ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында


ІІ. ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ ЖӘНЕ ЭТНОДЕМОГРАФИЯСЫ



бет12/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#13038
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
ІІ. ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ ЖӘНЕ ЭТНОДЕМОГРАФИЯСЫ
2.1 ТМД қазақтары
Ресей Федерациясында қазақтар саны айтарлықтай, 800 мыңға жуық. Олар тығыз қоныстанған аудандар Қазақстан шекарасының маңына таяу орналасқан. Бұл - Алтай, Новосібір, Омбы, Челябі, Қорған, Орынбор, Саратов, Волгоград, Астрахан облыстары. Ресейдің еуропалық бөлігінде қазақтар саны аз, негізінен, қалаларда тұрады [51].

Орталық Азиядағы сияқты Ресей қазақтары да ауылдық жерде тұрады [52]. Бұл олардың өзге халық арасында туысқандық байланыстары мен этностық тұтастығын сақтап қалу үшін тығыз орналасуға ұмтылуын, сондай-ақ қазақ тұрғындарының урбандалу деңгейінің төмендігін көрсетеді. Қазактардың ұрпақ сабақтастығын және этностық тамырымен байланысын сақтап келе жатқан салалардың бірі - ұлттық әдет-ғұрпы мен салт-санасы. Әлеуметтік салада аға ұрпаққа құрметпен қараушылық дәстүрі туысқандық байланыстар деңгейінде сақталған. Аға ұрпақ қамқорлығы және тығыз қоныстануының нәтижесінде қазақтар ана тілін сақтап қалған, дегенмен мұнда да жастар өзінің ана тілін нашар біледі. Оған Кеңес өкіметі кезіндегі білім беру жүйесіндегі өзгерістер де әсер етті.

Қазақ мектептерінің жабылуы кеңес идеологтарының КСРО халықтары одағынан бірыңғай кеңес халқын қалыптастыруға ұмтылысына байланысты болған [53]. Мәдениет және білім беру саласында орыс тілі басты назарға алынды.



Қазақ халқының тілі мен мәдени дәстүрлерін сақтауға Ресей қазақтары құрған қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де өз үлестерін қосуда. Таулы-Алтай қаласында түратын 62 мың халықтың екі мыңға жуығы қазақтар [54]. Жалпы, Алтай өлкесінде 15 мыңдай қазақ тұрып жатыр. Ал Барнауыл жақта - Алтай өлкесінің Сібір бөлігіндегі қазақтардың саны 7 мыңнан асады [55].

Дүниежүзілік сахнада Тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болуы қазақ халқының ұлттық санасын әсіре түсті. Қазақ диаспорасының өкілдері өз халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек зерттеп білуге мән бере бастады. 1991 жылы Мәскеудегі қазақ жастарының «Мұрагер» мәдени қоғамы өз жұмысын бастады [56]. Астанадағы көп ұлтты мегаполис жағдайында бір-бірімен тығыз қарым-қатынасын сақтап калу үшін мәскеулік «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырылды (1990 жылы соңы мен 1991 жылы басында) [57]. Өткен жылдар ішінде бұл қоғамдар мен бірлестіктер біраз жұмыстар атқарды.

Ресейде Наурыз тойын жыл сайын тойлау дәстүрге айналды. Қазақстанмен байланыс орнатуға баса мән берілуде. 1990 жылдың тамыз айында Астраханда Қазақстан өнері мен әдебиетінің күндері өткізілді [58]. Ресейдің әр түрлі аймақтарындағы қазақ қоғамдары мен ұйымдары бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, біріккен ұлттық фестивальдар мен мерекелер ұйымдастыруда.

Өзбекстандағы қазақтардың негізгі бөлігін ұлы жүз қазақтары құрайды. Олардың басым бөлігі өздерінің атамекенінде өмір сүріп, 1924-1926 жж. Орта Азия республикаларын ұлттық территориалдық жағынан межелеуге байланысты бөгде елдің құрамында қалып, бүгінде «ирредент» деп аталған қауымнан тұрады. Бұларға Ташкент, Сырдария, Жызақ облыстары қазақтарын жатқызуға болады [59].

Аталған аймақта тек ирреденттер ғана емес, миграциямен яғни саяси қуғыншылықпен не басқа да себептермен кейін көшіп келген диаспора тобы да кездеседі. Өзбекстандағы қазақтардың қоныстану тарихына, орналасу ареалы және рулық құрамына талдау жасайтын болсақ, қазіргі Ташкент облысы - ұлы жүз қазақтарының қаңлы, үйсін, шанышқылы, сіргелі, оймауыт, дархан, жалайыр, қатаған қаңлы, дулат т.б ру қауымдастықтарының этникалық таралу ошақтарының бірі болып саналады [60]. Сол сияқты зерттеуші М. Тынышпаев Ташкент уезінде үйсін руы атында бір қишлақтың бар екендігі жөнінде өз еңбегінде келтіреді. Аталған рулардың ішінде сан жағынан қомақтысы да, көп таралғаны да қаңлылар.

Қазақ халқының халық болып қалыптасуындағы этнокомпоненттердің бірі қаңлы тайпасының Өзбекстанда мекендегені жөнінде Н.А.Аристов «Қаңлы тайпалары ғасырлар бойы оңтүстік-батысқа қоныс аудару қалпын жалғастыра отырып, қазіргі кезеңде туыс шанышқылы тайпалармен бірге Сырдария және Шыршықты мекендейді. Олар Сырдарияның ортаағысындағы мекенін сақтап қалып, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының қалыптасуында олардың саяси және этникалық тағдырында маңызды роль атқарған.»,- деп жазады [61]. Сол сияқты С.П. Пашино да өз еңбегінде «Шыршық өзенінің жағалауында ертеден қазақтың қаңлы және шанышқылы рулары қоныстанған», - деп көрсетеді. Олар өзінің этникалық атауын сақтай отырып, басқа да түркі тілдес халықтардың құрамына сіңіп кеткен, ХІХ ғ, ІІ жартысында Ташкент уезінде олардың 1650 үйі болғандығы жөніде зерттеулер айтылады. Сыдарияның орта ағысының бір саласы Шыршық өзенінің бойын қаңлылар ерте кезеңнен қоныстанып, жаз жайлауы, қыс қыстауы еткен.Сонымен бірге төр бөлімнен (Шейхантаур, Сибзаур, Бешағаш, Кунгинск) тұратын Ташкент қаласының Сибзар бөлігінде де қаңлылар мекендеген. Олар ескі Ташкенттің алаңына дейінгі жерлерде өмір сүрген. Үлкен тайпаны құрайтын қаңлылар өз ігһшінен бірнеше аталарға: Сары қаңлы, қара қаңлы, Қызыл қаңлы, Қара манас, Құмырсқа, Тоғанай және т.б. қаңлылар болып бөлінеді. Бұлардың әрқайсының өз жайлауы, қыс қыстауы болып оған иелікм ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін жалғасты. Мәселен, 100-ға жуық Сары қаңлылардың биі Айдарбек, Қара қаңлылардікі Есенбай би болып, жаз жайлауы Келес бойында, Қыстауы Шыршық жағалауы болса, Қызыл қаңлылардың жайлауы Қошқорған болыстығында, Бабыжы қаңлыныкі Болат болыстығынлдва, қаңлылардың тағы екі атасының ауылы Ниязбек болыстығында болған. Шыршық өзенінің төменгі ағысының бойында Құмырсқа, Қара манас, Тоғанай, т.б. рулары бөлек-бөлек орналасқан [62]. Бұлардың барлығы қазіргі кезеңде Ташкент облысының жоғарғы Шыршық, Орта Шырқық, Жаңа жол аудандарына қарайды. Қазақтардың әр тайпасының рулары қазірдің өзінде де әрбір елді мекендерде жергілікті халықтармен араласа қоныстанса да, өз аталарымен бір жерге шоғырлана орналасқан. Ташкент облысындаға қазақтардың үлкен бір тобын шанышқылар құрады. Олардың да Сырдың орта ағысы бойын мекендегені жөнінде А.Левшин өз еңбегінде көрсетеді. Шанышқылардың шығу тегі жөнінде де әртүрлі пікірлер бар. Мәселен, П. Пашино шанышқылардың жалпы антропологиясына сипаттама беріп, «Шыршық өзенінің жағасында тұратын шанышқылардың бас сүйегі атжақты болып келетін өзбектердің бас сүйегіне ұқсастығы бар»- деп көрсетеді [63].

Осы кезеңде шанышқылардың тұрғылықты мекен жайы Шыршық өңірінен қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының Қаратас селосына дейінгі жерлерде созылып жатты. Олардың 1000-ға жуық үйінің жайлауы Қазығұртта болса, қыс қыстауы Шыршықтың арғы беті, биі Құшық Тоқбаев болған. Сәрсек, Қарақалпақ, Қаратұқым, Қара бұқа, Ағанай, Саңырау, Көрпік, Дархан болып бөлінетін шанышқылар қазіргі кезеңде де осы Шыршық өзені бойындағы елді - мекендерде ата-қонысын өзгертпей, бір көше бойына ру-руымен орналасып, жергілікті халықтармен қатар өмір сүруде [64]. Сіргелілер Ташкент қаласының төңірегіне орналасқан. Олардың Ташкент аймағында ерте кезден-ақ мекен еткендігі жөнінде көне деректердің бірі Рузбиханның мәліметінде: «Сіргелілерде Сырдың орта ағысын ертеден мекен еткен. Олардың Сырдарияға қыстау үшін Еділ жағалауынан келетін»- деп жазады. Бұл деректер Сіргелі атауының көрсетілген аймақта ХV-XVI ғасырлдн бері белгілі екендігін айғақтайды. Сондай-ақ Сырдарияға жақын жерлерде 7000-дей Сіргелілердің көшіп қонатынын Н.А. Аристов та өз еңбегінде көрсетеді. Ақиқатында, бүгінде Ташкент қаласының территориясына қосылып кеткен сіргелі атында елді-мекен бар. Сіргелілердің жазы да қысы да осы аймақтар болғандығын ел арасынан жиналған деректер дәлелдейді [65].

Сол сияқты Өзбекстандағы Жалайыр руының да қоныстану тарихының тамырын белгілі тарихшы М.Тынышбаев өз еңбегінде ХІІІ-ХIVғасырларға жатқызып, «Шыңғыс хан билігі кезеңінде төрткен бөлінген Жалайырлардаң бір бөлігі Шыршық және Ангрен өзені бойында нығайып «Жалайыр ордасы» деген атпен тарихта белгілі болған, сондай-ақ Шағатай кезеңінен Шыршық өзенінің жағалауында Жалайырдың Балғалы руы мекендеді.Олардың үлкен бір бөлігі Шу өзеніне қарай ығысса, кедейленге бөлігі Ангренде қалып қойған.»- деп жазады. Көрсетілген мәліметтерге талдау жасайтын болсақ қазіргі жалайырлар сол ертедегі жалайырлардың сабақтасы болуы, яғни этникалық құрамында XV ғасырдағы Маверенахр мен Моғолстанда тұрған ірі әрі көп санды жалайыр тайпаларының өзіндік үлесі болуы әбден мүмкін [66]. Бүгінде Ташкент қаласында Жалайыр атында көше, Шыршық қаласының шығысында бірығ,ай орналасқан Жалайыр махалласы, Ахангеран ауданында Жалайырдың Балғалы руы атында ауыл, т. с. с. бар [67]. Бұл елді мекендерде олар шоғырлана орналасқан.

КСРО-да соңғы халық санағы 1989 жылы жүргізілген болатын. Ол кезде Қазақ КСР-нан тыс жерде 1 601 202 астам қазақ, немесе одақтық мемлекеттердегі қазақтарыдың жалпы санының 19,7% өмір сүрген. Қырғызстанда 37 318 қазақ немесе КСРО-дағы қазақтардың жалпы санының 0,5% өмір сүрген. Қазақтар мен қырғыздардың тұтастығы материалды және рухани мәдениетімен көрінетіні белгілі. Екі халықта көшпенді өмір салтын ұстанған, ұқсас шаруашылықты игерген. Қазақ және қырғыз халықтарының мәдени өзара тығыз байланысы әдеби шығармаларда, сазды өнерде, тарихи жылнамаларда көрсетілген [68].

Кеңес заманында кейбір қазақтар ұлттық санаға онша көңіл бөлмеді, ал кейбіреулерге өздері тұрып жатқан республиканың ұлт қатарына жазыла салу тиімді болды. Уақыт өте келе ол адамдардың санасы өзгере бастады, алайда ұлтын қазақ деп көрсетуге мүмкіндік бола бермеді. Осындай айғақтар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына белгілі, айталық, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Эстония, Ресейде [69]. Бұндай жағдай көбіне аралас некелерге тән.

Қырғыз Республикасының алғашқы Ұлттық халық санағы 1999 жылы наурыз айында жүргізілді. 2009 жылдың наурыз-сәуір айларында жүргізілген Қырғызстанның екінші ұлттық халық санағы бойынша қазақтар санының 1999 жылғы көрсеткішке қарағанда 42,7 мың адамнан 33,2 мың адамға дейін азайғанын көрсеткен. Соған қарай, халық санағы аралығында Қырғызстандағы қазақтардың өсім саны 0,9% дан 0,6%ға дейін төмендеген.

 Егерде бұдан да ұзақ жылнамалық аралықты алатын болсақ, онда 1939 жылмен салыстырғанда тұрғындардың жалпы санынан қазақтар үлесі 60 жыл ішінде 1,6%-дан 0,9%-ға, 1999 жылдан бергі он жыл ішінде, яғни 2009 жылға қарай - 0,6%-ға дейін азайған [70].

Егерде 1939 жылы қазақтар саны жағынан Қырғызстанда бесінші орында тұрған болса, енді 70 жылдан соң - сегізінші орында. Оның алдына: қырғыздар, өзбектер, орыстар, дұңғандар, ұйғырлар, тәжіктер мен түріктер орналасқан. Айталық, ауылдық қазақ тұрғындары осы кезге дейін қалалықтарға қарағанда сан жағынан артық. 1999 жылы ҚР қалалық қазақтардың саны 190399 адамды, яғни жалпы қазақ тұрғындардың 44,6% құраған. Ал ауылдық жерлерде 23618 қазақ, яғни қазақтардың жалпы санының 55,4% өмір сүрген. 10 жылдан соң ауылдық қазақ тұрғындары ҚР қазақтардың жалпы санының 58,8% құраған. Ол қазақтардың 90% Талас ауданының ауылдық жерлерінде, Ыстықкөл және Шу облыстарында - 82% тұрған.

Қырғыз Республикасының этникалық қазақтары арасында сан жағынан әйелдер (56,64%) басым. Салыстыру үшін, Ресейде қазақ ұлтының еркектері мен әйелдері сан жағынан шамамен бірдей болып келеді. ҚР қазақ тұрғындарының орта жасы 27,6-ны құрайтын жалпыұлттық көрсеткіштен біршама жоғары. ҚР қазақтардың орта жасы 30,7 (қырғыздарда - 26,2), қалалық қазақтар арасында - 31,7 және ауылдық қазақтар арасында - 30,0 құрайды.

Қырғызстанда 1999 жылы еңбекке жарамды жастағы қазақтардың саны - 26614 адам немесе елдегі жалпы қазақтың 62,4%, оның ішінде қалада 13108 адам немесе 30,7%, ал ауылдық жерде - 135026 адам (31,7%); еңбек жасына толмағандар саны - 13208 адам немесе 31%, оның ішінде қалалық жерде - 4839 адам (11,3%), ал ауылдық жерде - 8369 адам (19,6%); еңбек жасынан асып кеткендер саны - 2835 адам немесе 6,6%, оның ішінде қалалық жерде - 1092 адам (2,6%), ауылда - 1743 адам (4,0%) [71].

Қырғызстанда мемлекеттік тіл қырғыз тілі болып табылады, ал ресми - орыс тілі. Қазақ тілін ана тілі деп көрсеткен қазақтар саны 1999 жылы - 32473 адам болса (76,1%), ал 2009 жылы - 22404 адамға (67,49%) азайған. Шу облысының қазақтары қазақ тілінен ең жоғары көрсеткіш берген, ана тілі ретінде - 85% атаған. Ал бұл көрсеткіш Ыстықкөл облысы бойынша ең төмен, бар болғаны 21,5%. Қалалық қазақтар арасында қазақ тілі ана тілі ретінде, Бішкек тұрғындары арасында белгіленді (77%) көрсеткіші жоғары.

Егерде 1999 жылы қырғыз тілін ана тілі ретінде 7546 қазақ атаса (17,7%), 2009 жылы одан көбірек яғни 8779 адам көрсеткен, ҚР қазақтардың жалпы санының 26,44% құраған. Мысалы, Ыстықкөл облысында қырғыз тілін ана тілі деп көрсеткен қазақтар үлесі облыстағы жалпы қазақтар санының 76,47% құрайды. Талас облысында бұл көрсеткіш 34,77% құрайды [72].

Ана тілі ретінде орыс тілін көрсеткендер: 1999 жылы - 2449 адам (5,7%), өзбек тілін - 95 адам немесе 0,2%, басқа тілдерді 94 адам немесе 0,2% көрсеткен. 10 жылдан соң орыс тілі бойынша көрсеткіш едәуір төмендеген: 1844 қазақ (5,55%) орыс тілін ана тілі ретінде қолданған. Осыдан, сөзсіз Қырғызстанда қазақ тілінде білім алатын мекетептердің жоқтығы байқалады [73].

Түрікменстанда 60 мыңға жуық қазақ бар. Олардың көпшілігі Қазақстанның Маңғыстау облысымен көршілес Түрікменбашы өлкесінде орналасқан [74]. Қарақалпақстанмен көршілес Ташауз облысында да қазақтар біршама тығыз отыр. Ашхабад, Чарджоу облыстарында да баршылық. Бұл - қазақтардың басым көпшілігі кешегі жиырмасыншы, отызыншы жылдарғы әр түрлі қуғын-сүргіндерден Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан бас сауғалап барғандар. Кеңес Одағы тұсында осы қазақтардың Қазақстанмен байланысында ешқандай қиындық болған жоқ. Олардың біразы сол кезде Атамекенге оралды. Ал, қалғандары Түрікменстанда тұрып-ақ Қазақстанмен тығыз байланыс жасап, жас ұрпағын қазақша оқытып жатты. Түрікменстан қазақтарының қазіргі кездегі ең үлкен мәселесі олардың Қазақстанмен байланыс жасауы, келіп қайтуы жөнінде болып отыр. Бүгінде Түрікменстандағы қазақ мектептері түгел жабылған. Ол жаққа қазақша кітап, газет, журналдар бармайды, қазақша телехабар мүлдем жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Түрікменстан өз шекарасын жауып, тек визамен кіріп-шығатын тәртіпке көшкен болатын. Сол кезде біраз қиындықтар болған, қазір қазақ азаматтары үшін Түрікменстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің есігі ашық. Көршілес 5 облысқа 5 күнге кіріп-шығуға виза алмайды, бір айға виза тегін беріледі [75]. Бұрын қоғамдық ұйымдар құруға тиым салынған болса, бүгін басқаша дейтінім Түркіменбашы қаласында қазақ мәдени орталығын ашу көзделуде. Екі елдің қарым қатынасының жақсаруы ондағы қазақ диаспорасына да өз ықпал тигізіп жатқаны анық [76].

Ол жақтағы қандастарымыздың көбісінің Елге оралғысы, атақоныстары Маңғыстауға келгісі келеді. Көбісінің балалары атамекен Қазақстанда оқу оқып, жұмыс істеп жүрген көрінеді. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын десек, алыстағы ағайындарды Атамекенге көшіріп, оларға жағдай жасалуы қажет. Тек, Түрікмен қазақтары ғана емес, басқа да шетелдегі қандастарымыздың қазіргі арман-тілегі осы болып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет