Биология кафедрасы


-жұмыс. Қызылша жемтамырының құрылысы



бет24/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
1-жұмыс. Қызылша жемтамырының құрылысы.

Қол лупасы арқылы қызылшаның сыртқы құрылысымен танысқанда жемтамырлардың жер бетіндегі жапырақ шығып тұрған жоғарғы бөлігі (басы) көрінеді. Бұл бөлік — қысқарған сабақ. Оның төменгі жағыңдағы жанама тамырсыз бөлігі — тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан (гипокотиль) пайда болған жемтамырдың мойны; ал ең төменгі жағындағы жанама тамырлар — нағыз негізгі (білеу, кіндік) бөлігі.

Қант қызылшасы жемтамырларының көлденең кесіндісінен жіңішке тығыз және енді, бояуы қанық, шырынды, шеңберлі қабаттар байқалады. Жас тамырының көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепарат арқылы қант қызылшасы жемтамырларының анатомиялық құрылысымен танысамыз. Препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда тамырдың ортасында екі сәулелі алғашқы ксилема мен радиальды паренхималармен бөлінген соңғы ксилема сәулелері көрінеді. Соңғы ксилеманы сырт жағынан камбий сақинасы қоршап тұрады. Соңғы флоэма сыртқа қарай ығысып, камбийге жанаса орналасады. Осыдан кейінгі тамырдың жуандап өсуі қосымша камбийлердің қызметіне байланысты жүреді. Сөйтіп қант қызылшасы тамырының құрылысьша үшінші ретті өзгеріс енеді. Перицикл клеткаларының бөліну нәтижесінде тамырдың шет жағында соңғы флоэманың айналасында паренхималық клеткалардың қабаты пайда болады. Бір қабатты клеткалардың бір қатарлы тангенциальды бағытта бөлініп, камбийдің жаңа қабатын түзеді. Камбий клеткаларының бөлінуінен ішке қарай ксилема, сыртқа қарай флоэма элементтері, олардың бір-бірден қабықшалы паренхималармен бөлінген коллатералды шоқтар өрбиді. Осымен бір мезгілде паренхиманың шеткі қабаттарынан камбий клеткаларының жаңа сақинасы түзіледі, сөйтіп әрі қарай осылай жалғаса береді.

Тамырдың көлденең кесіндісін қол лупамен қарағанда шеңбер жасап орналасқан өткізгіш шоқтарының ксилемасы, шырынды, енді қабаттар – камбий, флоэма және қор жинаушы паренхималар көрінеді. Қызылшанаңжемтамырыполикамбиалды( көп камбийлі) болып келеді.

2-жұмыс. Сәбіз және шомыр жемтамырларының құрылысы. Сәбіз және жемтамырларының морфологиялық құрлысы бас, моиын және негізгі тамыр бөлігіне ажырайды.

Сәбіз жемтамырының көлденен кесіндісін лупамен қарағанда ақшыл сақина байқалады. Ол – камбий. Одан сыртқа қарай соңғы қабық, ішке қарай ксилема орналасқан. Соңғы қабық енділеу келеді. Өйткені қор заттары негізінен тамырсабақтың осы бөлігінде жиналады.

Сәбіз жемтамрыныңанатомиалық (микроскопиялық) құрлысын дайын препараттан қараймыз. Сонда тамырдың ортасындағы екі сәулелі (дирахты) алғашқы ксилема жақсы көрінеді. Алғашқы ксилеманың сәулелерінен паренхимиянынң екі рациалды сәулелері тарайды. Олардың арасында желпуіш тәрізді соңғы ксилема бөліктері орналасады. Соңғы ксилеманың сырт жағын ұсақ клеткалар қабат-қабатынан тұратын камбий қоршап жатады. Оның сырт жағында негізінен паренхимадан тұратын соңғы қабатың қалың қабаты алып жатыр. Тамырдың сырты соңғы жабындық ұлпа тоз жауып тұр. Шомыр жемтамарының анатомиялық құрлысы сәбіз жемтамырына ұқсас. Жас тамырдың көлденен кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепаратты микроскоптың кіші объективінен қарағанда тамырдың ортасынан екі сәулелі алғашқы ксилеманы, одан тараған паренхиманың екі радиалды сәулесін, соңғы ксилема сәулелерін, камбий қабатын, соңғы қабықты көреміз.

Жемтамырдың көлденең кесіндісінде үлкен көлемді камбий сақинасынан ішке қарай орналасқан сүректенбеген паренхимия, яғни ксилема мен радиалды сәулелердінпаренхимасы бар. Қор заттары осыларға жиналады. Сәбіз бен шомыр жемтамырларын соңғы құрлымын өзара салыстырсық, екеуіде монокамбийлі (бір камбийлі). Бірақ бұл сәбіздің соңғы қабығы қалың жемтамырының үлкен бөлігін алып жатад. Шомырда, керісінше, соңғы қабығы жұқа, жемтамырдың үлкен бөлігін ксилема алып жатыр. Мұндай ерекшеліктер қор заттарының жинақталу орнына байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет