Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет11/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Дисульфидті байланыс, ол бір немесе екі полипептид тізбектерінің әр түрлі 
аймақтарында орналасқан екі цистеиндегі тио (сульфгидрил) топтарының күкірт 
атомдарының арасындағы байланыс, бұл байланыс нәтижесінде цистин түзіледі.
öèñòåèí
CH
COOH
CH
2
NH
2
SH
CH
COOH
CH
2
NH
2
SH
CH
COOH
CH
2
NH
2
CH
COOH
CH
2
NH
2
S
S
öèñòèí
2 сурет – Дисульфидті байланыстың түзілуі 
Дисульфидті байланысты түзетін цистеиннің екі молекуласы бір-бірінен қашықта 
полипептидтік тізбек бойымен орналасуы да мүмкін. Алайда, полипептидтік тізбектің спираль 
немесе қатпар түзе иілуіне байланысты цистеин молекулалары жақын орналасып, белок 
молекуласының үшіншілік құрылымын тұрақтандыруда маңызды роль атқаратын дисульфидтік 
байланыс түзуге мүмкіндік береді. Мұндай берік, ковалентті байланыстардың болуы белоктарда 
тұрақтылық пен жасушаішілік ортада оларды денатурациядан қорғауға мүмкіндік беретін 
протекторлық қызмет атқарады. 
Ковалентті емес байланыстар – оңай үзілетін әлсіз байланыстар. Ковалентті емес 
байланыстардың энергиясы аз, олар екі түрлі қызмет атқарады: 


18 
1. Өздерінің көптігіне байланысты олар белок молекуласының конформациялық 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді; 
2.Екі молекуладан функционалды комплекстердің түзілуіне қатысады. Бұл белгілі бір 
құрылымдық комплементарлықты талап етеді. Мысалы, антиген-антидене, фермент-субстрат 
жұптарын алуға болады. Әлсіз байланыстар ферменттердің қатысуынсыз пайда болады, 
үзіледі. Ковалентті емес байланыстарға сутектік, иондық, гидрофобтық байланыстар жатады.
Сутектік байланыстар – полипептид тізбектерінің жеке бөлімдерінің тұрақтылығын 
қамтамасыз етеді. Олар бір немесе екі полипептид тізбектеріндегі жақын орналасқан 
карбонил тобындағы біршама теріс заряды бар оттегі мен амин тобындағы біршама оң заряды 
бар сутегінің арасында түзіледі (3а сурет). Амин қышқылдарының (серин, треонин) бүйір 
тізбектерінде сутек атомдары (серин, треонин) гистидин азотындағы, карбониль 
тобындағы оттегі атомы, α-амин тобы сияқты электрондарға бай атомдармен сутектік 
байланыстар түзуге қабілетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет