Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін



бет1/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#46873
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Дәріс тезисі

Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін әзірленген.


Қазақстан тарихы бойынша дәрістер кешені жалпы «Қазақстан тарихы» курсын оқитын жоғарғы оқу орындарының барлық мамандықтарының студенттеріне арналған.


КІРІСПЕ

Қоғамымызда орын алып отырған тарихи білім беру жүйесіне байланысты қалыптасып отырған жаңа бағыттар, осы сала бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастыруды және оқытушылардан жоғарғы оқу орындарында педагогикалық технологиялардың жаңа тәсілдерін қолдануды қажет етеді. Бұл тәсілдер бүкіл әлемде қолданылатын тұлғалық-плюралистік мінез-құлық қалыптастыруға негізделген критерилерге сәйкестендірілген.


Қазіргі заманда қоғамымызды демократияландыру және дамыту жағдайында тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі, ұлттық тарихымызды қайта жаңғырту. Шынайы тәуелсіздікті азаматтық позицияны ұстанбай, тарихи оқиғаларды ой елегінен өткізіп терең ұғынбай, ұрпақтар жалғастығын сақтамай отырып құру мүмкін емес.
Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы курсы қоғамдық-экономикалық құбылыстарға терең ғылыми және тарихи талдау жасауға негізделген. Тарихи материалдар негізінде Қазақстан Республикасы аумағында орын алған адамзат қоғамының даму кезеңдерін айқындап көрсету мақсатын көздейді.
Қазақстан тарихын оқыту барысында отандық тарихымыздың дамуының негізі айқындалып, қазіргі заманның ғаламдық мәселелерін шешудің бағыттары анықталады.
Қазақстан тарихы бойынша дәрістер кешенінің негізгі міндеттері:
Дәріс сабақтары барысында Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету;
Тарихи білімнің жүйелігін, жалғастығын және құндылығын аңғарту;
Студенттер бойына қазақстандық патриотизмнің негізі болып есептелетін азаматтық сезім, өзінің отанын құрметтеу және мақтан тұту, еліміздің тарихтағы орнын айқындау және бағалау сынды қасиеттерді орнықтыру және дамыту.
Дәріс сабақтары педагогикалық үрдістің тұтастығына жауап беруі керек. Себебі бұл оқу жүйесі бойынша студент білім берудің объектісі емес субъектісіне айналады. Бұл талаптарға жауап беру үшін төмендегідей әдіс-тәсілдер ұсынылады:
1. Білім берудің заман талабына сәйкес әртүрлі жаңа әдістері мен тәсілдері.
2. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.
3. Дәріс сабақтарының талапқа сай өтуіне психологиялық жағдай жасау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет