғ пайда болған философияның 
ағымдарын жете түсiнуге мүмкiншiлiк бередi деген ойдамыз. Олай болса, өткен 
ғасырда  пайда  болған  көп  философиялық  ағымдардың  негiзгiлерiн  талдауға 
көшейiк. 
 
Неопозитивизм ағымы 
 
    Неопозитивизм  (  neo  -  жаңа,  positivus  -  латын  сөзi,-  оң,  дұрыс  деген  мағна 
бередi)    -  Батыс  философиясының  шеңберiнде    қазiргi  ғылымның  дамуының 
барысында  пайда  болған  философиялық  -  танымдық  мәселелердi  талдап 
шешуге  бағытталған  ағым.  Оның  түп-тамыры  позитивизмнiң  негiзiн  қалаған 
француз  ойшысы  Огюст  Конттың  (1789  -  1857ж.ж.)  шығармаларына  барып 
тiреледi.  Сондықтан,  ең  алдымен  позитивизмнiң  негiзгi  қағидаларына  тоқталу 
қажет. 
   Егер  немiс  классикалық  философиясында  пайда  болған  панлогистiк 
көзқарасқа  Шопенгауер  Ерiктi,  ал  Кьеркогер  жеке  адамның  тебiренiстерiн 
қарсы  қойса,  Конт  оған  қарсы  ғылыми  деректерге  негiзделген  қағидаларды  
қарсы қоюға тырысады. (Бұл мәселе жөнінде қараңыз: 6 ( 219-220 б.б.) 
   ХХ ғ басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар         (радиоактивтi 
сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi  беделдi механистiк классикалық 
физиканың  негiзгi  қағидаларына  үлкен  соққы  жасады.  Электрон  бөлшегiнiң 
тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң  сол 
кездегi  iрi  математик  -  ғалымы  А.Пуанкаре  “Олай  болса  материя  жойылды

,- 
деген пiкiрге келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен 
уақыттың бiр-бiрiне өтiп бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай түсiнуге болады
?
 
Мұндай  сұрақтарды    жалғастыруға  болар  едi.  Бұл  сұрақтарға  жауап  беру 
жолында  позитивизмнiң  екiншi  сатысы  дүниеге  келедi.  Оның  аты 
эмпириокритицизм

  ,  яғни  тәжiрибенi  сынға  алу  деген  мағна  бередi.  Негiзгi 
өкiлдерi  -  Эрнст  Мах  (1838-1916  ж.ж.)  ,  Рихард  Авенариус  (1843-1896  ж.ж.) 
Каталог: files -> book
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
book -> Дону конгдону с благодарностью
book -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
book -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
book -> Практикум по культуре речевого общения (Аспект «Анализ текста»)
book -> Глава а вы — гений?
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет