Биохимия кафедрасы


 Аминқышқылдарының декарбоксилазалары, өкілдері, құрылысы, коферментінің



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
8. Аминқышқылдарының декарбоксилазалары, өкілдеріқұрылысы, коферментінің 
химиялық табиғаты, каталитикалық әсері. 
Аминқышқылдарының декарбоксилазалары- коферменті пиридок-сальфосфат( В1 
витамині + 2Н3РО4) болатын екі компонентті фермент, олар амин қышқылдарының 
декарбоксилденуін, биогендік аминдердің түзілуін(гистамин, серотонин, брадикинин) 
тездетеді, шіру процесіне қа-тысады. 
9. Карбоангидраза, құрылысы, рөлі, таралуы. 
Карбоангидраза- екі компонентті фермент. Коферменттің құрамын-да мырыш ионы бар. 
Фермент көмір қышқылының синтезі мен ыдыра-уын тездетеді, көмір қышқыл газын 
тіндерден өкпеге тасымалдауға қа-тысады. Негізінен эритроциттерде кездеседі. 
Н
2
СО
3
↔ Н
2
О + СО
2
10.Трансферазалар, құрылысы,жіктелуі, өкілдері, каталитикалық әсері, таралуы. 
Трансферазалар - атомдарды немесе атомдар тобын бір субстраттан басқа субстратқа 
тасымалдайтын ферменттер класы. Бұлар негізінен екі компонентті, жасушаішілік 
ферменттер. Тасымалдайтын топтарына қарай олар бірнеше топшаларға жіктеледі: 
аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, ацилтрансферазалар, фосфотрансферазалар. 
11. Аминотрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталитикалық әсері. 
Аминотрансферазалар қайта аминдену(трансаминдену) реакцияларын тездетеді. Амин 
тобын 
амин 
қышқылдарынан 
кетоқышқылдарға 
тасы-малдайды. 
Коферменті 
пиридоксальфосфат( В1 витамині + 2Н3РО4) болатын екі компонентті фермент. 
12. 
Метилтрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталитикалық 
әсері. 
Метилтрансферазалар метилдену реакцияларын тездетеді, яғни метил тобын 
тасымалдайды. 
Коферменті 
ТГФҚ(тетрагидрофоль 
қышқылы)- 
Вс 
витаминінің 
гидроксилденген туындысы, екі компонентті фермент. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет