Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Ескерту: бұл материалдар Батырбек және Асылбек Айтжановтардың мақалаларының негізі бойынша жазылды. Ысқақ баб пен



бет37/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153
Ескерту: бұл материалдар Батырбек және Асылбек Айтжановтардың мақалаларының негізі бойынша жазылды.

Ысқақ баб пен

Баба Түкті Шашты Әзиз
Қожа Ахмет Йассауидің ата-тегі жөнінде дерек беретін, оның әкесі Ибраһим атаның өз қолымен жазылған делінетін «Насабнаме» шежіресіне, сондай-ақ А.А.Кастанье, В.Коллосовский және бірқатар қазақ зерттеушілерінің Ысқақ баб жөніндегі еңбектеріне сүйене отырып, Ысқақ баб – Қожа Ахмет Йассауидің (1166 жылы қайтыс болған) арғы сегізінші бабасы. Ол VIII-IX ғасырларда өмір сүрген. Қыпшақ даласына ислам дінін таратуда үлкен рөл атқарған әскербасы. Халық аузында лақап болып кеткен аты – Баба ата. Басында Сирияда билік құрған Ысқақ баб інісі Әбді Жәлил бабпен бірге Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін жаулап алып, ақырында Қаратау баурайындағы ескі кент Баба Атада дүниеден өтті.

Ысқақ баб өмір сүріп, билік құрған және өмірден өткен Баба ата қаласының орны бүгінге дейін жақсы сақталған. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында орналасқан бұл жер қазір «Бабата ауылы» деп аталады. Мұнда Ысқақ бабтың екі күмбезді кесенесі бар. Оның ішіне әулиенің өзі және әйелі мен баласы жерленген. Кесене қасындағы медресе қалдығы да сақталған. Кесене құрылысын бастарда Қосым ишанның баласы Аппақ ишан түйе шөгеріп, сол арқылы құбыланы көрсетер михраб орнатқан деседі. 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдығына орайластыра Ысқақ бабқа Оңтүстік Қазақстанда облыс көлемінде үлкен ас берілген.

Ысқақ баб Орта Азияға, соның ішінде Түркістанға келген ислам дінін орнықтырушы алыптардың бірі. Ислам жолындағы жиһадта «Исламның қылышы» атанған Хазіреті Әли Мұртаза ибн Әбу Талибтың жетінші ұрпағы. Түркістан әлеміне «Ислам аша» келгендегі зор еңбегі үшін Орталық Азиядағы түркілер қауымы арасында Ысқақ ат Түрк деген құрметті атақты иеленген. Ысқақ баб сауатты жазу-сызуды жетік меңгерген және келешек қамын ойлаған, сол себепті артына хат қалдырған жан. Ол Түркістанда, Сарай, Омда бірінші болып мешіт салады. Оған 3500 алтын ақша қаражат жұмсады деп «Насабнамада» ашық көрсетіледі. «Насабнама» да Ысқақ баб пен оның серіктерінің Түркістан жеріне Хижраның 150 жылдары (766-768 ж.ж.) келгені айтылады. Сондықтан, Исламды орталық Азия мен Түркістанға тұрақтандырып жолға қойған тұлғалар Абд ар-Рахман баб, Ысқақ баб, Абд ал-Жалил баб деп айтуға негіз бар. Ысқақ бабтан тараған ұрпақ бұл күнде үлкен екі атаға бөлінеді. Бірі – Садыр Шайхтың үлкен ұлы Данышпан Қожадан тарайтын аққорғандық қожалар. Бұл әулет Бурхан Шайх, Қара шайх, Қарақшы ата, Қауғандық ата, Оқшы ата деген бес атаға бөлініп, ғұмыр кешіп келеді. Екіншісі – Садыр шайхтың екінші ұлы Әбді Мәліктен тарайтын Бақшайыш ата ұрпағы. Бұл әулеттерден медресе ұстаған, ғылымды қадір тұтқан жандар көп шыққан. Соның бірі Сарыарқадан Тарбағатайға дейінгі аймақта ілім таратқан Бақшайыш және оның ұрпақтары Әбибі қожа (Саяқып қожа), оның тұқымдары Берді қожа, Әуез қожа, т.т. болды. Қазақтың жарық жұлдызы Абай да Әуез қожадан өз заманында тәрбие-сабақ алды, оның бойындағы мұсылмандық ілімнің іргетасы ел ішіндегі қожа-молдалардың ықпалымен қалыптасты.

Ал, Баба Түкті Шашты Әзизге келсек, ол IX ғасырда өмір сүрген. Оның Ысқақ бабпен замандас болғанын білдіретін ел аузында төмендегідей аңыз сақталған. Сыр бойына келген Ысқақ баб жергілікті халыққа мұсылман дінін ендіруде күш-зорлыққа бармай, оның орнына діни уағызды күшейтіп, насихат, иландыру арқылы елді өзіне қаратуға тырысады. Ислам дінін мойындағысы келмей, «Бұл діннің қандай кереметі бар?» деп кері тартқандарға, Алланың құдіретін таныту үшін алпыс түйе сексеуіл, баялыш әкеліп үйгізіпті. Содан соң оның үстіне Баба Түкті Шашты Әзизді қолына Құран кітабын ұстатып, Құбылаға қаратып отырғызады да, от жағады. Қаптаған жұрттың көз алдында отын әбден жанып бітіп, көпшілік қып-қызыл шоқтың үстінде түк болмағандай Құран оқып отырған Шашты Әзизді көреді.

Баба Түкті Шашты Әзиздің сағанасы Ысқақ бабтың мазарынан онша қашық емес, шамамен отыз шақырымдай жерде. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы Құмкент ауылының маңында буы бұрқырап жатқан «Жылыбұлақ» атты қайнардың жағасында тұр.

Баба Түкті Шашты Әзиз машайық, дәруіш болған, үсті басын түк басқан, шашын ұзын етіп өсірген деседі. Ел арасында ең ірі әулие саналады.

Әйгілі «Алпамыс» жырындағы жалғыз ұлға зар болған Байбөрі мен Аналықтың түнейтін орны – осы Шашты Әзиздің жерленген жері. Басында бұрын белгі жоқ, тек ақшеңгел болып, ол етектеріне жабысып жүргізбеген деседі. Сонан кемпір мен шал осында түнеп, түстерінде Шашты Әзиз Алланың бұларға бір ұл, бір қыз беретінін аян етеді және «Ұлдың атын – Алпамыс, қыздың атын – Қарлығаш қой» деп бұйырады. Сөйтіп, Шашты Әзиздің басына кесенені тұңғыш рет осы Байбөрі мен Аналық тұрғызған екен.

Баба Түкті Шашты Әзиздің басына екінші рет кесене тұрғызған адам – оның ұрпағы, Құмкентте туған, Алтын Орданың атақты әмірі Едіге би делінеді. Мұнан кейін 1753-55 жылдары оның басына қайта ғимарат көтеріледі. 1925 жылы бұл ескі мазар да бұзылып, ол сол жылы қайта түзетіледі. 1942 жылы партияның қызыл белсенділері кесенені талқандап, қыштарын әкетіп, монша салған. Елдің айтуынша, моншаға бірінші түсушілер мен кесенені бұзушылар шетінен мүгедек болып, бірнешеуі кенеттен көз жұмған көрінеді. Мұнан кейін кесененің қайта қалпына келтірілуі 1962-70 жылдары болған.



Көз көргендердің айтуынша сол кезде кесене күмбезінің өзі қырық екі жерден тесік екен. Себебі, 1932 жылы ашаршылықта аш адамдар әулиенің бұлағынан балық ұстап, сағананың ішінде от жағып пісіріп жеу үшін, түтін шықпаған соң айналдыра желдің ық жағынан таспен ұрып тесе берген. Әулие мазары 1996 жылы Серікжан Сейітжанов дейтін кәсіпкердің қаржылай демеуімен жаңаланып қайта салынды және біткесін Республика көлемінде үлкен ас берілді. Осылайша әулиенің кесенесі бес рет қайта тұрғызылған.

«Насаб-нама» төмендегі схемадағыдай ұрпақтарға ауысып отырған.



  1. Маулана Захид ад-дин шайх

  2. Ахмад шайх

  3. Баха ад-дин шайх

  4. Құтб шайх

  5. Абдаллах шайх

  6. Ахмад шайх

  7. Қара шайх

  8. Баха ад-дин шайх: а) Кусаин шайх

б)Қара шайх

  1. Ахмад шайх

  2. Қожа шайх

  3. Шаих жан

  4. Қожа шайх

  5. Өзбек қожа

  6. Құлжан қожа

  7. Ешмұхаммед қожа:

А) Балмұхаммед қожа

Ә) Алмұхаммед қожа





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет