«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет8/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Әсімхан:
елімізде жүз жиырма ұлт тұрады,
ойлама мені сөзден ұттырады.
Барлығы балдан тәтті ынтымақты,
ерінбей еңбек десең тік тұрады.
атақты биылғы жыл – 50 жылың,
достасты бір-бірімен елім бүгін.
ленин нұсқаған жол үлгі болып,
өзгерді бұрынғыдан өмір бүгін.
заманның лайықты ақынымыз,
ретім шырқайтұғын менің бүгін.

130
Қазақ өнерінің антологиясы
ақыным орындаймын сұрауыңды,
Қандырам өлең болса құмарыңды.
алматы облысым он алты аудан,
адамсың кеп көрмеген бұл ауылды.
ең үлкен жерімізде Жетісу бар,
мәңгілік желбірейтін қызыл тулар.
Халқына Қазақстан аты әйгілі,
Көптеген ғалым болған қыз бен ұлдар.
айтайын ақсу, Көксу, Қараталды,
тоты құс сонда өсірген балапанды. 
Шу, тентек, іле, лепсі деп айтушы ед
Көріп пе ең үмбетәлі қара шалды?
мен барып көрген едім сырларыңды,
Бояйсың сыр дегенде жырларыңды.
дарияң өз жолымен ағып кетіп,
Көргенмін сусыз жатқан қырдағыңды.
түйеге мініп алып су тасыған,
айтпайсың шөлдеп тұрған құмдағыңды.
Жасыңнан домбыра ұстап болдың жыршы,
сөзімді жыршы болсаң тыңдап тұршы.
Жыр алыбы Жамбылдың бір сөзі бар:
«өз мінін жасырмайды әділ сыншы».
Манап:
Әсеке, жауап бермей сұрағыма,
Жағдайсыз тиді ме әлде құлағыңа?
тағы да сөз қозғасам деп отырмын,
Басып тастай салмаңыз бұ жағын да.
50 жыл – ссро-ға, толғалы тұр,
Бір үлкен сән-салтанат болғалы тұр.
ұлттардың туыстығын баяндайық,
Бір ғана ете бермей олжаны жыр.
«гигант» колхозында 25 ел,
өкілі бір мақсатқа байлаған бел.

131
Айтыс 4 ТОМ
Біреуін-біреуінен ажыратпай,
өзіндей көрген ақын туысқан дер.
латыш қызы магрис, 
неміс қызы Эльмирам. 
армян қызы рзван,
орыс қызы розам. 
Қазақ қызы гүлстан, 
тәжік қызы тамарам,
өзбек қызы мариям,
Корей қызы ольгам.
Қырғыз қызы Қалиям,
Қарақалпақ гүлсанам,
татар қызы Әлиям,
түрікпендік тәзиям,
украиндық надиям,
грузиндік гулиям,
Шешен қызы Қазиям,
молдавандық сониям,
Бәрі еңбекте табысқан,
Бір семья туысқан!
мысалын айт, Әсеке,
Біздей болып туыссаң.
Әсімхан:
Қыздардың бірі нюра, бірі галя,
ескі емес заманымыз, біздің жаңа.
люба, маруся мен вера, тома,
озат боп сыйлық алды үш тамара.
есейген еңбегімен көзге түсті,
атақты Бүбіхан мен Шолпан, сара.
айтысқа шыққан, манабым,
меніменен егеспе. 
егескенмен манабым, 
Шыға алмайсың белеске.
табысыңды айтып тасисың,
сырдарияңдай шалқисың.
сол табысқа себепші,
Қамқорлығын көрсеткен,
алматым менің емес пе?!

132
Қазақ өнерінің антологиясы
Жетісудың байлығы,
Әлемге кетті таралып.
заманымыз жаңарып,
Қатарға сен де қосылдың,
алматымнан нәр алып.
Шетте жатқан ауыл ең,
істедік талай ағалық.
сүйікті көсем орденін,
екінші рет қададық.
Байлығың болса айта ғой,
Біртіндеп біз де саналық.
Құттықтауды білмейсің,
істеп тұрсың балалық.
Білемісің, манабым,
Біздегі он сан заводты?
Көресің барсаң әр ұлтты.
Қаншама жерде театр,
Көрсетіп ойын-сауықты.
сол заводтан тоқылған,
үйіңдегі кілемің,
Жайыңды мен де білемін.
адасып әсем үйлерден,
далаға талай түнедің.
Қалаға көп келмеген,
сыртта өскен іні едің.
оқымаған ақынсың,
соныңа сенің күлемін.
меніменен айтысқан,
таудай екен жүрегің.
Бірнеше завод тоқиды
Шұға менен матаны,
Жұмысы жақсы сапалы.
осы бізден апарып,
сауда орнына сатады.
Бүтінделген шығар-ау,
Шалдарыңның шапаны?
ауылыңа айта бар,
түйеге арба жекпесін.

133
Айтыс 4 ТОМ
сен бұл жақта жүргенде,
сырыңнан сүзіп алынған,
Балығың сасып кетпесін.
облысым бойынша,
Жүз елу автоклуб бар.
мәдениет жағынан,
Біз емеспіз кіріптар.
Қосбасаров пен Жамбылов,
Көлбай деген жігіт бар.
Кітапхана саны да,
Бес жүзге таман жуықтар.
мектептерді жағалай,
тігілген ағаш шыбықтар.
сендерде ондай жағдай жоқ,
Қызылордаңа біліп бар.
он алты аудан – облысым,
одағыма әйгілі,
тасқындай бермек байлығы,
Көрсеткішім болмаса,
айтпаймын бекер жай мұны.
Қызылордаң біз емес,
Жауапсыз қарап жоспарға,
орындалмайтын айлығы.
Бір ауданың Қазалы,
Жерінің нашар ажары,
айтпайтұғын сөзім ед,
ала бердің мазаны.
Барлығы түгел саудагер
Жосалының базары.
Бүркітпенен ойнайды,
Қарғаның жетсе ажалы.
отыз мың қойың шығын боп,
орталық газет сынға алып,
сондықтан сені жазады.
Жақсы өнегем таралсын,
Жиналыста қаралсын,

134
Қазақ өнерінің антологиясы
осы айтылған сындарды,
еліңе айтып барарсың.
Кемшілікті түзетсең,
ақын боп сонда жарарсың.
елу жылдың тойыңда,
Кездесіп бізбен қаларсың.
мақтай берме құмыңды,
Жел тұрса құмды суырды.
Жамбыл, Кенен, Жандосов – 
осы жерде туылды!
айта берсем сан жетпес,
тоқаш Бокин, Бауыржан,
Бәрібаевтай ұлымды!
Қызылордадан көшіріп,
астана болып алматым,
Биікке тіктім туымды.
сынай берсін сыншылар,
Кімнің күші мығым-ды!
Манап:
октябрьден ертерек,
Қызылорда жайы бір бөтен.
сырдан болмай еш көмек,
тақырда екен, құмда екен.
дүниенің жүзіне,
Қанша бабам кеп кеткен.
Жасы арылмай көзінен,
«неге тудым» деп кеткен.
Куәсі болып солардың,
Кектен тамған қан жатыр.
тозаңы болып жолдардың,
тұлпардан қалған шаң жатыр.
Қайта оралмас сол кезді,
алмайық еске десек те.
тарих қайта енгізді,
өткеннің бәрін есепке.
Желмаясын желдіріп,

135
Айтыс 4 ТОМ
осында асан зарлаған.
Қобызын күйге келтіріп,
осында Қорқыт сарнаған.
тылсымменен тілдескен,
Ән-күйдің Қорқыт дүрі еді.
Әл-Фараби сырда өскен,
ғалымдардың пірі еді.
ленин күн боп көгімде,
нұр бітірген осы аймақ!
сонан қазақ елінде,
Жыр бітірген осы аймақ!
ту етіп ленин есімін,
Жастар өсті масайрап!
азиядан жұлдыз боп,
ғани туған осы аймақ!
сәкеннің «Қызыл сұңқарын»,
Қанаттандырған осы аймақ!
мұхтардың «айман-Шолпанын»
талаптандырған осы аймақ!
Бейімбет, сәкен, ілияс,
Қалам тартқан осы аймақ!
өрендер өсіп қым-қиғаш,
өнегем артқан осы аймақ!
Кремльдің сақшысы,
тайшиев өскен осы аймақ!
атақты жандар таусылмас,
айта берсем мен сайрап.
мұхамеджан, Әбділда,
асқар туған осы аймақ!
Қаламынан сан мыңдай,
дастан туған осы аймақ!
Қазынасы әлемнің – 
«мың бір түнді» аударған,
Құмартып оқыр бар елдің – 
авторы біздің Қалмақан.
тұрмағанбет сөздерін,

136
Қазақ өнерінің антологиясы
мақтамайық қалай көп!
айтып жүрген өздерің,
«сырда туған – абай» деп.
ажалды жеңген азамат – 
зейнолла жырын сүйесің.
«островский» деп қайран қап,
Білемін, басыңды иесің.
сахнаның саңлағы – 
сәбира өскен осы аймақ!
Бұлбұлдай сайрар таңдағы,
Бағланова өскен осы аймақ!
делебемізді қоздырып,
өнерлерімізді оздырып,
сандуғаштай сайратып,
Әсімхан мен манапты,
осы айтысқа алдырған,
Шаһмардан өскен осы аймақ!
аты әлемнің аузында,
Бұлбұлдың бірі Бибігүл,
Бар шығар оған сенімің.
мейлің білме, мейлің біл,
ол да менің келінім!
«өнер менен ғылымнан
еңбекке, – десең, – қайта орал.
мересьевтің ерлігін,
екінші рет қайталар.
Қос аяқсыз, қос қолмен
талай жұмыс жайпалар.
Қасымтай сынды шын ерлер
Бізден ғана байқалар!
Әйелден шыққан алғашқы,
сыр елінің шопаны,
еңбек ері жұлдызды,
ссср-ға депутат,
Әйгілі болған айша бар!
облыс емес, өлке емес,
одағымның мақтаны,
екі рет Батыр еңбектен,

137
Айтыс 4 ТОМ
ақ күріштің атасы,
даланың академигі –
Жақаев деп аталар,
Кім бұған дау айта алар?!
Жүздеп, мыңдап саналар,
Жолын қуған шәкіртін,
есептесем қанша бар!
Балықшы батыр Қапаштың,
Бесжылдықты бір жылда,
істеген ерен ерлігін,
үлгі етіп еліңе айта бар!
таңырқасаң бұларға,
Кездестірейін өзіңе,
Көрсетейін көзіңе,
Қызылордама қайта бар.
Жақаевпен мәскеуге
Көрмеге барып келгенмін.
Жиырма жыл бұрын осыдан,
ленинградты көргенмін.
алматы келіп сол жылдар,
өлең айтып бергенмін.
орта білімді ақынмын,
Білгендерге ергенмін.
өз сөзіңнен, Әсімхан,
тұрсың-ау өзің шатылып.
Көкек болып кеттің бе,
өз атыңды шақырып?
ептеп қана сынап ем,
орныңнан тұрдың атылып.
ағалығың бар, әйтпесе,
Кетер едім қатырып.
ие болма жамбылдық –
Бауыржан мен Кененге.
сендірмексің кімдерді
«алматылық» дегенге?
«астанада тұрды» деп,
Қоса берме өлеңге.
ортақ адам байқасаң,

138
Қазақ өнерінің антологиясы
Батыр, ақын бар елге.
«сөйлейсің неге?» демейін,
Кезегіңді берейін,
Қапыда қалма, Әсеке,
Барыңды бүгін қарышта,
айтысып бір көрейін!
Әсімхан:
атақты қарт Жамбылдың ауданында,
ақмарал, арқар, құлжа тауларында.
Жамбылдың мавзолейі өрнектелген,
ырғалған алма ағаштар жан-жағында.
музейге шет елдерден келген адам,
Парасат бейнесіне таңғалуда.
Көлемі көп өнімді егіс бізде,
егістен ел тойғызған жеміс бізде.
Қой қоздап, тай құлындап, тайлақ қайып,
мыңғырып малға толған өріс бізде.
алынған бау-бақшадан өнім бізде,
гүлденген байтақ дала, өңір бізде.
Шертіліп алуан түрлі ән менен күй,
Бөленген қуанышқа көңіл бізде.
Бесжылдық артығымен орындалған,
алтын дән ақтарылған егін бізде.
Жоғары советімнің депутаты
сауыншы Плахина келін бізде.
Бал тамған таңдайынан ақын бізде,
ляпиндей ер механизатор бізде.
сәмедин, мусин, дәнеш, Жандыбаев,
омырауға жұлдыз таққан батыр бізде.
Баяндап байлығымды айтсам сізге,
Қорасы қойға толған отар бізде.
КПсс съезінің депутаты,
Қилыбаев депутат шопан бізде.
Қазылған шын асылдан кен де бізде,

139
Айтыс 4 ТОМ
Көк орай, шөбі шалғын жер де бізде.
«Қастекте» асыл тұқым қой өсірген,
амалбек басқаратын ферма бізде.
Жоялық кемшілікті сіз де, біз де,
алмағын манап ақын, көңіліңізге.
аяқтап бесжылдықты табыспенен,
атақпен кездеселік келер күзде.
Манап:
Шапырашты сүйінбай,
ақындықтың туындай.
Шәкірті оның Жамбыл ед,
сөйлесе сөзі ұнамды,
сары алтынның буындай.
Жәкеңнің жүйрік шәкірті
үмбетәлі ол да өтті,
егескеннен жығылмай.
солардың сен ғой ұрпағы,
Жатыр ізі суынбай.
алпыс жасқа келгенше,
ақындықтың жүлдесі – 
Келе жатыр бұйырмай.
«отызда орда бұзбасаң,
Қырықта қамал алмайсың»
ақындық бағаң тиындай.
сырда нартай дүр еді,
сүлейлердің бірі еді.
Батасын берген шақырып,
Жамбыл оның пірі еді.
мен нартайдың шәкірті,
сіздерге өлең түстенсе,
Бізге барып түнеді. 
«сырдың елі – жыр елі!»
екенін қазақ біледі.
Көмекші болған Жамбылға
Қалмақан, асқар, Әбділда,
сыр перзенті емей кім еді?!
сол атақты Жәкеңнің

140
Қазақ өнерінің антологиясы
өзіңдей болса Әсеке,
Қайтеміз жан күйері.
айтарыңды жөндеп айт,
ініңнің осы тілегі.
Әсімхан:
айырмасы болады,
торы менен жиреннің,
аттарын айттың кімдердің?
домбыраны ұстауды,
Әуелі кімнен үйрендің?
«Қазақстан халқының
Қамқоршысы кім?» десек,
ұят қой оны білмесек.
орынсыз бекер жәбірлеп,
Кінәсізді тілдесек.
алатаудың басына
өлеңнің туы тігілген,
Жыр сорғалап тілімнен,
топқа түсіп жасымнан,
Халқыма еңбек сіңіргем.
«еңбек күйі»
1
 дейтұғын
Кітапта жүрмін бүгін мен.
танымасаң, манабым,
Жетісуға білінгем.
өзіңді өзің көтерме,
мақтаншақ адам өсер ме?
Шиқандай қызыл екенсің,
ұқсайды түрің бөтенге,
сынамай сені кетем бе?
Көп айтасың аймақты,
Кішкентай бота-тайлақты.
нартайдан басқа ішінде,
Біреуі жоқ ардақты.
Кенен ақын шырқаса,
1
«Еңбек күйі». – Алматы, 1972.

141
Айтыс 4 ТОМ
Қорғасыннан салмақты.
нұриләны естіп пе ең,
үмбетәлі, Бармақты?
Жақаевтың тойына,
Шақырмапсың жан-жақты.
Шақырған болсаң барар ем,
Бір қажетке жарар ем.
сыйласуға шай беріп,
Басынан-ақ сараң ең.
«Қонақ» деген атадан, 
Көкенов манап тарап ең. 
Жетісу елі ұлы жүз, 
Жолы үлкен ағаң ем.
үмбетәлі жүйрікке, 
неге көңіл айтпайсың, 
ауылына барып қайтпайсың? 
ақындықтың салты жоқ, 
орынсыз елді даттайсың.
Бұлбұл болсаң, манабым, 
неге орден тақпайсың? 
Байқап қалдым шамаңды, 
алысқа ұзап шаппайсың.
Манап:
о, аға, енді шатылдың,
Қарсылассаң, батырмын!
Жалғамайсың дәстүрін,
Бұл күнге дейінгі ақынның.
Қатты айтуға бата алмай,
інілік жасап жатырмын.
ойың бар болса сынамақ,
тойыңа неге шақырдың?
Бір рет емес, он рет,
топқа түскен ақынмын!
Бірінен сені көрмедім,
Басымды не деп қатырдың.
ақын ата Жәкемнің,

142
Қазақ өнерінің антологиясы
тойына сақтап жүр ме едің,
өнерді кімнен жасырдың?
Біреуге кінә арттыру,
Байқасаңыз зиян іс.
Кінәлаудан табасыз –
алдымен өзің ұялыс.
өлген ақын менде аз ба,
Әбдікәрім, Қалмахан,
нартай менен Қуаныш?
еңбектен бар орденім,
мақтанышым – ол менің.
омырауым толған ерліктің,
Бейнесін қалай көрмедің?
одақтық мәдениетке
сіңген менің еңбегім.
«озат» деген белгім бар,
оны да дерсің «көрмедім».
сасқаныңның белгісі –
Бар-жоқты тізе бергенің.
абайды оқып көрмеген,
«Бес нәрседен қашық бол» –
дегені ойға енбеген.
мақтаншақ ақын сен бе едің?
Бес-алты ауыз сөз білер,
Жоқ дейсіз бе елде кім?
айтпасаң да өзіңді,
ел бағалар ерлерін.
озар болсаң дүбірден,
тұлпарларша сүрінбей.
Бола қалсаң шынымен,
ақындардың біріндей.
лениннің жүз жылы мен 
данышпан абай тойына,
неге қалдың ілінбей?
өзіңді-өзің зор тұтсаң,
ел-жұртың қалмас күйінбей.
үгітіңде ақыным,
Болмаған-ау әсер де.

143
Айтыс 4 ТОМ
депсің де жүре беріпсің:
«алматым менің, әсем де!»
Қазылған жолдан өте алмай,
Жатқан үйіме жете алмай,
үш сағаттай сандалдым,
«үштөбе» деген көшеңде.
таксистер тілді алмады,
Көп ақша берем десем де.
«Қазақстан» қонақ үй,
телефонсыз жаттым-ау,
Байланыс тәуір десең де.
ұшырапты көп қартың,
Көкнәрі деген кеселге.
Шалдарың солай болғанда,
Жақсы боп жасың өсер ме?
солардан соны сақтандыр,
Бастары аман-есенде.
доғарайын осымен,
Кім жеңілді, кім жеңді?
отырған халық шешер де.
Әсімхан:
талайын көргем батырдың,
сенен де зорын ақынның.
Басың ауырып отырса,
дәрігерді шақырғын.
дәлелі жоқ қолайсыз,
сұйық сөзді сапырдың.
Қадірлейтін сіздерде
той жасайтын шал жоқ па,
тойға сояр мал жоқ па?
домбыраңды құшақтап,
Кетесің қаңғып әр жаққа.
Бір той істеп ауылыңа,
мен сияқты ардақта.
танымасаң, манабым,
топқа талай түскенмін,
Шикі емеспін, піскенмін.
оң қолынан Жамбылдың

144
Қазақ өнерінің антологиясы
сарқытын да ішкенмін.
үмбетәлі, Кенендей, 
үлгісін алдым іскердің. 
Шолақ етек мен емес, 
тонымды кең пішкенмін.
Қонақ үйде жатпап па ең, 
мейман ғып бес күн бақпап па ем? 
телефон соғып тілдесіп, 
адасқаныңды таппап па ең? 
«Жамбылдың дастарқаны» деп, 
Қолымнан дәм татпап па ең? 
осыдан қайтіп танасың, 
танғанда қайда барасың? 
Бұдан бұрын көріп пе ең, 
алматының қаласын?
облыстың он тоғыз, 
оқытып жатыр баласын. 
тәрбиелеп ұл-қызын, 
Білімнің беріп тазасын. 
талапқа сай өскелең,
Кітаптың беріп жаңасын. 
Балаларыңды жетектеп, 
Бізге қарай шабасың. 
алтын орда – алматым, 
Қайтіп сен кінә тағасың? 
орынсыз манап сөйлейді, 
өзінің білмей шамасын. 
Қызылордаң біз емес, 
түйеге жеккен шанасын.
Көкнәр бізде болмайды
Бекерге жала жабасың. 
айтылмайтын сөзім ед, 
адамның алдың мазасын.
1972 жыл.
КӨКЕН МЕН ӘБІКЕН
Көкен:
сөз арқауы – бірлестік, туысқандық,
Бір одақ боп бәріміз ту ұстадық.

145
Айтыс 4 ТОМ
мерзімді жарты ғасыр артқа салып,
тойына елу жылдық жуықтадық.
Халқымның қуанышты кәрі-жасы,
Жәкең тойы сол тойдың бастамасы.
Қабыл ал, өлеңменен шашу шаштым,
алматы – Қазақстан астанасы.
тағы да ақындарға ұран тастап,
Көтеріп дауысымды аспанға асқақ.
Шарықтап көңіл күйім селдей тасып,
думанын өлең, жырдың кеттім бастап.
Қабыл ал, сәлемімді Әбікенім,
Жолымыз амандасу әуел баста-ақ.
Жақсы сөз жан азығы деген бар ғой,
Барыңды ортаға сал, қалмай жасқап.
Әбікен:
Буған соң ақындыққа белді бекем,
өлеңмен отаныма қызмет етем.
октябрь таңыменен қайта туып,
мадақтап жаңа өмірді өтті-ау Жәкең.
о, Жәке, дауысыңды сағынамын,
мен балаң аруағыңа табынамын.
тиеп ап алып келдім жыр-өлеңді,
ақтарып жүрегімнен жарыламын.
өлең сөздің патшасы Жамбылым-ай,
айтыста бой бермеген алғырым-ай.
Қастерлеп халқы құрмет еткеннен соң,
Жәкеңнің шықты даусы жаңғырып-ай.
Жырлаған, шарықтаған ұлы көшке,
толдыңыз бүгін дәл жүз жиырма беске.
о, Жәке, өлсең-дағы арманың жоқ,
ұрпағың артыңдағы түсірді еске!
мен тегі көргенім жоқ қорғанып-ай,
сөйлейін білгенімше толғанып-ай.

146
Қазақ өнерінің антологиясы
ал, Көкен, әріптесім шақырған соң,
Шырқайын домбырамды қолға алып-ай.
ақын ем шаршы топта шаршамаған,
сөзімді халқым ұғып қолқалаған.
айтысқа меніменен шықшы, Көке,
сен болсаң жырдың жүгін арқалаған.
ақынға сөз біте ме мақтанбаса,
өзіне келер сөзден сақтанбаса.
оқыста әріптесін орай шауып,
Көмейден асыл сөзді ақтармаса.
нағашым – сәкен, сәбит, ғабит, мұхтар,
Жүйрікті жүрісінен танитындар.
мен өзім дәл солардай болмасам да,
Жасымнан өлең-жырға болдым құмар.
одақта аты әйгілі талдықорған,
табыста келе жатыр таймай жолдан.
төкпе ақын, төгілме ақын көп қой бізде,
үйрендім топқа түсіп мен солардан.
Жерім жоқ мен біреуден қорғалаған,
Жырым бар көмейімнен сорғалаған.
Кімменен айтыссам да шаршы топта,
намысын облысымның қорғап алам.
Көкшенің көгершіні келдің ұшып,
мен сені өлең-жырмен алдым құшып.
Бермесем саған кезек болмайды екен,
Барады өн-бойыңды өлең қысып.
сұрасаң, елім де аман, ерім де аман,
Жарасар амандықпен басқан қадам.
ел-жұртың, бала-шағаң аман болса,
ерлерін Көкшетаудың айтшы маған.
Көкен:
алматы шақырған соң келіп едім,
Жырыма арқау қылып Көкше жерін.

147
Айтыс 4 ТОМ
елімнің ішіндегі даңқы шыққан,
айтпақпын ерлерімнің еңбектерін.
мәртебесі Көкшемнің биік болып,
талайын жеңіп едім сендейлердің,
туған жерім жұмақтай, арманым жоқ,
орденді облысым Көкшем менің.
арқалы ақындығым отыр буып,
Көргем жоқ айтысудан ешбір суып.
Байлығың қысқа тонның етегіндей,
сонда да мақтанасың жел сөз қуып.
Кетеді Көкше десем көңілім өсіп,
тұрады жеміс-жидек даламда өсіп.
алмасы алматының алмасындай,
аузыңнан дәмі кетпес жесең кесіп.
ерінбей еңбегінен жеңіс тапқан,
табысын облыстың өрге артқан.
атақты адамдар көп айта берсем,
ер атанып кеудеге жұлдыз таққан.
Әбікен:
ақынға шабыт келмей сөз келе ме,
іздеген сұрағанға кез келе ме?
ақыным, өлеңіңді дұрыстап айт,
Болғандай үлгі-өнеге өзгелерге.
Жетісудай жер бар ма,
нұрмолдадай ер бар ма?
Шәкіртіне сабаздың,
Көкшетауда тең бар ма?
Балығы тайдай тулаған,
алакөлдей көл бар ма?
асты да кен, үсті кен,
текелідей жер бар ма?
Көрсеткіші жоғары,
ауданымыз Қоғалы.
Құт-береке жері бар,
Жүз тоқсан үш ері бар.

148
Қазақ өнерінің антологиясы
гвардия ауданым,
табыстан қалған жері жоқ.
Байлығының кемі жоқ,
Қосылған ұлы дүбірге,
Шықты он бес ері боп.
Құлашты кеңге сілтеді,
облыстың белі боп.
мырзабек шықты бірлесіп,
Бабышевтің теңі боп.
ауданымда шамшырақ,
тұңғыш шыққан осылар,
айтпайтын сөздің жөні жоқ.
Көкшетау жер шоқтығы мекеніңіз,
Бар шығар тағы айтатын есебіңіз.
Қайтсең де талдықорған жеткізбейді,
Бұл анық – мойныңызбен көтеріңіз.
Жарасар бізден келіп алсаң нұсқа,
Болмаса күрмеуіңе жібің қысқа.
ал, енді, сөз кезегін саған бердім,
Көкенім, домбыраңды қолыңа ұста.
Көкен:
Қолымда менің домбырам,
Жыр етеді танысты.
Қандай ақын болсаң да,
Бермеймін қолдан намысты.
ертіс, есіл буындай,
Көтерем көкке табысты.
Жүйрік пен жүйрік жарысып,
Жақындатты-ау алысты.
осы отырған Әбікен
мән бермей сөзге қарысты.
тасқындатып, селдетіп,
Келді міне өлеңім.
Көкенді жақсы біледі
Көкшетаудың көлемі.

149
Айтыс 4 ТОМ
мен мақтансам орынды,
Көрінер сөзім өрелі.
сөз білетін азамат,
Береді дұрыс төрені.
Жақсылардың үлгісін
Жеріне жете мақтайық.
Бізге сенім артқан соң,
үміттерін ақтайық.
Әсіресе, жастарды,
Жас та болса, бастарды,
мадақтайық, баптайық.
Жасы үлкен ағаны,
Халықтан алған бағаны,
Кір келтірмей сақтайық.
ағаға теңдес жеңгені,
елге үлгі еңбегі,
дәріптейік, мақтайық.
Қарындас пен ініні,
Бірдей еңбек, білімі,
Шамшырақтай көтеріп
есімдерін жаттайық.
аға шопан бізде бар,
Бағатаев Шортандай.
еселеген есеппен,
толтырады ортаңды-ай.
Шорекеңнің жұлдызы,
Жарқырады шолпандай.
Бір қойдан алған, жүніне,
облыс болып сүйініп,
дәл өзіңдей он ақын,
Костюм менен шекпенді,
алар еді киініп.
сіздерде де жоқ емес,
ондай шопан атамыз.
үлгісі бізге артық қой,
үйреніп біз де жатамыз,
Бәрі де отан өрені,
Бұл сөзде болмас қатамыз.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет