Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған



бет1/7
Дата19.09.2022
өлшемі41,1 Kb.
#39465
  1   2   3   4   5   6   7

Оқушылар арасында позитивті этносаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, этносаралық толеранттылық қалыптастыру мәселелері бойынша


ЖАДЫНАМА
(білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған)

Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жадынама білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтерге, психологтарға, әлеуметтік педагогтерге арналады және өскелең ұрпақта этносаралық толеранттылықты тәрбиелеу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру мақсатында әзірленді.


Міндеттер:
- оқушыларда басқа этностар мен конфессиялар өкілдеріне жағымды қарым-қатынастар қалыптастыру;
- өскелең ұрпақ арасында этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеуді қамтамасыз ету және тиімді этносаралық коммуникацияны дамыту жөніндегі жұмысқа, азаматтық біртұтастықты бекіту және этносаралық қатынастар мәселелерін үндестіруге ықпал ету;
- оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметтері арқылы этностық және конфессиялық дәстүрлер мен салттарға өзара құрмет атмосферасын сақтау;
- білім беру ұйымдарының оқушылары арасында жанжал жағдайларының алғышарттары мен факторларын уақытылы анықтау және олармен әрі қарай алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру.


І. Алғы сөз

Қазіргі уақытта оқу-тәрбие үдерісінің басты бағыттарының бірі балалардың бойында жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастыру, оларды толеранттылықтың жоғары мәдениетіне, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынасқа, патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасқа және оң этникааралық коммуникацияға түсуіне әлеуметтік-психологиялық, жеке, ерікті, зияткерлік дайындық жасау болып табылады.


Елдің көптеген білім беру ұйымдары көп ұлтты құрамға ие. Білім беру ұйымдарында оқушылардың әлемге, құндылықтар мен өмірлік бағыт-бағдарларға деген көзқарастары қалыптасады, жеке қарым-қатынас тәжірибесі жинақталады. Әртүрлі этникалық топтардың өкілдері арасындағы қарым-қатынаста өткір проблемалар жасөспірім балаларда пайда болуы мүмкін.
Оқушылардың этносаралық негіздегі жанжалды мінез-құлқының алдын алу жұмыстарына оқу-тәрбие үдерісінің барлық қатысушыларын (оқушыларды, ата-аналарды, педагогтерді) тарту қажет. Білім беру және тәрбие процесінің барлық субъектілерімен кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізу ғана айтарлықтай оң нәтиже бере алады.
Баланың толерантты санасын қалыптастыруда отбасының рөліне мән бермеу мүмкін емес. Отбасындағы қарым-қатынас атмосферасы, ата-аналар мен туыстардың өзара әрекеттесу стилі балада этносаралық толеранттылықтың қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді.
Балалармен және олардың ата-аналарымен жүйелі жұмыс жасаудың маңызы зор, өйткені азаматтық бірегейлік пен тұлғаның қалыптасуының психологиялық негіздері бала кезінен отбасында немесе білім беру мекемелерінің қабырғаларында қаланады.
Оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бір шарты – мұғалімдердің этникалық тегіне қарамастан толерантты қарым-қатынас жасаудың жоғары мәдениетін оқушылар мен мұғалімдер арасында тарата білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет