Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Жону білдектерінде бұрандаларды қию технологиясы



бет14/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
3.9. Жону білдектерінде бұрандаларды қию технологиясы.
Жалпы сипаттама. Айналатын дайындама бойымен берістің тұрақты жылдамдығында кескіш төбесінің жылжуы кезінде, кесіле отырып, оның бетінде бұрама сызықты қалдырады (3.42 – сурет). Жазықтықта бұрама сызықтың көлбеулігі, дайындама айналуының перпендикуляр осіне, айналдырықтың дайындамаменайналу жиілігіне және кескіштің берісіне тәуелді және бұрама сызықтың көтеру бұрышы деп аталады. Дайындама осі бойымен (3.43 – сурет) өлшенген бұрама сызықтар араысындағы ара – қашықтық бұрама сызықтың қадамы Р деп аталады. Егер бөлшек бетіндегі кесінді бұрама сызықтың қадамына тең болса, және оны жазықтыққа жайғанда, онда АБВ тік бұрышты үшбұрышынан анықтауға болады
tgμ = Р/(πd),

мұнда, d – бұранданың сыртқы беті бойынша дайындама беті.



3.42 – Сурет. Сыртқы бұранданы қию сұлбасы:

а – құралмен дайындаманың қозғалыс сұлбасы; б – біркірмелі бұранданы кескішпен қию.

Диаметрі 50 мм – ге дейінгі ішкі метрлік бұрандаларды көбінесе бұрандаойғыштармен қияды. Әдетте жону білдектерінде машиналықбұрандаойғыштарды қолданылады. Олар бұранданы бір өткенде қиюға мүмкіндік береді. Қатты және тұтқыр материалдардан жасалған бөлшектерде бұрандаларды қию үшін жиынтықтарды қолданады. Олар екі немесе үш бұрандаойғыштан тұрады. Екі бұрандаойғышты жиынтықтағы біріншісі (қаралай) барлық жұмыстың 75 % орындайды, ал екіншісі (таза) бұранданы қажетті өлшемге әкеледі. Үш бұрандаойғышты жиынтықтағы біріншісі (қаралай) - 30% және үшіншісі (таза) 10% орындайды. Жиынтықтағы бұрандаойғыштарды дуалды бөлігі бойынша ажарлатады, ең үлкен дуалды бөлік ұзындығына қаралау бұрандаойғышы ие.

Тапаншалы бастиекке бұрандаойғышты орнату кезінде оның артқы ілмегіне сақинаны кигізеді және бекітеді, бұрандаойғышты қысқыға бұрандакескіш үшін орнатады және бекітеді.

Бұрандаойғыштармен бұранданы кию кезіндегі болатты дайындамалар үшін кесу жылдамдығы 5...12 мм/мин, шойын, қола, алюминий дайындамалар үшін – 6...12 м/ мин. Бұранданы қиюда маймен және эмульсияны салқындатумен іске асырады.



Бұрандақиғыш бастиектермен бұранданы қию.Бұрандақиғыш бұрамакескіш бастиектері жону, жону – тапаншалы және автоматты және жону білдектерінде сыртқы және ішкі бұрандаларды қиюға қолданылады.

Артқы ілмек көмегімен бұрандақиғыш бастиектер артқы топайдың сүйеутөлкесіне және білдектің тапаншалы бастиегіне орнатылады.Бұрамакескіш бастиектерде радиалды, тангенциалды және дөңгелек тарақтар қолданылады. Бұранданы қию соңында тарақтар автоматты түрде тарап кетеді және кері жүріс кезінде бұрандамен жанаспайды.

Сыртқы бұранданы қию кезінде дөңгелек тарақты бастиектер кең тараған. Олардың құрылымы қарапайым, көп қайта жонуды жүргізуге мүмкіндік береді және радиалды, тангенциалды тарақтарға қарағанда үлкен жылдамдықты қамтиды. Бұрамакескіш бастиектердің құрылғысы мен жұмыс істеу қағидасы бір – бірімен ондай үлкен айырмашылықтары болмайды. Ішкі бұрандаларды көбңнесе призма тарақты бұрамакескіш бастиектермен қияды. Олардың кесу жиектері бір диаметрде орналасқан және кірме конусы бар. Жиынтықтағы тарақтар саны бастиектің өлшеміне байланысты. Жиынтақта тарақтар қиылатын бұранданың бұрама сызығының көтеру бұрышына сәйкес бірі екіншісіне қатысты ығысқан.

Ұзын бұрама мен тістегерішті қиған кезде өнімділікті көтеру үшін кескіш бастиектер қолданылады. Олар білдектің құралкүймешігінде орнатылған. Бұл бастиектерді кәдімгі және тостағанды кескіштермен жабдықтайды және оларды сыртқы және ішкі бұрандаларды кию кезінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет