Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану»



бет1/5
Дата07.04.2023
өлшемі23,51 Kb.
#80389
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының
6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану»
Республикалық байқауының қағидасы


І. Жалпы ережелер
1. Осы қағида Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
2. 2023 жылғы дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауы сәуір айының 12-13 жұлдызында Түркістан қаласында өтеді.
3. Республикалық «Ясауитану» байқауының Қағидасын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК жанындағы Ғылыми кеңес ұсынысымен музей директоры бекітеді.
4. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1) Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау;
2) Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;
3) Жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;
4) Жас буынды елдік санаға баулу;
5) Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу;
6) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру;
7) Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.


2. БАЙҚАУДЫҢ өткізілу тәртібі.
2. 1. Іріктеу турларына қатысу тәртібі
1. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады.
2.Сайысқа www.azretsultan.kz веб-сайтына жарияланған 40 хикметті жаттаған оқушылар қатысады.
3. www.azretsultan.kz веб-сайтында жарияланған сұрақтар негізінде аудандық және облыстық іріктеу турлары өткізіледі.
І кезең орта мектептерде іріктеу сынынан жеңіп шыққан 5 оқушы аудандық іріктеу сайысына жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет