Бағдарламасы Модуль атауы: км 08 «Білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету» Мамандық: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»



бет1/38
Дата28.12.2022
өлшемі112,66 Kb.
#60059
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім Жоғары колледжі


«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_________ Токтаубаева Б.А.
«___» ___________ 2022 ж.
Модуль бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
Модуль атауы: КМ 08 « Білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету»
Мамандық: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
(коды мен атауы)
Біліктілік: 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Оқу түрі: күндізгі
Жалпы сағат саны: 96
Топ: НО-27, НО-29,ФК-21

Семей, 2022-2023


Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырған оқытушы_______Казангапова А,К.

Жұмыс оқу бағдарламасы ПБК отырысында талқыланды және қарастырылды


№ _1__хаттама «__ __»___09___ 2022 ж.


ПБК жетекшісі _____________________
Оқу әдіскері ________Қилымбекқызы. А

Пән туралы жалпы мәлімет


«Педагогика» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша жұмыс оқу жоспары мен білім беретін оқу бағдарламаларына бағдарламаларына (2017 жылғы31қазан №553 бұйрығымен) сәйкес 01140100 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша әзірленген.


Пәннің мақсаты: педагогикалық іс-әрекет туралы тұтас түсінік беріп, педагогикалық білімді анықтауға, оларға түсінік беруге үйрету, кәсіби және зерттеу іскерліктерінің, педагогтың кәсіби құзыреттіліктерінің негізін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- болашақ мұғалімдердің ақпараттық, коммуникативтік және проблеманы шешу құзыреттіліктерін қалыптастыру.
- қазіргі заманғы педагогикалық идеялармен және теориялармен таныстыру;
- студенттердің кәсіби педагогикалық бағыттағы теориялық педагогикалық ойлауын дамыту;
- білімдік парадигманың өзгеріп, білімдік жаңа стандарттардың енгізілуі жағдайында оұу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға қажетті іскерліктерді қалыптастыру.
«Педагогика» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады; дәріс, дәріс – диалог, проблемалық дәріс, кіріспе дәріс, семинар, іздену семинары, экскурсия, тәжірибелік сабақтар, сабақ – практикум және басқалар.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, пікірсайыс, жағдайлық мәселелерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, рольдік және іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және басқалар.
Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, проблемалық оқыту, ойын, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, модулдық, ақпараттық-коммуникациялық, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болды.
Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
«Педагогика» пәнін Психологи, жеке пәндерді оқыту әдістемесі, әлеуметтану, философия пәндерімен байланыстырып оқыту ұсынылады.
Жұмыс оқу бағдарламасы жаңа педагогикалық технологиялар, психология, этиопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі, зерттеу әдістемесі пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.
Осы жұмыс бағдарлама «Педагогика» пәнінің мазмұны мен дайындық деңгейде талаптарды жүзеге асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.
Оқытылатын пән сабақ кестесінің келісімімен жүргізіледі. Әр аудиториялық сабақ ұзақтығы 80 минут.
«Педагогика» пәні бойынша барлығы 96 сағат бөлінген. Соның ішінде теориялық сабаққа 40 сағат, практикалық сабаққа 56 сағат,




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет