Қазақстан Республикасының Білім және


Эстафеталық жҥгіру әдісін ҥйрену



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата07.04.2017
өлшемі1,47 Mb.
#11278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Эстафеталық жҥгіру әдісін ҥйрену. 
 
Эстафеталық 
жүгіруді 
үйретпестен 
бұрын 
қысқа 
қашықтыққа жүгіру әдісін үйретіп, сосын эстафеталық  жүгіруді 
үйреткен  дұрыс.  Оқытудың  басты  мақсаты-  дұрыс  және 
белгіленген  ара  қашықтықта  кідірмей  тура  беру  болып 
табылады. 
1-мысал.    Эстафеталық  жүгіру  әдісін  кӛрсету,  түсінік  беру 
тәсілдері. 
Эстафеталық 
жүгіру 
туралы 
түсінік 
беру.  
Эстафеталық  таяқшаны  20  м  аралық  жоғарғы  жылдамдықта 
кӛрсету,  түсініктеме  жасау.    Әйгілі  желаяқтардың  эстафеталық 
таяқшаны  қабылдау  тактикасын  кино  құжаттары  арқылы 
кӛрсету, түсіндіру. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

55 
 
 2-мысал.  Эстафеталық  таяқшаны  беру  әдісін  үйрету,  тәсілдері. 
Эстафеталық  таяқшаны  тӛменнен  беру  әдісін  түсіндіру. 
Орнында  тұрып  эстафеталлық  таяқшаны  оң  қолмен  беруді 
үйрету.  Қол  жүгіріп  келе  жатқандай  қозғалыс  жасайды.  
Қозғалыс  кезінде  оқытушының  даусымен  таяқшаны  беру. 
Мысалы:  эстафеталық  таяқшаны  қабылдаушыға  старттан 
жүгіріп шығуды үйрету. 
Тәсілдері: 1. Бір қолды жерге тіреп, 15-20м ара қашықтықта 
старттан  жүгіріп  шығу.  2.  Бір  қолды  жерге  тіреп  ,старттан 
жүгіріп  шығып,  жеке  жолдың  бұрылысынан  кіру.    3.  Старттан 
жүгіріп  шығып  жеке  тік  жолмен  жүгіріп,  жолдың  бұрлысына 
кіру.  4.  Әдістемелік  нұсқау.  2-щі  және  4-ші  бӛлікті  жүгіруші 
жолдың сыртқы жағымен, ал 3-ші бӛлікті жолдың ішкі жағымен 
жүгіру  дұрыс  болып  есептеледі.  Мысалы:  4.  Жоғарғы 
жылдамдықпен  20м  арақашықтықта  эстафеталық  таяқшаны 
беруге үйрету. 
 
Тест тапсырмалары
 
2-3 - кезектегі таяқша берудің ерекшеліктері: 
A)  эстафеталық  таяқшаны  қабылдаушы  таяқша  беретін 
аумақтың ішінен сӛрелік қозғалыс жасайды 
B) эстафеталық таяқшаны қабылдаушы жолдың іш жоғында 
орналасады 
C)  эстафеталық  таяқшаны  қабылдаушы  жолдың  сырт 
жағында орналасады 
D) эстафеталық таяқшаны беретін, таяқшаны сол қолдан оң 
қолға ауыстырады 
E)  эстафеталық  таяқшаны  қабылдаушы  бақылау  нүктесіне 
дейінгі аралықты ұзартады. 
***** 
Эстафеталық таяқшаның қабылдау зонасы қанша метр: 
A) 10 м 
B) 15 м 
C) 20 м 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

56 
 
D) 25 м 
E) 30 м. 
***** 
Эстафеталық таяқшаның салмағы: 
A) 257г 
B) 200г 
C) 175г 
D) 150г 
E) 100г. 
***** 
Ұзындыққа секіруде итерлудің негізгі мақсаты: 
A)  секірушінің  денесінің  ортақ  нүктесі  қозғалу  кезінде 
кейбір бұрышқа ӛзгереді 
B) секіруде ең жоғарғы нәтижеге жету 
C) итерлу кезінде ең жоғарғы бұрышпен секіру 
D) аяқ итерлу кезінде ең жоғарғы амортизацияға жету 
E) екпінде алған жылдамдықты кӛбейту. 
***** 
Жүгіру кезіндегі тірек реакциясының күші: 
A)  мӛлшеріне  тең  және  аяқтың  жерден  итерілу  күшіне 
қарама-қарсы бағытталған 
B) аяқтың жерден кӛтерілу күшіне қарағанда мӛлшерден аз, 
бірақ әр қашан аяқтың жерден итерілу күшінен кӛп 
C)  тірек  периодының  кезеңінің  тұрақты  ӛзгерісте 
байқалады, бірақ итерілу күшінен артық. 
D) жүгіру жылдамдығына байланысты ӛзгереді 
E) аяқтың жерден итерілу күшінен аз. 
***** 
Қысқа  қашықтыққа  жүгіруде  классикалық  қашықтықтарға 
жататын: 
A) 30, 60, 100 м 
B) 60, 200, 300 м 
C) 100, 200, 400 м 
D) 200, 400, 600 м 
E) 100, 300, 500 м. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

57 
 
***** 
Қысқа қашықтыққа жүгіру тӛрт фазаға бӛлінеді: 
A) қолды тіреп, тіремей, жүрелеп отырып, аласа сӛре 
B) сӛре, сӛрелік қӛзғалыс, дистанция бойымен жүгіру, мәре 
C) екпін алу, ұшу, итерілу, түсу 
D) екпін алу, сӛрелік қозғалыс, мәре, қозғалысты тежеу 
E) сқрелік қозғалыс, ақтық қозғалыс, қолды тіреп жүгіру 
***** 
Спортшыға жүгіру кезіндегі ауыртпалық күші: 
A) тепе-теңдік жылдамдық қозғалысында кӛбейеді 
B) тепе-теңдік қозғалыс күшін тежейді 
C) жүгіру бағатын ӛзгертеді 
D) адымның ұзындығын және жылдамдығын кӛбейтеді 
E) итерілу бұрышын азайтады. 
***** 
Бір кезекте ұзындыққа секіруде қанша уақыт береді? 
A) 2 мин 
B) 1,5 мин 
C) 1 мин 
D) 3 мин 
E) 2,5 мин. 
***** 
Ұзындыққа  секіруде  әлем,  олимпиада,  халықаралық 
рекортын орындағанда желдің жылдамдығының мӛлшері: 
A) 2,5 м/сек 
B) 3 м/сек 
C) 2 м/сек 
D) 0,5 м/сек 
E) 5 м/сек. 
***** 
Жарысқа қатысушыға әр биіктікке… кезек беріледі: 
A) 1 кезек 
B) 2 кезек 
C) 6 кезек 
D) 4 кезек 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

58 
 
E) 3 кезек. 
 
 
Ҧзындыққа секіру әдісінің негізі. Жҥгіру (екпін алу). 
 
Жүгірудің  мақсаты  –  қозғалысты  бақылауға  ала  отырып, 
жоғарғы жылдамдыққа жеткізу. 
Мықты спортшыларда жүгіру адымдарының саны 38 – 39 м.  
ұзындықта 18 – 24- ге жетеді, әйелдерде 32  – 42  м.  ұзындықта 
16 – 22-ге жетеді. 
Спортшылардың арнайы жүгіру дайындығының дәрежесін, 
кӛбінесе,  жүгіру  кезіндегі  неғұрлым  кӛп  жүгіру  адымдары 
анықтайды.  Арнайы  жүгіру  дайындығының  деңгейіне  ұзындық 
пен жүгіру жылдамдығының байланыстылығы жатады.Екпінмен 
жүгіріп,  ұзындыққа  секіруді  тӛрт  бӛлікке  бӛлуге  болады:  екпін 
алу, серпілу, ұшужәне түсу. 
Жүгіру  дәлдігі  стандартты  ұзындықпен  жүгірудің  барлық 
бӛліктерінде  жүгіру  адымдарының  қарқынын  3,1%  азайтуға 
байланысты (С.Монастырев, 1987). 
Екпін  алу.Жүгірудің  алғашқы  жағдайы  маңызды  рӛл 
атқарады, 
ол 
секірушінің 
жағдайымен 
іс-қимылының 
тұрақтылығымен  сипатталады.Жүгірудің  алғашқы  нұсқасы  
бірнеше  түрлі  (орыннан  жүгіріп  келіп,  т.б.).«Орыннан  екпін 
алғанда  –  бір  аяғы  алда»  және  жеңіл  жүгіру  арқылы  қозғалыс 
жасау  неғұрлым  кӛп  қолданылады.Жүгірудің  орта  тұсында 
бірте-бірте  тіктеліп,  (75-80°)  қолмен  аяқтың  амплитудасы  арта 
түседі.Жүгірудің  соңында  дене  тік  қалыпқа  кӛшіріледі.Соңғы 
адымға  дейін  жүгірудің  дұрыс  техникасын  сақтау,  итерілу 
кезінде  «серпілу»  сезімін  және  қозғалғанда  ӛзіне  ӛзі  бақылау 
жасай  білу  аса  маңызды.Тәжірибелі  секірушілер  жүгірудің 
соңғы 3 адымында қозғалыс қарқынын арттыра түседі. 
Бүгінгі  таңда  жүгірудің  тӛрт  нұсқасы  қолданылады: 
жүгіруді  бірте-  бірте  арттыру:  тез,  жедел,  бастау,  орта  тұста 
сенімді  жүгіру  және  жүгірудің  соңында  жылдамдықты  арттыра 
түсу: тез, белсенді басталу, содан кейін орта тұста жылдамдықты 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

59 
 
үдемелеп  арттыру,  қозғалу  амплитудасын  арттыру  және 
жүгірудің  соңында  жылдам  жүгіріп  ӛту.Екпін  алудың  бастапқы 
кезін орындағанда, ең маңыздысы, ол белгіленген аяқты бақылау 
белгісіне қою маңызды. Бір есте  сақтайтын нәрсе,   егерде  екпін 
алу адымы тақ болған жағдайда бақылау белгісіне серпілетін аяқ 
қойылады  жене  қозғалысты  сермелетін  аяқ  бастайды.Екпін 
алудың 
бастапқы 
сәтінен 
бастап 
жылдамдықты 
алу 
басталады.Секірушінің  жүгіру  әдісі,  қысқа  қашықтыққа  тік 
жолмен  жүгіруге  ұқсас  келеді.Қол  және  аяқ  қозғалысы 
ауқымдыдененің  еңкею  бұрышы  80  градусқа  жетеді,  екпін 
алудың  соңына  қарай  дене  түзеледі.Осы  сәттен  бастап  назар 
серпілуфазасында болуы абзал,әр серпілу адымында табан жерге 
нық  қойылады,  ӛз  жүгіруін  қадағалап  отарады,  жүгіру  бір 
сызықпен  орындалады  және  жан-жаққа  теңселуді  болдырмау 
керек. 
Жүгірудің барлық варианты ерлерде 10, - 11м/с., әйелдерде 
9,0  –  10,0м/с.  Жылдамдықты  арттыруға  болады.  Неғұрлым 
тиімді, дегенмен итеруге қиын тиетін – тӛртінші нұсқа. 
Жүгірудің соңғы адымдарында итерілуге дайындық жүреді, 
ол  итерілудің  алдындағы  соңғы  адымда  жайлап  отырумен 
сипатталады.Бұл 
дене 
массасының 
жалпы 
орталығын 
тӛмендетуге  және  сол  арқылы  сапалы  итерілуді  орындауға 
әрекет жасайды.Отыру қозғалыс динамикасына кері әсер  етпеуі 
үшін  секірушілер  соңғы  адымда  күш  түсетін  ӛкшемен  итеріліп, 
жамбасты  алға  қарай  жіберулері  керек.Сӛйтіп,  денені  итерудің 
алдында  шамалы  иіліп  (2  -  4°),иықты  артқа  шалқайтып, 
жамбасты алға жіберумен жүзеге асырылады. 
Соңғы адымның ұзындығы ерлерде оның алдындағыдан 15 
– 20см, әйелдерде 5-10см қысқа болуы керек. Кейбір секірушілер 
соңғы екі адымды бірдей ұзындықта сақтап, тіпті, соңғысы оның 
алдындағыдан артық болуы да мүмкін. 
Серпілу.Секірудің  бұл  бөлігі  аяқтың  итерілетін  орынға 
қойылу сәтінен басталады.Аяқ толық табанға,  сырт жақ кіші 
бақай дөңес жағына қойылады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

60 
 
Кӛптеген  секірілушілер  аяқты  итеруді  ӛкшемен  жүзеге 
асырады, бұл жағдайда ӛкшенің жолдан 2-5см сырғанайды. 
Аяқты  жерге  қойғанда  секірушінің  бұрыш  параметрі  70 
градус  аяқ  тізе  буынан  сәл  бүгіледі.Cекіруді  бастайтын 
спортшыларға,  аяқ  күші  толық  дамымағаннан,  аяқты  жасанды 
түрде  бүгуге  болмайды,  себебі,  тірек  реакция  күшін  кӛтере 
алмауы  мүмкін.  Содан  кейін  тірелу  реакциясының  күші  тез-ақ 
пайда болады. ( Ол 800 + 150 кг. дейін жетіп, 0,020 с. Соң 250 + 
50 кг.дейін тӛмендейді. 
Осы  сәтте  секіруші  итерілгенде  қозғалыс  инерциясының 
күшімен  және  буындармен  (қол  және  бас  аяқ)  жолға  күш 
түсіреді. Бұл аяқтың буындарында иілуіне және аяқтың бұлшық 
еттерінің созылуына мүмкіндік береді. Бұлшық  еттердің созылу 
рефлекс  механизмі  бойынша  бірте-  бірте  қысқарады.  Бұл 
жағдайда  кинетикалық  энергияның  бұлшық  еттері  арқылы 
потенциялық энергиясы пайдаланылады. 
Амортизация  жағдайында  тізе  буынында  бұлшық  еттер 
неғұрлым  күш  туғызады.  Итерілген  аяқты  бүгу  кезінде 
тілерсекке күш түседі. 
Аяқ 
барлық 
буындарда 
бүгілгеніне 
қарамастан, 
амортизация  кезінде  дене  массасы  жалпы  орталығының 
қозғалыс  траекториясының  тӛмендеуі  болмайды,  ӛйткені 
итерілген  аяқ  тӛңкерілген  маятник  бойынша  тізе  буынына 
салыстырғандай 
айналады. 
Соның 
нәтижесінде 
Д.Ж.О.М(дененің жалпы ортақ массасы) 87% болып қалған,13% 
итерілген аяқтың бүгілуіне сай келеді. 
 
 
Осы  күш  әрекетінен  тізе  және  жамбас  сан  буындары 
бүгіледі.Тік кезінде,сермелетін аяқ  белсенді түрде алға жоғары 
шығады,  буындар  жазылады.Тік  моментіне  дейін  тірек  реакция 
күшінің  сәл  кӛбеюі  бұлшық  ет  күші  арқылы  және  сермелетін 
аяқтың  және  қолдың  жұмысы  арқылы  іске  асады.Тізе  және 
жамбас  буындарының  жазылуына  қатысуы  тік  моментінін  ӛту 
кезінде басталады. Қолдың және сермілетін аяқтың әрекеті алға 
жылжуды қамтамасыз етеді.Итерілудің аяқталуы табанының алу 
моментіне  дейін  тірек  реакция  күшінің  әрекеті  аз  мӛлшерде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

61 
 
байқалады.Оптималды  итерілу  бұрышы  75
0
қолайлы  ұшу 
бұрышы  -  22
0   
мӛлшерінде.Тез  итерілy,  горизантальді  екпін  алу 
жылдамдығы аздау болады яғни секірушінін ұшуы кӛбейеді. 
Ҧшу.  Секіруші  итерілгеннен  кейін  ұшу  бӛлігіне  енеді 
де,ДЖОМ-ның  (дененің  жалпы  ортақ  массасы)  траекториясын 
баллистикалық  қисық  бойынша  ӛткереді.  Секірудің  ұшу 
бӛлегінде  секірушінің  барлық  қозғалыстары  тепе-теңдікті 
сақтаумен  және  тиімді  жерге  түсуді  орындауға  бағытталған. 
Секірудің  қашықтығы  ұшудың  бастапқы  жылдамдығымен 
қамтамасыз етіледі, ол таңдаулы секірушілерде 9,4 – 9,8м\с. 
Ұшу  фазасын  үш  бӛлікке  бӛлуге  болады:1)Кӛтерілу,2)Тік 
бағытта алға козғалу, 3)Түсуге дайындалу. 
Итерілу  кезінде  бағытты  ӛзгерте  отырып,  секіруші  қажетті 
ұшу  биіктігіне  кӛтеріледі.Секірушінің  ұшу  кезеңін  кӛтерілуге, 
қозғалыспен  ұшуды  жалғастыруға  (секірудің  үш  түрінің  біріне 
сай келетін – «аяқты бүгіп, «иіліп» және қайшылау) және жерге 
түсуге бӛледі. 
Секірудің барлық тәсілдерінің кӛтерілу негізі біреу болады. 
Итерілгеннен  кейін  итерілген  аяқ  біршама  артта  қалдырылып, 
жамбасты алға қарай қозғалту есебінен бүгіле бастайды. 
Қол  итерілгеннен  кейін  біршама  тӛмен  түсіріліп,    тік 
қалыпқа  ие  болады  да,  тепе-теңдікті  сақтайды.    Осы  ӛтпелі 
жағдай  «ұшу  адымы»  деп  аталады.  Ол  секіру  ұзындығының 
бірінші  ширегіне  дейін  сақталады.  Ұшу  адымы  «аяқты  бүгіп» 
иіліп  немесе  «қайшылау»  әдістерін  орындауға  алмасады. 
Дененің  алға  қарай  айналып  кетуін  болдырмау  үшін  секіруші 
итерілгеннен кейін жамбасты алға қарай жіберіп, денені сәл ғана 
артқа итеруі керек, бұл жағдайда бір немесе екінші қолмен артқа 
жоғары  қарай  қозғалыс  жасалуы  және  серпілген  аяқты  түзету 
керек,  содан  кейін  тӛмен  түсіру  қажет.  Секіруші  кез  келген 
жағдайда ұшу адымында басталған басқа қозғалыстармен қатар, 
жамбасты  аздап  алға  қарай  жіберуі  керек.  Егерде  осындай 
қозғалыс  қалыптағыдай  болса,  онда  секіруші  тепе-теңдікті 
сақтай  отырып,  уақыттан  бұрын  жерге  түсуден  құтылады. 
Секіруші ұшу кезеңінің басында  осы қозғалысты игере отырып, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

62 
 
ұшудың  сәттілігіне  қол  жеткізуімен  қатар,  итерілуді  батыл 
орындайды. 
Жерге  түсу.Бұл  секірудің  соңғы  бӛлігі  алысқа  секірудің 
негізі  деп қарауға болады.Жерге  түсу  секірудің соңғы бӛлігінде 
секірушінің  БОМ  (біліктің  ортақ  массасы)  итерілу  уақытының 
биіктігіне  түскенде  басталады.Cекіруші  аяғын  тізе  буынынан 
түзетеді,иық  алға  жіберіледі,  шынтақтан  сәл  бүгілген  қол 
мейлінше  артқа  тасталады.  Нәтижелі  жерге  түсу  үшін  аяқты 
былай  ұстаған  абзал,  аяқтың  қиғаш  бӛлігі  түсетін  жерге  сүйір 
бұрыш  болғанда  алға  тастау  керек.  Жерге  табан  тиген  сәтте 
секіруші қолды алға тастайды,аяқты тізеден бүгеді. 
«Аяқты  бҥгіп»  секіру  әдісі.  Бұл  әдіс  ӛте  қарапайым  және 
қолдануға  қолайлы,  ӛйткеніжаңадан  секірушілер  алдын  ала 
кӛрсетпей-ақ,    ұзындыққа  секіруде  осы  тәсілді  қолданады. 
Адымдау  жағдайында  итерілгеннен  кейін  артқы  қалдырылған 
аяқты  алға  қарай  тартып,  екі  аяқты  да  кеудеге  жақындатуы 
керек.    Денені  бұл  жағдайда  алға  қарай  июдің  қажеті  жоқ.  
Жерге  түсер  алдында  шамамен  0,5  м  дейін  аяқтар  түгелдей  тік 
қалыпқа  кӛшіріледі.  Қол  басталған  қозғалысты  жалғастыра 
отырып,  алға  –  артқа  қарай  түсіріледі.    Осы  қозғалыс  жерге 
түсер  алдында  тізені  дұрыстауға  және  тепе-теңдікті  сақтауға 
мүмкіндік  береді.    Секірудің  елеулі  кемшілігі,  ұшқаннан  кейін 
алға  қарай  айналу  сәтін  ұлғайту  болып  табылады.  Итерілуден 
кейінгі аз ғана мӛлшердегі айналу елеулі түрде күшейеді. Аяқты 
бүгіп  және  еңкейгеннен  кейін,  секіруші  айналу  радиусын 
азайтып,  бұрыштық  жылдамдық  пен  айналу  сәтін  арттырады, 
соның  салдарынан  тепе-теңдікті  жоғалтады.  Тепе-теңдікті 
жоғалтпаудың алдын алу үшін, денені тіктеу мен қолды жоғары 
кӛтеру  бұл  тәсілде  ұзындыққа  секіруді  барлық  тәсілдеріне 
қарағанда тиімсіздеу. 
Иіліп  ҧзындыққа  секіру  тәсілі.  Бұл  секіру  мынандай 
жағдайда  орындалады:  «адымдап»  келіп  ұшқан  секіруші 
серпілген  аяқты  тӛмен  артқа  түсіріп,  осы  сәтте  сәл  ғана  алға 
қарай  жылжыған  итерілген  аяқ  тізе  буынынан  иіледі.Сол  сәтте 
жамбас алға жылжып (ДМОК салыстырғанда) секіруші бел және 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

63 
 
кеуде  тұсынан  бүгіледі.  Бұл  қозғалысқа  жартылай  бүгілген 
қолды  екі  жағына  немесе  артқа  –  жоғары  қарай  жіберу  жағдай 
туғызады. Иілген секіруші шамамен ұшу жағдайының жартысын 
ұшып  ӛтеді.  Осындай  жағдайда  секіруші  бір  сәттік  үзілісті 
сезінеді. 
Дененің  созылған  бұлшық  еттері  әдемі  иілуге  мүмкіндік 
береді және жерге түсу үшін аяқты жеңілдетеді. Тізеден бүгілген 
аяқтар тез артқа алға қарай жіберіліп, дене алға қарай иіледі, ал 
қолдар алға – артқа қарай түсіріледі. 
Егерде  секіру  техникасы  жетілдірілсе,  итерілу  техникасы 
бұзылмастан  орындалып,  ұшу  кезіндегі  иілу  мен  жерге  түсу 
дайындалу  ӛз  уақытында  орындалады,  олай  болса  бұл  тәсіл 
неғұрлым тиімді. 
«Қайшылау»  тәсілімен  ҧзындыққа  секіру  тәсілі.Бұл 
секірілу  жүгіріп  келуден  итерілуге  ауысуда  және  ұшу 
жағдайындағы  қозғалыста  адымдау  қадамының  құрылымын 
үйлестіру  есебінен неғұрлым тиімді.  «Қайшылау»  аты қозғалыс 
сипатын толық бере алмайды. Ұшу кезінде тіктелген аяқпен бір-
біріне  қарама-қарсы  қозғалыс  болмайды.  Секіру  кезінде  аяқтар 
2-3  адымдау  жағдайындағыдай,  бірақ  неғұрлым  еркін  және 
серпілмелі  қозғалыс  жасайды.  Сондықтан  бұл  тәсілді  «ауада 
жүгіру» деп атайды. 
Содан  кейін  сол  аяқ  серпілетін  ӛте  бүгілген  жағдайда 
жоғары  артқа  қарай  жіберіліп,  жерге  түсер  алдында  түзетіліп, 
итерілетін  аяққа  қосылады.Аяқ  алға  қарай  жіберілгенде  дене 
алға  қарай  еңкейеді.Адымдап  келіп  ұшқаннан  кейін  қолдар 
жоғары  кӛтеріліп,  әр  түрлі  шеңберлі  қозғалыстар  арқылы 
теңдіктер  сақтайды.  Сермелген  аяқ  жерге  түсірілгенде  сол  аяқ, 
оң қол шынтақ тұсынан түзетіліп, жоғары кӛтерілу арқылы артқа 
жіберіледі.  Бүгілген  басқа  қол  итерілудің  соңында  түзетіліп, 
содан  кейін  жоғары  жіберіледі.  Аяқты  алға  қарай  жібергеннен 
кейін  қол  тӛмен  түсіріліп,  дене  бүгіліп,  жерге  түсумен 
аяқталады.  Секірудегі  барлық  қозғалыстар  табиғи  түрде 
жасалып, бірінен кейін бірі жалғасады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

64 
 
Жерге  тҥсу.  Жерге  дұрыс  түсу  алысқа  секіруде  үлкен 
маңызға  ие.  Кӛптеген  секірушілер  жерге  дұрыс  түспеу 
салдарынан  ӛздерінің  тиісті  нәтижелеріне  жете  алмайды. 
Секірудің  барлық  тәсілдеріне  топталу,  жерге  түсуге  дайындалу 
ұшу  траекториясының  тік  кесіндісінен  бұрын  басталады,  бұл 
жағдайда  дене  массасының  жалпы  орталығы  ӛзінің  бастапқы 
деңгейіне  жетеді,  яғни  итерілген  сәттегі  биіктікке  деңгейлес 
келеді.  Жерге  түсуге  дайындалу  бірінші  кезекте  жамбасты 
кӛтерумен,  тізені  кеудеге  жоғары  кӛтеріп,  денені  неғұрлым 
июмен  қамтамасыз  етеді.  Сирақтар  бұл  жағдайда  тӛмен 
түсіріліп,  қолдар  жоғары  артқы  жағдайда  болады.  Осы 
ерекшеліктер жерге түсер алдында орындалуы керек. Аяқтарды 
бүгу және оларды ұстап тұру құмға түсер алдында орындалады. 
Жерге  түсер  алдында  ӛкше  жамбастан  сәл  тӛмен  болуы  керек. 
Дене  бұл  жағдайда  кӛп  иілмеуі  қажет,  ӛйткені  ол  аяқты 
неғұрлым  жоғары  кӛтеруге  кедергі  келтіреді.  Шынтақтан 
бүгілген қолдар жоғарыдан тӛмен түсіріліп, тӛмен сәл ғана артқа 
қарай  жіберіледі.  Табан жерге  тиісімен  аяқтарды  тізеден  бүгілу 
басталады.  Бұл  жерге  түсер  кездегі  соққыны  жеңілдетеді  де, 
дене  массасының  жалпы  орталығының  кедергіден  ӛтер  кездегі 
қозғалысына мүмкіндік береді. 
Жерге  түсуді  орындай  отырып  секіруші  бел  мен  аяқтарды 
бүгіп,  сәл  ғана  алға  қарай  жіберіледі.  Жерге  түсуден  басқа  – 
топталып  түсу  әдісінде  аяқты  жоғары  кӛтеріп,  бір  мезгілде 
денені алға қарай бүгеді. Секірушінің денесі неғұрлым бүгілетін 
болса,  жамбас  тұсы  соғұрлым  артқа  жіберіледі,  ол  аяқта  ұстап 
тұруға  қиындық  тудырады.  Сондықтан  топталып  түсу  әдісінен 
секіруші  жерге  түскенде  тиісті  жерге  түсу  нүктесіне  жақындай 
алмайды.  В.М.Дычковтың  мәліметіне  қарағанда  25см-ге  жуық 
жоғалтады. 
 
Тест тапсырмалары: 
 
Секірудің ең маңызды кезеңі: 
A) итерілу 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

65 
 
B) екпін алу 
C) таяқшадан ӛту 
D) итерілуге дайындалу 
E) жерге түсу 
***** 
Ұзындыққа секіруде жеңіскер анықталады: 
A) алдыңғы кезектегі жақсы кӛрсеткішінен 
B) аяқтық сайыстағы кӛрсеткішінен 
C) квалификациялы жарыстың ең жақсы кӛрсеткішінен 
D) 6 кезек кӛрсеткішінің нәтижесінен 
E) ақырғы кезектің нәтижесінен. 
***** 
Ұзындыққа  секіруде  түсетін  жардың  (кӛлемін,  ұзындығын, 
тереңдігін) кӛрсетіңіз: 
A) 2,75 х 7 х 0,5 м 
B) 3 х 6 х 0,75 м 
C) 3 х 3 х 0,5 м 
D) 2 х 5 х 0,75 м 
E) дұрысы кӛрсетілмеген. 
***** 
Ұзындыққа  секіруде  итерілетін  таяқшаның  мӛлшерін 
кӛрсетіңіз: 
A) 100 х 20 х 10 см 
B) 100 х 20 х 20 см 
C) 122 х 20 х 10 см 
D) 122 х 30 х 10 см 
E) 122 х 20 х 20 см. 
***** 
Ұзындыққа секірудің негізгі кезеңі (фазасы): 
A) екпін алу кезеңі 
B) ұшу кезені 
C) итерілу кезеңі 
D) түсу кезеңі 
E) итерілуге дайындалу кезеңі. 
***** 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

66 
 
Ұзындыққа секіруде итерлудің негізгі мақсаты: 
A)  секірушінің  денесінің  ортақ  нүктесі  қозғалу  кезінде 
кейбір бұрышқа ӛзгереді 
B) секіруде ең жоғарғы нәтижеге жету 
C) итерлу кезінде ең жоғарғы бұрышпен секіру 
D) аяқ итерлу кезінде ең жоғарғы амортизацияға жету 
E) екпінде алған жылдамдықты кӛбейту. 
***** 
Ұзындыққа секіруде жеңіскер анықталады: 
A) алдыңғы кезектегі жақсы кӛрсеткішінен 
B) аяқтық сайыстағы кӛрсеткішінен 
C) квалификациялы жарыстың ең жақсы кӛрсеткішінен 
D) 6 кезек кӛрсеткішінің нәтижесінен 
E) ақырғы кезектің нәтижесінен. 
***** 
Жеңіл атлетика секіру жағынан екі топқа бӛлінеді: 
A) алысқа, орынынан  секіру 
B) тік және алысқа секіру 
C) жүгіріп келіп, биіктікке секіру 
D) үштік, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру 
E) жүгіріп келіп биіктікке, арқанмен секіру 
***** 
Алысқа секіру тобы: 
A) жүгіріп келіп бір аяқпен секіру 
B) жүгіріп биіктікке «қайшылап» секіру 
C) жүгіріп сырықпен секіру 
D) екпінмен жүгіріп ұзындыққа, үштік секіру 
E) екпінмен жүгіріп кедергіден секіру 
***** 
Ұзындыққа секіруде жеңіскер анықталады: 
A) алдыңғы кезектегі жақсы кӛрсеткішінен 
B) аяқтық сайыстағы кӛрсеткішінен 
C) квалификациялы жарыстың ең жақсы кӛрсеткішінен 
D) 6 кезек кӛрсеткішінің нәтижесінен 
E) ақырғы кезектің нәтижесінен. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

67 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет