Р.К. Төлеубекова –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлттық тәрбие»
кафедрасының меңгерушісі
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Қоғам да және адам да мәдени ортада ғұмыр
кешеді. Әрине, жоғары деңгейлі мәдени ортаның
қалыптасуына әр елдің тарихи-мәдени дамуы
тікелей әсер етеді.
Жастар тәрбиесіне оның өмір сүріп отырған
әлеуметтік-мәдени жағдайлары тікелей әсер етеді.
Тәрбие, оның ішінде бала тәрбиесі мәселесін
шешуде ұлт болмысының мәні адамдардың
ұлттық келбеті ұлттық қатынастар, ұлттық сана-
сезім бейтарап қала алмайды. Ұлттық сана-сезім
астарында халықтың мінез-құлқын, менталитеті,
рухани дүниесін айқындайтын құндылықтар
барлығы белгілі.
Ал, жаңа заман талабы – бейімділік, іскерлік,
адамгершілік негізінде ұлттың жан-дүниесін
жаңғырту
болғандықтан,
демократиялық
өзгерістер мен жаңа экономикалық қатынастарды
қабылдау халқының даму деңгейіне де байланысты.
Ұлттың ұлт болып сақталып қалуы ұлттық
болмыспен айқындалады. Ал, ұлттық болмыстың
түп қазығы – ол барлық құндылықтардың,
наным-сенімдердің, ұлттық әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлердің, білім мен мәдениеттің, тілдің
дамуымен шешіледі. Тіл – ол ұлттық құндылық.
Адамзат қоғамның тарихи дамуына жастар
тәрбиесінде халықтық тіл, ұлттың рухы мен
тарихын алдағы ғасырларға алып өтетін ұлы құрал.
Тілдік ахуал әлеуметтік-саяси, экономикалық,
психологиялық, педагогикалық, тарихи т.б.
жағдайлармен байланысты болатын ұлттық негізде
тәрбиелеуде шешуші орын алады. Осы ретте дұрыс
қалыптасқан тілдік орта адамның барлық рухани
күшін жұмылдыруға және әлеуметтік ортадағы
әртүрлі жағдайларға адамгершілік қатынаспен,
жаңа көзқараспен қарауға ықпал жасайды.
Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас
жасайтын құралы. Жеке адамның қоғамдық ой-
санасының дамып жетілуі үшін тілдің атқаратын
рөлі зор. Тілді меңгеру шешендік өнерді
жетілдіруге де ықпал еткен. Мәселен, «Өнер алды
қызыл тіл», «Тіл – алмас семсер» т.б. Аз сөйлеп,
көп ойлау, логикаға қазақ халқы бала тәрбиесінде
осыған аса бір ыждиһатпен қараған. Сондықтан
да олар «Көп сөз күміс, аз сөз алтын», «Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні» деп ой түйген.
Осы орайда, Елбасының биылғы «Жаңа
он жылдық жаңа экономикалық өрлеу
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында
«Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің
тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Шоқан Валиханов. Т-1. 1984. – 164 б.
2. Қалибек Данияров. История Чингисхана, 2001. – 21 б.
3. Совет Хан Ғаббасов. Педагокика мен Психология негіздері, 2008. – 120-123 б.
4. Рашид ад Дин. Т 1. Екінші кітап. – 46 б.
5. Утемиш хаджи. Шығарма. – 62 б.
6. В.Г. Тизенгаузен. – 11 б.
7. Героический эпос Чингисхан (ЮАНЬ ЧАО БИ ШИ). – 85 б.
Резюме
Статья посвящена проблемам воспитания подрастающего поколения. Поднимаются такие актуальные
вопросы, как роль родного языка, национальные традиции и национальный менталитет, здоровье нации и др.
Summury
The article is devoted to problems of rising generation’s education. Such actual questions as a native language role,
national traditions and national mentality, health of the nation etc. are begged in the article.
62
өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің
кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу» дегені,
қазіргі жастарды ұлттық негізде тәрбиелеуге
тіл мен мәдениеттің ерекше орны бар екендігін
меңзейді.
Демек, ұлттық тіл – мәдениеттің негізі және
іргетасы болып табылады. Ұлттық тілдің саяси,
мемлекеттік ғылыми, мәдени және басқа да
өмір саласында лайықты қолданылуы ұлттың
тұтастығын, мәдени өзіндік ерекшелігін халықтың
өзінің өткен дәстүрлерін есте ұстауға, одан
рухани қуат алып, үйлесімді үрдісін дамыту үшін
оған басқа мәдениеттердің белгілерін дамытуға
мүмкіндік береді.
Әрбір жас ұрпақ өзінің ұлттық тілі арқылы
өзінің туған халқының түлегі екендігін терең
сезінумен қатар, өз Отанының азаматы екенін
саналы түсінумен бірге, әлемдік өркениеттің
субъектісі болатынын да саналы бағалайды. Осы
ретте ұлттық тілді әлемдік кеңістікте дамытуда,
халықтық салт-дәстүрді, ұлттық мінез-құлықты
ұрпақ бойында ең құнды жалпы адамгершілікті,
қасиет-сапаларды
меңгеруде
мәдениеттің
қоғамның жаңа экономикалық өрлеу дәуірінде
жастарға ұлттық тәрбие беруде мәдениет өзінің
тарихи дамуында көп салалы, көп қырлы,
көп қасиетті, олар бір-бірімен өзара араласу
жағдайында дамып отыратын қоғам дамуының
бір құрамы. Сонымен қатар, әрқайсысы өз алдына
әлеуметтік, мәдени, экономикалық өмірдің
өзіндік бір құбылысы ретінде дамытылады.
Мәдениетті ұлттық тәрбие жағынан қарастыру
оның құндылық мазмұнын ажыратуға, қоғамдық
сипатын ашып көрсетуге негіз болады.
Мәдениет әлемі адамның күшімен құрылған
оның құндылықтары адам баласының ғасырлар
қойнауында жинақталған бағалы тәжірибесімен
сипатталады. Мәдениет құндылықтары тәжірибе
барысында жастардың бітім-болмысында, кісілік
келбетінде, ой-сана, мінез-құлық, білім, әдет-
дағды, ойлау логикасы біртіндеп қалыптасады,
белгілі жүйеге айналады.
«Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар
бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен
жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы
мен адамгершілік нышандары жинақталады.
Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-
бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық
жүйелері мен рәміз таңбалық өсиеттері, орны
толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары
діні мен тілі, ділі мен мұраты осының бәрі
мәдениетпен біте қайнасқандар» дейді белгілі
зерттеуші ғалым Ж.Алтаев.
Мемлекеттік ресми құжаттарда мәдениетті
құндылық деп таниды. Өйткені, құндылықтар
адам әлемі мен қоршаған ортаның байланысы.
Мәдениет бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған
өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты,
мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер
жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе,
жазу-сызу болмаған заманда мәдениет ырымдар
мен наным-сенімдерге дәстүрлі түсініктерге, әдет-
ғұрыптар мәдени мұраларға сүйенген. Осы ретте
«Салт-дәстүр – тіл мен мәдениеттің бастауы»
деген белгілі философ И.Гердер.
Жастарға ұлттық тәрбие беруде келесі
құндылық, ол – білім. Әрбір тарихи дәуірге
бағамдап қарасақ, білім беру айрықша орын
алған, сонымен қатар кез-келген адамзат
қауымдастығының
дамуында
ең
негізгі
құндылық болып есептелгенін байқаймыз. Әрбір
мемлекеттерде болып жатқан елеулі өзгерістер
өзінің ішкі заңдылықтары мен әлеуметтік
қажеттіліктің өзгеруіне сәйкес білім беру жүйесі
де өзгеріске түсіп отырған. Ұлттық тәрбиеде
білім адамның өзінің ішкі әлемін түсінуге, оның
рухани әлемін дамытуға, қоғамда өзіндік орнын
табуға әрекеттенудің көзі ретінде қарастырылған
білім, ең бірінші адамның өзіне байланысты, ол
үшін ерік-жігер, ұғарлық зейін, зор үміт, таудай
талап, шын ықылас, ұғымталдық, зеректік т.б. аса
қажетті шарттар керек, ол еріккеннің ермегі емес,
– деген С.Торайғыров.
Мәселен, «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің
күні кәріп», «Өнер ағып жатқан бұлақ, білім
жанып тұрған шырақ», «Жеті жұрттың тілін
біл, жеті түрлі білім біл» т.б. мақал-мәтелдерден
білімді адамды толымды тұлға дәрежесіне жетуге
болатынын аңғаруға болады.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесіне терең
үңілсек, ата-бабаларымыздың даналықпен айтқан
ақылдары, нақыл сөздеріне терең философиялық
білім көзі жатқанын көреміз. Осы орайда, білім
әрбір жастың жас азамат ретінде өзінің жеке өмірін
саналы жалпы адамзаттық құндылықтар рухына
сай құра білуі өз халқының ұлттық мәдениеті, ділі
және салт-дәстүрі кезінде басқа халықтарға сый-
құрмет көрсетуге негіз болады деп ойлаймыз.
“Осы ретте, философ ғалым А.Нысанбаев
ұлттық идеология бірлігі мен әлеуметтік
серіктестік негізінде қазақ халқының, сонымен
қатар, дәстүрлері және адам баласының даму
тарихындағы құндылықтар өз ішінде зерделеніп
жинақталуында білімнің қажеттілігі зор”, – деп
көрсетті.
Білімнің өзіндік беделінің көтерілуі,
адамдардың білімді бағалай бастауы, қоғамдық
санада білімді адамдардың бедел деңгейінің
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
63
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
көтеріліп қайта жаңғырылуы бүгінгі қоғамның
өмір шындығына айналып отыр. Әсіресе, бұл
міндеттер Қазақстан Республикасы «Білім беру»
заңында баса айтылған. Онда жеке адамның
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, адамның
жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
оның интеллектісін байыту бір-бірімен тығыз
байланыстылықта көрсетілген.
Сонымен қатар, білім беруде тәрбиенің
негізі – өз Отаны Қазақстан Республикасының
азаматын, патриотын, жеке тұлғасын тәрбиелеуге
баса назар аударған. Демек, бұдан шығар ой,
келешекте Қазақстан алдағы уақытта «білім беру
ғылым арқылы», «білім беру тәрбие арқылы»
парадигмасына негізделіп жүзеге асырылу қажет
деп зерделейміз.
Ұлттық тәрбиедегі келесі құндылықтардың
бірі – отбасы. Отбасы – күрделі қоғамдық құбылыс.
Қоғамдық ортаның шағын бір бөлігі ретінде
балаға өмірге жолдама береді, көзқарасының,
әдет-ғұрпының іргетасын қалайды. Еліміздің
өміршеңдігі
отбасы
жағдайымен
тығыз
байланысты.
Қоғамның дамуы әрбір адамның дамып,
жетілуіне байланысты яғни, оның біліміне,
саналығына, қоғам үшін жан аямай, шексіз
беріле қызмет істеуіне байланысты. Осындай игі
қасиеттерді болашақ қоғамның мүшелері, болашақ
ата-ана, жасөспірімдердің бойына жастайынан
сіңіріп өсіріп, тәрбиелеу керек. Бұл әлеуметтік,
қоғамдық, бүкіл халықтық маңызы бар мәселені
жоғары дәрежеде шешуде отбасы жетекші рөл
атқарады. Әрбір отбасы баланың болашағынан
үлкен үміт күтері сөзсіз. Баланы адамгершілікке,
имандылыққа, жалпы қасиеттерге тәрбиелеуде
отбасы беделі үлкен рөл атқарады.
Отбасы – адам баласы тарихы дамуының
барысында қалыптасқан және үздіксіз дамып
келе жатқан әлеуметтік категория. Ол алғашқы
қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда
болған әлеуметтік топ және шаруашылық
негіздерінің бірі. Әрқашан қоғаммен, оның
көпсалалы қатынастарымен, рухани байлығымен
тығыз өмір сүрген. Қоғамнан өзін қоршаған
табиғи-жағрапиялық отбасы, сол халықтың
отбасылық тарихы, сол халықтың даму жолынан
ажыратылмаған. Қазақ халқының отбасы да
сондай.
Ол ертеден бері отбасы тұтқасы болып
саналады. Ата-бабамыз қазақ халқының тұрмыс-
тіршілік сөзіне «менің үйім» деген ұғымның
орнына «менің отбасым», сондай-ақ, бір үйдің
орнына «бір түтін» деп, үй иесін «отағасы» деп
атаған.
Бүкіл табиғаттың, бүкіл адамзат тіршілігінің
барлығының түп-тамыры күн, жер, су, ауа, от
деген ұғымдармен анықталады. Осыған сәйкес
отбасы сөзінің алынуы табиғаттың, қоғамның,
бүкіл тіршіліктің даму заңдылығының «от» деген
сөзден бастауы ұлттық тәрбиенің интеграциялық
мәнін көрсетеді.
Отбасының қазіргі қоғам жағдайына
байланысты өзгеруі мемлекеттегі болып жатқан
экономикалық,
әлеуметтік
өзгерістермен
болғандықтан, жастардың бала кезден жан-жақты
дұрыс жетілуі ұлттық құндылықтарды меңгеруі
қазіргі дүниетанымдық көзқарастың тиімді
жетілуі отбасына байланысты.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен
жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ұштасады.
Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар
жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да,
отбасындағы адамдардың белгілі дәрежедегі
өзіндік
дербестігі,
әлеуметтік
тұрғыдан
әртүрлі ерекшелігімен сипатталады. Сонымен
қатар, отбасы өмірі материалдық және рухани
үдерістермен ерекшеленеді, сондай-ақ, әртүрлі
шаруашылық, кәсіби тұтыну қатынастары оның
материалдық жағын құрса, ал отбасының рухани
жағын құқықтық адамгершілік, туысқандық және
психологиялық қатынастарды құрайды.
Қазіргі отбасында балаларды толымды адам
тәрбиелеуіне мынадай мүмкіндіктер бар:
бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа
-
тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басымды
ықпал болуы;
өркениетті, зайырлы, құқықтық қоғамның
-
азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекетінің негізгі
буыны;
отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының
-
тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен
ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
отбасы баланың мамандықты еркін және
-
саналы таңдауына ықпал жасаушы;
Осы тұрғыдан келгенде отбасы қоғамдық
мақсат негізінде өмір сүретін, адамның алғашқы
адамгершілік әліппесін үйрететін, ұлттық
құндылықтың негізін қалаушы алғашқы мектеп
болып табылады. М.Әуезов айтқан «Ел болам
десең, бесігіңді түзе» деген дана сөздің мәні
осында деп ойлаймыз.
Қазақ халқы отбасының ерекшелігі үш-төрт
ұрпақтың бір шаңырақта тұруы. Отбасындағы
басты тұлға – әке. Ешкім де әке тәрбиесін ауыстыра
алмайды. Ол қарым-қатынастағы жағымды мінез
құлықты қалыптастырушы, әке – ол үлгі, бедел,
64
Жаңа даму жолына түскен бүгінгі Қазақстан
үшін ұлттық «менді» тану ең алдымен, түп-
тамырыңды танумен нәтижелі болмақ. «...қоғамдық
татулық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін
экономикалық даму, қазақстандық патриотизм,
мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен шешу» [1] сияқты
Республика қызметінің түбегейлі принциптерін
белгілеген Ата заң, ең алдымен тарих тамырларын
білуге кең мүмкіндік ашып отыр. Өкінішке
орай, тарих ғылымының ұлттық саласы ғылыми
танымның әр түрлі кезеңіне сай біршама зерделеніп
келсе де, оның басты құндылығы неде? Ол бізге
не үшін қажет? Ұлттық тарихи білімнің ғасырлар
шегінен өтіп, біздің заманымызға жетуінің сыры
неде? Жалпы, тарихи білімнің қымбат қасиеті
қайсы? – деген үрдістер бүгінгі күнге дейін
анықталған емес. Осыған байланысты, ұлттық
тарихты оқытуда бастан әлі дұрыс жолға түскен
жоқ. Оның негізгі себебі, зерттеу әдістемелерінің
таным мүмкіндіктеріне барып тірелетінін біреу
білсе, біреу аңғармай келеді. Бұған, осы мақаланы
жазып отырған біз де бір ғана мақала шеңберінде
жауап бере алмаймыз. Біздің аталмыш мақаладағы
басты мақсатымыз, ұлттық тарихи білімді ел болып
жетілдіру мен оны пән ретінде ұлттық мәнде
оқытуға қамқор болудың жолын іздестіру ғана.
Ал, ұлттық тарихи білім дегеніміздің өзі –
белгілі бір халықтың өткен өмірлерін білу ғана
емес, сонымен бірге, ол – адам санасын шыңдап,
оның бойында отаншылдық сезім ұялата алатын
білімнің ерекше түрі. Ол, ХХ- ғасырдың 20-шы
жылдарынан бастап ғылыми даму жолына түсумен
бірге, жеке пән ретіндегі білімге жалғасса, онда
оны адамзат жинақтаған жалпы білімнің тарихи
болмысынан бөліп қарауға келмейді.
Бұл арада, тарихи білім дегеніміз, кең
мағынасында алып қарағанда, адамдардың өткен
өмір сырларының шындығынан ақпарат алуы
болып табылады . Тар мағынасында, тарихи білім
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Б.Т. Берлібаев –
тарих ғылымдарының докторы,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академик
Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы
кафедрасының профессоры
ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ӨТКЕЛДЕРІНЕН ҚОРЫТЫНДЫ
ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ ОЙ-САНА
ӘДЕБИЕТТЕР:
Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қ.Р. Президенті
1.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан. – 29-қаңтар, 2010.
Ж.Алтаев, Т.Ғабитов
2.
т.б. «Философия және мәдениеттану» Алматы, 1998.– 272 б.
Нысанбаев А., Сулейменов Р.
3.
«Социокультурный выбор модели образования». № 12, 1993. – 58-62 стр.
Қ.Р. Білім беру заңы 7-шілде, 2007.
4.
Резюме
В данной статье рассматривается ценность родного языка, национальной культуры и семьи в истории развития
человечества. Также раскрывается их значимость, как основы, в системе национального воспитания молодежи.
Summary
In given article the values of a native language, national culture and a family in the history of mankind development
are considered. The importance of values as a basis in system of national education of youth also reveals.
ол өз ұрпағына мейірімді, жауапкершілігі жоғары,
баласының бойына жақсы қасиет-сапаларды
сіңіруге парызды. Ана – ол мейірімді, шыдамды,
даналықтың, махаббаттың иесі. Ер бала әкесінің
көмекшісі, кішіге қамқор, ананы қадірлей білетін
дәстүрді жалғастырушы. Әже – ақыл иесі,
ақжарқын мейірімді, ұрпақ қамқоршысы, ата
(ақсақал) – ата даналықтың иесі, өмірден түйгені
көп, ақылды кеңесші, әр уақытта қамқор бола
алатын ұрпақтың тірегі.
Бұдан біз ата – әже – шеше – бала – немере –
немене т.б. жүйемен қазақ отбасы тәрбиесі жүзеге
асырылып отырғандығын көреміз.
65
түсінігі, белгілі бір мемлекеттегі тарихи сананы
қалыптастырудың негізгі тетігі деген ұғымды
білдіреді. Ал, тарихты пәнге айналдыру дегеніміз,
адамға қажетті кез-келген кемел тұжырымды
өзінің ұрпағына жеткізу. Олай болса, «Жалын
мен Оттан жаралып» өлеңінде Абай айтқандай,
кемел тұжырымның сырын кәміл ұғынған бала
білімділікке жетеді екен. Бір ғасыр бұрын айтқан
данышпан Абайдың дәстүрлі тарихи білім жөніндегі
осы пайымдауы бүгінгі халықаралық ұйымдардың
XXI ғасырдағы білім мазмұнының макромоделі
«Мәдениет. Білім. Тарих.» болсын деген ұсыныс
жасауына жеткізді.
Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып,
халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан
жаңғыра бастаған бүгінгі таңда, мемлекеттің
тарихи сана қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру
міндеттерінің бірі – «тарихи ілім-білімнің негізгі-
негізгі нысаналарын айқындау» болып табылады
[2]. Бұның өзі Қазақстан мемлекетінің жаһандану
легіндегі өзіне лайықты орнын айқындауға да
мүмкіндік береді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
сөзімен айтсақ, ондай мүмкіндікті қазақ
болмысының тарихшылдық ерекшелігінен іздейміз.
«Керек десеңіз, – дейді ол, білім институттарының
дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы
қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен
салыстыруға болмайды. Тарихи білімнің мұндай
жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи-мәдени
оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-
сезіміне сіңіп отырған» [3, 28-б.].
Расында, жаһанданудың болашағын өркениетке
ұмтылған әр түрлі елдердің тарихи дамуындағы өзіне
тән ерекшеліктер ғана шешеді. Осыған байланысты,
бүгінгі әлемдегі жылдам дамудың ақпараттық
ауқымы, тарихшылардың зерттеу жұмыстарының
әдіс-тәсілдерін қайта қарауды қажетсінумен бірге,
ең алдымен, тарихтың гносеологиясын, зерттеудің
тәсілдері мен технологиясын жаңартып, жетілдіру
міндеттерін талап етеді. Өйткені, бүгінде дәстүрлі
тарихи біліммен бірге Орхон жазбаларынан
басталып, ислам дінімен бірге келген тарихи білім
мен кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің астарлы
тарихи білім деректерінің тамаша үлгілері орыс
революцияларының ықпалымен келген «түрі
ұлттық, мазмұны социалистік» деп аталатын шын
мәніндегі орыстық тарихи білім үлгілеріндегі
деректерді санамыздан ығыстыра бастады.
Дегенмен біз, тарихи зерде мен дәстүрлі тарихи
білім деген ұғымның байыбына бара бермейміз.
Оның мәнісінің тереңде жатқанын шығыстанушы
В.П. Юдиннен табамыз [4, 66-б.].
Әрине, «Даланың ауызша тарихнама» термині
В.П. Юдиннен бұрын бірінші рет Өтеміс қажының
еңбегінде кездескенмен, оның дәстүрлік келбетін
түрік шайырлары Рашид-ад Дин, Мұхаммед
Хайдар, Әбілғазы Баһадүр-хан, Қадырғали би,
Шоқан, Шәкәрім, Әлихан, Марғұлан т.б. өз
еңбектерінде жан-жақты көрсеткен. Ыбырай
болса, оны өзінің әңгіме бастаулары арқылы, ал
Абай қара сөздерімен безендіріп, ауызша тарих
айтудың білімдік негіздерін «Ғақлия» деп аталатын
жинағы арқылы ауыл молдасына пән ретінде оқыту
үлгісін ұсынды. Тіпті, ХХ ғасырдың басындағы
кәсіби тарихшылар мен осы ғасыр ортасындағы
Е.Бекмаханов та ауызша тарихнама мәліметтерін өз
зерттеулерінде кеңінен пайдаланып, оның білімдік
элементтерін Қазақстан тарихы пәнінің оқу
бағдарламасына ендіру арқылы қалың көпшілікке
таныстыра алды.
Дегенмен, Шоқан Уәлихановтан бастап,
Ермұхан Бекмахановқа дейінгі ұлт тарихының
жанашырлары ұлттық тарихи білімді дамытуға
аса сақтықпен қараған. Мысалы, Ы.Алтынсарин
ауызша дәстүрлі тарихтан хабары жақсы Балқожа
бидің тәрбиесін көре тұра, Н.Ильминскийге
жазған бір хатында, өзінің жазбақшы болған
«Қырғыз хрестоматиясының» екінші бөліміне
қырғыздардың өз тарихы туралы ешбір материал
таба алмай қапаланғанын айтады [5]. Түсінген
адамға, бұл арадағы Ыбырайдың негізгі ойы –
қазақ тарихының болшағы ғана. Расында, егер
Ыбырай Н.Ильминский сияқты ықпалды адамға
мұңын шаққан болып, хат арқылы тапсырма беріп
отырса, ол Н.Ильминскийдің тарихи материал
жинау жөнінде басқаларға тапсырма беруін
ойлап отыр. Өйткені, ол қазақ тарихын жазуға
қабілеті бола тұра, өзінің мүмкіндігінің Ресей
үкіметіне тәуелді екенін біліп, кейінгі ұрпаққа
тарихи дерек қалдыруды армандап кеткен адам.
Бірақ, сол Ыбырай өмір сүрген дәуірдің өзінде,
қазақтар туралы өзінің әділ бағасын берген
көрнекті тарихшы В.В. Радлов 1884 жылдан бастап,
Ресей ғылым Академиясының тапсырмасымен
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» орысша
мазмұнын ашуға ниет білдірсе, оған Ыбырайдың
Н.Ильинскийге жазған жоғарыдағы хатының
ықпалы болған [6]. Сол сияқты, егер қазақ
тарихында ерекше із қалдырған орыстың тағы
бір тарихшысы Н.М. Ядринцев Ыбырай қайтыс
болатын 1889 жылы Орхон-Енисей жазба деректерін
жинайтын экспедициямен жүрсе [7], немесе
қазақ тарихын жүйелі зерттеген Н.А. Аристов
Ыбырай өте жақын араласқан В.В. Григорьевтың
ізбасары Н.И. Веселовский, зерттеушілер Ф.А.
Щербина, В.В. Бартольд сияқты аса көрнекті
ғалымдардың қазақ тарихын зерттеген таланттары
XIX ғасыр соңында жарқырай көрінсе, осының
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
66
бәрі Ыбырайдың қазақтар туралы деректерге сұрау
салынуының нәтижесі деуге болады немесе Шоқан
туралы айтқанда, оның ұлтжандылығын көп ешкім
біле бермейді. Шындығында, оның өлімінің өзі
патша саясатының түркі тұқымдастарға жасаған
қиянатынан болған. Орыс әскері Ташкентті алу
жолындағы Түркістан қаласында орыс әскерінің бір
буаз әйелді найзамен шаншып өлтіргенін Шоқан
көзімен көрген. «Түркістан да менің ата жұртым
еді ғой» деп жүрегі езілген Шоқан, адъютантық
қызметін де, әскерді де тастап, соғыс даласынан
кетіп қалған. Бастығы генерал Кауфманның сотқа
берген шағымына қарамаған Шоқан «сотқа берсең
бер, мен енді соғысқа өлтірсең де бармаймын» деп
шешкен. (Бұл деректі іздегендер болса, Қошке
Кемеңгеровты оқысын).
Ал аса көрнекті ұлт тарихшысы Е.Бекмаханов
болса, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің
сипатына байланысты өзіне қарсы айтылған сын-
ескертпелерді қабылдауға мәжбүр болғанының
мәнісі де белгілі еді. Оның XX ғасырдың 60-
шы жылдардың басында идология шеңберінде
жазған орта мектепке арналған оқулықтары еліміз
тәуелсіздік алғанша, 30 жыл оқытылса, ол тарих
оқулықтарының мазмұнында ұлттық белгілер
жоқтың қасы еді. Себебі, Е. Бехмаханов та
С.Асфендияров сияқты ұлттық идеяның құрбаны
болатын. Қазіргі күні саясатқа бейімделген
идеология жоқ, бірақ құлдық психологиядан арылу
санада әлі сақталып отыр.
Жа ң а ж а ғ д а й д а ғ ы т а р и х ш ы л а рд ы ң
міндеттеріне В.П. Юдин көрсеткендей, «ауызша
тарихнама мәліметтерін жинақтау, жүйелеу, жіктеу,
талдау және тарихи зерттеулерде пайдалануға
әзірлеу жатады». Өзін-өзі тануға бастайтын осы
идеяның концептуалды дамуы, бүгінгі таңда 2004
жылы қабылданған Қазақстан Республикасының
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында
көрініс тапты. Бүгінде, осы бағдарлама аясында,
қазақтың ауызша тарих айту дәстүрінен мәлімет
берудің бірден-бір деректік негіздері өзінің
белгіленуі мен бөлшектенуі жағынан 4 түрлі жанрға
іріктелетіні белгілі болды. Олар: топонимикалық,
этноәлеуметтік, қазақ даласындағы көрнекті
тұлғалар мен маңызды оқиғалар туралы әңгімелер
[8]. Егер бұрын дәстүрлі тарихи білімнен өрбитін
әңгіме-бастаулар халық санасында «қара сөз»
атауымен ғана зерделеніп келсе, бүгін 4 жанрға
бөлінген «Қазақтың ауызша тарихы» ұғымының
бүкіл Қазақстан халқының санасында кең мағынаға
ие болып, қайта жаңғырғанымен санассақ, онда
бұл, тарихи білімдегі ой-сананың қазіргі таңдағы
ең үздік те, жаңа жетістігі болып табылады.
Бүгінгі таңда, қазақтың ауызша тарих
айту деректеріне қосымша, қазақтардың өткен
тарихы туралы ақпарат беретін жазба деректану
ғылымының дамуы да қарқынды жағдайға түсе
бастады [9-10].
Бірден айтарымыз, бүкіл Қазақ елі, Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Жарлығымен
1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих
жылы» деп жариялануын патриоттық сезіммен
қабылдағанымызды жасырмаймыз. Өйткені,
отарлық бұғаудан егемендікке қол жеткізген
кез-келген елдің тәуелсіздігінің мазмұны, сол
елде ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан
ежелгі халық мүддесінің қаншалықты дәрежеде
қанағаттандырылуымен өлшенеді. Демек, ел
президенті тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүтіндей
бір жылды ұлттық тарих жылы деп жариялап
жатса, бұл біздің беталысымыздың барынша
ұлттық нышанын көрсететін белгі еді. Осыған
орай, Қазақстандағы тәуелсіздік, оның тілі мен
ділін жері мен мемлекеттік тұғырын орнықтырған
қазақ халқы сияқты байырғы жұрттың мүддесімен
орайласуы керек болатын. Алайда, бұның өлшемін
белгілеу бірте-бірте еліміздегі «қазақстандық
ұлт» деген ұранның төңірегіне топтастырылды.
Яғни, біздегі тәуелсіздіктің мазмұны Қазақстанға,
негізінен кейінгі екі ғасырда ғана келіп жеткен
бөтен ұлт өкілдерінің мүддесіне орайластырылып,
саясат шеңберінде шешілуге бет алды.
Еліміздің ұлт саясатындағы «қазақстандық
ұлт» деген мәселеде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің биылғы
17 қаңтардағы отырысында айтқан мына сөздерін
басшылыққа алуымыз керек. «Біз түрлі этностар
өкілдеріміз, – деді Президент, бірақ еліміз біреу.
Біз қоғамды «қазақстандық» түсінігі төңірегінде
топтастыруға тиістіміз… Біз – қазақстандықпыз.
Қазақстан – менің Отаным, менің елім».
Бірақ, біздің байқауымызша, қазақстандықтар
американдықтар емес еді.
Міне, ұлт саясатындағы біздің елдің бүгінгі
тұжырымы осы айтылған ұранның төңірегінен
аспайды. Қалай десек те, бұл ұран практикалық,
әрі теориялық жағынан алып қарағанда, орнықты
да ұғынықты. Тіпті, бүгінгі күн тұрғысымен
есептессек, бұл тұжырым аса байсалды ойдың
нәтижесі де болып табылады.
Дегенмен, біздегі этностар мен диаспора
өкілдері өзінің тегінен бірден жеріп, жаңа ұлтқа
кіруге асыға бермейтінін көп ешкім түсінгісі
келмейді. Өйткені, бір елде тұрып жатқан
бөтен ұлттың өкілдерінің сол елдің байырғы
халықтарының тарихы мен ділдік ерекшеліктерін
білу жөніндегі тарихи білімдік сауатының
кемшілдігінен, қоғамда менмендік көріністер
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
67
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
орын алып отыр. Оның есесіне, бұрынырақта,
біздің еліміздің тарихын жүйелі жазуды
көбінесе, славян тілдестердің отаршылдық
ниетте қолға алуы және олардың өкілдерінің
бүгінгі
тағдырына
сәйкес
Қазақстанның
азаматы болып қала беруі – Қазақстан тарихына
монополиялық көзқарастардан туындайтын
кеудемсоқ құбылыстарды сақтап отыр. Шын
мәніне келсек, Қазақстандағы словян тектестер,
қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі тұрмақ,
бұрын өз қандастары жазған Қазақстан тарихын
білім тұрғысынан меңгеруді қалыптастырмаған.
Меңгерген күнде, қазақтарды қараңғы, жабайы
халық деп оқып, түсініп келген олар, тәуелсіздік
алғаннан кейін де, бұл халықтың тарихын оқып-
білуге пейілінің ауғанына кім кепілдік береді?!
Ал, Қазақстанға еріксіз немесе күштеп қоныс
аударылған қазақтың екінші бір жерлестері, әуел
бастан Кеңес мемлекетіне де және оның басында
болған И.В. Сталинге де өкпе мен реніш көңіл
күйінде болса, оларды баса-бастан кеңес елінің
тарихы да қызықтырған жоқ. Қазақстанға табан
тіреген олардың аға ұрпақтары өз балаларын қалай
болғанда да, әйтеуір, күн көре білуге үйретіп,
оның салдары Қазақстанда бірнеше дүркін ұлт
араздықтарын тудырғаны тарихи шындық.
Олай болса, КСРО тарихын дұрыс оқығысы
келмеген оларға, Қазақстан тарихының қандайлық
керегі болсын!? Тәуелсіздікке дейін де, одан кейін
де, дәл осы құбылысты зерттеп, зерделеп жатқан
ешкімді көрмедік.
Бүгінде ұлттың болашағы жоқ, жаһандану
дәуірінде шағын ұлттарды күшті, үлкен ұлттар
жұтып жібереді, бұл объективті процестен қашып
құтылу қиын деген секілді сөздер жиі естіледі.
Осыған байланысты, ұлттық мемлекеттердің
келешегіне деген сенімсіздік күшейе түсуде. Соның
бүгінгі айқын көрінісі, батыс саясаткерлері мен
ғалымдары, әсіресе АҚШ саясаттанушылары ұлт
саясатын, ұлт мәселелерін сөз етуден гөрі, әлемде
демократияны насихаттауға баса күш салып отыр.
Осылайша, негізін марксизм классиктері ұсынған
ұлт мәселесінің теориялық және практикалық
рөлі артқа ығыстырылып, тіпті ұмытылып барады
десек те болады. Ал, АҚШ елінің бүгінгі әлемдік
экономикадағы басымдықтарынан басы айналған
кейбір тарихшылар, оның ішінде Қазақстан
тарихшыларының орыс тілді бөлігі, әлемдегі
миграция мен демографиялық мәселелердегі
қауырт өзгерістер, сол әлем халықтарының өзара
бірігуін жақындастыратын белгі деп қарайды.
Олардың ойынша, бүгінгі өмірде ешкімнің
қысымынсыз болып жатқан миграциялық әлемдік
үрдіс, демократияның жетістігі көрінеді.
Осы арада, отан тарихын оқытуды
іргелендіру-дің бір шарасы ретінде, америкалық
демократиядан туындайтын америкалық ұлт
пен біздің еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуден
туындаған «қазақстандық ұлт» ұрандарының
ара жігін ажырата білуді ұсынған болар едік.
Америкалық ұлт, бұл тек баюды мақсат етіп,
Еуропадан келген әр түрлі отарлаушылардың
мүддесіне сәйкес, Америка материгіндегі бұрынғы
индустарды басып-жаншу жолымен орныққан
құрама ұлт болып табылады. Американы талап-
тонауға барған Еуропаның кезіндегі барлық
келімсектері жаңа жерде жаңа қоныс тауып,
байлыққа кенелді. Олар біртіндеп Америка
мемлекетінің іргесі бекіп, экономикалық күш-
қуатының артқанын көре отырып, өздерің шығу
тегінің әр түрлілігіне қарамастан, мақтанышпен
американдық ұлтпыз деп жария етті.
Ал, біз «қазақстандық ұлт» идеясын
американдық ұлт түсінігінің атрибуты ретінде
қабылдай алмаймыз. Оның бірнеше себебі бар:
1) Қазақстанға келімсектердің келуімен қазақ
халқы жойылып кеткен жоқ. Ол өзінің тарихи
орнында ұлт ретіндегі бітімін толық сақтап қала
алды;
2) Жергілікті халықтың зиялы бөлігінің
оқу-білімге ден беріп, елін өркениетке жетелеуі
отарлаушы елдің мақсатын жүзеге асыртпай
тастады;
3) Қазақстанға сіңген бүгінгі келімсектердің
негізгі бөлігі өз ықтиярымен келмеген еді;
4) Қазақстанға келген келімсектердің келген
бұрынғы жағында өз алдына ұлттық белгіде
қалыптасқан мемлекеттері бар;
5) Қазақстандағы келімсектердің көпшілігі,
әсіресе, олардың словян тобы қазақ тілінде
сөйлемейді, демек бұл көрініс қазақ халқын
менсінбеу дегенді де білдіреді. Мұндағы
мәселенің төркіні сонда, біздер, зерттелген тамаша
тарихи құбылыстар арқылы тарихымызды бөтен
елдің өкілдері қызығатындай, олар таңданып
қарайтындай тұрғыдан жаза алмай, өз қолымызды
өзіміз байлап отырмыз. «Қазақстандық ұлт»
дегеніміздің қадір-қасиеті де осы жерден шешілмей
ме! Яғни, біздер, Қазақстан тарихшылары, тек
қана жылқыны қолға үйрету сияқты өркениетінің
иесі болған жетістіктеріміздің өзін дұрыстап
дәріптей алсақ, біздің елдегі қазіргі бөтен ұлттың
өкілдері қазақ халқын мақтанышпен бетке ұстап,
сол халықтың төңірегіне топтаса түспей ме!
Бір сөзбен айтқанда, халықтар арасында «Біз-
қазақстандықтармыз!» деген мақтаныш сезімі
оянбай, «қазақстандық ұлт» қалыптаспайды;
6) Қазіргі Қазақстан өзінің мемлекеттік
68
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |