Балалар фольклорының зерттелуі Балалар фольклорын зерттеуші ғалымдар



бет1/10
Дата25.05.2023
өлшемі232,19 Kb.
#97095
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ Білім беру және педагогика жоғары мектебі Филология, журналистика кафедрасы БОӨЖ №1


Қабылдаған: Ляззат Егізбайқызы
Орындаған: КЯ-22/2 оқу тобының білім алушысы Шамшимет М. Т.
Қызылорда 2022-2023жж.

Балалар фольклорының зерттелуі

1. Балалар фольклорын зерттеуші ғалымдар

2. Балалар фольклорының жанрлары

Фольклор- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тəсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы. Қазақ халқының мəдени жəне рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дəстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі. Егер фольклористика ғылымының тарихи қалыптасуына көз жіберетін болсақ онда оның дамуы мен өсу жолы шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді.

Фольклор- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тəсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы. Қазақ халқының мəдени жəне рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дəстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі. Егер фольклористика ғылымының тарихи қалыптасуына көз жіберетін болсақ онда оның дамуы мен өсу жолы шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді.


20-30 жылдар аралығы
Екінші дүниежүзілік соғыс
жылдары
Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі жылдар

Қазақ фольклористикасы 20-шы жылдары айырықша бой көрсетті. Əрине бұл кезеңде Х.Досмұхамедов, М.Əуезовтың қатысуымен қазақтың батырлық жырлары, басқа да фольклор туындылары жарық көрді. Ал 1930 жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре бастады.«Батырлар жыры», М.Əуезов тапқан « Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жаңа нұсқасы, айтыстың бірінші кітабы ( С.Мұқановтың сөз басымен) басылды. «Қазақ ертегілері» мен « Алпамыс» «Қамбар», «Қобыланды» сияқты озық үлгілері орыс тіліне аударылып осы кезеңде жарық көрді. 1940 жылдан бастап, фольклористика саласындағы арнаулы зерттеулер өсе түсті. Қ.Жұмалиев пен М.Ғабдуллин ауыз əдебиетіне байланысты оқу құралдарын жазса, Ə.Марғұлан қазақ эпосының түп тегіне қатысты көптеген этнографиялық мақалалар жариялады. Ал сол 1945 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде С.Орловтың «Казахский героический эпос» деген зерттеу жұмысы жарық көрді. Сол жылдары Қазақстанның көрнекті ғалымдары М.Əуезов, Ə.Марғұлан; Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Ə.Қоңыратбаевтар қазақ фольклористикасының дамуына елеулі үлес қосты. Кейін 1948 жылы «Қазақ əдебиеті тарихының» алғашқы томы қазақ фольклорының жанрларын қамтыған үлкен еңбек жарық көрді. Ал кейін 1956 жылдан бастап қазақ фольклоры жақын зерттеле бастады. Кейін М.Əуезов атындағы « Əдебиет жəне өнер институты алғаш құрылғаннан бастап, «Айтыс» (3 томдық), «Үш ғасыр жырлайды»,жинақтары шығарылды. « Қазақ фольклористикасы» (1972ж.) , «Қазақ фольклористикасының тарихы» (1988ж.), «Фольклор шындығы» (1990 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1985 ж.) , «Қиссадастандар» (1986 ж.) көп томдық ертегі ,айтыс, батырлар жырына арналған ғылыми зерттеулер мен еңбектер шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет