Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі


 тірек кесте.    Аристотель (384-322 ғ. б.д.д.)



жүктеу 2.07 Mb.
Pdf просмотр
бет8/22
Дата29.12.2016
өлшемі2.07 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

4 тірек кесте.    Аристотель (384-322 ғ. б.д.д.) 
 
Себептің 4 түрі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Платонның 
идеялар 
теориясын 
сынауы 
Болмыс – материя мен форманың 
бірлігі ретінде 
Материя – формасыз күш –қуат пен 
өмір сүруден айырылады 
Форма – мән, сыртқы түр ғана емес, 
әрбір заттың қағидасы  
 
Өзінің болмысымен белгілі бір нәрсе, зат ол формаға міндетті 
Материалдық – материя, содан барлық денелер пайда болады 
(мыс мүсін үшін) 
Формалды – форма (түр,) 
Әрекеттік – қозғалыс көзі (мүсінші) 
Мақсаттық – қозғалыс мақсаты (мүсін) 
Себептің тұжырымдасы адам қызметінің құрылымын сыртқы 
табиғатқа көшіру салдарынан шығады 
Категориялар туралы 
ілім 
«Органон» - 
Аристотелдің 
логикасы 

68 
 
3 семинар.Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы. 
 
 Орта ғасырдағы Еуропалық философия 
 
1. Ортағасырлық Еуропалық философияның негізгі ағымдары: 
а)  Патристика  (Тертуллиан,  А.Кентерберийский,  Августин  Блаженный) 
Теоцентризм,  креационизм,  провиденциализм  қағидалары  және  оларды 
философиялық тұрғыдан негіздеу. 
 в)  Схоластика  (Фома  Аквинский).  Құдай  болмысының  бес  дәлелдемесі. 
Сенім мен білімнің ара-қатынасы. Универсалиялар мәселесi. Дүниедегі заңдар 
тәртібі.  У.Окаммның ”Ұстарасы”. 
      2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. 
      3.  Схоластикалық  философия.  (scholastica  –  лат.  Сөзі,  оқушы,  ғалым). 
Онтологиялық (болмыс) мәселелері. Саясат, құқық мәселелері. 
      4. Уильям Оккамның ілімі, номинализмі. Уильям Оккам ұстарасы. 
 
        Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим Империясының құлауынан бастап 
Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі уақытты жатқызады (V ғасырдан 
X1У ғасырға дейін). Яғни, бұл заман құл иеленушілік қоғамның Дүниеден 
кетіп, оның орнына феодалдық  қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. Демек, 
оның  негізі - белгілі өндіріс тәсілінің орнауында. 
Ал Орта ғасырдағы рухани ақуалға келетін  болсақ, ондағы ғажап өзгеріс-
адам  өзінің  ішкі  жан-дүниесінде  рухты  табып,  өзінің  Құдаймен  байланысты 
пенде екенін аңғарады. Мұның өзі философияның жаңа түрінің пайда болуына 
әкеліп  соқты.  Ол  -  сенім  шеңберіңдегі  философия,  рух  саласын  зерттеу 
философиясы. 
Бұл жаңа рухани ақуалдың бірінші ерекшелігі монотеистік (бірқұдайлық) 
көзқарастың негізін жасау. Ертедегі гректер Құдай бір ме әлде көп пе?- деген ой 
шеңберіңде болды. Аристотель аспандағы жұлдыздарды құдайлықпен теңеп, ал 
Плотин  Ғарышты  “Көрінген  Құдай

  деп  есептесе,  енді  бір  Құдайдан  басқа 
ешнәрсе жоқтығы айтылды.  
Екінші  ерекшелігі  –  креационизм,  (creatura  -  лат.  сөзі,  -  жасау,  жарату). 
Бұл  Дүниені  жоқтан  бар  қылып  жасаған  Құдайды  мойындау.  Грек 
философиясында  Дүние  әртүрлі  стихияның  қосындысы  ретінде,  я  болмаса 
Платонның  Демиург  туралы  ілімі,  Аристотельдің  “Мәңгілік  қозғалтқышы

 
аркылы  түсіндірілсе,  Орта  ғасырда  Дүние  мен  адам  Құдайдың  құдіретті  күші 
арқылы жаратылды деген пікірден таймайды. 
Үшінші ерекшелік – Антропоцентризм, (antropos-адам, centrum-орталық). 
Грек  философиясының  негізгі  мәселесі  -  ғылым.  Адам  мен  ғылым  бір-біріне 
қарсы  қойылмайды,  Ғарыш  -  макрокосм  болса,  адам  –  микрокосм.  Адамды 
қандай  дәріптеп  биікке  қойғанменен    ол    Ғарыштың  шеңберінен  шықпайды. 
Аристотельдің  айтуынша,  “адамнан  да  гөрі  анағурлым  жетілген  заттар 
табиғатта  көп,  оларды  көруге  болады:  мысалы  Ғарыштағы  жұлдыздар


Басқаша  көзқарас  Орта  ғасырда  пайда  болды  -  ол  адамды  ешнәрсемен 

69 
 
салыстыруға  болмайды,  өйткені  оны  Құдай  өзініне  ұқсас  қылып  ерекше 
басқадан  бөліп  жасады.  Олай  болса,  ол  жаратылған  Дүниенің  қожайыны, 
бәрінен  де  биік  тұр.  Сонымен  қатар,  оның  Құдай  алдындағы  ерекше  пенде 
екендігі  оған  үлкен  жүк  артады  -  ол  әр-қашанда  өзінің  ар-ұжданын,  жан-
дүниесін таза ұстауға тырысуы керек. 
Төртінші ерекшелік - Құдайдың  еркіне көну мәселесі.  
Егер Грек философиясында табиғат (физис) заңы деген ұғым пайда болып, 
оған  адам  да,  құдайлар  да  көнуі  керек.  Өйткені,  оны  ешкім  жасаған  жоқ,  ол 
мәңгі  болатын  болса,  Орта  ғасырда,  керісінше,  адамға  заңды  беретін  -  Құдай, 
адам  оның  еркіне  көнуі  қажет  (ешқандай  қарсылықсыз).  Ал  Құдайдың  еркіне 
көнбеуден жаман күнә жоқ. 
Иса  пайғамбардың  өзі  Құдайдың  еркіне  көніп  талай-талай  зардаптан  өтіп 
өлді.  Олай  болса  адам  да  өзінің  Құдайға  деген  сүйіспеншілігін  көрсетіп  Иса 
пайғамбар жасап кеткен жолымен жүруі керек.  
Бесінші  ерекшелік  -  Құдайдың  құдіретті  көрегендігі.  Егер  гректер 
тағдырға  (фатум)  табынса,  ал  оның  өзі  табиғаттың  қажеттілігінен  шығатын 
болса,  Құдай  өзі  жаратқан  бүкіл  Дүниені  басқарып  қоймай,  ондағы  әрбір 
адамның  -  күнәлі,  кемтар,  данышпан  болса  да,  жүріс-тұрысын,  іс-әрекетін 
бағалап  отырады.  Оған  сенген  адамға  “Сұраса  -  беріледі,  іздесе  -  табылады, 
қақса - ашылады

.  
Алғашқы  тектік  күнә,  оның  салдары  және  одан  қутылу  -  алтыншы 
ерекшелік.  Алғашқы  адам  Құдайдың  айтқан  ізгілік  пен  жамандықты  танитын 
ағаштың  жемістерін  алмау  жөніндегі  ескертуін  тыңдамады.  Ол  адамның 
тәкәппарлығында,  өзімшілігінде,  ешқандай  шектеуді  жаратпауында,  өзінің 
Құдай болғысы келуінде. Сонымен, алғашқы тектік күнә жеке адамды, ол қалай 
тырысса да өзінің шегінен шығармайды, одан құтылу үшін құдайдың қолдауы 
керек; бұл рухани жаңа көзқарас грек ой-пікірінен қанша алшақ тұр десеңізші!  
Жетінші ерекшелік – Рухани сенімнің дүниеге келуі. Гректердің ойынша, 
сенім  сезімдік  танымнан  шығады,  ал  сезіммен  қабылданатынның  бәрі  жалған, 
өтпелі, өзгергіш т.с.с. сондықтан олар ақыл-ой арқылы (epіsteme)  Дүниені тану, 
игеруге көп көңіл бөлді. Орта ғасырдағы ақуал ақыл-ойды шектейді, ғылымның 
әр  жағында  сенімнің  бар  екендігін  мойындайды.  Сонымен  адамның  үшінші 
өлшемі  ашылады  -  егер  гректер  адамды  тек  дене  және  жан  дүние  деп  алып 
қараса, қазір оған рухани сенім қосылып “дене-жан-рух

 адамның үш құрамды 
бөлігіне айналады.  
          
Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. 
 (patrіs - лат. сөзі - әке). 
            
Патристикалық  философияның  негізгі  мақсаты  -  христиан  дінінің 
қағидаларын  белгілі  бір  жүйеге  келтіріп,  оған  философиялық  тірек  жасауда 
болды.  Ертедегі  Грек  философиясындағы  ерікті  ой-елегі  патристикада  аян 
идеясына  келіп  тіреледі.  Яғни,  философияның  мақсаты  –  Библияның  негізгі 
қағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне келіп тіреледі.  

70 
 
Патристикадағы онтологиялық (болмыс) мәселелері Құдайдың төнірегінде 
қаралады. Патристика монотеизмді (бірқұдайлықты) қорғайды, көне замандағы 
көпқұдайлыққа қарсы шығады.  
Құдай  идеясы  патристикада  бір  жағынан  толық  игілік,  әділеттілік, 
құдіреттілік  тұрғысынан  қаралса,  екінші  жағынан,  ол  абсолютті  болғаннан 
кейін,  оның  ешқандай  қасиетін  сипаттауға  болмайды,  ешқандай  анықтама 
берілмейді,  өйткені,  Құдай  бұл  болмыстың  аржағында.        Бұл  Дүние  – 
жаратылған,  сондықтан  Жаратышудан  анағұрлым  төменде;  материя  – 
жаратылған нәрсе болғаннан кейін оның шырмауынан құтылуға болады.  
Сонымен  қатар,  бұл  Дүниені  Құдай  мақсатқа  лайықты  әсем,  игі  қылып 
жаратты.  
Патристикалық  философияның  терең  түп-тамыры  мистикаға  кетеді. 
Мысалы,  христиан  дінінің  “дүниені    жоқтан  жарату

,  троица  (үштік) 
қағидасы  қарапайым  сананың  да,  теоретикалық  ойлаудың  да  шеңберінен 
шыққан түсініксіз мистикалық нәрсе. Сондықтан, Тертуллианның  “credo, quіa 
absurdum  est

  (сенемін,  өйткені  ақыл-ойға  сыймайды),-  деген  нақыл  сөзі  сол 
кездегі  философиялық  ақуалды  шынайы  бейнелейді.  Енді  патристиканың  көп 
өкілдерінің  ішіндегі  аса  ірі  тұлғасы  киелі    Августинге  тоқтап,  оның 
философиялық көзқарастарын талдайық.                        
Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі - киелі Августин. 
Ол 354ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді. 
Августиннің  негізгі  философиялық  еңбектері  “Құдай  қаласы  жөнінде


“Сыр шегу, “Академиктерге қарсы

, “Жанның өлместігі

 т.с.с.  
Августиннің  шығармашылық  жолында  оның  христиан  дініне  өтуі  және 
оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.  
Егер  жас  кезінде  ол  ақыл-оймен  дүниені  тану  -  ең  биік  жетістік,  ал 
диалектика  -  ойлаудың  ең  негізгі  құралы  деп  есептесе,  Христиан  дініне  өтіп 
оны  іштей  қабылдағаннан  кейін,  оның  философиясында  негізгі  орынды 
Құдайға  сену  алады.  Сенімнің  арқасында  пайда  болатын  “ішкі  сәуле

 
анағұрлым биік санала бастайды.          
Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 
2 ғасырда өмір сүрген Тертуллианның “Сенемін, өйткені абсурдты

 (credo guіa 
absurdum),  яғни  ақыл-ойға  симайды,  қарсы  келеді,-  деген  пікірін  Августин 
қабылдамайды.  Керісінше,  ой  елігінен  өткізілмеген  сенім,  сенім  болмайды. 
Ақыл-ой арқылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі-қарай нығайтуы керек. 
Соныменен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. “Сенемін түсіну 
үшін

, “Түсінемін сену үшін

 деген көзқарасқа жол ашылады.  
Августин  “Сені  шақырамын,  Құдай-ақиқат,  сенде,  сенен,  сенің  арқаңда 
барлық  ақиқат  -  ақиқат.  Құдай-  дана,  сонымен,  содан,  сол  арқылы  даналыққа 
жететіндер жетеді. Құдай- зерделі сәуле, сонымен, содан, сол арқылы қайсы бір 
зерделі сәуле жарқырайды,- деп толғанып айтады.  
 
 
 

71 
 
Адам мәселесі. 
 
Августинді  адам  мәселесі  өзінің  жалпылығымен  емес,  керісінше, 
нақтылығымен  қызықтырады.  “Мен  өзім  өзіме  үлкен  мәселеге  айналдым

,- 
дейді ойшыл. “Мен өзімдегі барды қамти алмаймын

,- деп ол қынжылады.  
Өзінің “Сыр шерту

 деген еңбегінде Августин ешнәрсені жасырмай өзінің 
жан-дүниесін толығынан сыртқа шығарады, өз ішіндегі талай қайшылықтардың 
қаншама  зардап  әкелгенін,  соларды  шешу  жолында  қалайша  Құдайды 
мойындағаны жөнінде айтады.  
Августин адамның терең қайшылығын оның еркінен көреді. Ол Құдайдың 
еркіменен  көп  жағдайда  сәйкес  келмейді.  Осы  қайшылықты  аңғару,  адамның 
өзінің “Менін

 ашуға көмектеседі. 
Августинге  Христиан  дініндегі  құдайдың  үш  кейіптігі  зор  әсерін  тигізді. 
Егер  адам  Құдайға  ұқсатып  жаратылған  болса,  онда  оның  тұлғасында  осы 
үштікті  табу  керек.  Олар  біздің  өмір  сүріп  жатқанымыз,  болмысымыз,  біз 
өмірді  сүйеміз.  Және  біз  жағалай  қоршаған  ортаны  танып-біле  аламыз. 
Сонымен, өмір сүру, білу, сүю -  адамның болмысының үш жағы, олай болса, 
біздің жан-дүниемізде Құдай бейнеленеді. 
 
Ақиқат және оған жету мәселесі. 
 
Августин  философиясында  ақиқат  жан-дүние  мен  Құдайды  бір-бірімен 
қосатын  ұғымдардың  бірі.  Таным  үрдісі  түйсіктерден  басталады.  Қоршаған 
заттар  біздің  сезімдерімізге  өзінің  әсерін  тигізеді,  ал  жанымыз  олардың  бәрін 
белгілі бір тәртіпке  келтіріп заттың қабылдануына әкеледі.  
Августиннің айтуынша, сезімдік Дүние бізді тұрақтыққа әкелмейді - ол үне 
бойы өзгереді. Адамның денесі де өзгерісте, ал ақыл-ой - тұрақты.  
Олай  болса,  “ақыл-ой

  дегеніміз  жан-дүниенің  жанары  мен  жүзі,  сол 
арқылы ол ешқандай дененің көмегінсіз ақиқатты көре алады.  
Жағалай  қоршаған  заттарды  көру  үшін  күннің  сәулесі  керек;  Сол  сияқты 
ақиқатқа  жету  үшін  ерекше  сәуле  түсү  керек.  Ол  үшін  Құдай  идеясы  керек. 
Онда  танымның  3  бастауы  бар.  Ол-  оның  өмір  сүріп  жатқандығы,  тануға-
білуге болатындығы және соларды біліп- танылатын қылатындығы


Августиннің  ойынша,  Құдай  мен  ақиқат-  тең.  Бірақ,  олардың  арасында, 
сонымен қатар, айырмашылық та бар. Ақиқат- Құдайдың ойы. Бұл арада бізге 
Платонның  “Идеялары  әлемі

  есімізге  келеді.  Тек  қана  Августиннің  идеялары 
Жаратушының дүниені тудырар алдындағы ойлары ретінде түсініледі.  
Сонымен,  Құдайда  ойлау  заттардан  ерте,  ал  адамдарда  -  заттардан  кейін 
жүреді. Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп қалдық. 
 
Дүниенің жаратылу мәселесі. 
 
Августин  Дүниенің  жаратылу  мәселесін  ертедегі  гректерге  қарағанда 
басқаша  шешеді.  Плотиннің  Демиургі  Августиннің  Құдайынан  тіпті  бөлек. 

72 
 
Өйткені, оның жоғарысында “Идеялық әлем

 - үлгі ретінде, ал төменгі жағында 
мәнгілік өмір сүріп жатқан еш бітімі жоқ материя жатты. Сондықтан, Демиург, 
бір  нәрседен  екіншіні  жасаған  ұста  сияқты,  өйткені,  материя  мен  “Идеялар 
әлемін

 ол тудырған жоқ, олар мәңгілік өмір сүріп жатты.  
Августин мұндай көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы шығып, Дүние жоқтан (ex 
nіgіlo-  лат.  сөзі,  -  ешнәрседен)  Құдайдың  құдіретті  күші  арқылы  пайда  болды 
дейді. Ойшылдың айтуынша, шындықтың  пайда болуының үш жолы бар.  
1.  Генерация  жолымен  (generatіo  -  лат.сөзі,  -  туу,  ұрпақ)  яғни  тіршілік 
өзін-өзі  тудырып  отырады.  Мысалы,  сиырдан  бұзау,  жылқыдан  -  құлын, 
шешеден - бала туады; 
2.  Фабрикация  жолымен  (fabrіcatіo-лат.  сөзі  –  жасау)  яғни,  бір  заттан 
екінші затты жасау. Мысалы, ағаштан үй жиһазын, я болмаса үйді жасау, салу, 
саздан кірпіш құю т.с.с.  
3.  Жоқтан  барды  тудыру,  (creatіo-лат.  сөзі-жарату)  яғни,  өз  денесінен,  я 
болмаса басқа сыртқы заттан емес; Ол тек Құдайға ғана тән нәрсе
 
Зұлымдық және оның дүниедегі орны. 
 
Августин  бұл  мәселені  егжей-тегжей  талдап,  оның    онтологиялық-
метафизикалық, моральдық және физикалық жақтарын қарастырады.  
Метафизикалық-онтологиялық  тұрғыдан  келгенде,  Ғарышта  ешқандай 
зұлымдық  жоқ,  тек  қана  болмыстың  әртүрлі  сатылары  ғана  бар  (өлі  табиғат, 
өсімдіктер,  жануарлар,  адам  т.с.с.  Кейбір  тіршілікте  болып  жатқан  зұлымдық 
сияқты нәрселер,  шынына  келгенде, бүкіл Ғарыштық  біртұтастық  тұрғысынан 
алғанда көрінбей кетеді, біз тек бүкіл Дүниенің үйлесімділігін, керемет екенін, 
ұлы  гармонияны  байқаймыз,  өйткені,  Дүниені  мейірімді  Құдайдың  өзі 
жаратты. Әрине, шын өмірде бір нәрсе пайдалы, екінші - зиян, бір нәрсе әсем, 
екіншісі  -  түрсіз  деп  баға  береміз  -  ал  оның  негізінде  адамның  өзінің  ғана 
мүддесі  мен  мақсаты  жатыр.  Ал  Ғарыштық  біртұтастық  тұрғысынан 
қарағанда,  бұл  Дүниеде  әр  жәндіктің,  әр  заттың  өзінің  болмыстық  орны,  мән-
мағнасы бар. Олай болса, ол Дүниежүзілік гармонияның қажетті бөлігі. 
     Моральдық  тұрғыдан  алып  қарағанда  Августин  зұлымдықтың  түп-
тамырын  адамның  бұзылған  еркінен  табады.  Әрине,  адамның  еркі,  өзінің 
табиғаты бойынша, жақсылыққа ұмтылуы керек. Алайда, шынайы өмірде неше 
түрлі  қызықтыратын  өтпелі  заттар  болғаннан  кейін,  кейбір  жанның  еркі 
Құдайдың  көрсеткен  жолынан  ауытқып  жоғарғы  игіліктерге  ұмтылудың 
орнына төменгі құндылықтарды таңдайды, Құдайдың орнына - оның жаратқан 
нәрселеріне  ұмтылады.  Соңымен,  Дүние  құрылысының  әртүрлілігі, 
баспалдақтық табиғаты адам еркінің ауытқуына- зұлымдықтың Дүниеге келуіне 
себепкер болады. Адамның күнәға батуы Құдайдың шексіз игілігіне шектелген 
уақытша нәрселерге берілу, дүниенің гармониясын бұзуда. 
3.Физикалық 
тұрғыдан 
алып 
қарағанда, 
өмірде 
кездесетін 
бақытсыздықтар,  ауру,  өлім,  жан-дүниенің  қобалжып  денені  қысуы,  езуі  т.с.с. 
мұның  бәрі  де  “алғашқы  текті  күнәнің

  салдары,  яғни  моральдық  бұзылудың 

73 
 
нәтижесі.  Августиннің  айтуынша  “жан-дүниенің  күнәлікке  батуы-  бұзылған 
денеден емес, керісінше, бұзылған, күнәға батқан жан дүние денені ауырлатып 
бүлдіреді,- дейді. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты. 
 
Ерік, бостандық және игі дәнекерлік. 
 
 Дүниедегі  зұлымдықтың  түп-тамыры  адамның  еркінде  болғаннан  кейін 
Августин  оны  егжей-тегжей  талдап,  еріктің  тұрақсыздығын  көрсетеді. 
Августин  бұл  мәселеге  “коперникандық  төңкеріс

  жасап,  бостандық  -  ақыл-
ойдың емес, еріктің қасиеті деген пікірге келеді.  
Ерік  ақыл-ойдың  басқаша  көрінісі.  Ақыл-ойдың  қабылдайтынынан,  ерік 
бас  тартады.  Ақыл-ой  танып-біледі,  ерік  -  таңдайды  және  оның  таңдауы 
көбіне ақылға симайды.  
Алғашқы  тектік  күнә  -  ол  адамның  тәкәппарлығынан  шықты,  ерік 
ауытқып,  Құдай  талабына  сай  келмеді.  Адамның  кеудесінде  бос  ұлылық 
пайда  болып,  мен-мендікке  әкеледі,  содан  кейін  тек  өзін  ғана  мадақтап,  өзін 
ғана сүйеді.  
 “Адам  тек  өз  күшіне  ғана  сеніп,  Құдайдың  қолдауынан  бас  тартса,  ол 
әрқашанда  күнәнің  олжасы.  Бірақ  әр  адамның  құтқарушысына  сиынып,  ерікті 
түрде Құдайдың сыйына жетуіне мүмкіншілігі бар. Адам әрқашанда Құдайына 
сену арқылы өзінің күш-жігерін зұлымдыққа қарсы күреске жұмсап қана нағыз 
еріктікке ие болады.  
          
Схоластикалық философия (scholastіca-лат. сөзі, оқушы, ғалым). 
      
Патристикалық  философия  христиан  дінінің  негізгі  қағидаларын  жүйеге 
келтіріп  Х1  ғасырға  қарай  діни  философияның  екінші  сатысына  өтуге  жағдай 
жасады.  Патристиканың  мистикалық  жағы  жаңа  жағдайда  көп  ойшылдарды 
қанағаттандырмай,  Тертуллианның  жоғарыда  келтірген  нақыл  сөзі  басқаға 
“credo ut іntellіgam

 (сенемін-түсіну үшін) ауысады.  
      Құдайға  сену  бұрынғыдай  бірінші  орында  болса  да,  қазір  одан  кейін 
білім  қойыла  бастайды.  Негізгі  мақсат  -  құдіретті  аян  арқылы  берілген 
ұғымдардың мазмұнын анықтау, ақыл-ой елегінен өткізу бір-бірімен үйлесімді 
түрде ұштастыру т.с.с.  
X1-X11  ғасырларда  алғашқы  рет  универсалиялар  (жалпы  ұғымдар) 
жөнінде  қарама-қарсы  тұрған  екі  бағыт  -  номинализм  және  реализм  пайда 
болды (realіs,-лат. сөзі,- шындық, заттық; nomіnіs- лат. сөзі,- затқа қойылған ат).  
Схоластиканың  пісіп-жетілген  уақыты  X111-X1V      ғасырларда.  Негізгі 
идеялар  университеттерде  шыңдалады.  Негізінен  алғанда,  бұл  уақытта 
Платонизмның негізгі идеялары сыртталып, Аристотелизм оның орнына келеді.  
Схоластиканың соңында (ХVғғ.) сенім мен ақыл-ойдың үйлесімді болуына 
күмән келтіріліп, бірте-бірте “екі ақиқат

 ілімі тарала бастайды.   
Бүкіл  схоластика  –  шынайы  өмірмен  байланысы  жоқ,  өткен 
ғасырлардан  жеткен  кітаптардағы  ой-пікірлерді  зерттеп,  солардың 

74 
 
ашылмаған сырын табуға бағытталған философия болды. Сондықтан, жаңа 
заман  келіп  “тәжірибелік  білім

  етек  жайған  кезде  “схоластика

  деген  ұғым 
теріс мағна алып мазмұны жоқ, өмірден алшақ, бос сөздік ретінде қаралып және 
бүгінгі өмірде де солай түсініледі.  
Схоластиканың  алғашқы  кезіндегі  қойған  мәселесі  универсалиялардың 
табиғаты    (unіversalіs,-  лат.  сөзі,-  жалпы)  жөнінде  болды.  Бүгінгі  таңда 
универсалиялар деп біз филоофиядағы ең жалпы ұғымдарды айтамыз.  
Х1  ғасырдың  аяғы  мен  Х11  ғасырдың  басында  бұл  мәселені  шешуде  үш 
ағым пайда болды. Олар - номинализм, реализм және концептуализм.  
Номинализм  (nomіnіs,  -  лат.  сөзі,  -  заттың  аты)  схоластикадағы  жалпы 
ұғымдардың  болмыстық  мағынасын  мойындамайтын,  олар  тек  қана  ой-өрісте 
ғана  деп  санайтын  ағым.  Номиналистер  шын  өміріде  тек  қана  заттар  өмір 
сүреді,  универсалиялар  -  жалпы  ұғымдар  тек  қана  заттардың  аты,  біздің 
ауызымыздан  шығатын  дыбыстар  ғана,-  деген  пікірге  келеді.  Осы  тұрғыдан 
олар Құдайдың үш тұлғалығын да қатты сынға алды.  
Реализм  бағытына  келер  болсақ  (realіs,  -  лат.  сөзі,-  шынайы  зат),  олар 
номинализмге  қарсы  бағыталған,  универсалиялар  -  жалпы  ұғымдар  -  шынайы 
және адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді,- деген пікірді ұстайды.  
Концептуализм  бағыты  (conceptus,  -  лат.  сөзі,  -  ұғым)  жалпы  ұғымдар 
бөлек  өмір  сүре  алмай,  болмыстық  орны  болмағанмен,  бірақ  олар  тек  қана 
заттарға қойылған ой емес, негізінде ақыл-оймен қорытылған заттардың жалпы 
қасиеттерін бейнелейді, - деген пікірге келеді.  
Сонымен,  концептуализм  бір-біріне  қарсы  тұрған  екі  бағыттың  сыңар 
жақтығын байқап универсалия мәселесін дұрыс шешу жолына шығады.   
Схоластика  философияның  пісіп-жетілген  кезінде  өмір  сүрген  Орта 
ғасырдағы  аса  ұлы  тұлғалалардың  бірі  Фома  Аквинский    (1221-1274  жж.) 
Фома  Аквинскийдің  негізгі  еңбегі  “  Теология  жинағы

,  “Табиғаттың 
бастамалары

,“Мән мен өмір сүру жайлы

 т.с.с.  
Орта  ғасырлық  схоластикада  Фома  Аквинский  ең  көлемді  жан-жақты 
Құдайдың болмысын дәлелдеулерін келтіреді. Олар - бесеу.  
 1.Қозғалыс арқылы дәлелдеу. Бұл Дүниеде бірдеңе қозғалатынына ешкім 
күмән  келтірмес,-  дейді  ойшыл.  Мысалы,  оттың  актуальдық  жылуы  ағаштың 
потенциалдық  жылуының  актуальдық  жылуына  өтуіне,  яғни,  оны  өзгеріске, 
қозғалысқа  әкеледі.  Бірақ  белгілі  бір  зат  бір  уақытта  потенциалды  және 
актуальды  бір  қатынаста  бола  алмайды.  Актуальды  ыстық  зат  потенциалды 
ыстық  бола  алмайды.  Олай  болса,  бірдеңе  бір  уақытта,  қозғалушы  және 
қозғалтушы бола алмайды, яғни заттың өзі - өз қозғалысының қайнар көзі емес. 
Онда  қайсыбір  қозғалыс  басқа  қозғаушы  күшті  талап  етеді,  соңғы  тағы  да 
басқаны  т.с.с.  Бірақ  оны  шексіздікке  кетіру  мүмкін  емес.  Олай  болса,  біз 
бірінші  өзі қозғалмайтын қозғаушы күшті, қажет етеміз. Ол - Құдай.  
 2.  Тудырушы  себеп  арқылы  дәлелдеу.  Сезімдік  заттарға  назар  аударсақ, 
біз  тудырушы  себептердің  бірінің  артынан  бірі  келіп  отыратынын  байқаймыз. 
Алайда  бірде  бір  өзін-өзі  тудырған  затты  ешкім  көрген  жоқ.  Олай  болатын 
болса, зат өзінің алдында өзі Дүниеге келер еді - ол мүмкін емес.  

75 
 
Алайда,  тудырушы  себептерді  шексіз  соза  берсек,  онда  бірінші  себеп 
болмас еді, ол жоқта салдарлар да жоқ болар еді. Ол ақыл-ойға сыймайды. Олай 
болса, алғашқы Дүниені тудырған себепті мойындау керек. Ол - Құдай.  
 3.  Мүмкіндік  пен  қажеттілік  арқылы  дәлелдеу.    Біз  Дүниеде  болулығы 
мүмкін  және  мүмкін  емес  заттарды  күнбе-күн  көреміз.  Бүгін  бар,  ертең  жоқ. 
Бірдеңе Дүниеге келіп, содан кейін кетеді. Мұндай заттардың мәңгілік болмысы 
жоқ. Бірдеңенің бейболмысқа өтуі мүмкін болса, ол ертелі-кеш оған өтеді. Олай 
болса,  Дүниедегінің  бәрі  де  бір  күні  жоқ  болуы  мүмкін.  Олай  болса,  біз 
шынайы, бейболмысқа өтпейтін мәңгі Құдайды қажет етеміз.  
4.  Сатылық  арқылы  дәлелдеу.  Біз  заттардың  ішінен  әртүрлі  сатыдағы 
кемеліне,  игілігіне,  сулулығына  келгендерді  көреміз.  Дүниедегі  заттарды  біз 
бір-бірімен салыстыру арқылы бағалаймыз, бірақ мұның өзі ең кемеліне келген, 
сұлу, игінің қажет екенін талап етеді. Сұлулықтың, Ақиқаттың, Игіліктің соңғы 
себебі - ол Құдай. 
5.
 
Каталог: files -> book
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
book -> Дону конгдону с благодарностью
book -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
book -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
book -> Практикум по культуре речевого общения (Аспект «Анализ текста»)
book -> Глава а вы — гений?
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет