Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Өлеңдерінің идеясы, көркемдік ерекшеліктері («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық», «Жастықтың оты жалындап»,т.б.)



бет8/47
Дата24.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
2. Өлеңдерінің идеясы, көркемдік ерекшеліктері («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық», «Жастықтың оты жалындап»,т.б.).
«Жігіт сөзі» - Абайдың өлеңі, көлі «Айттым сәлем, қалам қас..." «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» - Абайдың 1886ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 25 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың жастарға арналған достық, татулық, жар сүю мәселесін қозғайтын насихат өлеңі. Ақын бірден«жігіттер» деп, есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, құрбыларымен араласуға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастарға сөзін қаратып айтып, соларға татымды дос табу, жар таңдау, үй болу жайын толғайды. Өлең еркін әңгіме-сұхбат түрінде құрылып, көбінесе жас жігіттерге айтылатын ақыл-кеңес іспетті болып келеді. Сондықтан өлеңді оқығанда өмірден көргені мен түйгені көп ақылгөй адамның біркелкі өңкей құрбы-құрдас жас жігіттердің ортасында кеңес құрып, шын ықласымен ақтарыла сөйлеп отырған қалпын көргендей боламыз. Насихаттылық сипаты жағынан өлең халық поэзиясындағы ертеден қалыптасқан дәстүрге жақын десек те, ой-пікірлерінің өткірлігі, сонылығы және еш жасандылықсыз тартымды, жатық етіп айтылуы бірден назар аударады.
«Керек іс бозбалаға талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық...» - деп, жастардың алдына үлкен өмірлік мақсат қоюы қажет екенін ақын айрықша атап көрсетеді. Терін сатып адал еңбек етпей, басқа оңай жолмен мал табам деу ер жігіттің бойына лайық емес деген ойында әсерлі жеткізіп, татулық, достық деген пікір түйеді.
«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!..
Жолдастық, сұхбаттастық - бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес...»
Жастардың сүйіспеншілік сезімінде айнымас беріктік, тұрақтылық, адалдық болуына айрықша мән бере отырып, ақын жігіттердің құбылма, айнығыш, жеңілтек мінезін қатты сынап шенейді.
«Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе,
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар
Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе...»- деді ақын.
«Бір дәурен кемді күнге - бозбалалық...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 10 шумақтан тұрады, барлығы 40 жол. Туынды ұстаз ақынның жас буынға айтқан арнауы сияқты адамның жас кезі, бозбалалық өмірі туралы сыр шертеді. Жастықтың «көкірек зор, уайым жоқ», ештемеден қорғанбайтын қызықты кезін, «өлең айтып, ән салған», «біреуді қалжың қылып қолға алған», «қызды ауылды қырындаған» бозбалалық қылығын суреттейді. Алайда ақын жас ұрпаққа бозбалалықтың қызығымен жүре бермей, «қартаймастай көрмелік, ойланалық» - деп тоқтау айтады. Сонда ұсынатыны - «ақыл табу, мал табу». Көрсе қызар болма, «қызды сүйсең, бірді-ақ сүй, таңдап тауып». Күлкі бақпа, енер бақ. «Ең болмаса, еңбекпен мал табалық» дейді. Өмірдің өткіншілігін, алдампаздығын Абай - «ат арықтар, тон тозар, қадыр кетер» деген сөздермен бейнелеп, сондықтан «күлкіні онша күйлеп, шуламалық» дейді. Ақын өмірде адам безінерлік біраз қылықты санап өтеді. Олар - «жалынышты жалтаң кездік» («біреуге көзіңді сүзбе, еңбек ет» деген мағынада), «сүйкімі, икемі жоқ шалдуарлық», ұрлық, тентіреп тамақ асыраушылық, қалжыңбастық т. б. Осының бәрі түбінде бір зарлық тартқызбай қоймайды. Өлең соңында ұстаз ақын осыны ұғарлық бозбалалардың" жоқтығына налып, ақыл айтуды өзіне парыз санаған ақсақалдың көңіл күйін бейнелейді. Шығарма негізінен, жас ұрпақты ойлы, қоғамға пайдалы өмір сүруге үндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет