Білім және ғылым министрлігі


Электрлік сұлбаларды жинақтаудың ережелері. Қауіпсіздік техникасы



бет2/21
Дата06.01.2022
өлшемі7,98 Mb.
#12474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Зертханалық жұмыс №1

Электрлік сұлбаларды жинақтаудың ережелері. Қауіпсіздік техникасы.

Жұмыстың мақсаты – қауіпсіздік ережелері, электрөлшеуіш аспаптар мен аппараттар, стенд құрылымы және олардың сұлбада белгіленулері, көрсеткіштерінің сандық ережелері мен танысу. Оқушылар тізбек жинауда жалпы мәлімет алулары тиіс.
Жұмысқа дайындық.
1. Электр тізбегі – белгілі мақсатта өзара жалғанған, электр тогы өтетін элементтер жиынтығы. Электр тізбегінде энергияның түрленуі болады: механикалық және химиялық электрлікке ауысады, ал электрлік – жылулыққа, жарықтыққа, механикалыққа және т.б. Тізбек құрамына электр энергиясының көздері, тұтынушылар, жалғану сымдары, басқару аппараттары, электрөлшеуіш аспаптар және түрлендіргіш құрылғылар т.б. жатады.

Электр тізбегі – тармақталған және тармақталмаған болады.

Түйін деп – екі немесе одан да көп сымдардың жалғанған жерін айтады.

Тармақ деп – екі түйінмен қоршалған, қозғалыста ток күшінің мәні бірдей болатын, тізбектің бөлігін айтамыз. Барлық элементтер тізбекте шартты белгілермен көрсетіледі.

2. Электр тізбегі, міндетті түрде электр энергиясының көзінен тұрады. Кейде сұлбада электр энергиясының көзі көрсетілмейді., бірақ, тізбек қоректенетін, электр торабының клеммалары белгіленеді.

Қалалық электр торабы, 127 В және 220 В айнымалы кернеулі болады, сондықтан, кей кезде кернеу реттегіші қолданылады. Ол зертханалық автотрансформатор (ЗАТР). Оның орама мен оның қозғағышын ысырсақ онда шықпа кернеуін 0 ден 250 В дейін өзгертуге болады.

Егер зертханалық жұмыста тұрақты кернеу қажет болса, онда аккумулятор немесе түзеткіш қолдануға болады. Соңғы жағдайда ЗАТР қолдансақ, тұрақты реттегіш кернеу алуға болады.

Зертханалық жұмыста кернеу үш фазалық жүйелері де қолданылады.

3. Электр энергиясының тұтынушысы ретінде шоқтану шамын және реостатты (электр энергиясы жылу энергиясына, жарық энергиясына айналады) қолдануға болады. Реостат кедергісін қозғағыш арқылы 0 ден максимумға дейін реттеуге болады. Әрбір реостаттың кестелігінде номиналды кедергі және номинал ток күші көрсетіледі. Кедергінің әрекет етуші мәні, екі қабырғасынан да 10-20%-ға номинал мәнінен ерекшеленеді. Шам цоколінде көрсетілген номинал қуат, сол сияқты әрекет етуші мәнінен ерекшеленеді.

Шоқтану шамынан реостат құруға болады, оларды параллель жалғасақ ондай реостатта шам көп болса, оның кедергісі аз болады. Кедергіні реттеу тек қана сатылы болады, ол шамды реостаттың көп қажетсіздігінен болады.

Конденсаторды батереяяға параллель жалғайды және жүктеме ретінде қолданады. Қаншалықты батереяда конденсатор көп болса, соншалықты оның сыйымдылығы да көп болады.

Ең маңызды тұтынушы – индуктивті орауыш болып саналады. Орауышты ферромагнитті өзекшеге қатысты орын ауыстырып, индуктивтілікті өзгертуге болады. Қаншалықты орауышта орам саны аз болып өзекшеден алыс орналасса, онда оның индуктивтілігі де төмен болады.

4. Асқын жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғау үшін, автоматты ажыратқыш немесе балқымалы сақтандырғыштар қолданылады. (зертханалық жұмыс сұлбаларында олар көрсетілмейді). Олар қысқа тұйықталу болғаннан кейін 100 секундтан кейін тізбекті ажыратады. Бұл уақыт аралығында тізбектің элементтері күйіп жетіспейді.

5. Электр тізбегін зерттеп, тексеріп отыратын көптеген электрөлшеуіш аспаптары бар. Оқу зертханасында оның тек аз ғана түрін қолданылады. Оның ішінде: амперметр, миллиамперметр, вольтметр, ваттметр және т.б. Аспаптар қалқанды және ауыспалы болады. Олар айнымалы және тұрақты токты өлшеу үшін қолданады. Олар көпшекті және біршекті болуы мүмкін және олардың әр түрлі ерекшеліктері де болады.



Электромагнитті энергиядан механикалық энергияға айналдыру үшін қолданылатын аспаптарды бірнеше жүйеге бөледі. Негізгі жүйелер мен олардың аспаптардағы шартты белгілері 1 кестеде көрсетілген.


  1. кесте


Өз білімдерін тексеру үшін қорытынды сұрақтар.
1. Зертханалық жұмыстың мақсаты қандай?

2. Электр тізбегі қандай элементтерден тұрады және оның белгіленуі қандай?

3. Электр тізбегінің тармағы мен түйіні деп нені айтады?

4. Электрөлшеуіш жүйелердің қандай түрін білесіңдер?

5. Магнитоэлектрлік, электромагниттік, және электрод жүйе аспаптарын қалай шартты түрде белгілейді?

6. Электр өлшеуіш аспаптарының жүйелерінің қай түрлерін білесіңдер?

7. Нөлдік белгіден амперметрдің бағыттама сызығы бір шкалаға бұрылса, не істеу керек?

8. Егер вольтметрдің бағыттама сызығы шкала соңғы оң жақ қапталға бұрылса, не істеу керек?

9. Ваттметрдің сұлбаға қосылу сұлбасын сыз?

10. Егер ваттметрдің бығыттама сызығы нөлдік белгіден солға бұрылса, не істеу керек?


Аспаптар мен жабдықтар

2-кесте











Атауы

Типі

Саны

Техникалық сипаттамасы




Амперметр

Вольтметр

Ваттметр

Реостат


Шамды реостат

Орауыш







1

1

1



1

1

1







Жұмыстың орындалуы.
1. Стендтің барлық аспаптарымен танысу. Кейбір аспаптардың техникалық сипаттамаларын жазу.

2. Барлық көздің э.қ.к өлшеу.



3. 1 суретке қарап тізбек жинау және тексеру үшін бригада мүшелеріне көрсету.
1-сурет
4. Параллель жалғанған орауыш пен реостат, және де барлық токты өлшеу аспаптарының сұлбасын сызу.

5. 4п. 2 және 3 сурет сұлбасы бойынша өлшемдерді қайталау.




  1. сурет 3-сурет



Нәтижелердің тәжірибелі тексерілуі.
Зертханалық жұмыс бойынша: а) зертханада жұмыс істеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау; ә) электр тізбегін құрайтын элементтер белгілірін; б) тізбек жинауда, тізбектелген жұмысқа қорытынды жасау.

Қорытындыны есепке енгізу.



Зертханалық жұмыс № 2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет