Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ



жүктеу 29.2 Mb.
Pdf просмотр
бет12/102
Дата30.12.2016
өлшемі29.2 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 

 

 

76 

 

Аманбек Жадыра Оразғалиқызы, тәрбиеші, 



«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК 

 

 

Эстетикалық тәрбие дегеніміз  - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру 

және  сол  сұлулықты  жасау    қабілетін  дамыту  мақсатымен  оның  жеке  басына  ықпал  етудің 

мақсатты  түрде  бағытталған,  жүйелі  процесі.    Эстетикалық  тәрбие    -  өте  кең  ұғым.  Оған 

табиғатқа, еңбекке, қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге эстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді. 

Алайда, өнерді танып  білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол  екені соншалық, ол 

эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде дараланады. Тәрбиеші баланы 

сұлулықты  қабылдауға,  оған  эмоциялық  жауап  беруге,  сондай-ақ,  эстетикалық  ұғым, 

эстетикалық  пікір,    эстетикалық  баға  беру  қасиетін  қалыптастыруға  жетелеп    апаруға  тиіс. 

Эстетикалық даму -  баланың эстетикалық нәр алуға  мүмкіндік тудыратын  сезім мүшелері 

мен  шығармашылық  қабілетін  ұштау,  өмірдегі,  көркем  өнердегі  әсемдікті  түсінуіне,  оны 

қабылдауына  педагогикалық  жағынан  ықпал  ету  арқылы  баланың  эстетикалық  сезімін 

дамыту.  Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  олардың  өмірінде  зор  рөл  атқарады.  Әсемдікті 

көріп,    түсініп,    жасай  білу  адамның  рухани  өмірін  байытады,  қызғылықты  етеді,  оған  ең 

жоғары  рухани  ләззаттануға  мүмкіндік  береді.  Адамның  әсемдікті  және  жексұрындықты,  

сәулеттілік  және  ұждансыздықты,    қуаныш  пен  қайғыны  түсіне  білуіне  байланысты    оның 

саналы тәртібі мен мінез  - құлқы айқындалады.  Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы 

көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың  эстетикалық тәрбиесінің міндеттері: 

-Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту; 

-Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту; 

-Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу; 

Эстетикалық  тәрбиенің  құралдары:  қоршаған  дүние,  табиғи  орта,  күнделікті  тұрмыс 

эстетикасы,  табиғаттан,  өмірден  алған  әсері,  көркем  әдебиет  шығармалары,  музыкалық 

туындылар,  бейнелеу  өнері,  мерекелер  мен  сауықтар.  Мерекелер    мектеп  жасына  дейінгі 

балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды 

құралына  айналады.  Эстетикалық  тәрбиені  жүзеге  асыруда  балабақшаның  алатын  орны 

ерекше.  Дегенменде  отбасының  рөлі  де  зор  болмақ.  Балабақша  мен  отбасының  бірлескен 

ықпалының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге 

асыруға болады.  

Эстетикалық тәрбиенің әдістері:  бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, өнер 

туындыларын  көру,  қызықтыру,  серуен,  үлгі  көрсету,  іс-әрекетті  ұйымдастыру,  бейнелеу 

өнеріндегі  әрекеті  үшін  мадақтау  және  жетістіктерін  бағалау.  Балалардың  эстетикалық 

тәрбиесі  тұрмыс  эстетикасымен,  еңбектегі,  табиғаттағы,  қоғамдық  құбылыстардағы 

әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. 

Біз, мектеп жасына дейінгі  балаларға  эстетикалық   тәрбие беру үшін   бейнелеу оқу іс 

– әрекеті арқылы  балаларға әдемі суреттер салғызу, суреттерді түрлі – түсті бояулармен бояу 

арқылы  балалардың    көңіл  –  күйлерін  көтеріп    сұлулыққа,  әдемілікке  баулимыз.  Балалар 

сазбалшықтан немесе пластилиннен  мүсіндеу, қиып жапсыру,  табиғат материалдарын көркем 

өңдеу  арқылы    және  т.б.жұмыстар  арқылы  балалардың  бойында  эстетикалық  тәрбие 

қалыптасады.  Түрлі  материалдардан  қағаз,  картон, пластилин  т.б.  әшекейлеулік  тәсілдеріне 

машықтанады, әр-түрлі бұйымдар жасату арқылы біз балалар бойында эстетикалық тәрбиені 

қалыптастырамыз. Ал  мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың 

пішінін  бейнелеу  тәсіліне  машықтанады,  және  сол  мүсіндеген  бұйымдарына  қимыл-

қозғалыстарын  келтіруге  үйретеміз  балаларды    әдемі,  дұрыс,  ұқыпты,  таза  жұмыс  істеуге 

тәрбиелейміз. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін балабақшадағы 

мерекелік,  ойын  -  сауықтардың  және  музыканың  алатын  орны  да  ерекше.  Мысалы:Біз 

балаларды  «Алтын  күз»,  «Жаңа  жыл»  ертеңгіліктеріне  қатыстыру  арқылы    бала  бойында 

әсемдікті, сұлулықты, шапшаңдықты дамытамыз. Балалар музыканы, әнді айту арқылы,  бала 


77 

 

бойында қуаныш сезімі, сол әнге музыкаға деген қызығу  сезімі қалыптасады.Сонымен қатар 



жазғы  уақыттарда  біз  балалармен  «Менің  көңілді  добым»  атты  спорттық  ойын-сауықтар 

өткіздік.Балаларды  бұл  спорттық  ойын-сауықтарына  қатыстыру  арқылы  жылдамдыққа, 

достыққа,  тәрбиеледік  және  спортқа  деген  балалардың  қызығушылығын  арттыра  түстік.  

Бұндай балабақшадағы мерекелер бала есінде көпке дейін қалады да, эстетикалық тәрбиенің 

қалыптасуына жақсы, оң әсерін тигізеді.  

Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі  балаларға  эстетикалық тәрбие беруде табиғаттың 

да  алатын  орны  ерекше.  Біз  әрдайым  табиғат  сұлулығын  іздей  жүріп    және  оның  жаңа 

қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып, табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз. 

Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат 

сұлулығын – сөз, әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз. Табиғат сұлулығын 

сурет  бетіне  түсіре  білуге,    сол  сұлулықты  балалар  өз  бойына  сіңіруге  біз  мүмкіндік 

жасаймыз.Сонымен  қатар  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  халқымыздың  қол  өнерін 

үйретумен эстетикалық тәрбие береміз.Өнер балабақша өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ 

баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен 

қабылдауға,  бағалауға  үйретеді.  Күнделікті  көріп  жүрген  нәрселерінен  әсемдікті  таба  білу 

қабілетіне  ие  болады,  көргенін  еске  сақтап,  қиялдау  қабілеті  дамып,  шығармашылықпен 

ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады. Бұл қасиеттер бала бойына  өте қажет.  

Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын,тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла 

бастайды,мәселен,жылтыраған 

ойыншықтарды,әдемі 

гүлдер 

мен 


заттарды 

көрсе 


қуанады.Осының бәрі оның рахаттану,қызығу сезімін туғызады.Сонымен қатар біз балаларға 

жиі  ертегі  тыңдатып,әдемі  суреттерді  көрсету  арқылы  да  балалардың  қуаныш  сезімдерін 

оятамыз.Біз балаларға ойындар ойнату арқылы мысалы:сюжеттік-рольдік ойындарды ойнату 

барысында  балалар  бойында  бір  мамандыққа  деген  құлшыныс  сезімі  және  жауапкершілік 

сезімдерін қалыптастырамыз.Драматизациялық ойындар арқылы балалар  өздері  белгілі  бір 

рольдерді ойнап жақсы мен жаманды, адамгершілік пен надандықты, әсемдікті, сұлулықты, 

айыра білуіне жағдай жасаймыз.Осылайша эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем 

атаулының бәріне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын 

болады.Балалар  эстетикалық  тәрбие    арқылы  ересектердің  өнегесі  арқылы  дүниені  таниды, 

көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді.Ал біз осы мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық 

тәрбиені  яғни  әсемдікті  өнердегі,  қоғамдағы,  тұрмыстағы,  табиғаттағы  сұлулықтың  бәрін 

сөзбен  ғана  емес,  белгілі  бір  тәжірибе  жасату  мен  практикалық  тұрғыда  балаларға  дұрыс 

қызғылықты түрде  көрсету арқылы ғана  өз мақсаттарымызға жетеміз. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.Ф.Н.Жұмабекова.  «Мектепке дейінгі педагогика» -Астана,2008 

2.Отбасы және балабақша-2007 

3. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1990. 

4.С.Ұзақбаева, «Тамыры терең тәрбие» -Алматы,1995 

5.М.Жұмабаев. « Педагогика»-Алматы,1992 

       

 

          



БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ 

 

 



Аманбек Н. 

Ғылыми жетекші: Мусина Г.Ғ.                                                                                                                       

Қарағанды маңызды білім беретін  «Болашақ» колледжі 

 

 


78 

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда болшақ ұрпақтың дүниетанымын кеңейту жеке тұлға ртінде 



қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасау керек. Баланы жеке дайындығын 

қадағалап бағыт – бағдар беріп отыру керек. Бала ақ қағаз сияқты, оған не үйретсең соны істеп 

қайталайды. Балалалық шақтан дұрыс бағдар берсе солай қалыптасады. Жон Лок айтқандай: 

«балаға еркін тәрбие беру керек» -, деген. 

Еркін түрде тәрбие берсе бала қандай ұжымда болсын араласып кете алады. Қатты да 

ұстау керек, бірақ баланы басқалармен араласуға, сөйлесуге ерік беру керек. Сонда ғана бала 

ұйымшыл, бола алады. Өз құрбы – құрастарымен еркін араласа алады, өз ойын ортаға салады. 

Мектепке  даярлық  тобында  баланы  балабақшада  психологиялық  жағынан  дайындау 

керек.  Өйткені  бала  жаңа  ортаға  барғанда  балада  «дағдарыс»  пайда  болады.  Жаңа  ортаға 

бейімделу  үшін  балаға  көп  кақыт  керек.  Ол  үшін  мектеп  мұғалімі  мен  балабақша 

тәрбиешісінің арнайы ұйымдастырылған кездесулер керек.   

Педагогтар келешек өзінің оқушысының балабақшадағы білімі мен тәрбиесін, жеке дара 

қасиеттерін көріп білу керек. Психикалық ауытқуыда болуы мүмкін. Сол үшін ауытқуы бар 

балалармен  қандай  жұмыстар  жүргізетінін  тәжірибе  жүзінде  көреді.  Тәрбиешілердің 

балабақшадағы балалармен сан алуан жұмыстар жүргізетіндерін көріп қадағалау керек. 

Балабақшада тәрбиеші балалармен қандай жұмыстар  жүргізетінін көріп, мектепте соны 

ұштастыра  білу  керек.  Жаңа  келген  балалармен  ұмыс  жасағанда,  балабақшада  қандай 

жұмыстар істейтіндерін қайталап, біртіндеп мектепке педагогы баланы үйрету керек. Баланың 

мектепке  үйренуіне  мұғалім  басты  ықпал  жсайды.  Шебер  педагог  баланы  мектепке 

үйреткенде, жан – жақты өзін жетілдіріп, баланың сол мектепке ережелеріне үйренуіне ықпал 

жасайды. 

Ал,  тәрбиешілер  мектепке  даярлық  тобымен  жұмыс  істегенгенде,  мектеппен  сабақтас 

орнату керек. Мектептің ережелерін балаларға түісіндіріп, мектепке барғанда не істейтіндерін, 

оқу сабақтарын тереңдетіп оқитындарын, ойнай алмайтындарын, бір орында қырық бес минут 

отыруларын айтып, алдын – ала баланы мектепке әзірлейді. 

Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп оқушылары арасындағы байланыс формалары олар: 

мектеп  эскурциясы,  мектеп  музейіне,  кітапханаға,  шеберханаға  бару,  оқу  сабақтарын, 

ертеңгіліктерді, музықалық –әдеби кештерді бірлесіп өткізу арқылы сабақтастық орнату.  

Қорта  келгенде,  екі  сатыдағы  негізгі  мақсат,  міндеттер  нақтыланып,  білім  мазмұнын 

айқындайтын ұстанымдар анықталып, баланың мектепалды даярлығы мен бірінші сыныптың 

оқу  жылы  аяғындағы  оқу  мазмұнына  сипаттама  жасау  арқылы  балабақша  мен  бастауыш 

сыныптағы  білім  мазмұнының  сабақтастығын  қалыптастыруға  қол  жеткізуге  болады  деп 

ойлаймын.  

Сонымен  қатар  сабақтастық  мәселесін  шешуде  ата  –  аналармен  жұмыс  жүргізу  бала 

дамуының біріңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата 

– аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. 

Сондай  –ақ  баланың  физиологиялық  –  психологиялық  даму  ерекшелігінен  де назардан  тыс 

қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша 

ата  –  аналармен  жұмысты  одан  әрі  жетілдірудің  тың  жолдарын  қарастыра  отырып,  ортақ 

мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау. Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын 

мен  ата  –  ана  арасындағы  сабақтастық  сақталғанда  баланың  мектепке  жалпы  арнайы  және 

психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі.  

Сондай – ақ бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, 

мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалды. Білім 

беру  әр  бала,  әр  оқушы  үшін тұлғалық  мазмұндылығын  қамтамасыз  етуге  және  ол  үшін  өз 

ісінде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу миханизімін 

қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым –

қатынас жасауын қамтамасыз етеді.  

Білім  беру  баланың  жеке  тұлғасында  адамдық  экологияны  сақтап,  тәрбиелеуге,  өмір 

маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу 

функциясын  қалыптастыру  керек.  Жарқын  болашақтың  тамырын  терең,  тұғырын  биік 


79 

 

жасаймыз деген игі мақсат ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір 



азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



ҚР бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 1998 

2.

 



ҚР  білім  және  ғылым  қызметкерлерінің  съезі  материалдары  –  Егемен  Қазақстан,  2001, 

ақпан. 


3.

 

Махмутов М. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы, 1981. 



4.

 

Жұмабаев М., Педагогика. А., Мектеп, 1992 



5.

 

Идрисова М.Ә. Мектепке дейінгі педагогика. –Қарағанды: «Гласир», 2011 



 

 

 



ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

 



Амирова Гульжазира Тлеуберлықызы 

№16 «Алтынай» б/б КМҚК тәрбиешісі Қарағанды қаласы 



 

 

                                  «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек.  

                                  Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді.  

                Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек» 

Ж. Аймауытов 

Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында  –  ата-анасынаң мектепке дейінгі  ұйымда  – 

тәрбиешіден  талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір 

бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — 

сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, 

отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен 

бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым 

алары анық.    

Балабақшадағы  тәрбие  –  барлық  тәрбиенің  бастамасы.  Тәрбиеші  балаларды  адам 

мәдениетінің  әлеміне,  күрделі  және  алуан  түрлі  қарым-қатынастардың  әлеміне  ертетін 

үлкендердің  бірі.  Қазіргі  кезде  ата-ананың  сұраныс  деңгейі  биік.    Өскелең  жас  ұрпақты 

рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. 

Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, 

білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді. 

Баланы  жан-жақты,  дені  сау,  үйлесімді  болып  өсуіне  ата-анасы  қаржысын  аямай  ден 

қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның 

барлығы,  әрине  заман  талаптарына  сай,  бірақ  ең  бастысы  рухани  адамгершілік  тәрбие  -  

тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс. 

Еліміздің  егемендік  алған  уақыт  ішінде  қоғамда  қаншама  өзгерістер  болды.  Сол 

өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны  белгілі. Ел 

ертеңі, ұлт болашағы   үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие 

құралына айналдыру – бүгінгі күннің басты сұранысы. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп 

шығудың бірден  бір жолы  – өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны 

халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.  

Халық  педагогикасымен  айналысушылар  қоғам    дамуының  алғашқы  сатыларында-ақ 

тәрбиеге  өзіндік  көзқарас    болғандығын,  мақсатқа  сай    тәрбиеленудің  жолдары 

ойластырылғандығын мәлімдейді. 

Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. 



80 

 

Егемендігіміз баянды болып, ел ертеңі жарқын болсын десек, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие 



беру – парыз!   «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»! 

Тәрбиелеп отырған жас жеткіншекке бала деп қарамай, кішкентай  күнінен бастап оның 

елін сүйер бүлдіршін,  ұлтын ұлық тұтар ұлан,  мақтанышымызға айналар отаншыл азамат 

болып қалыптасуына тырысуымыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрығын себетін, ең алдымен, 

ата-анасы болса, одан кейін, балабақшасы. Тіпті есін білер-білмес шағынан бастап күнұзаққа 

балабақшада жүретін бала үшін балабақшаның ықпалы басымдау десек те болады. Ендеше, 

балабақшаларымыз балалардың ұлтына сай азамат болып қалыптасуы жолында тәлімді тәрбие 

бере алып отыр ма?! 

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің тарихи – әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар 

арасындағы  қарым-қатынас  жүйесін  реттеп  отыруға  негіз  болып  табылатын  қауымдық, 

халықтық  игі  іс-әрекеттер,  мінез-құлықтағы  имандылық  пен  инабаттылықты,  әдептілік 

қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен 

формалары балалардың мүмкіндігін ескерту арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке 

тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үрдісінде, 

ойын  және  оқу  ісінде  жоспарлы  түрде  іске  асады.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  бағдарламасы 

балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке деген дайындығын қарастырады. 

Жас  ұрпақты  саналы,  сергек  етіп  тәрбиелеу  отбасы  мен  мектепке  дейінгі  ұйым 

қызметкерлерінің бірден-бір парызы. 

Қазірге  кезде  өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақты тәрбиелеуде  қойылған мақсаттардың  бірі 

қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған 

жеке тұлғаны қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор. 

Халықтық педагогика – ұлттар мен ұлыстардың ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі 

ұлттық  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүрлерінің,  мәдени  ойлау  үрдісінің  озық  үлгілерінің 

жиынтығы. 

Бабаларымыздың  игі  дәстүрлерін  сақтай  отырып,  өз  ұрпақтарымызды  адал,  үлкенді 

құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі қасиетті, ар ожданды қылып өсіру тәрбиешінің, ата-ананың 

басты  міндеті.  Сондықтан  саналы,  салауатты,  халқымыздың  барлық  дәстүріне,  әлем 

мәдениетіне қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін  ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына және мектепке 

дейінгі ұйымдағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты. 

Қазақстан Республикасының білім беру саласы бүгінгі басты міндеттерінің бірі-ұлттық 

ерекшеліктерді ескере отырып, жас бүлдіршідерге терең білім мен тәрбие беру керек деген. 

Мектепке дейінгі тәрбиенің 2009 жылғы жаңа оқу стандарты бойынша «Біз мектепке барамыз» 

бағдарламасында    ұлтжандылық  пен  халқымыздың  мәдени  –тарихи  дәстүрлері  кезінде 

тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарын  

дамыту  міндеттері  кіргізілген.    Әр  саланы,  бөлімді  оқыту  кезінде  қазақ  халқының  тұрмыс-

салты, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлермен шебер ұштастырып, бала бойына ұлттық мақтаныш, 

ұлттық патриоттық сезім қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да пәрменді 

жүргізуге күш салу әр тәрбиешінің басты міндеті.  

Қазақ  халқының  тарих  қойнауында  қанша  ғасыр  өтсе  де,  тәлім-  тәрбиелік  мәнін 

жоғалтпаған    ұлттың  болмысына,  сана-сезіміне,  тұлғалық  сипатына  сай  жалпы  адамзаттық 

және  ұлттық  құндылықтар  қатарына  жататын  асыл  дүниелер  бар  екені  белгілі.  Осындай 

рухани  құндылықтарды  тәрбиенің  мазмұнына    арқау  ету  жетілген  тұлғаны  қалыптастыру 

мәселесі педагогика ғылымының тарихына жаңаша көзқарасты қажет етеді. Ұлттық тәрбиенің 

көзі болған отбасының жалпыадамзаттық, әлемдік даму тенденцияларынан тыс қарау дұрыс 

емес. Сол себепті, қазіргі қазақ отбасында ұлттық негізде тәрбиелеудің жағдайы туралы кейбір 

тұжырымдар жасау мүмкін: 

Бала тәрбиесінде жалпыадамзаттық  және ұлттық құндылықтардың біріккен әсері,  ата-

аналардың  педагогикалық,  этнопедагогикалық  мәдениеті  деңгейіне  орай  аталған 

факторлардың бірінің басымдылығының байқалуы; 


81 

 

Ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктеріне сай отбасылардың айырмашылығы (мысалы, ата-



аналардың  ұлттық  мәдениетінің  жоғары  немесе  төмендігі,  ата-әжелердің  болуы,  отбасында 

қалыптасқан әлеуметтік-этникалық орта т.б); 

Халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерінен пайдалануда бірізділік, мақсатқа 

ұмтылғандықтың болмауы, оның кездейсоқтық сипаты

Отбасында бала тәрбиесінде халық педагогикасы факторлары (ана тілі, салт-дәстүрлер 

табиғат, дін, тұлға дамуына кешенді әсерінің жеткіліксіздігі); 

Халық  педагогикасының  тәрбиелік  құралдарына  жеткілікті  мән  бермеу  немесе  оны 

дәріптеу  (мысалы,  халық  тәжірибесінде  қолданылатын,  бірақ  педагогикалық  мақсатқа  сай 

емес әдіс-тәсілдерді қолдану). 

Отбасы  тәрбиесінің  негізі  ретінде  қолданылатын  кейбір  халықтық  педагогика 

ұстанымдарының  (мысалы,  тыйымдар  жүйесінің,  баланың  күнделікті  өмірін  дұрыс 

ұйымдастыра білмеудің т.б.) бала тәрбиесіне, өзіндік тұлға ретінде қалыптасыуна теріс әсері. 

Ата-аналардың  тәрбиелік  белсенділігінің,  мектептегі  ұлттық  тәрбие  үрдісіне 

қызығушылығының төмендеуі; 

Ата-аналардың этнопедагогикалық білімдерінің әлсіздігі, балаларды қазіргі заманға сай 

тәрбиелеуге ұлттық тәрбиелік құндылықтарды екінші орынға қою. 

Біздің  пайымдауымызша,  қазіргі  қазақ  отбасында  балалар  тәрбиесін  жаңа  сапалық 

деңгейге  көтерудің  негізгі  шарты-отбасы  тәрбиесінде  халықтық  педагогиканың  тәрбиелік 

механизмдерін белсендіру. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж 

2.

 



«Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж 

3.

 



Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж 

4.

 



Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924. 

5.

 



Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992 

6.

 



Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, 2000 ж 

 

 



 

БАЛАЛАРДЫ ОЙНАТА ОТЫРЫП, ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ 

 

 



Амирова Гүлжайна Тлеуберлықызы 

№16 «Алтынай» б/б КМҚК тәрбиеші Қарағанды қаласы 

 

 

«Ойнай білмеген, ойлай білмейді»,  



                                                                              «Ойында озған, озады», 

                                                        Халық даналығында 

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- 

өрісі  жоғары,  жан-  жақты  дамыған  ұрпақ  қалыптастыру  мемлекетіміздің  алға  қойған  аса 

маңызды міндеті болып тұр. 

Тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні  –  мектепке  дейінгі  тәрбие  ошағында  беріледі. 

Отбасында  ата-ананың  ықыласы  мен  мейірімінен  нәр  алған  бала  балабақшада 

тәрбиешілердің    шұғылалы  шуағына  бөленеді.  Баланың  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен 

мүмкіндіктерді  ашып  ,  олардың  өнегелі  де  тәрбиелі  болып  тәрбиеленуіне  тәрбиешілердің 

маңызы зор.  

Балаларды тәрбиелеуде  ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың 

ойынға  деген  құлқы,  қарым-  қатынасы,  мінез-  құлық  көріністері  олар  өсіп-  есейгенде  де 



82 

 

жалғасы  береді.  Ойын  барысында  бала  өзін  қоршаған  үлкендер  сияқты,  өзінің  сүйікті 



әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.  

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға 

бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- 

қатынастағы  пайымдаулары  өзіндік  таным-  түсінік,  мінез-  құлық  әдептерін  бекітуіне  әсер 

етеді.  

Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар 

алады, дүние сырын ашады. 

Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің  жеке 

құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, 

қалыптастыру. 

Балалардың  сөздік  қорын  молайтуда  ойын,  тапсырма  жаттығулардың  орны  ерекше. 

Соның  ішінде  ойын-  баланың  шын  тіршілігі.  Ойын  арқылы  бала  айналасындағы  нәрседен 

өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш 

жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол 

ашады.  Қай  бала  болмасын  ойынмен  өседі,  өйткені  бала  табиғатының  өзі  тек  ойынмен 

байланысты.  Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге  тәуелсіз.  Ол  озін  еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік 

дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.  

Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. 

Халық  даналығында  «Ойнай  білмеген,  ойлай  да  білмейді»,  «Ойында  озган,  өмірде  де 

озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген 

құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді.  

Ойын  барысында  бала  өзін  қоршаған  үлкендер  сияқты,  өзінің  сүйікті  әңгімелері 

мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.  

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға 

бағыт алады.  

Сонымен  қатар  ойын  барысында  бала  үлкендермен,  өз  құрбыларымен  қарым-қатынас 

жасайды.  Әр  бала  өз  жетістігіне  қуанып,  мәз  болады.  Сондықтан  да  ойын-тапсырмаларды 

таңдауда  және  іріктеуде  балалардың  жас  және  жеке  ерекшелігін  ескерген  жөн.  Тәрбиеші 

балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. 

Заттармен  ойналатын  ойын  ойыншықтарды,  табиғи  заттарды  қолдану  арқылы  өті  леді. 

Мысалы:  «Дәл осындайды тауып ал»,  «Салыстыр да, атын ата»,  «Қай ағаштың жапырағы», 

«Бірдей  ойыншықты  тап»,  «Қайсысы  көп,  қайсысы  аз»,  т.б.  Үстел  үсті  ойынын 

ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай 

затқа  ұқсайды?»,  «Қай  сурет  тығылды?»,  «Бір  сөзбен  ата»,  «Кім  байқағыш»,  «Қиылған 

суреттер»,  «Ұқсасын  тап»,  «4-ші  не  артық?»,  «Есіңде  сақта».  Ал  сөздік  ойын  арқылы  сөзді 

орынды  қолдана  білуге,  дұрыс  жауап  айтуға,  сөз  мағынасын  түсінуге,  орынды  сөйлеуге 

үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», 

«Үш  сөз  ата».  Сонымен  қатар  балалардың  сөздік  қорларын  дамыту  жұмысына  ойындарды 

қолданумен  қатар,  «Пішіндер  көрмесі»,  «Өрнекті  есіңде  сақта»,  «Қиын  жолдар»,  «Суретті 

жалғастыр»,  «Биші  адамдар»,  «Көңілді  таяқшалар»  тәрізді  жаттығу  тапсырмаларды  да 

пайдаланып отыру өз нәтижесін берді.  

Баланың 

сезім 


әрекетін, 

әсерленушілік 

деңгейін 

анықтау 


үшін 

қолданылады.  Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің  жеке 

құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, 

қалыптастыру.  

Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай адам болады. 

А.С. Макаренко 

Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы 

шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу 


83 

 

қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін 



балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол 

мәңгілік  жабайы  болып  қалған  болар  еді»  деп  К.Чуковский  бала  денесінің  дамуы  мен  ой-

дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.  

Қазақ  халқының  жылдар  бойы  атадан  балаға  жалғасып,  қалыптасқан  ұлттық  дәстүрі, 

әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы 

жетіліп,  өзі  жасаған  қимылына  сенімі  артады.  Баланың  бойында  ойлау,  тапқырлық, 

ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады.  

Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.  

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров 

«Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа 

бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.Баланың қуанышы мен реніші ойыңда 

айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, 

эмоциялық  әсері  ұшқындайды,  белсенділігі  артады,  ерлік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды, 

мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.  

Жас  балаларды  санай  білуге,жалпы  сан  және  санау  ұғымдарын  игеруге  даярлау 

мақсатында  қолданатын  санамақтар.  Бұларды  саусақ  ойындары  деп  те  атайды.Онға  дейінгі 

санау қабілеттерін жетілдіріп,танымдық қабілетін дамыта отырып,он көлеміндегі сандардың 

ауызша  және  жазбаша  таңба  туралы  білім  түсініктерін  қалыптастыру  мақсатында 

пайдаланылады.  

Қазақтың халықтық педогогикасында жаңылтпаштар мен жұмбақтар, мақал-мәтелдердің 

алар орны ерекше. Мәселен: 

Жоғалды бес шыбыш

Жоқ әлі бес шыбыш. 

Жоқ әлі еш сыбыс, 

Жоғалды бес шыбыш. 

Аңқау екі жалқауды жалқаусың депті, 

Екі жалқау бір аңқауға аңқаусың депті. 

Танымдық  ойындар  бір  жағынан  балаға  сандардың    атауын  дұрыс  айта  білу 

мақсатымен  берілсе, екінші жағынан арифметикалық амалдарды дұрыс таңдап алуды талап 

етеді. 


Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар 

ала  алады,бала бір нәрсе туралы толық түсінік алу үшін оны есту,көру,сезіну арқылы жүзеге 

асатындығы туралы дәлелденіп отыр. 

Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға 

ұлттық  ойындарды  үйретіп,  оған  өзгеше  әр  беріп,  жаңартып  өткізіп  отыруды  ата-аналар, 

тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай 

да, күле де, ойлай да білсін!  

Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын  тәрбие құралы. 

 

 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет