Әдіскер жаршысы



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Дамытушылық:  Қолданыстағы  заттардың 
пайдасын,  қоғамдағы  ролін  терең  зерттеу. 
Оқушылардың тіл байлығын дамыту, тез ой-
лауға  дағдыландыру.  Картамен  жұмыс,  пән-
дермен байланыстыру. 
Тәрбиелік: Өз бетімен еңбектену іскерлікте-
рін  арттыра  отырып  оқушылардың  таным-
дық  белсенділіктерімен  ой  өрісін  дамытып, 
шығармашылыққа, іздемпаздыққа, тиянақты-
лыққа, ізгілікке тәрбиелеу. 
Көрнекі  құралдар:  Са,  СаО,  НСl,  Н
2
О, 
фенолфталеин, Са(ОН)
2
, СuSО
4
, сынауықтар, 
стакандар. 
Сабақтың барысы: 
І. Өткен сабақты қайталау: 
1. Металдарға жалпы сипаттама; ПЖО. 
2. Жалпы физикалық қасиеттері. 
3. Жалпы химиялық қаситтері. 
4. Ме активтік қатарын кім ұсынған? 
5. Ме табиғатта қандай түрінде кездеседі? 
-Асыл металдар 
-Ауыр Ме 
-Жеңіл Ме 
-Сұйық Ме 
ІІ. Жаңа сабақ: 
1. Хат оқу. 
«2030-дың біз барысымыз, 
Жетістікке бастайды әр ісіміз. 
Өркениетті елімізді көркейтетін 
Металдарды оқу парызымыз.» 
Кімге:  Менделеев  үйі,  2  подъезд,  4  қабат, 
пәтері белгісіз. 
Ағылшын химигі Г.Дэви 1808 ж. 
2. Кальцийдің ПЖО. 
Электрондық құрылысы. 
Са+20)
2
)
8
)
8
)
2
 1s
2
2s
2
2p
6
3s
2
3p
6
4s
2
 
Са
+2
, Са
0
 
3. Табиғаттағы қосылыстары. 
СаСО
3
,СаSO
4
*H
2
O-ғаныш 
СаСО
3
*MgCO
3
-доломит 
Са
3
(РО
4
)
2
- фосфорит 
Са
5
(РО
4
)
2
F – фторапатит 
▲!  Жер  қыртысында  5  орында,  3,4  %,  адам 
ағзасында – 1кг. 
(оқулықпен жұмыс). 
36 параграф. 102бет. «Жадыңда жүрсін» 
4. Физикалық қасиеттері. 
«Химиялық портрет» 
Алтындай менің ардақтым, 
Қорғасындай салмақтым. 
Көптен көрмей өзіңді, 
Электрондай зар қақтым. 
Өзің менің оттегім, 
Өмірім сенсіз жоқ менің. 
Мінезің мыстай майысып, 
Сынаптай сырғып кетпегін. 
Шаштарың қара көмірдей, 
Мүсінің құйған темірдей. 
Кальцийдей менің аппағым. 
Өзіңнен асыл таппадым. 
▲  36  параграф.101  бет.  Физикалық  қасиет-
тер. T
балқу
-851
о
 
5. Химиялық қасиеттері. 
А) Жай заттармен әрекеттесуі 
! Кодоскоп: кластер 
 О
2
 Cl

 
 
 
 N
2
 H
2
 
!▲ Тақтамен жұмыс: теңдеулер жазу. 
1) 2Са
о

2
о
=2Са
+2
О
-2
 
2) Са
о
+S
o
=Ca
+2
S
-2
 
3) Ca
o
+Cl
2
o
=Ca
+2
Cl
2
-1
 
4) 3Ca
o+
N
2
o
=Ca
3
+2
N
2
-3
 
Ә) Күрделі заттармен: 
H
2
SO
4
 HOH→Ca(OH)

әк суы 
 
 
 
 СО
2
→СаСО
3
 
Са(ОН)
2
 – суда нашар ериді 
                                                                                                    
 
Ұ
СТАЗ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
 
Са 
СаО 

 
 
 
63 
     
 
Са(ОН)
2
→Са
+2
+2ОН
-
 
Фенолфталеин қызарады! 
 СО
2
 НCl 
 
 
 
 CuSO
4
 
6. Қолданылуы: 
Әкті  су  –  мөлдір  ерітіндісі.  Лабораторияда 
СО
2
 анықтау үшін пайдаланады. 
Са(ОН)
2
+СО
2
→СаСО
3
↓+Н
2
О 
!▲ Тәжірибе «Дем шығару». 
Сынауқта Са(ОН)
2
 оқушы партасында, түтік-
ше  арқылы  үрлеген  кезде,  ерітіндіде  тұнба 
пайда болады. 
ІІІ. Бекіту. «Химиялық эстафета» 
1).Са→СаО→Са(ОН)
2
→СаСl
2
→CaSO
4
→Ca(NO
3
)

2). CaO→CaCl
2
→CaCO
3
→CaO→Ca(OH)
2
 
IY. Үй тапсырмасы 
 
 
ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ 
 
Ақмалаева С.Е., 
Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз орта мектебініңтарих пәні мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларға Қазақстан территориясын ме-
кендеген  Қарахан  мемлекеті  туралы,  олар-
дың  шаруашылығы  және  мәдениеті  туралы 
түсінік беру. 
2. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету. 
3.  Оқушыларда  Қарахан  мемлекеті  жөнінде 
түсінігін  қалыптастыру,  елін  сүюге,  халқын 
құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту 
Сабақтың  көрнектілігі:кесте,  маркер,  слайд, 
карта, стикер, А3 парағы 
Пәнаралық байланыс: география, математика 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:  
Оқушылардың  сабаққа  дайындығын  және 
сыныптың  дайындығын  тексеру.  «Шаттық 
шеңбері»  Оқушылар  түрлі-түсті  стикерлерге 
тілек  жазып,  ұшақ  жасайды,  оны  ұшырады. 
Ұшақтардың  түсі  бойынша  топқа  бөлініп, 
топ басшысын сайлайды. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 
Интербелсенді  тақтада  ұяшықтардағы  сан-
дарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру. 
жылдар 
оқиғалар 
есімдер 
терминдер 
Астаналар 
1. 2. 3. 4. 
1. 2. 3. 4. 
1. 2. 3. 4. 
1. 2. 3. 4. 
1. 2. 3. 4. 
Ұяшықтағы сұрақтар: 
Жылдар тапсырмасы: 
1.Түрік қағанаты қай жылы құрылды? /552ж/ 
2.Түркеш  қағанаты  қай  жылдар  аралығында 
өмір сүрді?/ 704-756 жылдар/ 
3.Түрік  қағанаты  туралы  алғаш  қай  жылы 
қытай деректерінде кездеседі?/ 542ж/ 
4.Қарлұқ  қағанатының  өмір  сүрген  уақыты 
/756-940 жж/ 
«Оқиғалар» тапсырмасы: 
1.  Түрік  қағандығы  қашан  құрылды  және 
бөлінуіне не себеп әсер етті?  
2.  Түркештердің  шаруашылығы  және  ішкі-
сыртқы жағдайы  
3.  Қарлұқ  қағандығының  құрамында  қандай 
түркі тілдес тайпалар болды және қарлұқтар-
дың  Жетісуға  қоныс  аударуына  не  себеп 
болды? 
4. Оғыз мемлекеті неліктен ыдырады? 
«Есімдер» тапсырмасы: 
1.  Бумын  қаған  –  Түрік  қағанатының  негізін 
қалаушы 
2. Күшілік- Найман ханы  
3.  Үш-Елік  қаған  –  түркеш  қағанатының 
негізін қалаушы 
4. 
Білге  құл  Қадыр  хан  –  қарлұқ 
мемлекетінің қағаны 
«Терминдер» тапсырмасы: 
1. Халықтың негізгі бұқарасы -«қара будун»  
2.  Құдықтардың  үстіне  салынған  күмбезді 
ескерткіш - «сардоба»  
3. Халықтың ең төменгі бөлігі- «тат» 
4. Киіз үй тәріздес құрылыс-«дың»  
«Астаналар» тапсырмасы: 
1.  Батыс  түрік  қағанатының  астанасы  Шу 
бойындағы- Суяб қаласы болды. 
2.  Түркештердің  астанасы  Шу  бойындағы-
Суяб  қаласы,  ал  кіші  астанасы-Қойлық 
қаласы болды. 
Ca(OH)


 
64 
     
 
3.  Оғыз  мемлекетінің  астанасы  астанасы-
Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталды 
4.  Қимақ  мемлекетінің  астанасы  -  Ертіс 
бойындағы Қимақия қаласы болды.  
/тапсырмалардың  дұрыс  жауаптары  слайд 
арқылы көрсетіледі/ 
ІІІ. Жаңа сабақ: 
1. Мемлекеттің құрылуы І топқа 
2. Шаруашылығы мен мәдениеті ІІ топқа 
3. Мемлекеттің ыдырауы ІІІ топқа  
Тапсырма:  берілген  тақырыпшаларды  оқу, 
постер  қорғау.  Берілген  тапсырманың 
қаншалықты  түсінікті  болғанын  оқушылар 
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалап отырады. 
ІV. Сабақты бекіту:  
1 тапсырма: Сәйкестендіру І топқа 
Қарахан мемлекетінің негізін салушы 
Ислам Сатұқ Боғра хан 
Қарахан мемлекетінің басшысының титулы  Селжұқтар 
Мемлекеттік дін 
Жер иеленуші  
Коммендация 
Хақан 
Иқтадар 
Сатұқ Боғра хан 
Қарахандарды жойған мемлекет 
Мемлекеттегі қанаудың түрі 
2 тапсырма: Семантикалық карта ІІ топқа 
840  942  955  1130  960 
Мұсаның таққа отыруы  
 
 
 
 
 
Қарлұқтардың ыдырап, Қарахан мемлекетінің қалыптасуы  
 
 
 
 
 
Сатұқ Боғра ханның Қарахан мемлекетін құрып, өзін қаған деп 
жариялауы  
 
 
 
 
 
Қарахан мемлекетінің жойылуы  
 
 
 
 
 
Ислам дінінің мемлекеттік дін болып жарияланған жылы 
 
 
 
 
 
3-тапсырма: Тест жұмысы ІІІ топқа 
1.Сатұқ Боғра хан кім? 
А) Қараханның негізін қалаушы. 
В) Қарлұқтың соңғы қағаны 
С) Білге құл Қадыр ханның баласы. 
2. Мемлекет орталығы қалай аталды? 
А) Янгикент 
В) Баласағұн 
С) Талхир 
3. Иқта деген не? 
А) мемлекет атауы 
В) салық түрі 
С) жер үлесі 
4. Қарахан мемлекеті қашан жойылды? 
А) 1156 жыл 
В) 1130 жыл 
С) 942 жыл 
5.  Шығыс  иеліктегі  хандықты  жаулап  алған 
Найман ханы: 
А) Мәлік 
В) Күшлік 
С) . Елюй Даши 
Тапсырмалардың 
жауаптары 
слайдтан 
көрсетіліп, бағаланады. 
4-тапсырма: 
«Тарихи 
шынжыр» 
ойыны/ барлық оқушы қатысады/ 
9429559609969991212 
942-Мемлекеттің құрылған жылы 
955-Мұса билікке келді. 
960-Ислам 
дінін  мемлекеттік  дін  деп 
жариялады. 
996-Әли  Арсланның  баласы  Насыр  ибн  Әли 
Мауараннахрға жорыққа аттанды. 
999-Мауараннахрды түгел бағындырды. 
. Бағалау. Бағалау парақшасы: 
Оқушының аты: 
Ұпайы  /  1-3  ұпай/  өзін-өзі  бағалау  (үй 
тапсырмасы) 
Топ  басшысының  бағалауы  (шығармашы-
лық жұмыс) 
Мұғалімнің бағалауы 
Жиыны: 9 ұпай –«5», 7-8 ұпай –«4», 5-6 ұпай 
- «3», 3-4 ұпай – «2» 
Кері  байланыс  Оқушылар  стикерге 
бүгінгі  сабақ  туралы  өз  ойын  және  тілегін 
жазып, А3 форматты бетіне жапсырады 
VІ. Үйге тапсырма беру: 
1. Тақырыпты оқу 
2.  Қарахан  мемлекеті  тұсындағы  мәдени 
ескерткіштер туралы мәнжазба жазу 
 
 
 
 
 

 
 
 
65 
     
 
БІЗ - ЖЕҢІСТІҢ ҰРПАҚТАРЫМЫЗ! 
 
Аликулова Н.М., Бажабай Т.С., 
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназия кітапханашылары 
 
Мақсаты: Тарихты тану, тарихтан тағы-
лым алып, тағзым етуге баулу.Ұлы Жеңістің 
70 жылдығына орай оқушыларға әскери-пат-
риоттық тәрбие беру, Жеңіс тақырыбындағы 
әдебиеттерді,  ақын,  сазгерлердің  өлеңдері 
мен  әндерін  насихаттау,  үш  ұрпақ  өкілдері-
нің кездесуін ұйымдастыру. 
Дайындық  жұмыстары:  Кешке  2  арда-
гер  шақырылады.  Мектептен  9  мамыр  күні 
дүниеге  келген  оқушылар  және  Жеңіс, 
Жеңісбек, Жеңісгүл, Әлия, Бауыржан есімді-
лер шақырылады. Кеш барысында оқылатын 
өлең, айтылатын ән белгіленеді.Кешті жүргі-
зуші  белгіленеді.  Соғыс,  Жеңіс  тақырыбын-
дағы кітаптар мен құжаттардан слайд әзірле-
неді. Кеш барысында көрсетілетін қойылым-
ға  оқушылар  белгіленеді.  Арнайы  мерекелік 
шақырулар  әзірленіп,  таратылады.Кеш  қо-
нақтарына  естелік-сыйлықтар  әзірлеуге  бо-
лады.  Ауызша  журнал  3  беттен  тұрады.  1-
бет: Мың тағзым Сізге, Майдангер! а)Тарих-
таным.  ә)Тарих  жылнамасы.  б)Деректер  мен 
дәйектер  2-бет:Тарих  куәгері  сөз  алады.  а) 
Тарихтан-тағылым. ә) От ортасынан оралған 
ардагер әңгімесі. б ) Ұрпаққа-ұлағат 3-бет:Біз 
Жеңістің  ұрпақтарымыз!  а)  Тарихқа-тағзым. 
ә)  Жеңіс  күні  дүниеге  келгендер  б)  Бейбіт 
күннің  Бауыржан,  Әлиялары.  Сахнаға  арда-
герлерге  арнап  стол,  орындық,  стол  үстіне 
сусын, бокал қойылады. Кештің өту барысы: 
Жүргізуші:  Құрметті  оқырмандар!  Ұлы  Же-
ңістің 70 жылдығына арналған «Біз Жеңістің 
ұрпақтарымыз!»  атты  ауызша  журналымыз-
ды бастаймыз.  Бүгінгі шараны үш ұрпақтың 
кездесуі  десек  болады.  Кешке  үш  ұрпақтың 
өкілі-ардагерлеріміз  және  Жеңіс,  Жеңісбек, 
Жеңісгүл,  Бауыржан,Әлия  есімді  оқушылар 
мен ата-аналар қатысып отыр. Журналымыз-
дың 1-беті:  «Мың тағзым Сізге, Майдангер» 
деп аталады. (баяу  «Көктем вальсінің» әуені 
естіліп тұрады, экраннан жайқалған гүл, бей-
біт күнгі сурет көрсетіліп, кенеттен радиодан 
диктор  Левитанның  соғыс  басталғаны  тура-
лы даусы естіледі). Жүргізуші:Соғыс осылай 
басталған  еді.  (экраннан  «Родина-мать  зо-
вет»  және  басқа  майданға  аттанып  жатқан 
көріністер  «Майданға»  әнінің  баяу  әуенімен 
көрсетіліп тұрады). Жүргізуші: Кеңес Одағы 
бойынша  майданға  шамамен  35миллион 
адам  жіберілді.  Еліміздің  18-50  жас  аралы-
ғындағы  ер  азаматтарының  70%-ы  майданға 
аттанды.  (экраннан  «Священная  война»  әні-
нің әуенімен майдан даласындағы, партизан-
дар  қозғалыстарының  көріністері  көрсетіліп 
тұрады).Соғыстың  алдында  Қазақстанда  6,2 
миллион  халық  тұрса,  оның  1  миллион  200 
мыңы майданға аттанды. Біздің облысымыз-
дан  122423  адам  ұрыс  даласына  аттанды. 
(экраннан Әлияның ерлік көрсеткен сәті көр-
сетіледі).  Жүргізуші:  Ақтөбелік  ақын  Ертай 
Ашықбаевтың  сөзіне  жазылған  Бақтығали 
Жұмалиннің  әні  «Он  тоғыз  жас».  Орындай-
тын 11 «в»класс оқушысы Есқази Талант. (ән 
орындалады).  Жүргізуші:  Республикада  12 
атқыш,  4  кавалериялық,7  атқыш  бригада,  50 
шақты жеке полктер мен батальондар құрыл-
ды. (экраннан жылаған сәбидің дауысы есті-
ліп, «Соғыс жылдарындағы бесік жыры-нан» 
үзінді тыңдалады. Тылдағы еңбек пен соғыс 
кезіндегі  балалар  өмірінен  суреттер  көрсеті-
леді). (экраннан «День Победы» әнінің әуені-
мен Рейхстагқа ту тіккен, диктордың Жеңісті 
хабарлаған  сәттері  көрсетіледі).  («Соғыстан 
қайтқан солдаттар» әнінің әуені естіліп тұра-
ды.  Солдаттардың  елге  оралған  сәттерінен 
суреттер  көрсетіледі).  Жүргізуші:1418  күнге 
созылған  Ұлы  Отан  соғысы-Кеңес  мемлеке-
тінің,  сонымен  қатар  Қазақстанның  тарихы-
да  өте  күрделі  кезеңдердің  бірі.  Жеңіс  бізге 
өте  қымбатқа  түсті.  Ұлы  Отан  соғысында 
Кеңес  Одағы  Қарулы  Күштерінің  адам  шы-
ғыны  қаза  тапқандар,  жарақаттан  және  ау-
рудан қайтыс болғандар,хабарсыз кеткендер, 
тұтқыннан  қайтпағандар  (Жапониямен  со-
ғысты  қосқанда)  барлығы  8  миллион  669 
мың  адамға  жетті.  Кеңес  Одағы  халқының 
тікелей  шығыны  және  жарадан  қаза  болған-
дары, тұтқында қаза тапқандары бар- барлы-
ғы  27  миллион  адамды  құрады.350  мың  қа-
зақстандық қаза тапты. Жүргізуші: Дәл осы-
нау жадырыңқы Жеңіс күні, Болса - дағы қай 
ғасырдың,қай жылы. Ұлы Отаным басты иіп 
бір  минут,  Еске  алайық  сол  бір  апат  қайғы-
ны. (Бір минут үнсіздік). (экраннан «Белгісіз 

 
66 
     
 
солдат  ескерткіші»  көрсетіліп  тұрады). 
Жүргізуші: 
Ақтөбелік 
ақын 
Мұхтар 
Құрманалиннің  «Белгісіз  солдаттың  бейіті 
басында»  өлеңін  9  «в»  класс  оқушысы 
Расова  Айдана  оқиды  (өлең  оқылады). 
Қойылым:  Тыныштық.  сахнадан  ақ  киім  ки-
ген адам баяу жүріп өтеді. (Сахна сыртынан 
оқылады:  Ғазиз  құрбандар  сөзі:  Тыңда,  Ту-
ғандар!  Бүгін  сөйлейді  ғазиз  құрбандар.  Қа-
терлі шақта, түскендей отқа, Бар ел тағдыры, 
әлем  тағдыры.  Кеудемізді  қалқан  етіп,  Фа-
шизмді  талқан  етіп,  Сақтап  қалдық  жер  ша-
рын.  Таң  атқан  сайын,  дәм  татқан  сайын, 
Құрбандарды, ұландарды еске алыңдар. Сон-
да  әруақ  ырза  Сіздерге.  Біздің  ғазиз  жандар 
ырза  Сіздерге).  (Сахнаға  бала  жетектеген 
адам  шығады,  олардың  артында  балдақты 
қарт  келе  жатады.  Бала  жетектеген  адам  ар-
тына  қарап,  баласын  тоқтатып,  балдақты 
қарт-қа  жол  береді.  Ақын  М.Мақатаевтың 
«Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда»өлеңінен 
үзінді айтады. Өлең оқылып жатқанда сахна-
дан  бала  жетектеген  екінші  адам  өтіп  бара 
жатып,  балаға  қарап  ақын  Әбу  Сәрсенбаев-
тың «Сен құрметте оны» атты өлеңін оқиды. 
Сахнаға  қара  киімді  әйел  шығады.  (Соғыс 
жесірінің  сөзін  айтады).  Тыңда,  әлем,жесір 
сөзін. Жаспен ойған екі көзін. Тыңда, жиһан, 
жесір сөзін. Санаменен сарғайған, жүзінен әр 
тайған  жесір  сөзін.  Соғыс-сойқан,  соғыс-
әлек,  Батыста,  шығыста,  Айтамыз  соғысқа 
қарғыс-нәлет.  Атандық  жастай  жесір,  басты 
еңсені тастай кесір. Тыңда, әлем! Әке көрмей 
бала қалды, Ұлын көрмей ана қалды. Көгер-
ген  бақ  өрт  құшты  да,  Күлге  айналып  қала 
қалды. Құлазыған дала қалды, Қайғы-қанжар 
салды жара. Көкіректе зарлы нала. («Ана ту-
ралы баллада» әуені естіліп тұрады, Сахнаға 
қайсар  қазақ  әйелінің  образымен  Ана  неме-
ресін ертіп шығады).  Ана сөзі:Байлады олар 
баламды  оққа,  Айдады  олар  адамды  отқа. 
Бүлдірмек  боп  жердің  шарын,  Сындырмақ 
боп  елдің  сағын.  Сақ  болыңдар,  барша  ха-
лық,  сақ  болыңдар!  Жайнады  өмір  бағы, 
Көтерілді көңіл тағы. Немерелер жұбантады, 
Келешегі қуантады. Жолатпаңдар көлеңкені, 
Өсе  берсін  ел  ертеңі.  Бейбіт  күнде 
шаттаныңдар,  Сақтаныңдар,  сақ  болыңдар! 
Тыңда, әлем, Болмасын жесірлер, Жойылсын 
кесірлер! 
Жүргізуші:Қойылым 
сазгер 
Дүнгенбай  Ботбаевтың  «Берекелі  бейбіт 
күн»  атты  музыкалық  шығармасының 
желісімен  шығарманың  мәтіндері  мен  қазақ 
ақын-сазгерлерінің  өлеңдері  мен  әндері 
негізінде  әзірленді.  Журналымыздың  екінші 
беті  нде  Халық  легі  куәсіндей  ерліктің, 
Көптен  бері  осы  күнді  аңсаған.  Ардагерлер 
осында  отыр  ерліктің,  Медальдарын,  орден-
дерін  тағынған.  -  деп  Ұлы  Отан  соғысының 
ардагері, 1925 жылы туған,1943 жылдан бас-
тап  соғыста  болған,  8  «в»класс  оқушысы 
Изанова 
Камиланың 
атасы 
Аманбаев 
Нажимедин ағай мен Ұлы Отан соғысы бас-
талғанда  6  жаста  болған,  қазір  оқу  ісінің 
үздігі,  Әлияны  зерттеуші,  Әлия  мұражайла-
рын  ашу  сияқты  ізгі  істің  басында  жүрген 
«Қос  шынар»  Әлия-Мәншүк  атындығы  қа-
йырымдылық  қоры  қоғамдық  бірлестігінің 
төрағасы,  «Әлия-батыр  қызы  сен  халқым-
ның»,  «Алия-наша  гордость»,  «Әлия-ғасыр 
аруы», «Әлия ғұмыр» кітаптарының авторла-
рының 
бірі, 
1«в» 
класс 
оқушысы 
Молдағалиев Бауыржанның атасы Байдербес 
Ғалымжан  ағайларды  сахна  төріне  шақыра-
мыз. (ардагерлерді оқушы арнайы орынға ер-
тіп  апарады).  Құрметті  ардагер  Нажимедин 
ағай! Сіз от пен оқтың ортасында жүріп ,жер 
бетіндегі  бейбіт  өмірді  қорғап  қалдыңыз, 
қаншама қанды көйлек қаруластарыңыз май-
даннан  оралмады.  Тарихтың  тірі  куәгері  ре-
тінде  адамзаттың  көз  жасымен,  қанымен, 
жанымен келген Жеңіс туралы қысқаша әңгі-
мелеп  берсеңіз.  (ардагер  әңгімесі  тыңдала-
ды). 
Жүргізуші: 
Әңгімеңізге 
рахмет! 
Ғалымжан  ағай!  Ұзақ  жылдардан  бері 
Әлияны зерттеп жүрсіз. Бүгінгі бейбіт күннің 
Бауыржан,  Әлияларына  осы  зерттеулер 
жайлы  қысқаша  әңгімелеп  берсеңіз.  (қонақ-
тың сөзі тыңдалады). Жүргізуші: Әңгімеңізге 
рахмет!  Қазір  ақын  Елубек  Байтоқовтың 
«Ардагерлер»  өлеңін  8  «г»  класс  оқушысы 
Аманқос  Диас  оқып  береді.(өлең  оқылады). 
Жүргізуші:  Журналымыздың  келесі  «Біз  –
Жеңістің  ұрпақтарымыз!»  атты  бөлімінде  : 
Жеңіске...Жеңісбекке...Жеңісгүлге... 
Арналған  топ  өлеңді  бөліс  бірге.  Жеңістің 
алауынан  жаралдыңдар  Жалаудай  жарқын-
сыңдар  тегіс  бірдей.  Ешкім  де  алаламас 
арыссыңдар,  Ел  жолында  тер  төгіп  табыс-
тыңдар. Жеңіс атты ұл-қыздар жетпіс жылда 
Қарт  тарихтың  төрінде  қауыштыңдар.-деп 
сахна  төріне  «Жеңіс»  атты  қырандарды 
шақырамыз 
(Жеңіс 
есімділер 
сахнаға 
көтеріледі.  Мектепте  Жеңіс  есімді  оқушы 

 
 
 
67 
     
 
жоқ.  5  ата-ана  бар  екен.  Солар  балаларын 
жетектеп  сахнаға  шығады).  Мектебімізде  9 
мамыр күні дүние есігін ашқан 2 оқушы бар 
екен.Қазір  сахнаға  11  «в»  класс  оқушысы 
Есқази  Талант  пен  1  «а»  класс  оқушысы 
Мақсат  Әлия  Санатқызын  шақырамыз. 
(Талант Әлияны жетектеп шығады). Оқушы: 
Шырқалып  шыңда  жаңа  әндер,  Өмірге  құш-
тар  өрендер.  Желпініп  Жеңіс  күнінде,  Тебі-
ренген  ойшыл  кемелдер.  (Әлия  Санатқызы 
оқиды)  Ендігі  кезекте сахнаға  Қашанда  қай-
сар  жандар  асқақтаған,  Көріну  сол  биіктен 
мақ-сат маған. Намысы найзағайдай немере-
лер  Дейміз  біз,-  өздеріңе  ұқсап  бағам!-  деп 
өсіп келе жатқан бүгінгідей бейбіт заманның 
Бауыржан,  Әлия  есімді  бүлдіршіндері  мен 
ұландарын  шақырамыз.  (Сахнаның  1-  жағы-
на Бауыржандар, 2-ші жағына Әлиялар тұра-
ды). Мектебімізде 12 Әлия, 7 Бауыржан есім-
ді  оқушы  бар  екен.  Қазақ  дүние  есігін  жаңа 
ашқан  сәбиге  ат  қоюға  үлкен  мән  берген. 
Сіздердің  есімдеріңіздің  қойылу  себебі  бел-
гілі. Сіздерге осы есімдерге мұрагер, ізбасар 
болу,  оны  алып  жүру-үлкен  құрмет,  мақта-
ныш, жауапкершілік. Қазір Жеңіс күніне ле-
бізіңізді білдірсеңіз (сөз 1 Жеңіске беріледі). 
(1 Бауыржан, 1 Әлияға сөз(тақпақ) беріледі). 
(Бауыржан):...Бас  иіп  мәңгі  Алауға,  Шоқ 
гүлдер  қойған  Елбасы!  Тербелсін  гүлдер 
жалаудай, Жеңістер Отан жолдасы, Жеңістер 
тарих  арнасы!  (Әлия):  Қаймықпаған  қиын-
дықтың  жүгінен,  Өздеріңе  сыйлап  қырдың 
гүлінен,  Бүгінгі  ұрпақ  бақытты  ұрпақ  аты-
нан,  Құттықтаймыз  Ұлы  Жеңіс  күнімен! 
(Ардагерге  гүл  сыйланады)  Жүргізуші:  Ұлы 
Жеңіс  сарбаздарының  жауынгерлік  ерлігі 
біздің  және  болашақ  ұрпақтың  жүрегі  мен 
санасынан  өшпейді.  Сөз  кезегі  Үш  тілде 
оқытатын  №21  орта  мектеп-гимназиясының 
директоры  М.К.Тойшымановаға  беріледі. 
(Мектеп-гимна-зия директорының сөзі). Енді 
бүгінгі  үш  ұрпақ  өкілдері  ортамыздағы 
Ардагер  атадан  бата  тілейік.  (Ардагер  бата 
береді).  (Р.S.Ардагерге,  Жеңіс,  Бауыржан, 
Әлия  есімділер  мен  9  мамыр  күні  дүниеге 
келгендерге  естелік-сыйлықтар  тапсыруға 
болады).  Жүргізуші:  Барша  қауымды  Ұлы 
Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтай 
отырып, «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз!» атты 
ауызша  журналымызды  аяқтаймыз.  Иесі  қа-
зақ, киесі ғажап Тәуелсіз Қазақстанның Туы 
әркез  биіктерде  желбіресін!  Еліміз  аман,  ас-
панымыз  ашық  болсын!  Бәрі  қосылып  Ән-
ұранды айтады. 
Шараға шақырылатындар тізімі: 
Жеңіс, Жеңісбек, Жеңісгүл есімділер: -
1  «г»  класынан  Амандосов  Маулен  папасы 
Жеңіспен, 2 «а» класынан Жақсыбай Әлихан 
папасы  Жеңіспен,  3  «г»  класынан  Лепесов 
Санжар папасы Жеңісбекпен, 5 «д» класынан 
Қалиев  Диас  папасы  Жеңіспен,  8  «г» 
класынан 
Қосжанова 
Аружан 
папасы 
Жеңіспен. 
9 мамыр күні дүниеге келгендер:-1  «а» 
класс  оқушысы  Мақсат  Әлия  Санатқызы 
09.05.2008,  11  «в»  класс  оқушысы  Есқази 
Талант Өтепбергенұлы 09.05.1998. 
Бауыржан  есімділер:-1  «в»  класынан 
Молдағалиев  Бауыржан,  4  «б»  класынан 
Сейілханов  Бауыржан,  5  «ә»класынан 
Байжанов  Бауыржан,  7  «а»  класынан 
Құрманғалиев  Бауыржан  және  Сындар 
Бауыржан,  9 
«б»  класынан  Бекенов 
Бауыржан,  10  «в»  класынан  Джексембаев 
Бауыржан. 
Әлия  есімділер:-  1  «ә»  класынан 
Қанғожа  Әлия,  2  «б»  класынан  Қасымова 
Әлия,  3  «ә»  класынан  Төлебай  Әлия,  3  «г» 
класынан  Досниязова  Әлия  және  Еркінбек 
Әлия,5  «г»  класынан  Кеңесова  Әлия,  6  «в» 
класынан  Құрманғалиева  Әлия,  7  «а» 
класынан  Кумарова  Әлия,  9  «б»  класынан 
Оманова  Әлия,  10  «ә»  класынан  Берденова 
Әлия, 11 «ә» класынан Нариманова Әлия. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет