Екінші болма


Майкл Фелпс дене құрылымының сараптамасы



Pdf көрінісі
бет56/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127
Майкл Фелпс дене құрылымының сараптамасы
Майкл  Фелпс  –  атағы  жер  жарған  əйгілі  атлет.  Əлемнің  26  дүркін,
Олимпиаданың  23  дүркін  чемпионы.  Нағыз  жеңімпаз.  Медаль  саны
бойынша  абсолютті  рекордсмен.  Бір  ел  болып  7  алтын  алып  жүргенде,
жалғыз  өзі  7  алтын  алған  жүзуші.  Қарапайым  халықтан  бастап,  арнайы
мамандарға  дейін  оның  құпиясын  зерттеген.  «Майкл  Фелпс  дене
құрылымының  ғылыми  сараптамасы»  атты  мақала  да  оның  жетістігінің
себебі  дене  бітімінің  ерекшелігінде  дейді.  Бойы  1,93  метр  болса,  қолын
ашқандағы  екі  алақанының  арасы  2  метрден  асады.  Оның  үстіне  денесі
ұзын,  ал  аяқтары  қысқа  екен.  Жазылған  деректердің  растығына  шүбə
келтірмеймін. Бұл жердегі мəселе – осы ақпараттың оқырманға əсері. Бұны
оқыған  адам  қандай  ойға  келеді?  Сен  қандай  ойға  келдің?  Кішкене  үзіліс


жасап  ойланшы,  өз-өзіңе  сұрақ  қой.  Бұл  мəселені  де  зерттеген  екен.
Аталмыш деректері бар ақпаратты оқыған адамдардың басым бөлігі атақты
адамдардың  жеңіске  жетуі  көктен  келген  бір  сый  деп  ой  түйеді.  Яғни,
осындай  жеңіске  жету  үшін  менің  де  денем  осындай  болу  керек  деп
ойлаймыз.  «Əттең,  Құдай  ондай  мүмкіндік  бермеді…»  –  деп  ары  қарай
тырысып жүре береміз.
Бұның  басқа  да  нұсқалары  болуы  мүмкін.  «Менің  ондай  таныстарым
жоқ»,  «Ол  –  байдың  баласы»,  «Кішкентайынан  мектепте  жақсы  оқыған»
жəне  тағы  сол  сияқты.  Өзімізді  барынша  сол  жеңіске  жеткен  адамға
ұқсатпауға  тырысамыз.  Ұқсастық  болып  қалса  қайталау  керек  қой.  Жасау
керек болады. Ал тырысып жүре берген ыңғайлы, жайлы.
Тереңдеу  ойланып  қарасақ,  көп  жеңімпаздың  құпиясын  талантқа  не
дарынға  ысырып  тастайды  екенбіз.  Фелпстің  тəуліктің  жартысынан  көбін
жаттығумен  өткізетіні  орынсыз.  Мəселе  денесінің  диспропорциясында.
Расында солай болса, талай денесі диспропорция адамдар жеңімпаз болып
кетпей  ме?  Бұндай  мысалдарды  шексіз  жалғастыра  беруге  болады:  Усэйн
Болттың  тізелері  бірдей  екен,  Головкиннің  жүрегі  асинхронды  жұмыс
істейді екен, Витастың кеңірдегінде ақау бар екен…
Ал  «жасау»  мен  «тырысудың»  ара-жігін  ажырататын  не?  Қандай
қабілет  не  қасиетке  ие  болсақ  қана  біз  «тырысу»  фазасынан  «жасауға»
ауыса аламыз? Əбден бір сиқырлы «дəрі, бейне бір панация» іздеп үйреніп
қалдық  қой.  Ондай  абсолютті  зат  жоқ,  бірақ  маңызы  орасан  бір  құбылыс
бар.  Ол  –  жауапкершілік.  Біріншіден,  оның  табиғатын  толық  түсіну  кейін
оны мойындау маңызды.
Жаздың  ба?  Онда  кеттік!  Өкінішке  орай,  жауапкершілік  бақылау  бар
кезде  ғана  пайда  болатын  құбылыс  болып  кетті.  Уақыт  өткен  сайын
жауапкершілік əдеттегі қабілеттен сирек кездесетін санатқа ауысып барады.
Əр  басшының  топ  сұрауында  жүреді.  Бұл  ұғымды  Стивен  Ковидің
сөздерімен, ойларымен ашып көрейін. Оның пайымдауынша, адамдар екіге
бөлінеді: реактивті жəне проактивті. Реактивті адамдар əдетте көп болады.
Оларды  басқару  оңай.  Ең  бастысы,  олардың  шешіміне  жəне  өзіне  бір
фактор  əсер  етеді.  Мысалы,  реактивті  адам  бір  тренингке  барамын  деген
күні қатты дауыл болып кетсе, оның шешіміне бірнеше фактор əсер етеді.
Ауа  райы  жылы  болса,  баратын  едім.  Ақша  төлегендiгi  не  сомасы  тегін
болса, бірден үйде қалады. Төлеген ақшасы қалтасына ауыр болса, барудың
амалын  жасайды.  Қысқасы  əсер  ететін  фактор  көп  жəне  олар  сырттан
келеді.
Проактивті  адамның  шешім  қабылдауы,  керісінше  ішкі  күштерге
сүйенеді.  Ол  адам  құндылықпен  жүреді.  Қандай  дауыл  болса  да,  ол  білім


алу  деген  құндылықтың  себебімен  барады.  Байқасаңдар,  реактивті  адам
жауапкершілікті  өзге  күштерге  сілтей  салады.  «Менен  басқаның  бəрі
кінəлі»  позициясынан  таймайды.  Ал  проактивті  адам,  олай  болмаса  да,
жауапкершілікті  бір  өзінің  мойнына  алады.  Сол  себепті  де  ол  жасайды.
ТЫPЫСПАЙДЫ.  Проактивті  ұстазға  бір  мысал  келтірейін.  Үлкен  оқу
орнында  бір  топ  «нашар»  бала  болады.  Олар  ешқандай  сабаққа  толық
қатыспайды,  тапсырма  орындау  атымен  жоқ.  Барлық  өзге  оқытушылар
(реактивті)  олардан  үміт  үзген:  «Бұлардың  тəрбиесі  жаман,  оқыту  мүмкін
емес.  ТЫҢДАМАЙДЫ»  дейді.  Ал  проактивті  оқытушы:  «Жоқ,  МЕН
оларды  ТЫҢДATА  АЛМАЙ  жатырмын»  деп  күнде  балалардың  жүрегін
жаулауға  жəне  шырағын  жағуға  тырысады.  Нəтижесінде,  əлгі  бір
«құмалақ» оқу орнын ең үлгілі түлек ретінде тəмамдайды.
«Тырысушы»  жауапкершілікті  өзгелермен  бөлісіп  жүрсе,  яғни,
нəтижесі  болмаса  өзгені  айыптайды.  Ал  «жасаушы»  жауапкершілікті
ешкіммен  бөліспейді,  жаман  нəтиже  көрсетсе  де,  тек  өзінің  аз  жұмыс
істегендігінен,  ізденгендігінен,  оқығандығынан,  сұрағандығынан  көреді.


Ал  марапат  не  мақтауды  бөліскенде  жағдай  керісінше.  «Тырысушы»  бар
мақтауды,  атақ-абыройды  өзіне  қарай  тартады,  ал  «жасаушы»  өзгелермен
бөліседі.
Жоғарыдағы
мысалдан
көріп
тұрғанымыздай,
көп
«тырысушыдан» пайда аз. Бір «жасаушы» оң жəне түбегейлі өзгеріс жасай
алады.
Татьяна
Черниговская
44
айтпақшы,
біздің
тіліміз

ішкі
ұстанымдарымыздың
көрінісі.
Басқаша
айтқанда,
«жасаушы»
не
«тырысушы»  ұстанымын  ұстап  жүргеніміз  біздің  айтқан  сөзімізден
білінеді.
Баршамызға  таныс  тағы  бір  мысал  келтірейін.  Өткен  ғасырдың
соңында  талай  компания  нарыққа  серпіліс  əкелетін  өнім  жасағысы  келді.
Бірақ  көбі  тек  тырысып  жүрді.  Ксерокс  компаниясы  «мышка»,  тағы  бір
компания  интерфейс  жасап  тырысты.  Ал  Apple  сол  тырысулардың  басын
қосып  жасай  салды.  Сөйтті  де,  алғашқы  Макинтошты  нарыққа  əкелді.
Сенсорлы телефонды бірінші болып жасауға тырысқан – Nokia. Ал жасаған
–  Apple.  Facebook-ке  дейін  əлеуметтік  желі  болды.  Whatsapp-қа  дейін
мессенджер болды. Олар тырысты, біз білетіндер жасады. Жасауға тырысу
бар. Жасау бар. Таңдау – Сенікі!
Қоғамдағы  көптеген  ақпарат  не  адамдар  бізді  тырысуға  ғана
итермелейді.  Тырысқанды  марапаттайды.  «Талпыныс»  бағаланады.  Ал
өмірде  ол  есепке  алына  ма?  Мынау  он  рет  банкрот  болды  екен  деп
мойындай ма?
Форбсқа шығара ма? Тек жасағанда шығарады. Ал жасау үшін еріксіз
олқылықтарынан үйренді. Тек бізге сырттай тырысу болып көрінеді. Қанша
жолы  болмаса  да,  қайтпады  дейміз.  Сөзсіз,  бірақ  ол  тырысып  жүрмей
бірден  жасаса  ше?  Бірден  жеңіске  жетуі  мүмкін  бе?  Менің  ойымша,  біз
өмірден таяқпен ғана сабақ алып үйреніп қалдық. Əрине, ол таяқ та бірдеңе
үйретеді. Мəселе көпшілігінің сол таяқтан ес жия алмай қалатындығында.
НЕНІ  ЖƏНЕ  ҚАЛАЙ  ЖАСАЙМЫЗ?  Бір  байқағаным  көбіміз  шартты
сөйлемді қажетінен көп қолданамыз.
Мысалы:  «Егер  жаңбыр  жауса,  өзіммен  қолшатыр  алып  шығамын»,
«Егер  көлік  алсам,  аяқ  киімім  таза  болады.  Əзірше  автобуспен  жүрмін,
сондықтан аяқ киімім кір» дегендей.
Тағы  бір  өмірден  алынған  жақсы  мысал.  Бизнестегі  əріптесім  Айдос
мырза кезінде мұғалім болып, университетте дəріс берген. Оған қоса жеке
бизнесі  де  болған.  Мұғалімдердің  қасында  журнал,  кілт  таситын
көмекшілері  жүреді  екен.  Бір  күні  Айдос  мырза  кілтті  күтіп  ұзақ  тұрды.
Əлгі  көмекші  қыз  əлі  жоқ.  Айдос  мырза  көмекшісіне  кілт  алуға  өзі  барса,


ол қыз Internet-тен жұмыс іздеп отыр екен. «Маған басқа жұмыс керек еді,
қазіргі айлығым 60-ақ мың» дейді. Сол кезде Айдос мырзаның келіп, маған
айтқаны: «Қуаныш, компанияма жақсы хатшы қыз іздеп жүр едім, айлығы
120  мың.  Əттеген-ай,  университетте  маған  көмекші  болып  жүрген  қыз
жұмысына  тиянақты  болғанда,  оны  алар  едім».  Көрдіңіздер  ме?  Егер,
Айдос  мырзаның  көмекшісі  сол  кезде  жұмысын  жауапкершілікпен
орындаса, басқа жұмысқа да тұрар еді, айлығы да жоғары болатын еді.
АҚШ-тың  Əскери-теңіз  флоты  генералының  лекциясы  бар.  «Егер  сен
əлемді өзгерткiң келсе, өзіңнен баста. Əлемді өзгертуді, төсегіңді жинаудан
баста»  деген.  Кішкентай  нəрсені  дұрыс  жасамаған  адам,  үлкен  нəрсені  де
дұрыс жасамайды.
Шартты  сөйлемді  бастан  шығарып  тастау  керек.  Айтпақшы,  осы
лекцияны YouTube-қа кіріп, қарап ал.
«Если  ты  хочешь  изменить  мир,  заправь  кровать»  деп  аталады.  Ол
үшін мына берілген QR кодты сканерлеу жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет