Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде



бет1/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ МИНИСТРЛІГІ
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті"
Денсаулық сақтау технологиялары - мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде
Орындаған: Манарбеккызы Аида ДФК-101С

СЕМЕЙ - 2023


Денсаулық сақтау технологиялар - мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде
КІРІСПЕ 4 1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл әрекетін
2
денсаулықсақтау технологияларын қолдану арқылы дамыту 1.1«Қимыл әрекеті» ұғымының мәні және оның баланың
9
психофизикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін ықпалы 1.2 Денсаулық сақтау технологиялары мектепке дейінгі жастағы
17
балалардың қимыл әрекетін дамыту факторы ретінде
1.3 МДМ-дегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды
25
кешенді қолданудың тиімді жолдары мен мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қимылды ойындардың ерекшелігі
2. Заманауи денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл әрекетін дамыту бойынша эксперименттік-тәжірибелік жұмыс
2.1 Экспериментті ұйымдастыру және балалардың қимыл әрекетінің
46
даму деңгейін зерттеу үшін қолданылған ұйымдастыру-әдістемелік құралдарын сипаттау
2.2 Балалардың қимыл белсенділігін басқару жөніндегі жұмысты
49
жетілдіру (қалыптастырушы эксперимент)
2.3Зерттеу нәтижелерін талдау 58

ҚОРЫТЫНДЫ 61 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64


3
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер қимыл аздығының адам ағзасына тигізетін теріс ықпалын анықтап отыр. Бұл туралы өткен ғасырлардың ғұламалары Платон, Ибн Сина, Хуа Го да айтқан болатын. Әйгілі орыс дәрігері М. Мудров «денсаулықты сақтау үшін, ал бәрінен бұрын аурудың алдын алу үшін қимыл жаттығуларынан артық еш нірсе жоқ» деген екен.
Қимыл белсенділігі әрбір адамның, әсіресе баланың денсаулығы мен психофизикалық дамуының тиімділігін анықтайды.
Осыған байланысты баланың денсаулығын сақтау және оның үйлесімді дамуы үшін бүгінгі мектеп жасына дейінгі баланың қимыл белсенділігінің тапшылығы жағдайында осы мәселені шешу үшін заманауи денсаулық сақтау технологияларының ықпалын анықтайтын зерттеулер қажет. Айтылғанға орай, біздің зерттеуіміздің тақырыбы, сөзсіз, өзекті болып табылады.
Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін де қажетті шарт. Яғни, адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты – мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты – әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп көрсеткен [1].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, «Білім туралы» Заңында, «Білім» атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес.
Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2, 3, 4, 5].
Денсаулық дегеніміз – аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі.
Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң
4

ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады.


Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 52% оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 44,8% балалардың ауру екендігі, олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті [6].
БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз – адамның дене бітімінің кемістігінің жоқтығы мен аурулардың болмауы ғана емес, оның физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының сәтті болуы.
Денсаулықты сақтау мектептің оқу үрдісінің бір нышаны болып келеді. Ол денсаулық сақтау технологияларында, денсаулық сақтау ортасын құруда, мұғалімдердің оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыру мақсатында медицина қызметкерлерімен, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлескен әрекеттерінде көрініс беруде. Десек те, мұғалімдер денсаулық сақтау технологияларын үнемі қолданбайды. Оқушыларда өз денсаулығына деген аса қамқорлық қалыптаспаған, көпшілігінің денсаулықты сақтау туралы білімдері төмен, өз денсаулығын сақтаудың қарапайым біліктері мен дағдылары қалыптаспаған.
Соңғы кезде денсаулықты қалыптастыру факторының ең негізгісі салауатты өмір салты екендігін көптеген педагогикалық, психофизиологиялық, медициналық зерттеулерде, атап айтсақ Р.И.Айзман, В.Ф.Базарный, И.И.Брехман, Э.Н.Вайнер, Э.М.Казин, В.В.Колбанов, А.Г.Комков, Г.А.Кураев, Ю.П.Лисицын, Н.К.Смирнов [7, 8, 9, 10], т.б. ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетіледі.
Денсаулық мәселелері ғылыми әдебиеттерде кең қарастырылған. Адам денсаулығына байланысты фундаменталды мәселелер Н.М.Амосов, П.К.Анохин, Г.А.Апанасенко, К.И.Адамбеков, Р.М.Баевский, И.И.Брехман, В.П.Казначеев, Э.М.Казин, Г.А.Кураев, Ю.П.Шорин, А.Г.Шурина [11, 12, 13], т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Денсаулықтың жоқтығы адамның өмір сүру әдебіне байланысты, денсаулықтың құнын санат түрде қабылдамайды, сондықтан да сәтсіздікке ұшырайды. Денсаулықты бұл тұрғыда талқылау ашық ақпараттық – профилактикалық мәселеден санитарлық – гигиеналық, әлеуметтік – медициналық, психофизиологиялық факторлары ескерілген оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды қарастыратын педагогикалық мәселеге айналады. Денсаулық мәселелерін білім беру жүйесінде қарастырған ғалымдар: Р.И.Айзман, Е.А.Бабенкова, М.М.Безруких, Г.К.Зайцев, Н.А.Заруба, В.В.Колбанов, О.А.Никифорова, Н.К.Смирнов, В.Д.Сонькин, Л.Г.Татарникова, В.И.Ярославцева.
Денсаулық ұғымының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулығына байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы

5
әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.


Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз - оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.
Оқу үрдісін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру оқушыда денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде оқушы денсаулығын сақтау мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.
Мәселенің шешу жолдары ретінде М.Б.Антропов, И.А.Аршавский, Н.Д.Гравская, С.П.Летунов, Р.Е.Мотылянская, В.П.Филин, Н.А.Фомин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде мектептегі сауықтыру мен алдын алу жұмыстарының медициналық, биологиялық, гигиеналық бағыттары қарастырылған.
Жалпы ұрпақ тәрбиесінде салауатты өмір сүру мәселелерін халықтық педагогика құндылықтары мен ұштастырып, білім мен тәрбие берудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырлардағы ойшылар Әбунасыр әл-Фараби (870- 950), мен Ибн Сина (980-1037), Өтей бойдақ Тілеуқабылұлы, ал 1920-1930 жылдарында Х.Досмұхаметұлы және т.б. маңызды ой пікірлері, қағидалары қазіргі кезде өз жалғасын табуда.
ХХ ғасырда сауаттылыққа баулу мәселелері әртүрлі ғылымдар тұрғысынан зерттеліп,оның тәрбиелік мүмкіндігі туралы пікірлер ұсынылды. Қазақстандық ғалымдар У.М.Маканов, А.Мырзабайұлы, Д.Шардарбеков, Б.Ш. Жалмагамбетова және т.б. еңбектерінде салауаттылық мәселелерінің прогрессивтік мінін ғылыми тұрғыда қарастырып, жаңа идеялар ұсынылған.
Әдебиеттерге жолдау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу үшін мазмұны мен тұжырымдамалық негізіне маңызды өзгерістер жасауы керектігі байқалады. Осы себепті де мәдениеттің барлық байлығын меңгерген, үйлесімді, адамгершілікті, өз қызығушылығын мемлекет мүддесімен ұштастыра алатын тұлға тәрбиелейтін ізгілікті мектеп құру көздейді. Осы бағыттағы жаңашылдықтар баланың денсаулығын сақтайтын, нығайтатын және дамытатын, ұжым алдында тұлғаның мүддесін қорғайтын, ынтымақтастық

6
педагогикасы арқылы дамитын болады. Бұл мәселенің шешімін ғылыми түрде іздестіру сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта балаларды өзіндік жұмысының шығармашылық мәнін күшейте отырып, ұстаздарға салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беру міндеті жүктеліп отыр.Міне, осыдан – ақ жастарда салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру көкейкісті мәселеле екендігі түсінікті.


Сондай-ақ әдебиеттерге талдау дені сау ұрпақ тәрбиелеуде әлеуметтік орта сұранысы мен жалпы білім беретін мектепке дейінгі және мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары денсаулық сақтау жүйесі жасалмағаны арасында қайшылықтар бар екендігін көрсетеді. Бұл қайшылықты жою үшін мәселені шешу жолын өзгерту қажет: оқытудың денсаулық сақтау технологияларын ендіру. Мәселенің шешімі табылмауы себепті, қоғамның сұранысы мен денсаулық сақтау технологияларын ендіретін ғылыми негізделген мектепке дейінгі және бастауыш сынып әдістемесі жоқтығы, арасында қайшылық бар. Осы мәселеге орай, диссертация жұмысының тақырыбы: «Денсаулық сақтау технологиялар - мектепке дейінгі жасындағы балалардың қимыл әрекетін белсендіру ретінде» деп анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет