Экономика



бет11/11
Дата25.10.2022
өлшемі63.32 Kb.
#45283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҰСЫНЫС БАҒАСЫ


сатушының нарық жағдайында берілген игіліктердің көлемін сатуға дайын минималды бағасы.

ҰСЫНЫС КӨЛЕМІ

нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктердің жалпы саны.

СҰРАНЫС ФУНКЦИЯСЫ

сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: Тұтынушылардың табысы, алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы, тұтынушылардың талғамы, алдағы уақытты немесе болашықты күту, нарықтағы тұтынушылардың саны.

ҰСЫНЫС ФУНКЦИЯСЫ

ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады. Әсер ететін факторлар: сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы, өндірістік факторлардың немесе ресурстардың бағалары, өндірісте қолданылатын технологиялар сипаты, болашақ бағаны және тапшылықты күту, салықтар мен субсидиялардың көлемі, сатушылардың саны.

СҰРАНЫС ҚИСЫҒЫ (D)

сұраныс заңының графикалық көрінісі. Ол тұтынушылардың әртүрлі бағаларда сатып алатын игіліктерінің көлемін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет