Қазіргі кездегі қазақ тілінде жастардың сойлеу мәнері
Әр нәрсенің пайдалы және зиянды екі жағы бар. Мақсат пайдалысын кәдеге асыру. Біз ақпарат технологиялары қарыштап дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Өте тез дамып, өзгеріп бара жатқан заман көшінен қалмауға тырысу дәуір талабы. Дегенмен, жаңа деп, тым еліктеп, бар байлығымыз асыл болмысымыздан айырылып қалуға жол беруге болмайды. Үлкенді сыйлап, кішіге үлгі көрсетіп, бабаларымыздан қалған басқа да құндылықтарды көзіміздің қарашығындай сақтап, заман көшіне ілессек ештеңеден кеш қалмаймыз.
Ұлт мақтанышы Ыбырай Алтынсарин: «Айшылық алыс жерлерден көзді ашып жұмғанша жылдам хабар алғызды» деп, ХІХ ғасырда ақ өнер білімге шақырған. Ғылым білімнің жемісі болған телефон бүгінде адамзат қызыметінде. Онсыз тірлікті көзге елестете алмайтын маңызды қарым қатынас құралына айналды...
Десек те, ұялы телефонды пайдаланудағы көптеген келеңсіздіктер туралы да аз айтылып жүрген жоқ. Солай екен, ұялы телефондар, басқа да озық технология жетістіктерін пайдалануда барынша сергек бола түсуге міндеттіміз.
Ұялы телефонды пайдаланудағы көп келеңсіздіктердің бірі онымен сөйлесудегі олқылықтар. Әдеп ұялы телефонмен қарым қатынас жасалғанда да сақталуы керек. Көпшілік жиылған орталарда, оқуда, жиналыста, әр түрлі денгейдегі кештерде оны өшіріп қойған абзал.
Бірлік кетеді деп барынша уақытты үнемдегеніміз дұрыс шығар. Бірақ, сөз сәлемнен басталатынын ұмытпау керек. Басы жоқ, аяғы жоқ, кейде біреулер телефон соғады да, телефон тұтқасын алған бойдан сәлем жоқ:
- Сен кімсің, деп дүнк ете қалады. Мұндайда не деріңді білмей қаласың да. Кібіртектеп:
- Кім керек еді? деп, телефон соғып тұрған адамның кім екенін білмесең де, әдеп сақтап, жөніңді айтасың. Ал ол болса, іздеген адамы емес екеніңді біледі де, өзінің кім екенін айту қайда, мазалағаны үшін кешірімде сұрамайды, телефонын өшіре салады.
Дана бабаларымыз «сөз атасы сәлем» деп, сөзді сәлемнен бастауын насихат еткен. Олай болса телефон арқылы сөйлескенде де сөзді «Ассалаумағалейкум!» деп бастау керек қой деймін. Бұл ең алдымен өзіңе құрмет көрсеткеніңнің белгісі. Әдепті болсаң әдемісің. Осыны ұмытпайық достар!!!
Тіл жалпы және абстрактілі құбылыс ретінде әралуан акт қолданыстары мен түрлерінің жүзеге асуы арқылы, белгілі бір нақты жағдаяттардың орындалуы арқылы көрініс табады. Яғни сөйленіс тіл арқылы жарыққа шығады. Бірқатар ғалымдардың зерттеуі бойынша, сөйленімнің түрлері әртекті, әр алуын. Дегенмен, олар екі негізгі формаға сәйкестендіріледі, олар – ауызша және жазбаша формалар. Бұл формалар күрделі бірлікте құрылады және әлеуметтік-тілдік тәжірибеде (қолданыста) бірдей мәнде болады, бірдей қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынас осы екі форманың күрделі тұтастығын білдіргенмен, олардың әрқайсысы жеке дара күйінде көріне алады және жеке (индивидуальді) сипаты мен ерекшеліктері болады. Ең алдымен, тілдің ауызша және жазбаша формалары арасындағы айырмашылықтар әрқайсысының өзіндік жеке материалды негізінің болуы арқылы, тұрмыстық қолданыстағы ерекшеленген формалары арқылы көрініс табады. Ауызша тілдің материалды негізі – бұл ауада таралатын дыбыстық толқындар; жазбаша тілдің материалдық негізін кез келген тәсілмен жазылған контрастық фондағы әріптер құрайды (бояу, жарық, т.б.). Жалпы ауызша сөзді жазба сөзбен салыстырғанда олардың негізгі ерекшеленетін тұстары айқын байқалатыны белгілі. Ауызша сөз жазба тілдегі нормадан ауытқығанда оның артықшылығы көрінеді деп есептеледі. Сондықтан жазба тіл дұрыс сөйлеудің жалғыз варианты ретінде ұғынылады: «устная речь перестает осознаваться не только как первичный, но вообще и как самостоятельный феномен, имеющий позитивную ценность и позитивные признаки, а рассматривается как результат ситуативной редукции «кодифицированной», «правильной», то есть письменной речи» [1].
Ұзақ уақыт бойы жазба сөз әсіресе көркем әдебиетте, ресми қарым-қатынаста, ғылыми ақпараттарды сақтауда және оларды тарату салаларында қызмет етіп келеді. Әсіресе тілдің тұрмыстану формасының Интернет көмегімен жасалған қарым-қатынас кезіндегі көрінісі ерекше назар аудартады, себебі, коммуниканттардың барлық репликасы (сөздері) графикалық формада тіркеліп қалады, яғни «жазылады». Бұл фактінің нәтижесінде әртүрлі желілік баспалардың корреспонденттері мен Интернеттің белсенді қолданушылары қарсыластарымен дауласа отырып, желілік қарым-қатынастың ең бір оңтайлы, маңызды ерекшелігінің бірі ретінде эпистолярлы жанрдың қайта өркендеуін айтады. Осыған орай,коммуниканттарға аса қажет қабілет деп жазбаша тілде жеткізу кезінде ойды нақты әрі айқын беру саналады. Дегенмен, тілші ғалымдар (лингвистер) мұндай көзқарасты одан әрі талдамайды, себебі, сөйленіс, тілдің ауызша және жазбаша формасы тек әртүрлі материалдық негіздің болуымен ғана емес, сондай-ақ олардың жеке табиғи болмысындағы әртүрлі ерекшеліктерге байланысты екенін түсіндіреді. Себебі олардың екеуінің табиғи болмысында тілдік көрінісін жарыққа шығару механизмдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер болады және оның жүзеге асуы шарттарында да өзгешеліктер байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |