Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет30/33
Дата10.01.2017
өлшемі5,56 Mb.
#1566
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Марлен Ерланұлы Тұрғұмбаев,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң ғылымдарының магистры, PhD докторанты
Мұсылман құқығындағы қылмыс ұғымы мен белгілері мәселелері 
Тургумбаев Марлен Ерланович,
Казахский национальный университет им. аль-Фараби, магистр юридических наук, докторант 
PhD
Проблемы понятия и признаков преступления в мусульманском праве
Turgumbayev Marlen Yerlanovich,
Al-Farabi Kazakh National University, Master of Law, PhD student
Problems concepts and evidence of a crime in Islamic law
● ● ● ● ●

217
Ахметова Диана Қанатқызы,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының 
2-курс магистранты
КЕЙБІР ШЕТЕЛДІК ЗАҢНАМАЛАРДА ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН 
ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНІҢ КІНӘСІН МОЙЫНДАУЫНЫҢ РЕТТЕЛУІ
Шетел  заңнамаларында  қылмыс  жасаған 
тұлғаның  өзінің  кінәсін  мойындауының  қалай 
шешілетінін талдап, қандай құқықтық салдарға 
әкелетінін  зерттеу  зерттеудің  толыққанды 
болуына ғана емес, оның жағымды нәтижелерін 
болашақта Қазақстан секілді енді ғана тәуелсіздік 
туын  бекітіп  келе  жатқан  жас  мемлекеттің 
қылмыстық  іс  жүргізу  құқығындағы  қылмыс 
жасаған  тұлғаның  өзінің  кінәсін  мойындауы 
сияқты  институттың  ережелерінің  жетілдіріле 
түсуіне өз ықпалын тигізеді деп есептейміз. 
Жалпы  алып  қарағанда  шетелдердің 
қылмыстық  іс  жүргізу  құқықтарының  норма-
ларында  сезікті  немесе  айыпталушы  тұлғаның 
өзінің қылмыс жасағанын мойындауы мәселесіне 
басқа 
дәлелдемелермен 
салыстырғанда 
айтарлықтай  назар  аудармайды  деуге  болады, 
дегенмен  сот  тергеу  тәжірибесінде  заңдарда 
ресми  бекітілмегеніне  қарамастан  басқаша 
жағдай  қалыптасуының  мүмкіндіктері  жоғары. 
Мысалға,  Германияда  қылмыстық-құқықтық 
қодекс бойынша айыпталушының кінәсін ерекше 
дәлелдермен  дәлелдеуге  аса  орын  берілмейді, 
ол  қатардағы  дәйектемелер  деп  табылады. 
Әйтсе  де,  авторлардың  айтуы  бойынша  бұл 
тәртіпті тәжірибе жүзінде қолдану айыпталушы 
кінәсін  өз  мойнына  алатын  жағдайда,  оны 
тұтқынға  алуына  жеткілікті  болып  табылады 
деп шешу тәртіпті бұзушылық болып табылады 
[1,  42].  Теория  бойынша  айыпталушының 
бұл  қылмысты  мойнына  алу  ешқандай  қауіп 
туғызбайтынын мүмкіндіктерін дәлелдеу түрлері 
қарастырылады. Бұл үлкен заңды дәйекті күшке 
ие және жеке баға беріледі, сонымен қоса басқа 
дәлелдемелерден  бас  тартуға,  сонымен  қоса 
куәгерлердің жауап беруінсіз яғни сот мәжілісі 
басқа  дәлелдемелерді  қажет  деп  таппаған 
жағдайда  куәгерлерсіз  өткізіледі.  Бірақ,  судья 
(сот),  кінәлі  деп  тапқан  айыпкердің  жауабын 
тыңдау құқығына ие.
Англоамерикандық 
құқықтық 
жүйеде 
айыпталушының  өз  кінәсін  мойнына  алуына 
ерекше  қарым  –  қатынас  бар.  Американдық 
және  англиялық  ғалымдардың  пайымдауынша 
заң  үрдісі  шындықты  орнатуға  негізделмеген. 
Олардың  пайымдауы  бойынша  қылмыстық 
іс  бойынша  жинақталған  шындыққа  міндетті 
түрде  жанаспайтын  материалдар  бойынша 
шешім  шығарады.  Ең  маңыздысы  сот  шешімі 
қылмыстық  іс  бойынша  дәлелдемелерге 
негізделген  болса  болғаны,  ал  айыпталушы 
жауабы  бойынша  барлық  кінәні  өз  мойнына 
алған болса – ол толық дәлелдеу болып табылады. 
Англо-американдық заң ғылымдары өкілдерінің 
пікірі бойынша қылмыстық сотөндірісі – бұл дау, 
және айыпталушы өзін кінәлімін деп есептейді 
яғни  дауды  жалғастырудың  мағынасы  жоқ  [2, 
39].
Сонымен  қоса  АҚШ  заңнамасы  күдікті  өзі 
мойындамағанға дейінгі істерге нақты талаптары 
бар.  Параграф  3501,  18  титулдық  беті:  АҚШ 
заңдары бойынша кінәні айыпкер 6 сағат ішінде 
өз  еркімен  мойнына  алуға  регламенттік  уақыт 
қояды. Осы уақыт ішінде полиция қызметкерінің 
айыпталушыдан  жауап  алып,  оған  қылмысты 
мойнына алуына қол жеткізіп, сонымен қатар істі 
тергеу  жүргізу  арқылы  өзіне  едәуір  жеңілдету 
мүмкіндігі бар. Бұл шекті уақыт өтіп кеткеннен 
кейін  айыпкердің  айыпты  өз  мойнына  алатын 
болса, соттың күдігін туғызады [3, 84].
Англияда  сот  тәжірибесі  бойынша  егер 
полиция  қызметкері  жауап  алғаннан  кейін 
заңды біле тұра бұзса айыпкердің жауабы қайта 
қаралады. Бұл алқа отырысында қарастырылып, 
сонымен  қоса  отырыста  міндетті  түрде  куәгер-
лер,  куәгерлер  қорғаушылары  –  мұның  ішінде 
айыпкер де жатады, полиция қызметкерлерінен 
жауап  алынады.  Одан  әрі  жақтардың  пікірлері 
тыңдалады. 
Отырыстағы 
осы 
әрекетті 
істеушілер  жұмыстан  шығарылады.  Сотта  іс 
Трибуна молодого ученого

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
218
қарау приясягасыз өтетіндер бұл – магистраттық 
соттар, жауапке айыбын мойнына алу мүмкіндік 
шегі  полиция  қызметкерінің  айыпталушыдан 
жауап  алу  кезіндегі  кұндізгі  құндық  ставкасы 
бойынша тексеріледі [1, 94].
Айыпталушы  кінәсін  заңнамаға  сай  өз 
мойнына  алатын  болса  англосаксондық  құқық-
тық жүйе сапасын көрсетеді. 
АҚШ-тың қылмыстық үрдісінде жауапкердің 
кінәсін  мойындауы  сот  зерттеуінің  басқа 
дәлелдемелерді  қажет  етіп  созылмауына  негіз 
болады. Өз кінәсін мойындау АҚШ қылмыстық 
сот  үрдісінде  автоматты  түрде  айыпталушыға 
үкім кеседі. Сот зерттеуі басқа дәлелдемелермен 
(оның  ішінде  қорғаушылармен)  өткізілмейді. 
Сонымен  қоса  айыпталушының  кінәні  дәлел 
бойынша өз мойнына алуы тура түсінік беруі.
Қысқартылған  сот  өндірісінде  ешқандай  да 
қылмысты  ауырлығына  қарай  егер  айыпкер 
өзін кінәсін мойындаған жағдайда да шектеулер 
қойылмайды. Басқа зерттеу іс әрекеттерінсіз өз 
қылмысын мойындау американдық сот үрдісінде 
тіптен  санкция  бойынша  өлім  жазасына  кесу 
немесе  өмір  бойы  бас  бостандығынан  айыру 
жазасына да жеткілікті болып табылады. АҚШ-та 
өз кінәсін мойындаумен бірге «кінәсін мойындау 
шарасы»  институты  тығыз  байланысқан.  Бұл 
екіжаққа  да  тиімді  істерден  туындаған,  одан 
әрі  сотпен  бекітілген  шешім.  Басқа  сөзбен 
айтқанда,  бұл  келіссөз  айыптаушы  жақпен 
жәбірленуші жақ арасында болып, жәбірленуші 
кінәні мойнына алып, соттың шешімі бойынша 
жазаны күтеді, ол жазаға келіссөз шешісіне сай 
ұсыныстар тасталынады.
Келіссөз  үрдісі  жүргізілгеннен  соң  ол 
қылмыстың  аса  ауыр  немесе  өте  ұйымдасқан 
сатысына  байланысты  өзгерістер  енгізілуі 
мүмкін  [4,  52].  Мысалы  алдын-ала  ойласты-
рылған  кісі  өлтірушілікті,  прокурорға  алдына 
ала ұйымдастырылған қылмыс екенін дәлелдеуге 
шарт  койылады.  Сол  себептен,  егер  прокурор 
сот  отырысындағы  комиссияға  алдын-ала 
ұйымдасқан қылмыс екенін дәлелдеуге сенімсіз 
болса,  ол  тағайындауды  байқаусыздан  болған 
кісі  өлтірушілік  деп  тануына  мүмкіндігі  бар       
[5, 46].
Кінәні  мойнына  алуға  келісімдер  мемлекет 
арасында 
келісімдер 
арқылы 
прокурор 
өкілеттілігімен, 
айыпталушыны 
адвокат 
қорғайды. Сонымен қоса жазалау қорытындысы 
бойынша адвокат қорғауындағы азаматқа істеген 
қылмысы  бойынша  дәлелдердің  ақпараты 
ұсынылып  көрсетіледі.  Мұндай  ақпаратты 
арыз  беруші  жақтан  арыз  берілгеннен  кейін, 
1  айдың  ішінде  қабылдайды.  Жинақталған 
дәлелдемелер  –  бұлар  куәгерлердің  арызынан 
тұратын есеп, экспертиза қорытындысы және сот 
мәжілісінде қолданылуға жоспарланған басқа да 
дәлелдемелер. Ақпаратты алғаннан соң қорғаушы 
айыптау  фактісі  бойынша  оның  клиенттіне 
өзінің 
дәлелдемелік  базасының 
жоғары 
екенін  сендіру  мақсатында  өзіндік  зерттеуін 
жүргізеді.  Сонымен  қатар  тағайындалған  әр 
түрлі  эксперттік  зерттеулер  мен  іс  шаралардан 
соң куәгерлерден жауап алынады. Егер адвокат 
қойылған  айыптауды  мойындайтын  болса,  ол 
прокурормен кінәні мойындау туралы келісімге 
келеді.  Прокурорда  сенімнің  жоқ  болғаны 
жағдайында  сот  отырысынан  кейін  айыптаушы 
вердикті  қабылданып,  екі  жақ  өзара  келісімге 
келеді. 
Басқа сөзбен айтқанда бір шешімді шығаруға 
деген  құлшыныс  екі  жақты  да  келісімге  келуге 
алып келеді. Заң бойынша кінәні мойнына қоюға 
шешім  қабылдамастан  бұрын  прокурормен 
жағдайлар ауқымы бекітілген.
Осы  өндірістің  бір  ерекше  артықшылығы 
екі  жақтың  келіссөздері  -  айыптаушы  және 
қорғаушы жақ, соттың қатысуынсыз өтіп, өзара 
ортақ шешімге келеді. Бұл ретте соттың міндеті 
екі  жақты  келісімге  сай  келісімшартты  қайта 
қарап  келісімді  бекіту  немесе  тараптардан  бас 
тартуды бақылау болып табылады. Бұл мақсатта 
сот  тараптардың  өз  еркімен  келісімге  келуін 
тексеріп, байқайды. Тексеріс кезінде орнатылады: 
күдіктіге  уақытында  айып  мойнына  қойылып, 
күдікті берілген құқығының мағынасын түсінуін, 
күдікті  өзінің  түсініктемесінде  қандай  ақпарат 
берсе  де  сот  отырысында  соның  бәрі  өзіне 
қарсы  қолданылуы  ескертілуін  бақылау  қажет. 
Американдық  қылмыстық  үрдісте  жеткілікті 
дәлелдермен  сот  шешім  қабылдайтын  болса, 
айыпталушы  егер  сот  шешімімен  келіспейтін 
жағдайда  сот  алқа  билері  отырған  кезде  сот 
шешімінің  келісімге  сай  болмағанына  (зорлау, 
мәжбүрлеу,  қорқыту,  алдау  және  т.б.)  [6,  38] 
наразылық білдіруіне болады. 
Бұл дәлелдеу әдісін айыпкерге оң және теріс 
жақтармен  қарастыра  аламыз.  Оң  мезеттері 
деп  кінәні  мойындау  кезінде  сот  өндірісі  ұзын 
сот  зерртеуін  жүргізбей  уақыт  үнемдейді  және 
материалдық  шығын  аз  кетеді.  Соттарда  басқа 
шатасқан  қиын  істерді  толық  қарап  зерттеуге 
қосымша  уақыты  пайда  болады.  Бұндай  рет 
сотталушыға жаза тағайындау кезінде өте тиімді. 
Әйтсе де мұндай әдістің көптеген оң жақтары 
болса  да  сондай  ақ  теріс  жақтары  да  ерекше 
көрсетіледі.  Сонымен,  мысалы  Ларичев  В.В. 

219
Трибуна молодого ученого
жазады:  «Полиция  және  орган  қызметкерлері 
бірдей кінәні мойнына қоюға міндеттеледі, себебі 
сот  мәжілісінің  ұзаққа  созылмауына  ықпалын 
тигізеді.  Кінәні  мойындау  іс  шарасы,  полиция 
қызметкерін зерттеу кезіндегі заңсыздықты жою 
мен қылмысты ашуға әкеледі [7, 81].
Құқыққорғау  органы  қызметкерлері  «теріс 
жақ  ретінде»  «кінәні  мойындау  іс  шарасын», 
«қорытынды келісім нәтижесі бойынша барлық 
заңдық  қылмыс  істеуіне  сай  нұсқайды.  Сот 
бұл  жағдайда  болған  оқиғаға  жиі  терең  мән 
бермейді,  сотталушының  кінәсін  мойындауға 
тиіc [8, 4142].
Біздің ойымызша айыптау жағы сонымен қатар 
«кінәні  мойындау  келісімін»  жасау  барысында 
мысалы, үш қылмыстық эпизодтың орнына бір 
эпизодты  ғана  көрсету  арқылы  кейбір  айыптау 
пункттерін алып тастау жолымен көнуге баруға 
мәжбүр болуы аталған өндірістің теріс нәтижесі 
болып табылады. Аталған жағдайда қылмыстық 
іс бойынша шындықты анықтау жөнінде әңгіме 
қозғалуы мүмкін болмауына және жазаның әділ 
болмауына  байланысты  ауырлығы  үлкендеу 
қылмысты жасаған тұлға кей жағдайда ауырлығы 
аздау қылмыс үшін қылмыстық жазаны тартады. 
Сонымен  қатар  аталған  келісімді  жасау 
барысында жәбірленушінің пікірі ескерілмейді. 
Жәбірленушінің  «кінәні  мойындау  келісіміне» 
қарсы  шығуға  құқығы  болмағандықтан  оның 
құқығы және құқықтық мүддесі бұзылады. 
Сол себептен «кінәні мойнына қою шешімі» 
АҚШ-тың  қылмыстық  кодексінде  мынандай 
бейнелерге ие:
1)  «ісшара»  мақсаты  болып  отырыста  сот 
ісінен  бас  тартушы  өндірістік  топтар  болып 
табылады;
2)  Келісім  екі  жақ  бойынша  сот  мәжілісіне 
дейін  қортындылауы  тиіс,  бұл  кезеңде 
жәбірленуші пікірі есепке алынбайды;
3)  Сот  екі  жақтың  келісім  үрдісіне  қатыс-
пайды, тек қана олардың келісімін бекітеді;
4)  Айыпталушының  кінәлілігі  сот  мәжілісі 
болып жатқанда зерттелмейді;
5)  Үкім,  «кінәні  мойнына  қою  шешімі» 
процедурасынан  кейін  қойылып  факт  бойынша 
іс орындауда қайта қаралмайды. 
Бұндай  шаралар  АҚШ-та  кең  тараған, 
сонымен  қоса  Англияда  да  кең  тараған,  бірақ 
ерекшеліктері айқын байқалады. 
Англияда сот өндірісі қылмысқа байланысты, 
кінәлаушы  фактқа  байланысты,  суммарлық 
өндірістік  қатарда  айыптаушы  факттық  соттық 
өндіріс  қалыптасқан.  Суммарлық  өндіріс 
қысқартылған  сот  процедурасын  аса  ауыр 
емес  қылмысқа  сай  ұсынады.  Бұндай  істер 
магистраттық  сотпен  алқа  билерсіз  өткізіледі. 
1957  жылға  дейін  мынадай ереже  колданылды: 
айыпталушы  магистратттық  сот  алдында 
жеке  жауап  беруі  тиіс.  Магистраттық  1957  ж. 
қабылданған  заңға  сай  айыпталушы  егер  өзін 
кінәлімін  деп  есептесе,  сотқа  алдын  ала  хат 
арқылы  ескертуі  тиіс.  Бұл  процедура  көбіне 
автотранспорттық  құқық  бұзушылықтар  орын 
алу  істерімен  байланысты  кеңінен  қолда-
нылады.
Айыптаушы  актке  байланысты  қылмыстар 
магистраттық  сотта  қаралатын  істерден  гөрі 
ерекше  маңызға  ие.  Сот  үрдісі  ең  бірінші 
алқабилердің  пікірі  тыңдалымнан  басталады. 
Алғашқы  тыңдалымның  мақсаты  сұрақтарды 
таңдап,  вердикт  кезінде  сотқа  сот  үрдісін 
басқаруға көмек ретінде сұрақтарды пайдалану 
арқылы  дәлелдемелерге  қол  жеткізу.  Бұл 
стадияда  айыпталушыға  барлық  пункттер 
бойынша  айып  тағылады.  Айыпталушыға 
айып  тағылып  болғаннан  кейін  айыптаушы 
екенін  мойындауын  шарттайды.  Келісімнен 
кейін сотталушыдан өзін кінәлімін деп тани ма 
танымай ма сұрағы қойылады. Егер сотталушы 
өзін  кінәлімін  деп  мойындаса,  арызданушы 
алқабилердің  дәлелдемелерінің  шешімімен 
шектеледі. Сотталушының өз кінәсін мойындауы, 
оған мүмкін болатын соттық жеңілдіктер береді               
[9, 113].
Егер  жазалаушы  жазасын  алдын  ала  білген 
жағдайда  жазаланушы  кінәні  өз  еркімен 
мойындағанына  күдік  келтіреді,  жоқ  деп 
есептеледі. 
Бірақ  та  айыпталушы  егер  өз  кінәсін 
мойындаса, заң бойыншақылмыстық іс процес-
терін қысқарту мүмкіндігі бар. 
Италияның 
қылмыстық-процессуалдық 
кодексінде  сот  өндірісінің  қысқартылған 
процедурасы  қорғаушы  және  айыпталушы 
арасындағы 
алдын 
ала 
келіссөздерінен 
(бастапқы  зерттеу  стадиясына  байланысты). 
АҚШ  заңнамасы  келіссөз  процедурасы  Италия 
келіссөз  процедурасынан  айырмашылығы, 
Италияда  қылмыстық  істер  2  жыл  бас 
бостандығынан  айыруға  дейін  мүмкіндік 
беріледі.  Келіссөз  процедураларын  Италияда 
енгізгенде айыпталушы жазаны толық мойындау 
сонымен  қатар  қылмыстық-процессуалдық 
кодекс қарастырмаған сұрақтар талданды. Ұзақ 
талданудан  кейін,  келіссөз  процедуралары 
міндетті  түрде  айыпкердің  кінәні  мойнына 
алуын талап етеді [4, 98].
ТМД  елдерінде  сонымен  қоса  құқықтың 

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
220
бағалауға  тұрарлық  нормалары  кең  таралымға 
ие.
Айыпталушының  өз  кінәсін  мойындауы 
Беларусь 
Республикасының 
қылмыстық-
процессуалдық 
кодексінде 
егер 
соттың 
күмәнін  тудырған  жағдайда  өзімен  қоса 
қысқартылған  сот  зерттеуін  ұсынылады. 
(ст.  326  ҚІЖК  Беларусь  Республикасы).  Бұл 
жағдайда  сот  айыпталушы  мен  жәбірленуші 
арасындағы  келісім  орнағаннан  кейін,  олардан 
мойындау  мәжбүрлі  түрде  болмады  ма  соны 
анықтайды.  Сот  зерттеуінің  қысқартылған  реті 
жасөспірімдер  қылмыстық  ісін  зерттеу  ретінде 
қолданылмайды, сонымен қоса заң бойынша 10 
жыл  бас  бостандығынан  айыру  жазасы  немесе 
өлім жазасы тағайындалған. 
Беларусь  Республикасы  ҚІЖК-сындағы 
жылдамдатылған  процедуралар,  өндірістер  – 
бұл істелген қылмыстың қысқартылған жазасы, 
қылмыстық  сот  өндірісінің  жылдам  әрі  тез 
дамуына  бағытталған,  заң  бойынша  қатал 
орнатылған  құрамдас  бөліктерден  тұрады  [1, 
196-198]. Беларусь Республикасы ҚІЖК-сы 452 
бабы  жылдамдатылған  өндіріс  процестеріне 
жаткызады:  1)  қылмыс  фактісі  белгілі;  2) 
қылмыс жасаған тұлғаның кім екені белгілі; 3) ол 
қылмыс жасауда өзінің тікелей қатысы болғанын 
мойындайды.
Қылмыс  жасауда  өзінің  тікелей  қатысы 
болғанын мойындау – ол тұлға арқылы өз кінәсін 
мойнына  алу  немесе  басқа  күдікті  пара  беруі 
арқылы  оның  қылмысты  мойнына  толық  алуы 
болып есептеледі. Десек те, күдіктінің бастапқы 
берген жауабынан бас тартуы жылдамдатылған 
сот  өндірісін  тежейді,  солған  сәйкес  мұндай 
өндірісте  айыпкер  толық  өз  кінәсін  мойнына 
алғанша  күтіледі,  себебі,  күдікті,  айыпкер  өз 
кінәларын  мойындарын  алмайынша,  басқа 
дәлелдермен  оның  мәнін  жоғарылатпауға 
тиіскен жөн.
Бұндай  жылдамдатылған  өндіріс  берілген 
күнінен  бастап,  10  тәулік  ішінде  прокурордан 
өтіп  қылмыстық  іс  ретінде  сотта  қаралуы  тиіс 
(Беларусь Республикасының ҚІЖК, 453 бабы).
Қырғыз  Республикасының  ҚІЖК  сонымен 
қоса  қысқартылған  сот  мәжілісін  қарастырады, 
мұнда аса ауыр емес және аса ауыр қылмыстар 
өтінімдер  бар  болған  кезде  жасөспірімдер 
қылмысының  түрлері  бар  болып  табылады. 
(Киргиз  Республикасы  ҚІЖК  328-1  бабы). 
Негізгі шарт болып өтініш берушінің сол жерде 
болуы танылады.
Сол  себептен,  кез-келген  жылдамдатылған 
сот  процесінің  нұсқауымен  соттың  жұмысын 
жеңілдету, сот зерттеуі жолы мен сот қылмыстық 
өндірісі  саласын  дамыта  аламыз.  Мұндай 
өндірістер өзімен бірге уақыт үнемдеумен қатар 
материалдық  шығынды  төмендетіп,  соттардың 
басқа да қиын әрі күрделі істермен уақыт тауып 
айналысуына жол ашады.
«Тұлғаның шын өкінуі» термині тек қана ТМД 
елдерінде ғана бар, ол Ресей саясатында оң пікір 
алған, соның ішінде сот өндірісінде орын алады. 
Біздің Қазақстан Республикасының қылмыстық 
кодексі  бірінші  рет  онша  ауыр  емес  немесе 
орташа  ауырлықтағы  қылмыстарды  істеген 
тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы 
мүмкін, егер ол қылмыс жасағаннан кейін кінәсін 
өз еркімен мойындап келіп, қылмысты ашуға өз 
көмегін тигізетін болса (65 баптың 1 бөлігі).
Басқа  мемлекеттер  заңнамасы  бұл  терминді 
қолданбайды,  әйтсе  де  заңдық  шарттардың 
соңын нақты түсіндіреді. 
Шет ел заңнамасында қылмыстық – құқықтық 
санкцияларды жеңілдету, жазадан босату немесе 
қылмыстық  жауапкершіліктен  босату  позитивті 
пост  криминалдық  іс  әрекеттің  салдары  болып 
табылып  –  ақпарат  берілген  кезде  оның  ішінде 
масштабты кең көлемді қылмыстар орын алған 
жағдайларда жүгінеді. 
Францияның ҚК сай, ішінара құқық бұзушы-
лар  тобында  болып,  басқа  да  топ  мүшелерін 
ұстауға  көмектескен  жағдайда  қылмыстық 
жауаптан  босатылады.  Біреуді  ұрлаған  немесе 
заңсыз басқа біреудің бостандығына қол сұғып, 
тұлғаны 7 тәулік ішінде қамауда ұстау жағдайлары 
орын  алып,  тұтқынды  өз  еркімен  босатса  сот 
бойынша  жаза  бас  бостандығынан  айыруы  20 
жылдан  5  жылға  дейін    қысқартылуы  мүмкін. 
Басқа  да  қылмыс  түрлеріне  әр  түрлі  жазалар 
тағайындалған,  олар:  фальшивомонетничество, 
тұтқыннан қашу, шпиондықтың не саботаждың 
әртүрлі өзгерген түрлері және басқалар.
Италия заңнамасы «өкінген» террористердің 
жазасын  жеңілдетуге  және  жаза  тағайындайды 
егер  олар  өз  ұйымдасқан  топтарын  зерттеу 
кезінде  айтып  берсе  тіптен  жазаны  алып 
тастайды  [10,  108].  Және  басқа  да  қылмыс 
жасаған  жағдайда  8  бап,  Заң  №  203  (1991  ж.) 
ұйымдасқан қылмысты айтып, аттарын атап, өз 
кінәларын жоюына болады.
Бұл  үшін  айыпталушы  құрамнан  шығып, 
қылмыстық  топты  толық  қолға  түсіруде 
қолдан  келетін  шаралардың  бәрін  орындап, 
сот  органдары  мен  полицияға  дәлелдердің 
жиынтығын  ұсынып,  оларды  тұтқынға  алуына 
көмек беру [11, 198-199].
Сөйтіп, басқа да көп жағдайларға қарамастан 

221
Трибуна молодого ученого
шет мемлекеттер заңнамасы тұлғаның шешімге 
келуін,  кінәсін  мойнына  алуын  растап  әр 
түрлі  құқықтық  салдарын  бекітеді.  Бұл 
айыпталушының немесе сотталушының жазасын 
жеңілдетумен де тікелей, тығыз байланысты.
Шет  мемлекеттер  заңнамасын  оқып  үйрену 
–  құқықтық  білімдердің  беки  түсуіне  септігін 
тигізеді  және  Қазақстандық  қылмыстық 
процесте  қолдану  мүмкіндіктерін  қарастыруда 
қортындыға  әкелді.  ҚР  ҚІЖК,  біз  атап 
көрсеткендей дәлелдемелермен бекітілген, оның 
негізгі  белгілері  ТМД  елдерінің  қылмыстық-
процессуалдық  заңнамасына  ұқсас,  модельдік 
кодекстен де бекітілім тапқан.
Қазақстан 
Республикасы 
Қылмыстық 
кодексінің  ұқсас  баптарын  қолдану  неғұрлым 
тиімді  деп  саналады  және  (65  баптын                                        
1  бөлігі)  қылмыстық  жауапкершіліктен  босату 
жағдайларының бірі болып табылады.
Сонымен  қоса,  назар  аударатын  нәрсе 
соттардың  қажеттілігі  айыпталушыға  үкім 
шығарған  кезінде  ғана  емес,  тұлғаның  өз 
еркімен  кінәсін  мойындауы  кезінде  қойылатын 
үкімге қажеттілігінің зор екенін байқадық. (үкім 
оқылған  кезде  жағдайдың  қалай  орын  алғаны 
туралы  мәліметтен  салыстырылады).  Бұл 
жағдай сотталушының жазасын жеңілдетуге зор 
мүмкіндік береді. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Головко Л.В., Гуценко К.Ф., Филимонов Б.А. Уголовный процесс западных государств. - М., 
2001. - С. 426.
2. Гуцепко К.Ф. Основы уголовного процесса США. - М., 1993. - С. 39.
3. Стойко Н.Г., Семухина О.Б. Уголовный процесс в США: Учебное пособие. – Красноярск, 2000. 
- С. 84.
4.  Дубовик  Н.  «Сделка  о  признании  вины»  и  «особый  порядок»:  сравнительный  анализ  // 
Российская юстиция. - 2004. - № 4. - С. 52.
5.  Пешков  М.А.  «Сделка  о  признании  вины»  в  уголовном  процессе  США  и  ее  влияние;  на 
назначение  наказания  //  Проблемы  наказания  по  законодательству  России  и  зарубежных  стран: 
материалы межвузовской научной конференции. - М., 1999. - С. 46.
6. Горбачев А. Признание обвиняемого - «особо убедительное доказательство»? // Российская 
юстиция. - 2004. - № 6. - С. 38.
7. Ларичев В.В. Предварительное расследование преступлений в США и Германии: Дисс. ... канд. 
юрид. наук. - М., 2004. - С. 81.
8.  Мшицип  С.  Сделки  о  признании  вины:  возможен  ли  российский  вариант?  //  Российская 
юстиция. - 1999. -№ 12. - С. 41-42.
9. Апарова Т.В. Суды и судебный процесс Великобритании. Англия, Уэльс, Шотландия. - М., 
1996. - С. 113.
10. Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира: Справочник. - М., 1993. - С. 108.
11. Зайцев O.A. Государственная защита участников уголовного процесса. - М., 2003. - С. 198-
199.
Мақалада  автор  қылмыстық  іс  жүргізу  құқығындағы  тұлғаның  өзінің  кінәсін  мойындауы 
институтының  кейбір  шетелдік  заңнамаларда  реттелу  ерекшеліктеріне  тоқталған.  Шет 
мемлекеттер  заңнамасын  оқып  үйрену  –  құқықтық  білімдердің  беки  түсуіне  септігін  тигізеді 
және  Қазақстандық  қылмыстық  процесте  қолдану  мүмкіндіктерін  қарастыруға  болады  деген 
қортындыға әкелді.
Түйін сөздер: кінә, кінәсін мойындау, кінәні мойындау келісімі, тұлғаның шын өкінуі.
В  статье  автор  рассматривает  особенности  урегулирования  в  некоторых  зарубежных 
законодательствах вопросов института признания своей вины в совершении преступления. Изуче-
● ● ● ● ●

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет