Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі



бет43/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
«Инноватика» қоғамдағы инновациялық үдерістердің өсу қарқынын сезінуге қабілетті заманауи ғылыми ойлардың маңызды бағыты ретінде айқындалады, сәйкесінше иннова­ циялық үдерісті – жаңашылдықты құру, тарату және меңгеру арқылы білім беруді дамыту үдерісі ретінде түсіну қажет.
Қазіргі кезеңде ЖОО оқытушылары үшін кәсіби әрекет педагогикалық үдеріске инновациялық технологияларды ендіру бағыттылығымен анықталады.
Инновациялар, инновациялық іс-әрекет инновациялық ойлауды қалыптастыруды талап ететіні сөзсіз. Инновациялық ойлау төрт диалектикалық өзара байланысқан кезеңнен тұрады:

  • когнитивті – ойлау жүйесіне жаңа білім мазмұнын тану мен инновацияны генерациялау арқылы өтетін педагогтің субъективті шындығындағы инновацияның пайда болу үдерісі;

  • жобалау – пәнаралық, интеграциялық тұғыр негізінде субъектінің танымы, ең алдымен, түрлі философиялық құрылымдар, таным теориясы, психология, педагогика;

  • инструменталды – педагог-инноватордың тәжірибедегі технологиялық инновацияларды тудыру кезеңі;

  • түзетушілік, онда педагог-инноватор педагогикалық тәжірибені жетілдіру мақсатында оған жаңаны ендіруді түзетіп, ыңғайластырады.

Зерттеу университеттеріндегі иннова­ циялық іс­әрекеттің мәні мен маңызы
Жоғары оқу орындарында қайта жаңарту жолдарын іздестіру көптеген бағыттар бойынша жүріп жатыр. ЖОО жұмысындағы мәнді өзгерістер білім беру үлгісін ауыстырумен тікелей байланысты болады. Қазіргі қазақстандық ЖОО-ларда жаңаны ендірудің тиімді жолының бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты зерттеу университетін құру. Бұл тұрғыда шетелдік тәжірибе жоғары маңыздылыққа ие, әсіресе АҚШ тәжірибесі, ондағы ғылыми-техникалық даму, инновациялық экономиканың қалыптасуы, бизнестің, жұмыс орнын берушілердің, ғылым мен білім интеграциясы. Америкалық зерттеу университеттері

  • бұл, ең алдымен, мемлекет пен ұйымдық қаржыландыру қолдап отыратын озат іргелі зерттеулер жүргізілетін орталықтар, оқытушылар мен студенттері белсенді жұмылдырылған университет қабырғасындағы шынайы ғылым мен білім. Сонымен қатар зерттеу университеттері

  • аймақтық экономикалық дамуға әсер етуші, технопарктерді қалыптастырушы, кәсіпкерлік инкубаторларды қолдау мен кіші бизнесті қолдауға септігін тигізетін орталықтар. Және де бұл – елдің қоғамдық дамуында маңызды рөл атқаруға міндетті ұлттық элитаны қалып­ тастырушы орын. Сол себепті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1754 жылы құрылған Колумбия университетімен тығыз қарым-қатынаста. Колумбия университеті 2007 жылы жалпы ұлттық рейтингте 9-орын алған.

Зерттеу университеттеріндегі инновациялық іс-әрекеттің мақсаты аймақтағы кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына ықпал ету, өндіріс пен бизнестің байланысын нығайту, жаңа компанияларды құруға қатысу арқылы нарықта озық технологиялық өңдемелерді шығару болып табылады. Кей жағдайда компаниялар университет тарапынан патенттелген және лицензияланған озық технологиялар базасында құрылады. Зерттеу университеттері жаңадан құрылған компаниялардың капиталына қатысады, қызығушылықтан туындаған кикілжіңдерді реттейді, себебі университет мәртебесі бойынша, бұл қоғам қамы үшін қызмет ететін және білім өндіретін, пайда алатын корпорация болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы өзгерістерді айта отырып, біз басшылық құрылымда, міндеттерде, технологияларда, адам факторында өзгеріс енгізу туралы шешімін меңзейміз. Инновация деген не? Бұл жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет (немесе бұрынғыны қанағаттандыруға жаңа жол ұсыну), оның негізінде жаңа білімді жаңа технологияға, ноу-хауға, жаңа комбинацияларға айналдыру жатыр. Өзгерістен сезілетін қауіп шынайы немесе қиял, тікелей немесе жанама, маңызды немесе маңызды емес болуы мүмкін. Өзгеру табиғатына қарамастан қызметкерлер оның нәтижесінен қорғануға тырысады, арызданады, енжар қарсылық көрсетеді, сол арқылы еңбек қарқындылығы төмендеп, іріткіге алып келеді. Өзгеріске қарсылық ретінде кез келген қызметкерлердің (ректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, оқу-көмекші қызметкерлер) еңбек үдерісіндегі өзгерісті жүзеге асыруға қарсылық немесе тосқауыл қою, сенімсіздендіруге бағытталған әрекеті түсіндіріледі. Қарсылық себептері қызметкерлердің қауіпсіздікке, әлеуметтік өзара қатынасқа, статусқа, біліктілікке немесе өзін-өзі сыйлауға деген қажеттіліктеріне төнген қауіп болуы мүмкін.
Өзгеріске қарсылық көрсетудің негізгі себебі – онымен байланысты туындаған психологиялық ұстанымдар. Бірақ уақыт өте келе жаңа тәжірибе алу, жаңаны қабылдауда, оған қарсылық көрсету азаяды. Әрине, барлық өзгерістер қарсылық тудырмайды, кейбірі алдын ала асыға күтілген болып қабылданады; кейбір өзгерістер аса маңызды емес және байқалмай қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қарсылық болса, ол өте әлсіз болар еді. Өзгерістерге қарсылық көрсетудің тікелей себептері, әдетте, келесідей болады:

  • өзгеріс табиғатынан туындаған қызметкерлердің ыңғайсыздықты сезінуі, қызметкерлердің техникалық шешім қабылдаған уақытта оның дұрыстығына сенімсіздік танытқанында, тап болған белгісіздікті кері қабылдауында, қорыққанында, қауіпсіздік сезімін толық сезінбегенде көрініс табады;

  • өзгерісті жүргізу әдістері: қызметкерлер ақпараттың шектеулі екендігіне көңілдері толмайды, олардың өзгерісті жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз етпейтін авторитарлық ұстанымды қабылдамайды;

  • қызметкерлердің әділетсіздікті сезінуі,себебі олар жүзеге асырған өзгерістің пайдасын басқалар иемденеді. Аталған үш себептің барлығы да болған жағдайда қарсылық өрши түсетіні анық.

Өзгерістер әр оқытушыға әсер етеді және оған қатынасына қарай түрлі реакциялар туындайды. Басқарушылар мен қызметкерлердің санасы мен мінез-құлқында жаңашылдықты сәйкес қабылдауға кедергі келтіретін стереотиптердің тегіс бір жинағы пайда болады. Бұл таптаурындар өзгеру үдерісінің қарқынын кемітіп, жоспарланғаннан да көп шығын жұмсауға, ұйым ішіндегі өзгерістерге қасақылық жасауға алып келеді. Осылайша, қабылдау таптаурындары «Иә, бірақ...» тақырыбында бірнеше нұсқаларды қамтиды. Бұл нұсқаларды А.И. Пригожин талдаған. Олардың бірнешеуін тізіп көрсетер болсақ:
«бұл бізде бар»: мысалы, ұсынылған өзгеріске ұқсас бейнелердің болуы. Ұсынған тарап өз ұсынысы мен сол ұйымда бар ұқсас бейне арасындағы айырмашылықты дәлелдеуге міндетті;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет