Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

Жалайырлар

(Этнологиялық  тағылым.  Жалайыр  ұлысы.  Мəдениеті. 

Мифологиясы. “Ергене  қон”.  Бөрте  шене.  Шыңғысхан  жəне 

жалайырлар. Қазақы дəуір. Этнологиялық пайымдар. )

1. Э

ТНОЛОГИЯЛЫҚ



 

ТАҒЫЛЫМ


Көшпелі  халықтардың  тарихын  зерделеудің  өзіне  сай 

тəсілдемесін таппай ақиқат шартынан шығу қиын: оған қазіргі 

тарихнамада  қолданылып  жүрген  əкімшілік-территориялық 

принцип жүре бермейді. 

Белгілі  бір  тарихи  мезгілде  Еуразияның  бір  қиырын 

мекендеген көшпелі этнос келесі бір мезгіл ішінде басқа өңірде, 

басқа  бір  əлеуметтік  этникалық  топпен  көршілес  отырғанын, 

əлде  басқа  бір  мемлекеттермен  одақтасып,  қарым-қатынаста 



164

жүргенін  көреміз.  Көшпелілер  əлемі  үнемі  өзгеріс  үстінде, 

құбылып  тұрады.  Қазақ  халқының  этникалық  тарихы  да  осы 

заңдылықпен  сабақтас.  Мұны  Қазақтың  көне,  ортағасырлық, 

тіпті кейінгі ортағасырлық тарихынан айқын аңғаруға болады. 

Сондықтан  болса  керек,  Қазақ  тарихын  зерттеуші  біраз 

ғалымдар, əсіресе, көркем əдебиет өкілдері, журналистер, өнер 

қайраткерлері,  əдетте,  тарихи  мəліметтерден  “қазақ”  атауын 

іздеуді  мақсат  тұтады  да, “қазақ”  атауын  қазақ  халқының 

əлеуметтік  тарихымен  алмастырады,  бірінің-бірі  баламасы 

ретінде  таниды.  Мұндайда  негізгі  тарихи  шындық – қазақ 

халқын құраған ежелгі этникалық субьектілер – тайпалар мен 

одақтар  тағдыры,  олар  жасаған  мəдениет  назардан  тыс  қалып 

отырады. 

 Демек, қазақ халқының тарихи кешегісін толығырақ ашу үшін 

қазақ құрамындағы этникалық топтардың өткен тағдырына жіті 

назар аудару абзал. Отанды тану Отанды сүюден басталады, бұл 

теңбе-тең құбылыс болғанмен, қазақ халқы мен “қазақ” атауы 

теңбе-тең емес. Бұған кері мəн беру үстірт қорытындылар мен 

жалған дедукциялық тұжырым жасаумен тынады. 

 “Қазақ” атауы пайда болмай көп бұрын қазақ құрамына кірген 

тайпалар  мен  тайпалық  одақтардың,  қазіргі  саяси  лексикамен 

айтсақ,  көпұлтты  қазақстандықтардың  тарихи  тіршілігі 

басталған, болашақ қазақ əлеуметінің рухани жəне материалдық 

іргетасы  қаланған;  қазақ  құрамына  кірген  ежелгі  этникалық 

топтардың көбінің жеке мемлекеттік құрамдары болған: Үшунь 

(үйсін), Кангюй (қаңлы), Дулу (дулат), Құшан (керей), Найман 

(“сегіз оғыз”) жəне тағы басқалар Қазақстандағы тек мемлекеттік 

бірлестіктердің  атауы  ғана  емес,  қазақ  құрамына  кірген 

тайпалар мен рулық одақтардың да паспорты іспетті. Олардың 

тарихы  қазақ  тарихының  бастауы  да,  қазақ  халқының  тарихы 

сол  ежелгі  дүние  тарихының  жаңа  дəуірдегі  заңды  жалғасы, 

тұтас бір тарихтың екі тармағы ғана. Қазақ халқының ертедегі 

тарихын зерттеуде мұндай этникалық тəсілдеменің берері мол. 

Əрқашан жаңа этникалық бірлестік оның алдындағы этникалық 

топтарға қарағанда саяси тұлғалануы жағынан шымыр да ширақ 



165

келеді. Екі əлде көп этникалық құбылыстардың арасында өзара 

сабақтасу, атау алмастыру заңдылығы жатады. 

 Қазақ халқының этникалық құрамы өте күрделі екені мəлім. 

Əртекті  этникалық  тегін  қарапайым  қазақтың  өзі  де  жақсы 

сезінеді.  Бұл  қазақтың  битарихтығына  (тарихтан  тыс)  дəлел 

іздеген  еуропацентристік  отаршыл  ғалымдардың  (Ратцель, 

Мейер,  Красовский,  Масальский,  бұларға  қосылған  Нурболат 

Масанов)  əуегей  тұжырымдарына  біраз  қорек  те  болды.  Ал 

мəселенің шындығына келсек, əртектілік қазақтың ел болуының 

мыңжылдық  тарихының  бірден-бір  көрінісі,  кемшілігі  емес, 

артықшылығы  еді.  Осы  созылма  табиғи-тарихи  процестің 

шешуші  кезеңін – тəуелсіз  ұлт  болу  сатысын  бүгінгі  ұрпақ 

басынан өткізуде. Қазіргі ұрпақ осы процеске бірден өзі белсенді 

қатысып,  оның  жасаушысы  болып  жатса,  екіншіден,  соның 

жанды тарихи куəгері болып та отыр. Демек, қазіргі ұрпақ үшін 

мұндай тарихи жүк оңайға түсе қоймас, əрине, жауапкершілік 

артады.  Біздің  буын,  тарих  субъектісі  ретінде,  бұл  процесті  я 

жеделдетуі,  я  баяулатуы  кəдік,  алайда,  оны  тоқтатуымыз,  өз 

еркімізге  толық  көндіруіміз  мүмкін  емес.  Тарихи  процесті  өз 

еркімізге  көндіреміз  деген  талай  мықтылардың  омыртқалары 

опырылғанына  тарихтың  өзі  куə.  Ондайлар  осы  мақаланың 

басты кейіпкері болып ішінде де жүр. 

Бұл  заман  да  орнында  тұрмас.  Кейінірек,  найман,  арғын, 

үйсін əлде дулат екендігін бұлдаған ұрпақтың орнына “қазақ” 

деген  өршіл  мінезді  буын  келмек.  Оған  орын  керек.  Адамзат 

өткенімен күліп қоштасатыны мəлім. Өткен күн, көрген қызық 

артта қалмақ, бір қазақтан басқаның бəрі өзгермек. Өзгертілген 

Абай сөзінің мəнісін оқыған жан өзі ажырата жатар. 

Дүниеде бір тұқымнан, əлде бір атадан тараған (гомогенді) 

бір де бір халық жоқ. Қаны араласпаған “таза” ұлттар баяғыда 

семіп, азып кеткен де болар еді. Қазір де шөгіп отырғандары 

қаншама?  Пржевальский  жазған  Орталық  Азияның  шөл  мен 

шөлейтін  мекендеген  кейбір  шағын  ұлыстар  қонақкəдеге 

қойынындағы  əйелін  ұсыну  дəстүрі  жетіскендіктен  емес. 

Қан  араласпаудан  туған  дене  азғындауына  құрған  өзгеше 

тосқауылы. 


166

Əлемдегі  барша  халық  көп  аталы,  ғылым  тілімен  айтсақ, 

гетерогенді  көптекті,  жалпақ  қазақ  тілімен  айтсақ, “шата”. 

Көптектіліктің классикалық үлгісі – біз, қазақ. Оны ата шежі  -

ресін  танитын  қазақ  қариялары  жақсы  саралайды.  Адамның 

баласы  –  досың,  атаның  баласы – жауың  деп  ұлы  Абай  тек 

айтпаған.  Қазақтың  ата-тек  тергеуі,  жеті  атаға  толмай  қыз 

алыспауы  – биік өреліктің белгісі. Тұқымдық қорды (генофонды) 

жақсы сақтаудың мұнан басқа жолы жоқ. Бұл тəсіл – жануарлар 

мен өсімдікке бірдей ортақ. 

Əр буын ата-анасының қан құрылымының сегізден бір бөлігін 

өзгеріске түсіріп, 7–8-ші буын ғана оны толық өзгерте алады. 

Қазақтың  “неменеден”  кейінгі  буыны  “туажат”  дейтіні  сон-

дықтан. Қазіргі антропологиялық ізденістер осыны дəлелдейді. 

Ата-баба тергеу – қазақтың этнологиялық компасы тəріздес. Бірақ 

оның жақсылығымен қатар, кертартпалық жағын да ескеруіміз 

керек.  Болашақта  қазақ  өз  құрамына  басқа  ұлт  өкілдерін 

қаншама  көп  сіңіре  білсе,  соғұрлым  генофондылық  өміршең 

болмақ.  Бұл – қазақтың  басқа  халықтармен  салыстырғанда 

тағы  да  кемшілігі  емес,  керісінше,  артықшылығы,  көшпелі 

өрелі  өркениеттің  бойымызда  қалған  соңғы  сарқыты.  Əрине, 

ру тəркілеу келесі ұрпақтың генетикалық, тектілік байланысын 

реттеп беру – көрегендік, бірақ руға бөлу, адам баласымен руы 

арқылы  қатынасқа  түсу,  біреуді  жақын  танып,  жақсы  көру, 

ал  біреуді  жат  санап,  алыстату – жақсылық  емес,  топастық, 

надандық.  Оның  шын  аты – алалау,  біріне-бірін  жауықтыру. 

Қазақ  баласы  жоқтың  сан  түріне  көнеді,  алалауға  ғана  қаны 

қарсы. Сөйте тұра, бізге тəн бұл құбылысты жарлықпен жоюға 

болмайды.  Ол  біз  үшін  тарихи  меншікті  мирас,  демек  оның 

дамуы  мен  семуінің  өз  алғышарттары  бар.  Алдыңғы  қатарлы 

дамыған  ұлттар  руға  бөлінуді  мыңдаған  жылдар  бұрынырақ 

артта қалдырған жəне оған өкінбейді. Мəселен, өзімізбен қатар 

отырған орысты “ақ орыс, қара орыс, сары орыс – бəрі орыс” 

деп, жататынымыз сондықтан. XV–XVI ғасырларда ғана іргеміз 

бүлінген өзбек ағамыз да ру дегенді не ұмытып болды, не ұмыту 

үстінде. 



167

Еуразия  субконтинентінің  ортасында  орналасқандықтан 

біздің  антропологиялық  тегімізде  монғолдық,  сібірлік, 

еуропалық, үнді-ирандық нұсқа баршылық. Жаңа (аралас нəсіл 

болғандықтан) біз мықты едік, неге болса да төзімді едік. Кейінгі 

отаршылдық дəуірде тұқымдық қорымыздан айрылып қалдық, 

əлде де айрылу үстіндеміз. 

Бұл  заман  да  орнынан  тұрмас.  Кейінірек,  найман,  арғын, 

үйсін əлде дулат екендігін бұлдаған ұрпақтың орнына “қазақ” 

деген  өршіл  мінезді  буын  келмек.  Оған  орын  керек.  Адамзат 

өткенімен күліп қоштасатыны мəлім.  

Ж

АЛАЙЫРЛАР



Дербес  ел  болуымызға  елеулі  үлес  қосқан  қазақ  халқының 

ежелгі  құрамдас  бір  бөлігі – жалайыр  тайпасы.  Белгілі 

қазақтанушы Мұхаметжан Тынышбаев жалайырларды 4 топқа 

бөледі:  біріншісі – Монғолия  мен  Қытайда,  екінші  тобы – 

шуманақ Жошы əскерімен еріп, Алтын Ордаға келіп, Шу бойын 

мекендейді;  ал  Шағатай  ұлысын  паналағандар  Шыршық  пен 

Əңгірен  жағалауына  тұрақтайды  да,  шағын  мезгіл  “Жалайыр 

ордасын” құрайды, бұлар Сырманақ атанады; төртінші тобы – 

Құлағу ханмен Иранға ауады. Жалайырлар қырғыз, қарақалпақ, 

монғол,  өзбек,  башқұрт,  ноғай,  құмық,  татар  жəне  т.  б.  түрік 

омақтары мен сойларының əлі де құрамдас бөлігінде жүр. Қазақ 

құрамындағы  жалайырлардан  басқалары  өздерінің  ата-тек 

шежіресін ұмытқан, əлде ұмыту үстінде, кейінгі этнографиялық 

ізденістер  ата-тегінен  жатсынған,  кейбірі  өздері  араласқан 

басым  ұлттардың  ұлттық  нығаюына  елеулі  үлес  қосып, 

жалпыұлттық  сана-сезімді  бөліскендігін  айғақтайды.  Бұл 

орайда, қазақ жалайырлары ғана тайпалық тегін əлі де мақтан 

тұтатынын ерекше атау лазым. Ол қазақ халқының шежірелік 

мəдениетінің қуаттылығының ықпалы деп білеміз. 

Жалайырлардың  қазіргі  этникалық  мекені – Қаратал  мен 

Іле  жəне  Шу  мен  Талас  өзендерінің  алқабы.  Мекеніне  орай, 

жалайырлар  үш  топқа:  Сырманақ,  Шуманақ  жəне  Бірманақ 

болып  бөлінеді. (“Манақ”  атауы X ғасырдың  жағрапиялық 


168

шығармасы  “Худуд-ал-Аламда”  кездеседі).  Жалайыр – ұлы 

жүздің 9 арысының бірі. Этнографиялық жөн-жосықта, думанды 

шеруде “үлкен ата”, “ноқта аға”, “ноқта басы” есептеліп, оларға 

үлкенге  лайық  дəстүрлі  ізет  көрсетіледі.  Ата  құрамы: “он  екі 

ата”  жалайыр,  ұраны  “Бахтияр”, “Қабылан” (екеуі  де  ХVIII 

ғасырдағы ұлтазаттық соғыстың ардагерлері, тарихи тұлғалар), 

таңбасы Ш “тарақ” (“жал”, “аша”, “айыр” “ақа”). ХІХ ғасырдың 

аяғындағы санақ бойынша – 17. 000 түтін (М. Тынышпаев). 

  Шыңғыс  хан  мен  оның  ұрпақтарының  ат  тұяғы  тиген 

жерлерге  жалайырлар  мейлінше  кең  тараған.  Ол  кезде 

“жалайыр” атауы да дүниені жаңғырықтырып тұрды. Өйткені, 

жалайырлар жеңіс қошаметін ұлы (“екей”, “еке”) монғолдармен 

тең бөлісті, азаматтары монғолдармен сыбайлас, анттас, сырлас, 

құда-құдандал, дəмдес, төсекте басы, төскейде малы бір болды. 

Монғол  мен  жалайыр  ұлыстары  көршілес  елдер  қатарына 

жатты. Ежелгі “қой бағып озамыз” деген жалайырларды тарих 

дүбіріне  қосып,  атын  əлемге  танытқан  əуелі  Шыңғыс  хан  да, 

екіншісі жалайырдың білекті де, білікті азаматтары еді. 

Монғолға  байланысты  барлық  тарихи  жазба  мұрағаттарда 

жалайыр туралы деректер шаш етек мол. Оларды біз “Монғолдың 

құпия  шежіресінен” (аударған  М.  Сұлтаниярұлы,  Өлгий, 

1979  ж.):  парсы  тарихшысы  Рашид-ад-диннің  “Жылнамалар 

жинағынан” (т. 1–3 кіт. 1–2. М., –Л., 1952), Əбілғазы Баһадүр 

ханның  “Түрік  шежіресінен”, (Алматы, 1994 ж.,  аударған 

Б.  Əбілқасымов), “Юань-ши” (монғол  əулеті  тарихы)  мен 

“Мен  да  бей – лудан” (монғол-татар  туралы  толық  жазбалар) 

алдық.  Қытай  тіліндегі  соңғы  екі  шығармадағы  жалайырлар 

туралы  мəліметтерді  қолдануы  үшін  А.  Ш.  Қыдырбаевтың 

“Очерки истории средневековых уйгуров, жалайров, найманов 

и  кераитов”  очерктер  жинағына  (Алматы, 1993) жүгіндік. 

Өкінішке  орай,  қазақ  халқының  этникалық  құрамына  арнайы 

жазылған бұл шығарма əлі қазақша жарық көрмей отыр. Қазақ 

жалайырлары туралы шежірелік мəліметтер Ж. Бейсенбаевтың 

“Қазақ  шежіресінен”,  М.  Тынышбаевтың  “Қырғыз-қазақ 

халқының  тарихына  арналған  материалдардан”  алынды.  Əр 



169

тілдегі  тарихи  мəліметтерде  кездесетін  адам,  лауазым,  жер-

су,  діни  жəне  этнографиялық  атаулар  қазіргі  қазақ  тілінде 

қолданысы  нормаларына  жақындатылып,  құжаттың  төл  сөзі 

жақшаға алынады. 

Жалайырлар  тарихы  жайында  белгілі  ғалым  Қадырғали 

Жалайыридың “Жəми-ат-тауарих” атты еңбегі бар. Автор өзін 

жалайыр тайпасына жатқызғандықтан, жалайырдың тегін Оғыз 

ханнан  бастап,  Шыңғыс  хан  дəуіріне  жеткізеді.  Хиуа  ханы 

Əбілғазы болса, жалайыр тарихын əрменірек тереңдетіп барып, 

Шыңғыс ханның жетінші атасымен қосып атайды. 

Өкінішке  орай,  көне  жалайырлар  мен  қазіргі  қазақ 

жалайырлардың  арасында  шежірелік-генеалогиялық  байланыс 

жоқ.  Мəселен,  Рашид-ад-дин  жазып  кеткен  ортағасырлық 

жалайырлардың 10 атасының  бір  де  бірі  қазіргі  қазақ 

жалайырларының шежіресінен орын алмаған. Аталар атаулары 

сəйкес  келмейді.  Есімі  қытай  жұртшылығын  дірілдеткен 

Мұқырының қазақ жалайырларының жадында сақталмауы тіпті 

өкінішті. Бірақ мұны құбылыс ретінде тарихи детерменизмнің 

салдары  деп  қабылдаймыз.  Тарих  кернеуі  қажетсіз  жарақтың 

баршасынан бірте-бірте құтылып отырады. “Көш жүре түзеледі” 

деген мəтел осыған байланысты айтылса керек-ау. 

М

ИФОЛОГИЯЛЫҚ



 

ДƏУІРІ


Есепсіз көп көне ел еді деп таратады жалайырлардың түпкі 

тегі  туралы  ортағасырлық  шежіре  аңызды  белгілі  Хиуа  ханы 

Əбілғазы  Баһадүр  хан (1603–1663), Қытай  патшасы  жауығып 

маза  бермеген  соң  əр  жерде  отырған  жақсылы-жаманды 

жалайырлардың  бəрі  бір  мекенге  жиылса, 70 күрең  (əдетте 

бір  күреңде 1000 киіз  үй  болған)  ел  екен.  Рулары  да  көп  еді, 

əр  руы  бір  кісіні  аға  сайлап,  бір  жұртта  отыратын,  сөйтсе  де, 

көбірек  бөлігі  монғолмен  қоныстас  Онон  деген  өзен  бойында 

еді. Бірде Қытайдан көп əскер келіп, бір жерге жиылып отырған 

жалайырлар халқын шауып, көп жамағатын қырып, мал-мүлкін 

талап,  біразын  бөтекке  алып  кетеді.  Шабылған  ел  ашығып, 

жаужұмырдың түбін қазып жеп қорек етеді екен. 



170

Осы  заманда  Шыңғыс  ханның  жетінші  атасы  Дотумен  хан 

өліп, артында 9 ұл қалады. Бəйбішесі Мұнұлын еді. Бұлардың 

үлкен  ұлы  Қайду  қыз  айттырып,  қалыңдық  ойнауға  кетеді. 

Ауыл  маңында  бір  тегіс  алаңдай  жер  болушы  еді,  сонда 

Дотумен  ханнан  қалған  ұлдар  ат  шаптырып  ойнайтын.  Ал 

жалайырлар  сол  жерді  жаужұмыр  іздеп,  ат  сүрінетіндей  етіп 

қазып тастайды. Мұны көрген балалар анасына шағым айтады. 

Анасы  ашуланып,  жаужұмыр  қазып  жатқан  жалайырларды 

сабатады.  Таяққа  жығылған  жалайырлар  ұйымдасып  барып, 

үлкен  жанжал  бастайды.  Жалайырлардан  біраз  кісі,  Мұнұлын 

бастаған  монғолдар  жақтан  біраз  кісі  опат  болады.  Ақыр 

аяғында  жалайырлар  ызасы  қайнап,  ханның 7 ұлымен  қосып, 

қолға  түскен  монғолдардың  бəрін  қырады.  Мұнұлының 

аулы  талауға  түседі,  қолдарына  тиген  азық-түлікті  ішіп-жеп 

тойынады. Мұны қалыңдығына кеткен Қайду хан естіп аулына 

қайтады.  Ет  жақын  туыстарымен,  руластарымен  ақылдасып 

барып: “осындай  іс  болыпты,  енді  бұған  не  деп  жауап 

бересіңдер?”,  деп  жалайырларға  кісі  салады.  Жалайырдың  игі 

жақсылары  бас  болып,  төбелеске  араласқандарды  санаса 70-

тей кісі екен, соларды бала-шағаларымен айдап, Қайду ханның 

алдына əкеліп: “бұларға не істесең де өзің біл” дейді. Қайду хан 

төңірегіндегілермен ақылдасып, олардан: 

– Сенің туысқандарының төгілген қаны бұлардың қанымен 

өтелмес, сондықтан бұлардың ұлын – құл, қызын күң ет – деген 

жауап алады. Хан бұл сөзі мақұл көреді. 

Құлдыққа кеткен жалайырлар жамағаты өседі, бірақ өздерін 

жалайырмыз  демейді,  Қайду  ханның  тегімен  өздерін  қиян 

құлдармыз  деп  кетеді.  Ол  кездегі  құлдар  қожасының  руын 

ұстауы дəстүр еді. Шыңғыс хан монғол тағына отырғаннан кейін 

барлық  жалайырлар  тұтқын  жалайырларға  еліктеп,  өздерін 

монғол  қиян  ұлдарымыз  дейтінді  шығарады.  Жалайырлар 11 

атаға  дейін,  яғни  Шыңғыс  ханның  төртінші  ұрпағына  дейін 

құлдықта жүреді. Əрбір ханзаданың қарамағында он үй, жиырма 

үй  жалайыр  жүретін  болды.  Олардың  түп  негізі  монғолдың 

дəрлікін руынан болар. Дəрлікін елі – нүкүз əулетінен. 



171

Бұл – жалайырлардың  этногенезі  туралы  егжей-тегжей 

жазылған ортағасырлық əфсана. Шежіре мазмұны ертеден келе 

жатқан  ауызекі  аңызды  арқау  етсе  керек.  Əбілғазының  осы 

жазбаларынан  біраз  нəрсе  аңғарылады:  жалайырлар  Шыңғыс 

ханнан  екі  ғасырдай  (жеті  ата)  бұрын  қияттармен  көршілес 

Монғолстанның  Онон  өзенінің  бойында  қоныстанады,  оларға 

Шыңғыс хан өлгеннен кейін де тəуелді болады. 

Нүкүз  əулетіне  жататын  Дəрлікін  деген  кім?  Ол  туралы 

хабарды тағы да Əбілғазыдан естиміз. 

“Е

РГЕНЕ


 

ҚОН


” 

ЖƏНЕ


 Б

ӨРТЕ


 

ШЕНЕ


Атақты  Оғыз  ханның  ұрпағы  монғол  елінің  ерте  кездегі 

патшасы Ел ханның ұлдары көп болады, бірақ баршасы соғыста 

өледі.  Оның  Қиян  атты  кенже  ұлы  болатын,  оны  сол  жылы 

үйлендіреді.  Ел  ханның  інісінің  Қиянмен  құрдас  Нүкүз  атты 

ұлын  да  сол  жылы  үйлендіреді.  Бірде  олар  жау  қолына  түсіп, 

əзер  дегенде  екеуі  əйелдерімен  қашып,  өздерінің  жұртына 

қайтып  келеді.  Екеуі  өзара  кеңесіп  “елде  қалсақ 4 тараптағы 

елдің  бəрі  бізге  жау,  жұртта  отырсақ,  жүрген-тұрғанның 

көзіне түспей тұрмаспыз, оданда таудың ішінен жұрттың аяғы 

жетпейтіндей  бір  жер  табалық”, – деп  шешеді.  Малдарын 

айдап,  таудың  етегіне  барады.  Бір  биік  таудың  ішіне  кіріп, 

арқардың салған соқпағымен таудың үстіне көтеріледі. Тоқтап, 

айналаға қарап көрсе, өздері келген жолдан басқа жол жоқ екен, 

келген жолдары өте қиын, тек түйе мен жылқы əрең өтетін із 

екен, егер мал аяғын қия басса болды, құзға құлап кетердей еді. 

Таудың үстінде үлкен бір жазық тепсең жер бар екен. Айнала 

ағып жатқан су, оты мол, ағаштарында түрлі-түрлі жеміс-жидек 

өсіп тұр, аңдары да көп болып шығады. Мұны көргеннен кейін 

тəңірге  шүкіршілік  етіп,  ағайынды  екеуі  қоныс  тебеді.  Қыста 

малдарының етін жеп, жазда сүтін ішіп, терісін киім етіп киеді. 

Ол  жерге  “Ергене  қон”  деп  ат  қояды.  Ергененің  мағынасы – 

таудың кемері, қонның мағынасы – өткір. Қыста таудың қары 

қалың болып, жазда еріп кететін шаруаға қолайлы жер болып 

шығады. 


172

Бұл  екеуінен  бала-шаға  көп  болады.  Əсіресе,  Қиян  əулеті 

Нүкүзге  қарағанда  молырақ  болады.  Қиян  əулетін  қият  деп 

атады. Нүкүз əулетіне екі ат қойды, біразын – нүкүз, біразын – 

дəрлікен деп атады. Қиянның мағынасы – таудан құлап, көшпен 

аққан сел деген сөз. Ел ханның ұлы сондай тез жəне күшті кісі 

болады да, сондықтан оны қиян деп атады, қият соның көпше 

түрі.  Дəл  бүгінде  Шығыс  Түркістанды  мекендеген  қазақ  пен 

ұйғырлар тасқын суын – қиян суы атайды. 

Сөйтіп  бұлар  көп  жылдар  Ергене  қонда  тұрып  қалды. 

Ұштары  ұзап,  жандары  жайылды.  Əрбір  жамағат  бөлек-

бөлек омақ болды, əрқайсысы бір рудың атын алды. Омақтың 

мағынасы  – сүйек. 

Олар  Ергене  қонда 400 жылдан  астам  отырды.  Мал  мен 

бастары  көбейіп,  бір  жерге  сыймайтын  болған  соң,  кеңесіп 

барып,  мынандай  шешімге  келеді: “Аталарымыздың  айтуына 

қарағанда, Ергене қонның сыртында кең жерлер, жақсы елдер 

бар  секілді.  Ертедегі  біздің  қонысымыз  сол  жерлер  екен. 

Татарлардың  бастауымен  жат  елдер  біздің  тұқымымызды 

қырып,  жұртымызды  жапырып,  зəбір-жапа  көрсеткен  екен. 

Тəңірге шүкір, қазір біздің жағдайымыз жаудан үркіп, тау ішіне 

тығылатындай емеспіз. Тау ішіне жол іздеп шығалық. Кім бізге 

доспын десе, онымен көріселік, кім дұшпандық ойласа, онымен 

соғысалық”.  Осы  ақылды  мақұл  көріп,  таудан  шығатын  жол 

іздеді, бірақ таппады. Іштерінде бір темірші ұста: “Пəлен жерде 

бір темір кені бар, соны ерітсек, жол ашылады” деп кеңес береді. 

Ол  жерді  барып  көріп,  теміршінің  айтқанын  мақұлдады.  Елге 

отын мен көмір жинатады. Таудың кең жеріне ағаш пен көмір 

үйіп, 70 жерден көрік жасап, 70 жерге құрып, бəрі бірігіп көрік 

басады. Құдайдың құдіретімен, жалын күшімен темір тау еріп 

аға  бастайды.  Тоғанақ  артқан  түйе  шыққандай  жол  ашылады. 

Айдың,  күннің  сағатын  есепке  алып,  бірнеше  күнде  таудан 

шығады. Шыққан күнін той етіп тойлау монғолдың дəстүріне 

айналады.  Той  күні  бір  кесек  темірді  отқа  салып  қыздырған 

кезде оны қышқашпен ұстап, төстің үстіне қойып, əуелі ханы, 

онан  кейін  бектері  балғамен  ұрады.  Бұл  күнді  тар  қапастан 

шығып, ата жұртына келген күніміз деп құрмет тұтады. 


173

Ол  кездегі  монғолдың  патшасы  Бөрте  шене  деген  қият 

нəсілінің құрлас руынан шыққан адам көршілес жұрттарға елші 

жіберіп,  өздерінің  Ергене  қоңнан  шығып  келгендерін  мағлұм 

қылады. Бұлардың ісін біреу жақсы көреді, біреу жақтырмайды. 

Татар  халқы  мұны  қабылдамай  жау  болды.  Татар  мен  монгол 

əскер жиып, соғысты. Монғолдар жеңіп, татарлардың үлкенін 

қылыштан өткізіп, кішісін құл қылады. Сөйтіп 450 жылдан кейін 

өштерін  алады,  ата  қонысын  қайтарады.  Сол  жерде  отырған 

түрік елдерінің ішінде татардан көбі жоқ еді. 

Ергене  қоңнан  шығып,  татарларды  қырып,  ата  жұртына 

қоныстанған  соң,  монғолдар  сол  жердегі  халықтарға  бас 

болады.  Кейбір  елдер  монғолдарды  паналап,  монғол  болмаса 

да,  монғолмыз  деп,  монғолға  қосылып  кетеді.  Аңыз  бойынша 

жалайырлар  да  сөйткен  секілді.  Оған  жалайырлардың  рулық 

таңбасы  да  дəлел  бола  алады.  Үш  аша  таңба  арқар  мүйізді 

төрелердің  таңбаларына  жақын.  Ал  төре  таңба  көне  ғұндар 

мен  түркілердің  əмірші  əулеттерінің  ежелгі  таңбасы.  Əдетте, 

жалайырларды тарихи мəліметтер монғолдардың “еке монғол” 

(ұлы монғолдар) тобына жатқызады. 

Ал  жалайырлар  түркі  əлде  монғол  тегі  туралы  ертеден 

келе  жатқан  дəстүрлі  тартысқа  келетін  болсақ,  аңыздардан 

жалайырдың  монғолдармен  етене  жақын,  қоңсылас  түркі 

тілдес  болғандығын  аңғарамыз.  Бірақ  оны  анықтай  түсу – 

тілші ғалымдарға аманат. “Шыңғыс хан – жалайыр екен” деген 

қазақ қаламгерлерінің арасындағы қауесет осыны арқау етеді. 

Шыңғыс ханның ата-тегі қият, нағашы жұрты – қоңырат. Əрине, 

келтірілген  тарихи-этнографиялық  мəліметтердің  деректік 

қасиетінен гөрі рəуайаттық-фəлсəфияттық сипаты басымырақ. 

Бірақ бұл сол кездегі əлемді сілкіндірген тасқын күштің бағыт-

бағдарын айқындағанын ескерсек, оның тарихи ықпалын аңғару 

қиынға  түспейді.  Көне  шежіре  тек  жалайыр  емес,  көне  түрік-

монғолдың ортақ ата-тегін діттейді. 

Жалайырдың  Ергене  қонда  өткен  көне  тарихын  осымен 

тəмамдап, Шыңғыс хан төңірегіндегі жалайыр азаматтарының 

жазба тарихына назар тасталық. Сонда ғана əлем алдында аяғын 



174

алшақ  басқан  бекзадалар  мен  қан  кешіп,  мұз  шайнаған  нағыз 

мұзбалақтар  ғана  емес,  əлем  тағдырын  шешкен  қабырғалы 

саяси  жəне  соғыс  қайраткерлерін  көшпелі  өмір  салты  қалай 

баулығандығынан  да  хабардар  боламыз.  Тəуелсіздік  туын 

көтеріп, мемлекетіміздің іргесін қымтап жатқан біз үшін мұның 

тағылымдық мəні зор. 

Т

АРИХИ



 

ДƏУІР


: Ш

ЫҢҒЫС


 

ХАН


 

ЖƏНЕ


 Ж

АЛАЙЫРЛАР

Көне  мəліметтер  Шыңғыс  хан  маңайындағы  серіктестері 

мен  шербі  атанған  ірі  сарай  қызметкерлерін  ешқайсысын 

нəсіліне, тіліне, ұлтына,  діни сеніміне, ру-тайпалық ата-тегіне 

қарап  алаламаған  көпшіл,  ой-өрісі  кең,  ақыл-парасаты  артық 

жан болғанын куəландырумен ғана шектеліп қалмай, көшпелі 

өркениеттің адам баласына деген жалпы көзқарасын айқындай 

түседі. Ұлы Қаған ең мəртебелі монғол төресі бола тұра, маңайын 

қоршаған  əртекті  əлеуметті  тек  ісіне  қарай  бағалайды  жəне 

оны кейінгілеріне де өсиет етеді. “Шыңғыс хан ақылды,  батыр 

адамды байқаса, оны əскерге басшы етіп тағайындайды, икемді 

жəне  шапшаң  адамды  жылқышылыққа,  ақылы  аздау  шабан 

адамды қойшылыққа жібереді. Сондықтан да Шыңғыс ханның 

бастаған  iс  күннен-күнге  ілгері  басып,  мемлекеті  күшейген 

үстіне күшейе берді. Ол айтар еді: “Егер түмен ағасы, мың басы, 

жүздік, ондықтар мені жылдың бас-аяғында көріп, менің ақыл-

кеңесімді тыңдауға талаптанса, үлкен əскер құрамасын басқара 

алар, оны істегісі келмеген адам бастықтыққа жарамас, ондай 

адам судың ортасына лақтырған тас сияқты судың түбіне кетіп, 

қайтып көрінбес. Кім өз үйін дұрыс басқара алса, ол мемлекетті 

де басқара алар, кім он адамға өз сөзін тыңдата алса, ол үлкен 

əскерге  де  басшылық  ете  алар.  Кім  де  кім  өзіндегі  жаман 

қылықтарынан  арылса,  мемлекет  қамын  ойлай  алар”.  Қазіргі 

министр  боларлық  дəрежедегі  жанды  қойға  жіберіп,  қауға 

ұстарлық  қабілеті  бар  адамды  министр  тағайындау  ол  кезде 

болмады. Өйтсе, Шыңғыс хан əлемді жаулап алмас еді. 

Шыңғыс  ханның  əділдігі  аңызға  айналып,  əлемге  тарады. 

Қазақ арасында мəтел болып кеткен “Жеті ортақты” шығарған 

Шыңғыс хан: “1. Байдың малы ортақ. 2. Батырдың жаны ортақ. 



175

3. Шебердің қолы ортақ. 4. Шешеннің тілі ортақ. 5. Балуанның 

күші ортақ. 6. Аттының аты ортақ. 7. Тондының тоны ортақ”. 

“Мен  жұртымды  қайыршы  қалпында  қабылдап  едім,  енді 

өлерімде  қайыршы  қалпында  қалдырып  барамын”  деген  екен 

Наполеон.  Ал  Шыңғыс  хан  керісінше  шілдің  құмалағындай 

шашылған  Орталық  Азияның  тайпаларының  басын  қосып, 

мүдделерін ортақтастырып кеткені аян. 

Рашид-ад-диннің  айтуынша,  Таян-ханмен  соғыс  үстінде 

найман  сарбаздарының  қиян  кешті  батырлығына  сүйсініп, 

шіркін, “менің  нөкерлерім  осындай  болса!”  деп,  жау  əскерін 

бүкпесіз  ашық  марапаттағанын  естіген  бір  топ  найман 

сарбаздары майданды тастап, монғолдар жағына шығады. Бірақ 

сатқындыққа  жиренішті  қарайтын  Ұлы  Қаған  оларды  табан 

астында  өлтіруге  бұйырады.  Отырарды  қамауға  алғанда  да 

Қараша Хадишан бастаған 10 000 қала қорғаншылары монғол 

жағына шығып кеткенде де: “Өз ханына опа қылмаған, бізге не 

опа қылады” деп, бірін қалдырмай қырғызып салады. Шыңғыс 

хан сатқындықты адам баласының ең жаман қасиеті деп таниды. 

Адамды шыққан тегі, нəсілі, əлде басқа да жағына қарамай, тек 

іс-əрекетіне  қарай  құрметтеу  Шыңғыс  хан  жеңістерінің  басты 

қайнар  көзі  болды.  Шыңғыс  ханды  білегінен  гөрі  біліктілігі 

көтерді.  Оның  маңын  қоршаған  əрқилы  əлеумет  арасынан 

көптеген  ұлт  пен  ұлыс  өкілдерін – керей,  найман,  жалайыр, 

ұйғыр, қыпшақ, қаңлы, парсы, қытай, араб, орыс, мажар, діни 

сенімі,  фəлсəфияттық  зердесі  жағынан – шоқыншы,  кəпір, 

несториан,  манихей,  будда,  конфуций,  мұсылман  өкілдерінің 

табылатыны  сондықтан.  Бұлардың  барлығын  құлшындырған 

Шыңғыс  ханның  өрелі  кісілік  қасиеті  еді.  Кейбірі  Шыңғыс 

хан  алдында  өзінің  жау  екенін  ұмытып  кететін.  Бірде  шайқас 

үстінде  атақты  Жебе  Шыңғыс  ханға  садағын  кезеп,  оқ  атады. 

Бірақ оқ атқа тиеді. Жебе жеңіліп, күллі руластарымен Шыңғыс 

ханның қолына түседі. Сүйікті сəйгүлігі жараланған Ұлы Қаған 

ашуланып  қолға  түскен  тұтқындардан: “Оқ  атқан  кім,  мына 

жебе  кімдікі?”  деп,  сұрағанда  Жебе  суырылып  шығып: “Мен 

едім, тақсыр!” деп жауап береді де, басын иіп: 



176

 “Өлтірейін десеңіз, 

 Өшірейін десеңіз, 

 Тоқымдай жерге сыятын 

 Томаршадай тəнім бар. 

 Кешірсеңіз мінімді, 

 Қалдырсаңыз жанымды, 

 Қай-қайда да қажымай, 

 Қайсарлықпен өтейін. 

 Қара суды қақ жарып, 

 Қара тасты қақ тіліп, 

 Қас дұшпанды жапырып, 

 Ханға қызмет етейін. 

 Айдын мұзды күйретіп, 

 Шақпақ тасты күл етіп 

 Адал жүрек көрсетіп, 

 Алмасың болып өтейін. 

 Бар деген жерге барайын. 

 Барып ойран салайын. 

 Күйрет деген жауыңды, 

 Күл-талқан қып алайын”, – 

дейді. 


Сонда  Шыңғыс  хан: “Жау  жағының  адамы  істеген 

зұлымдығын  жасырушы  еді.  Ал,  сен  қылған  қастығыңды 

жасырмай айтып отырсың. Мұндай адаммен дос болуға болар. 

Сенің  Жорғатай  атыңды  өзгертіп,  соғыста  мінген  ақ  ауыз 

құла  атымның  мойнын  садақ  жебесінің  ұшымен  атқандықтан 

саған Жебе деген ат берейін. Жанымда болып, жебеден сақтап 

жүр” деп жарлық етеді. Сөйтіп кезінде жау болған Жебе ноян 

Шыңғыс  ханның  ең  сенімді  қолбасшысына  айналады,  оның 

қолбасшылығымен  монғол  армиясы  Азияның  да,  Африка  мен 

Еуропаның  де  тізесін  бүктіреді.  Жебенің  есімі  жеңіс  ұранына 

айналады.  Жауды  Жебе  алады,  атағы  Шыңғыс  ханда  қалады. 

Бұл Ұлы Қағанның кадр таңдаудағы басты принципі еді. 

Монғол империясын “басқаруда, Ұлы Қағанның көзі түскен 

жерлерді  жаулап  алуда,  əсіресе,  жалайыр  азаматтарының 



177

белсенділігін  ерекше  айтуға  тұрады.  Соған  сəйкес  монғол 

шапқыншылығы  жайындағы  тарихи  құжаттарда  жалайыр 

азаматтары  туралы  мəліметтер  көптеп  келтіріледі. “Юань – 

шиде” Шыңғыс хан əулетіне қызмет көрсеткен жалайырлардың 

тұлғалы  адамдарының  өмірбаяны  келтірілді.  Олар:  Мұқыры 

(Мүхулу,  Мухултай,  Мухултай – Го-Ван)  мен  оның  ағайын-

туғандары – Төлеген, Бұқа, Барудың ұлы Дайсун, Баян-батыр, 

Тодон  жəне  оның  ұлдары:  Тоқай,  Бұқа,  Аньцзядар,  Чаншоу, 

Дангу,  Тодонның  əкесі  Жалартай  мен  оның  ұлы  Далантемір, 

Соду мен оның ұлы Байжан, Жолаушы мен атасы Теміртайдың 

əкесінің бабасы Қошар, Сарыхан, Тоғонның ұлдары Бұқа мен 

Байджу;  Алахан,  оның  атасы  Бочэ,  əкесі  Елухан,  Бақан  мен 

Есулдардың  ұлдары.  Жалайыр  азаматтарының  ішіндегі  есімі 

ерекше жан, əрине, Мұқыры болды. Ол Монғол империясының 

іргетасын  ұлы  қағанмен  бірге  қаласты,  жастайынан  серіктесі 

болды. “Құпия  шежіреде”,  жалайыр  шабылған  соң  Төлегетай 

деген  байы  Мұқыры  мен  Бұқа  деген  екі  ұлын  Шыңғыс  ханға 

ертіп əкеп: 

 “Болсын құл – 

 Босағаңа ес, 

 Безсе бұл, 

 Борбайын кес. 

 Еткей құл – 

 Есігіңе ес. 

 Екі етсе бұл, 

 Езуін тіл” –

деп  табыс  етеді.  Əке  шарты  қатал,  бірақ  ұлдарының  онсыз 

болашақсыз  қалатынын  əке  жүрегі  сезіп  тұр.  Мұқыры  Ұлы 

Қағанның  үлкен  жорықтары  басталмай  тұрған  сонау  балалық 

шақта-ақ оған серт беріп, ажырамас “аңдасына” айналады. 

 Келген жауды жеңіп мен, 

 Керемет олжа табайын 

 Келер жауды желіккен 

 Қызыл қанға бояйын. 


178

 Қашқан жауды қаймыққан, 

 Қапысын тауып шабайын. 

 Шапқан аттың құйрығын 

 Шаңқан шаңға көміліп, 

 Мінген аттың жалынан, 

 Мерейлі сəуле төгілтіп, 

 Барлық соғыс жеңісін, 

 Батыл шайқас жемісін 

 Батыр сізге əрдайым, 

 Баяндайын, айтайын. 

Он жыл əлетінде Мұқыры Шығыс пен Батыс елдерін бірдей 

жаулап,  өздері  тектес  көшпелілер  мен  қытай  халқын  тізесіне 

салып,  жан  досының  аяғының  астына  салып  береді.  Сөйтіп, 

“Мұқыры тайши – (ақылшы, уəзір, бас уəзір) дəрежесіне жетіп 

Қытайдың бас қолбасшысы атағын алады, соғыс пен жорыққа 

байланысты барлық мəселелерді ешкіммен бөліспей жеке-дара 

өзі  шешіп  отырады.  Сондықтан  орда  адамдары  оны  уақытша 

“Ұлы  Қағанның  орынбасары”  деп  таныды.  Оған  “Го-Ван” 

(қытайша  жергілікті  мемлекеттік  əкім)  деген  лауазым  да  сай 

болды. Киімі мен оған деген салтанат деңгейі Ұлы Қағанмен тең 

түсті”. Ме-де бей-луден келтірілген осы үзіндіден Мұқырының 

дəрежесі Шыңғыс ханнан кейінгі екінші орында болғандығын 

аңғарамыз.  Монғолдың  “Құпия  шежіресінде”: “Шыңғыс  хан 

Цаст  тауын  жайлаған  кезде  əскерін  жіберіп,  Аша  хамбуға 

ілесіп, тауда тығылған туырлық үйлі, түйе көлікті танғұт елін 

иемденіп алады. Сөйтіп, Бауыршы (əскербасы) мен Мұқырыға: 

“Танғұт  жұртынан  шамаларыңша  алыңдар”  деп,  əмір  еткен 

кезде: “Бауыршы мен Мұқырыға Қытайды алғанда атап ештеме 

бермеген  едім.  Қытай  жұртын  екеуің  тең  бөліп  алыңдар. 

Олардың  сымбатты  жігіттерін  құс  салғызып,  ертіп  жүріңдер. 

Сұлу əйелдерін қатындарыңа күң қылыңдар. Қытай жұртының 

Алтын қағанағының сенімді серіктері монғолдың ата-бабасын 

өлтірген Харқытай еді. Енді менің сенімді достарым Бауыршы 

мен Мұқыры екеуің ғой”, деген мəлімет келтірілсе, Шыңғыс хан 


179

дүние  салғанда  Күлігетей  батыр  айтқан  жоқтауында  жалайыр 

Мұқыры Шыңғыс ханның жан серігі, досы ретінде аталады: 

 Бейіш бағы мекенің, 

 Бауыршы, Мұқыры серігің. 

 Барша елің, көрігің 

 Бəрі алыс болып тұр. 

Монғол армиясы оң қанат жəне сол қанат болып бөлінгенде 

Мұқыры Го Уаңды сол қанатының қолбасшылығына Шыңғыс 

хан  өзі  тағайындады.  Алайда,  Шыңғыс  хан  алғаш  ұлы  қаған 

болған 1206 жылдың өзінде го уаң атағын Мұқырыға құрылтай 

өткен  жерде  береді.  Ол  ірі  соғыс  операцияларын,  əсіресе, 

Қытайға  қарсы  жорықты  ұйымдастыруда  ерекше  көзге  түсті 

дедік. 1217–18 жылдары  Шыңғыс  хан  Мұқырының  құзырына 

10000  атты  оңғұт  (кейбір  деректерде 23 000), 2000 жалайыр, 

оған  қоса  монғолдың  қол  астына  кірген  қарақытайлар  мен 

жүржен  отрядтарын  береді.  Бұл  күш  Қытайдың  солтүстігін 

жаулауға арналады. Шыңғыс ханның Мұқырыға деген сенімін 

“Юань-шидің” мына тексі көрсетеді. “Шыңғыс хан Мұқырыға 

өзі  жорықта  алып  жүретін 9 тулы  байрақты  көтеріп  жүріп, 

қол бастауға жарлық етті. Мұқыры бұл байрақты тігіп бұйрық 

бергенде  біз  өзіміз  соның  жанында  тұрғандай  сезінейік!” 

Монғолда  дəреже  тудың  санына  байланысты – ол  көп  болған 

сайын  дəреже  жоғарылай  береді.  Мұндай  құрметке  Мұқыры 

1217–1218  жылдары  Солтүстік  Қытайды  жаулап  алғандығы 

үшін  жетеді.  Ол  кезде  Шыңғыс  хан  Орта  Азияда,  Отырар, 

Бұхара мен Самарқантты бағындырып жүрген кезі еді. Демек, 

бұл Мұқырының Қытайға бетпе-бет шыққан кезі еді. Мұқыры 

1223  жылы  бар-жоғы 54 жасында  дүниеден  озады.  Сөйтіп, 

шыққан елі, арысы – жалайырын, берісі – ата-тегін мəңгі-бақи 

даңққа бөлеп Мұқыры да дүниеден өтіпті. О, фəни жалған-ай! 

Топырағың торқа болғай!

Мұқырының  ағасы  да  əскери  адам  екен,  бірақ,  мемлекет 

ісіне қатысы болмапты. Мұқырының інілері – Бұқа мен Дайсун 

Шыңғыс  хан  сенім  артқан  жандарға  ұқсайды.  Бұқа  Ұлы 


180

Қағанның  ұланына  кіріп,  оның  қарушысы  болыпты,  Дайсун 

қағанның сарай қызметінде тұрады. Мұқырының əкесі Шыңғыс 

ханның  наймандар  мен  керейлерге  ашқан  соғысына  қатысып, 

көп көзіне ілінеді. Мұқыры бес ұлдың үшіншісі екен. 

Жалайырдан  шыққан  Баян  да  жауынгерлік  ерлігі  үшін 

Шыңғыс хан қолынан батыр атағын алады. Ол Мөңке ханның 

қолбасшылығымен  Оңтүстік  Қытайдағы  Сун  империясын 

күйретуге қатысады. Үгедей хан Баянды осының алдында ғана 

1600 жалайыр əскеріне қолбасшы қылып тағайындаған еді. Сун 

үшін шайқасқа “ханзада Қошу мен Хадутудың қарамағында он 

мыңбасы  болып  тағы  бір  жалайыр  азаматы  Тодон  қатысады. 

Оның  ұлы  Тоқай  (Тохунь),  əкесі  мен  ағалары  Бұқа  (Бухуа), 

Аныцзядар,  Чаншоу – мыңбасы  да  монғолдарға  қызмет  етіп, 

Қытай,  Корея,  Вьетнам  жəпе  Орталық  Азияда  жүргізілген 

жорықтарда  ерлік  көрсетіп,  аттары  шығады.  Оған  бұлардың 

монғол  қолбасшыларының  қолдарынан  алған  лауазымдары, 

мəнсаптары  мен  мадақтары  куə  бола  алады.  Тоқай  монғолға 

үздік қызметі үшін Қытайда даруғашы (əкім) дəрежесіне жетіп, 

ерекше  марапатқа – алтын  пайзаға  (белгі)  ие  болады.  Қытай 

мен Корерны жаулап алушы Баян батырдың жанында “монғол” 

жалайырларынан Жарғалтай болады. Ол Шыңғыс хан мен Мөңке 

(Мəңгі) хан тұсында орда ішінде қызметте болады. Оның ұлы 

Дашу  монғол  басшыларынан  “ұлы  ержүрек  қолбасшы”  деген 

мəртебелі атақпен бірге даруғашы қызметке тағайындалып, Ұлы 

Қаған тарапынан жеке қабылдауында мақтау мен марапатқа ие 

болады, қызметі өседі. Бұл орайда саяхатшылардың орыс кінəзі 

Александр  Невскийдің  монғол  ордасында  құрдай  жорғалап, 

монғол нояндарының табанын жалап, қорлық пен табаның сан 

түрін  көргені  еске  түседі.  Сондықтан  Ұлы  Қағанның  алдына 

бару дегеннің қандай мəртебе болғанын сезіну қиын емес. 

Дащу империяның біразы өлкесінде атқарған мінсіз қызметі 

үшін  маржан  тұтқан  жолбарыс  суретті  найзаға  не  болып, 

монғол армиясының ең биік мəртебелі он мыңбасы дəрежесіне 

көтеріледі.  Ол  өлген  соң  оның  ұлы  Далантемір  де  Қытайдағы 

монғол  армиясының  биік  тұтқасын  ұстап,  шені  жоғарылай 



181

береді. Сонау деген ақылы батырлығына сай жалайыр монғол 

ұланында қызмет етіп, басқа елдерді жаулап алу жорықтарына 

қатысып қана қоймай, Шаньдун провинциясында болған Литан 

көтерілісін  басып-жаншуда  ерлік  танытады.  Ол,  əсіресе,  Сун 

империясына  қарсы  соғыстардан  басқа  Сяньян,  Фаньчэн, 

Эчжоу,  Ханьянды  күйретуде  қайратты  қимылдармен  көзге 

түсті.  Фанчэн  қаласын  алғанда  қамалға  бірінші  болып  кіреді. 

Жеңіс күнгі шеруде сыйлыққа садақ пен жебе толған қорамсақ, 

безендірілген ат-əбзел, алтын жəне басқа да сауға алды. Сонау 

монғолдары үшін тек құрлықта ғана жанталасқа түсіп қоймай. 

Вьетнамда,  Чуан – чжоу  маңында  болған  теңіз  шайқасында 

монғол  флотилиясына  қолбасшылық  етті.  Бұл  соғыста  Дашу 

мен  Тоқан  жалпы  басшылық  жасады,  Сондудың  ұлы  Байжан 

(Байцзяну)  монғол  қолбасшысы  Ашудың  əмірімен  Сяньянді, 

Баян – Эчжоудың əмірімен Синьченді алғанда əкесінің ерлігін 

қайталап,  қамалға  бірінші  болып  көтеріледі.  Байжанды  Баян 

əрқашан  өз  армиясының  алдына  қоятын.  Байжан  Құбылай 

ханның  өзінен  де  мақтау  сөз  естиді.  Ол  да  теңіз  шайқасына 

қатысып,  ерлік  көрсетеді.  Өмірінде  теңіз  суын  көрмеген 

“жабайы”  жалайырлардың  кеме  шайқасын  басқаруы  əрине, 

таң  қаларлықтай  ғажайып  іс.  Бір  теңіз  шайқасы  кезінде 

Байжан Қытай теңізшілерін, 300 соғыс кемесін қолға түсіреді. 

“Юань-ши”  Байжанның  қол  басшылығымен  құлаған  Қытай 

қалаларының, оған қоса оның ресми атақ-абыройларының тізімін 

келтіреді. Өз əкесінің қол басшылығымен оның Вьетнамдағы, 

одан  ертерек  Кореядағы  ерліктері  сөз  болады.  Əкесі  Сонду 

Вьетнамға  жасалған  жорық  кезінде  опат  болады.  Байжан  мен 

Тоқайдың да осы жорықта мəртебесі көтеріледі. Байжан Хайсан 

хан  дəуірінде  дүние  салады.  Хайсан  да  Байжанның  көңілін 

аулап бағады. 

Жалайыр  Жолаушы  (қытайшасы  Юйлучи)  өзінің  бабасы 

Қоқашар (қытайша Хохоча) салған жолмен монғол хандарына 

қалтқысыз  қызмет  жасайды.  Хэхочар  Шыңғыс  ханның  сан 

жорықтарында  үзеңгілес  бірге  жүреді,  жанынан  қалмайды, 

хас мергендігімен даңқы шықты. Атасы Сарыхан (қытайшасы 



182

Щолухань)  шайқасты,  ал  əкесі  Темітай  Үгедей  ханның 

қолбасшылығымен  қаңлыларды  жеңіп,  ханын  тұтқындады, 

Танғұт  мемлекетінде  болған  бүлікті  аяусыз  басып-жанышты. 

Көптеген  шайқастарда  көрсеткен  ерлігі  үшін  арнайы 

бұйрықпен жорық басқармасына қызметке кіріп, бес тайпадан  – 

ұтыр,  маңғыт,  керей,  қоңырат,  жалайыр – құрылған  əскерге 

қолбасшылық  етеді.  Хэнань  аймағын  жаулап  алуға  қатысып, 

ерен ерлігі үшін сыйлыққа 2000 түтін ел алады. Жолаушы жас 

шағынан Мөңке ханға қызмет етеді. Сычуань, Сяньян аймағын 

бағындыруға  арналған  əскери  шараларға  белсене  қатысқаны 

үшін алтын пайзаға ие болып, онмыңбасы деген əскери дəрежеге 

көтеріледі.  Жиренше  əкесінің  орнында  қалып,  Қытайдың  Сун 

мемлекетін  жаулап  алуға  қатысқан  монғол  əскерінің  төрт 

түменіне (40000 қол)  қолбасшылық  жасап,  Сун  империясын 

жеңген аса ірі соғыс басшыларының санатына кіреді. Қытайдағы 

монғол əскери лауазымды адамдардың ішіндегі ең мəртебелісі 

де  осы  Жолаушы  болады.  Бұған  Жолаушының  “Юань-шиде” 

келтірілген  өмірбаянын  оқып  барып  көз  жеткізуге  болады. 

Оның  Тоған  мен  Бұқа  деген  ұлдары  Вьетнам  операциясында 

онмыңбасы дəрежесінде қатысады. 

Темір  хан  таққа  отырған  соң,  ол  Жолаушының  абыройын 

тіпті аспандатып, “даңқы тасыған шербі (шенеуік)”, “мемлекет 

тірегі” деген атақтарға ие болды, Цзянсидің пинчжан-чжэншиі 

(əкім)  етті.  Осы  дəрежеде  тұрып,  дүниеден  озған  екен.  Оның 

Байчжу атты ұлы монғол ұланына (гвардия, сақшы) қолбасшы 

болды. 

Боэ  деген  жалайыр  Шыңғыс  ханның,  орда  адамы  ретінде 



қарушы  қызметін  атқарады,  шайқасқа  да  қатысып  жүреді. 

Үгедей хан таққа отырғанда да ол өз орнында қалады. Қытайға 

қарсы  сансыз  соғыстарда  əрдайым  алдыңғы  шепте  жүреді. 

Елухан  деген  ұлы  Қытай  соғысында  мерт  болған  соң,  оның 

орнына Алахан деген басқа ұлы отырады. Ол Құбылай ханмен 

Янцзы шабуылына қатысып, Эчжоу шайқасында жойдасыз ерлік 

көрсетті. Монғол тағына Құбылай отырғанда оған қарсы болған 

Шыңғыс ханның əулетімен қырғиқабақ болды. Сун империясын 



183

күйреткен кезде Ашу атты қолбасшының құзырында соғысты. 

Сяньян  мен  Сианиде  де  ерлік  көрсетті. “Ұлы  армия.  Сяньян 

мен  Фаньчэнді  қоршауға  алғанда  Алахан  осы  қалалардың 

оңтүстігін қамауға алады. Фаньчэн күйреді. Сяньян тізе бүкті”. 

Шайқас нəтижесінде Алахан онмыңбасы дəрежесіне көтерілді. 

Алахан монғолдардың жапон жорығында белсенділік танытты. 

Монғол басқарған Қытайда ол ең биік мəртебелі лауазымдарға 

қол жеткізді. Мемлекеттік Кеңестегі ең үлкен екі бас уəзірдің 

бірі  болды, 40000 монғол  əскеріне  қолбасшы  болып,  əскери 

қызметте жүріп, қаза тапты. Мұның Бақан жəне Есудар деген 

екі ұлы əке дəстүрін жалғастырып, онмыңбасылыққа көтерілді. 

Бақан Цзянчжэде, Есудар Хэнаниде жоғарғы қызмет атқарды. 

Есудар  Шан-дунь  мен  Хэбзэде  монғол  əскеріне  қолбасшы 

болды. 

“Юань-шиде”  өмірбаяны  келтірілген  жалайыр  азаматтары-



ның  ішінде  монғол  ордасының  құпияларына  қанық  Мəңгішар 

дегеннің аты аталады. Оның бабасының əкесі Шарауаң, атасы 

Нақай Шыңғыс ханның сарай қызметшісі болған. Шыңғысхан 

кейін  оның  мұрагерлері  Үгедей,  Күйік  хан  мен  Мөңке  ханға 

тəрбиеші болған Түракина тұсында Мəңгішар орда тартысына 

қосылады! Осы кезде Шыңғыс ханның немерелері Мөңке хан 

мен  Бату  хан  арасында  жанжал  басталады.  Жанжал  Жошы 

ұрпақтары  мен  Күйік  хан  арасында  өтеді.  Мəңгішардың 

өмірбаянында осы тартыстың мəн-жайы – ақсүйек Ширамун мен 

Шағатай əулеті арасындағы қарым-қатынасқа байланысты еді. 

Мəңгішардың  ұлдары – Тоқай,  Доржы,  Есентемір,  Темірбұқа 

да  орда  ішіндегі  қызметте  жүрді.  Тоқай  онмыңбасы  болып 

көтерілді.  Мəңгішардың  əулетіне  жататындар:  Меңлітемір, 

Цзяочжу,  Есен – Яньхуэй,  Хэцыхосунь,  Гашина,  Хэлихэсунь, 

Байдашах. Монғол ханы Аюрбарвадтың орда адамы Байдашах 

өте ықпалды адам болды. 

Жалайыр азаматтарының монғол ордасына жақын жүруінің 

басты  себебі:  екі  елдің  келе  жатқан  этникалық,  саяси  жəне 

əлеуметтік-экономикалық тығыз байланысымен орайлас болса 


184

керек.  Жоғарыда  келтірілген  тарихи  жазба  мұрағаттар  осы 

қорытынды пікірге толық дəлел бола алады. 

Ортағасырлық жалайыр азаматтарының ерен ерлігіне ұрпақ 

сүйсінерлік.  Қазақстан  мектептерінде  осылардың  қиян-кешті 

ерліктеріне арнайы сабақтар мен дəрістер өткізу, болашақ қамы 

болғаны лазым. Əкесін сатқан Павлик Морозов ұрпағымызды 

бүлдіріп болды ғой. 

Қ

АЗАҚ


 

ЖАЛАЙЫРЛАРЫ

Қазіргі қазақ шежіресі деп жүрген атаулар тізімі жалайырды 

найманға,  найманды  керейге,  керейді  өз  бауыры  Кіші  жүздің 

керейтіне  айдап  салғандай,  бірі  мен  бір  қабыспай  жатады. 

Қазақ  шежіресі,  тегінде,  рудың,  ата-бабаның  шығуы  туралы 

үлкен  ауызекі  айтылатын  романға  бергісіз  əдеби  тарих  еді. 

Шежіре  атануы  да  сондықтан.  Енді  қарасақ,  сол  мұра  ЗАГС-

тың  немесе  ауылдық  кеңестің  журналына  ұқсайды.  Жұтаң, 

Танымдық,  я  тағылымдық  құны  аз  Қазақ  шежіресінің  кезінде 

қандай  болғандығын  жалайырдың  шығу  тегіне  арналған 

тарихи  қысқаша  мəліметтер  баяндайды.  Олар  арқылы  тек 

жалайыр  емес,  бүткіл  Орталық  Азия  халықтарының  ғажайып 

тарихынан  сусындайсың.  Көне  шежіре  жалайырды  тек  түрік-

монғол  жұртшылығымен  ғана  емес,  ай  астындағы  барша 

халықтармен  ағайындас,  бауырлас,  тағдырлас  жасайды.  Ескі 

мағлұмат  жалайыр  үшін  Америка  үндісінің,  Америка  үндісі 

үшін жалайырдың ет жүрегін ауыртады. Тағдыр ортақ... 

Еске  осыдан  бірер  жыл  бұрын  Анталия  қаласында  өткен 

əлемнің  түркі  халықтарының  Бірінші  құрылтайы  түседі. 

Құрылтайға сол кездегі Түркия Елбасы Тұрғыт Озал, Солтүстік 

Кипр Түрік Республикасының президенті Р. Денкташ, Түркия-

ның  ол  кездегі  Бас  министрі  Сүлеймен  Демирел,  Түркияның 

көрнекті  партия  жетекшілері,  белгілі  ғалымдар  мен  қоғам 

қайраткерлері  қатысты.  Құрылтайды  басқарғандар  да,  келген 

қонақтар  да  ортақ  қуанышқа  кенелді.  Бəрі  таң,  бəрі  керемет. 

Бірақ  бəрінен  ғажайып  ашылу  салтанаты  болды.  Мəжіліс 

залының ортасында қылыш, балға қойылды да, əр ресми адам 



185

қылышты түске қойып, балғамен ұрып, темірдің шыңқылдаған 

даусын  шығарып  барып  төралқаға  отырып  жатты.  Дəстүрдің 

мəнісін  сұрадық.  Сөйтсе,  бұл  түріктердің  ежелден  сонау 

Алтайдағы,  Ергене  қоңда,  Бөрте  шене  деген  бүкіл  иісі  түрік 

нəсіліне  жолбасшы  болған  қасқыр  қаншығының  жетегінде 

жүрген  кездегі  жөн-жосығы  екен.  Ол  бірте-бірте  Түркияның 

мемлекеттік саясы рəсіміне айналған. Əбілғазы жалайырларды 

да  Ергенек  қоңнан  киелі  Бөрте  шене  алып  шыққаны  туралы 

ғұндардан бері келе жатқан осы көне аңызды қайталайды. 

Тек  мұнда  Бөрте  шене  хайуан  кейпінде  емес,  жалайырдың 

көсемі ретінде кейіптендірілген. 

Наймандардың  арасында  Ергенекті  (Саржомарт,  Бура, 

Көкжарды) деген ата тобы бар. Аты қалып, Ергенек қон туралы 

аңызы жоғалған. 

Монғолдың  “Құпия  шежіресінің” 189 бабындағы  ХІІ 

ғасырдағы  наймандар  туралы  аңыз  қазақ  наймандарының 

шежіресімен сарындас, Ертеде Инаншы, Білге хан: 

“Əйелім жас кезінде, 

Əбден кəрі шағымда

Таян тауып, ұл сүйдім

Тəңірінің берген бағында, 

Талшыбықтай денелі ол 

Өңшең мына тобырға, 

Өткізер ме екең бұйрығын”, –

деп отырушы еді. Енді міне: 

Қара ит арсылдап үретін болды, 

Қара кемпір Гүрбесу билейтін болды. 

Тақта отырған Таян-ау,  

Болмас істің баянды-ау”, 

Мұндағы  Инаншы  (сенімді),  Білге  (дана)  көне  найман 

мемлекетінің ұлы қағаны, Таян хан (Қытай титулы, Дай ван – 

жергілікті  əкім,  ұлық)  деген – атақты  Қытай  мемлекеті  берді 

ме,  жоқ,  найман  лауазымы  қытай  тілінде  болды  ма,  ол  жағы 



186

белгісіз)  –  оның  ұлы,  Шыңғыс  ханның  замандасы,  Гүрбесу 

қатын  (Кербез    –  сұлу,  кейін  наймандар  жеңілген  соң  оны 

Шыңғыс хан тартып алады) – Білге ханның жас тоқалы. Қазақ 

наймандарының ауыз-екі шежіресінде (Бошай Кітапбаев. “Тоғыз 

таңбалы  найман”;  Сейілхан  Нұрғазин, “Найман  шежіресі”) 

шапқыншылықтан  соң 96 жасар  Найман  шалдың  жалғыз  ұлы 

өліп, ұрпақсыз қалатын болған соң келіні, “Дулат руының қызы 

Нəзбура  (Ақсұлу)  өзінің  жас  сіңлісі  Дəмеліні  (Қызеней,  көлді 

найман  табынып, “Естіеней”  деп  атап  кеткен)  қайын  атасына 

қосып,  сонан  қалың  найман  тарайды”  делінеді.  Ал  Ергенек 

қон туралы мұнда лəм-мим жоқ, шежіре бұл жағынан жұмған 

аузын  ашпайды.  Бұрынғы  шежіре  қазақтың  басын  қосатын 

əдеби-мəдени  мұра  еді,  ондағы  аталар  қазақтың  жерін  қорып, 

жыртысын  жыртушы  еді.  Енді  қазақтың  басын  ажырататын 

құралға  айналды.  Өйткені,  қазіргі  қазақ  шежірелері  көбіне 

құрғақ  ата-баба  тізімі,  ауылдық  кеңестің  түтін  кітабы  секілді. 

Жұтаң.  Аңыз-əңгімесіз,  ауыл  маңын  қорыған,  түтін  аңдыған 

бірдемелер.  Тізімі  де  үзді-жұлды,  ата-бабалық  атаулар  көне 

тарихи мəліметтермен қабыспайды, тарихқа мəшһүр адамдарды 

қазақ  шежірелерінен  табу  қиын,  бұл  қырғыз,  өзбек,  түркімен, 

қарақалпақ,  мажар,  башқұрт,  татар  халықтарының  құрамына 

кірген  үйсін,  найман,  жалайыр,  маңғыт,  керей,  қыпшақ 

тайпаларына да ортақ жағдаят, Күллі түрік монғол жұртына пана 

болған киелі Ергенек қон қазақ тайпаларының жадынан қашан, 

қай  заманда  шығып  қалғаны  белгісіз.  Ергенек  (ергеншек), – 

қазақта  киіз  үйдің  есігін  бекітетін  қамау,  тосқауыл,  жоғарыда 

айтқан аңыз-əңгімелерде кездесетін мағынасы да осыған жақын, 

Ергенек таңба – )–(. 

Жалайырдың  шығуы  туралы  мифологиялық  рауайаттар 

ертедегі  шежірелік  баяндардың  қаншама  тұнық,  қаншама 

мөлдір,  қаншама  сұлу  да  тартымды  болғандығын  айғақтайды. 

Амал не, сол көп ұрпақ сусындаған мұраның не мирасқоры, не 

насихатшысы  жоқ.  Атаға  деген  ықылас  қазірде  күмбез  соғу, 

əрі кетті ас беру, ат жарыстырумен (сайып келгенде, бұл да ата 

жарыстырудың бір түрі ғой) тынады. 



187

Э

ТНОСОФИЯЛЫҚ



 

ПАЙЫМДАР


Кейінгі  кезде  ел  ішін  рушылдық  сана-сезім  кеулеп  бара 

жатқаны байқалады. Кейбір елді мекендерде тірі былай тұрсын, 

өлілерді  ата-атаға  жіліктеп,  біріне-бірін  араластырмай,  бөлек 

қоюды  шығарыпты.  Зираттардың  кейбіреулерінің  қақпасы 

тарс  жабылып  құлып  ілінген.  Мəнісін  сезген  жанның  жүрегі 

сыздайды.  Күңіренесің.  Күрсінесің.  Əрине,  жақсылық  емес  – 

нағыз  масқара,  топастық.  Атаның  аты  озғаны  əулет  үшін, 

ондағы  ұрпақ  тəрбиесі  үшін  дұрыс  та  болар,  бірақ  оған  қазақ 

əлеуметіне деген жақсылық нышанын көру қиын. 

Бірақ  атаңды  білме,  үрім-бұтағыңды  таныма  деп  қазақ 

баласына  шектеу  қоюға  болмайды.  Ежелден  ата-бабамыз 

үшін  ұлы  Даланың  шөлі  мен  шөлейті  тілсіз  мұхит  секілді  еді 

де,  ата-баба  шежіресі  сол  мұхиттан  адастырмай  жол  тауып 

беретін қалтасындағы компосы еді. Енді ондай компастың рөлі 

төмендеді.  Темір  жолдар,  тас  жолдар  пайда  болды.  Қазақтың 

бір  қиыры  мен  екінші  қиырына  көпір  салынды.  Сондықтан 

рушылдық 

сана-сезімді 

жалпы 

қазақтың 



мүддесімен 

сабақтастыру ұлт алдындағы парыз. XV ғасырда, Қазақ Ордасы 

құрылған дəуірде мемлекет болудың рухани күші – қазақ болу, 

қазақша  сөйлеу,  қазақша  жөн-жосық,  өткізу,  қазақша  туыс-

туған  тергеу,  басқаша  айтқанда,  қазақша  өмір  сүру,  қазақы 

патриотизм  еді.  Ата-бабамыздың  осы  өнегесін  биік  деңгейде 

ұстау керек-ақ. 

Жалайырлардың  көне  рауайаттарын  оқи  отырып,  олардың 

көшін бастап жүрген ноқта ағаларына, ер мен əйел ынтымағына, 

ата-тегіне  сүйсіне  қарайсың,  қиямет-қиын  тағдыр-талайын 

бөліскің келеді, қуанғандарына қуанып, бейнетіне ортақтасасың. 

Ұлтымыз өсіп барып бірлікке жетсе екен деп армандайсың. 

Міне,  өнеге  қайда?  Жасыратыны  жоқ,  сауатын  шежіремен 

ашатындарды ресми тарихи білімге, мəдениет пен патриотизмге 

баулудың  қайнаркөзі  де,  амалдамасы  да  солардың  этникалық 

тарихын  тануымен  сабақтасып  жатады.  Ел – жермен, 

азаматымен,  ақыл-ой,  парасатымен,  өмір  сүріп  отырған  тұтас 

ортасымен  қымбат.  Адамның  қауымсыз  қалқиған  қара  басы – 



188

пенде, құл-құтан, жұмыс күші, жұмыс көлігі іспетті. Ондайдың 

керексінетіні – орақ пен балға, кетпен, басын қосатын нəрсе  – 

мойынтұрық,  ноқта.  Ал  шынайы  адамның  адами  тегі  – 

қауымымен,  адами  ортасымен,  ата-баба  аруағымен  тұтасып 

жатады: бірге ырыздық іздейді, табады, жеңеді, жеңіледі, жерін 

қорғайды,  ұрпағын  тəрбиелейді,  баулиды,  біріне  бірі  игілігін, 

жиған-тергенін мирас қалдырады. 

Көне  гректер  жалайырдікінен  де  шағын  рауайаттарын 

жиынтықтап  үлкен  мифология  жасап,  бұдан  екі  жарым  мың 

жыл дүниежүзін тамсантып келе жатқан философия шығарып, 

күллі Еуропа өркениетіне тірек қылды. Сөйтіп, мезгілдік жəне 

оқиғалық тізбегі жағынан Қазақ Ордасы іргесін көтермей жатып, 

қазақ халқы құрылмай көп бұрын, оның құрамдас бөлігі болып 

қосылған жалайырлардың меншікті тайпалық тарихы қазақтың 

ұлттық  тарихына  бастау  болған  екен.  Жеке  тарихи  субьектісі 

ретінде  ортағасырлық  жалайырлар  сол  кездегі  əлеуметтік-

саяси  жағдаяттарға  орай  өз  тағдырын  өздері  шешіп  отырды: 

көршілерімен  қарым-қатынасқа  түсті,  жау  іздеді,  бірін  жеңді, 

бірінен  жеңілді,  достасты,  елі  мен  жерін  қорыды,  тағысын-

дағы көп салалы өмірдің күнделікті мəселелерін қауым болып, 

ұйымдасып барып шешіп жатты, шешуін таба алмай қиналды 

да...  Ақыл  ауыс,  ырыс  жұғыс  деген  осы.  Тіпті  кейін  Моғол 

ордасында  жеке  “Жалайыр  автономиясы” (XVI ғ.)  аз  уақыт 

дүниеге  келуі  де  сонан  болса  керек-ау.  Тарихи  зерттеулер 

барысындағы  қазіргі  қолданып  жүрген  жалаң  территориялық 

(əкімшілігі де бар) методология көшпелілер əлемін мұғдарлауға 

келе  бермейтінін  осы  орайда  тағы  да  ескерте  кеткен  жөн. 

Оған – осы жалайырлар тарихы да негіз бола алады. Мəселен, 

жалайырлар  сонау  күллі  түрік-монғол  əлемінде  патшалық 

құрған Оғыз хан дəуірінде Ергенек қоңда қамауда отырды десек, 

ХІ–ХІІ ғасырларда Монғолияда Онан өзенінің жағасынан, XІІІ–

XlV ғасырларда Солтүстік Қытайдан, ал XIV–XV Шу мен Іле 

арасында  Ақсақ  Темір  қосындармен  күш  сынасып  жүргенде, 

XV–XVI  ғасырларда  Шыршақ  пен  Əнгірен  атырабынан 

(“Жалайыр Ордасы”), XVІІ–XVІІІ ғасырларда Көксу мен Қарасу 



189

аймағында құба қалмақтарды қуып (“Орбұлақ шайқасы”), XIX 

ғасырдың аяғында орыс отаршыларына айбат шегіп жүргенін, 

ал  осы  ғасырда  коммунизм  орнатуда  белсенділік  танытқанын 

көреміз.  Өйткені  көшпелі  халықтың  тарихы  да  олардың  өмірі 

секілді үнемі қозғалыс үстінде тұрады. 

Қазақтың ұлттық тарихына бастау болған дара жалайырлар 

ғана емес: қаңлы мен дулат та, қыпшақ пен қоңырат та, арғын 

мен алшын да, адай мен найман да мұндай ұлы іске атсалысты. 

Əлемдегі  барша  ұлттар  тарихы  бастапқы  дəуірлерде  осындай 

тағдырды басынан өткереді. 

Көрші отырған Қытай тарихы да əулет-əулетке бөлініп кетеді. 

Олардың  ішінде  тек  əулет  емес,  тайпа  да,  тіпті  үш  қайнаса 

сорпасы  қосылмайтын  жатжұрттықтар  мен  нəсілдер  де  бар. 

Мəселен, чжоу, мин, юань, манцзы... Алайда, Қытай тарихынан 

осы  қытай  емес  əулеттердің  тарихын  сылып  алып  тастауға 

болмайды. Онсыз Қытай тарихы кетік болады. Қазақ тарихы да 

сондай,  тұтас  дүние.  Жалайырлар  тайпасының  тарихы  жалпы 

қазақ халқы тарихының құрамдас бөлігі, онсыз қазақ тарихына 

да кетеулік түседі. 

Жалайырлардың тайпалық тарихын қозғағанда елдің рулық 

жігін ашып берейік деген пікірден аулақпыз. 

Рушылдық  уыты  денесін  ұшықтандырып,  ата  жарыстыруға 

машық  кейбір  боскеуде  жандар  бұған  көңіл  аударғаны  абзал. 

Қазіргі  жалайырлардың  қазақ  халқының  тарихынан  басқа 

тарихы болуы мүмкін де емес. Қазақ құрамына кіргеннен кейін 

жалайырлардың  жеке  де  бөлек  тарихы  тамамдалады.  Демек, 

тарихи  заңдылық  фəлсафияттық  заңдылыққа  орын  босатты: 

сандық  көрсеткіш  сапаға  ауысты,  тарам-тарам  бастаудан 

басталған бұлақ қазақ деген Ұлы дарияға қосып барып, Əлемдік 

Мұхитпен тоғысты. 

Ақатай С.Н., Бабалықов Жағда

Жұлдыз. 1998. №9

Қазақ батырлары, 1998. №5.

Культура Казахстана. 

Традиции, реальности, поиски. 1998 г.


190



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет