Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет1/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Әдістемелік нұсқауы: «Қоршаған ортаны қорғауды институционалдық 
қамтамасыздандыру» пәнінің мазмұнын игеруде дәрісті пайдалана отырып, ондағы 
әдебиттермен жұмыс жасауға машықтану қажет.
Дәріс №1 
Тақырыбы:Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні. 
Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің экологиялық қызметі. Қоршаған табиғи орта құқық 
объектісі ретінде. Экологиялық құқық туралы түсінікті қалыптастыру.
Негізгі түсініктер: Экологиялық құқық, қоршаған табиғи орта құқық объектісі, 
экологиялық құқық қатынастарды, экологиялық құқық қатынастардың субъектілері және 
объектілері,экологиялық жүйесі. 
Жоспары: 
1. 
Мемлекеттің экологиялық қызметі. Қоршаған табиғи орта құқық объектісі ретінде. 
Экологиялық құқықтың түсінігі. Экологиялық құқықтардың әдістері. 
2. 
Экологиялық қатынстардың түрлері және жалпы сипаттамасы. Экологиялық құқық 
қатынастардың субъектілері және объектілері. Экологиялық құқық қатынастардың 
мазмұны. 
3. 
Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі. 
Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан 
басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні 
қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық 
белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір 
саласын реттеуге бағытталған. Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: 
экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның 
субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара 
әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады. 
Экологиялық құқық мәнінің ұғымын ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын 
ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: 
"Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы 
қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен 
қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды", "Экологиялық құқықтың 
мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын 
тарихи тұрғыда қәзіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны 
сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, 
қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы 
жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты 
болуы". 
Сонымен ҚР-ның экологиялық құқығы дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны қорғауға 
байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын 
зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласын айтамыз. 
Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және 
ол жеке зерттелуі тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан 
бастау алумен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың 
кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процесстерін 
ортақ мақсатқа - адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау 
алады. Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр. экологиялық құқық құрамына жататын 
жекелеген салалардың (жер, су, тау және т.б.) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады. 
Алайда экологиялық құқық әдісі - бұл неғұрлым күрделі құбылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет