Ғылымның объекті



бет1/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Кіріспе
Қазіргі танда болашақ педагогті жан-жақты кәсіби шеберлікпен оның дайындау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Педагогтің кәсіби шеберлігінің бір саласы шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, күнделікті педагогикалык жағдайларды талдап шеше білу және өскелең ұрпақты оку мен тәрбие кұралдарын, жолдарын анықтап білуде.
Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер колледж және институт, университет қабырғаларында жүргенде педагогикалық зерттеулер, мен сонгы курстарда дипломдык, магистрлік диссертациялар орындайды. Ғылымнын кез-келген саласы сияқты педагогикалық психологияны қарастырғанда ең алдымен оның объектісі мен зерттеу пәнін ажыратып алу кажет.
Ғылымның объекті - бұл зерттеудің өзінен тыс, әртүрлі гылымдармен зерттеуге болатын ақиқат. Объект ретінде материалдык және материалдық емес құбылыстар, денелер, процестер; тірі, биологиялык және абстрактілі жүйелер; күрделілігі әртүрлі дәрежелеті биологиялык ағзалар бола алады. Ғылыми зерттеу объекті ретінде өсімдік және жануарлар әлемі, адам, қоғам, өркениет, ғарыш және т.б. карастырылады.
Әрбір объект (ғылыми тану объекті ретінде адам да) көптеген ғылымдармен зерттеліне алынады. Мысалы, адам антропология, физиология, психология, әлеуметтану, педагогика ғылымдарымен зерттелінеді. Алайда, әрбір ғылымның өз зерттеу пәні бар, яғни, оның объектідегі зерттеу нысаны. Мысалы, жас ерекшелік және педагогикалык психологияның зерттеу объектісі ортак адам, бірак 1 бұл ғылымдардын зерттеу пәні әртүрлі. Жас ерекшелік психологиясы үшін адамнын психикалық дамуы мен өмірге келген сәттен бастап картайган шаққа дейін калыптасуынЫҢ зандылыктыры мен механизмдері, педагогикалық психология үшін, ең алдымен, білім беру процесінде адамның әлеуметтік мәдени тәжірибені игеру механизмдері мен зандылыктары. Алайда, педагогика мен психологиянын, жас ерекшелік психологиясы мен педагогикалык психологиянын зерттеу объектісінің ортақ болуы олардын тыгыз, іштей ажырамас байланысына және олардың пәндерінің әртүрлігінің негізінде жеке бөліп қарастыруға шартты түрде қарауға себеп болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет