Физика тарихы


Карно Никола Леонард Сади



Pdf көрінісі
бет32/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
Карно Никола Леонард Сади (01.04.1796 – 24.08.1832) (39-сурет) – 
француз физигі және инженер. Парижде әскери басшы, саясаткер және 
оқымысты Л. Карноның отбасында дүниеге келген. Политехникалық мектепті 
1814 жылы аяқтаған. 1814-19 және 1826-27 жж. – әскери қызметте инженер 
ретінде жұмыс атқарған. 
 
39 сурет. - Карно Н.Л.С. 
Термодинамиканы құрушылардың бірі болып 
табылады. 1824 жылы «Оттың қоғаушы күші және осы 
күшті келтіретін машиналар туралы ойлар» атты 
шығармасында, 
мәңгілік 
қозғалтқыштың 
болмайтынынан шығып, алғаш рет, пайдалы жұмысты 
ыстық денеден суық денеге жылудың өтуі арқылы 
алуға болатынын көрсетті (термодинамиканың 2-
заңы).
Айналмалы және кері процесстер түсінігін 
енгізіп, жоғары қысым буының бу машиналарында 
қолданылу шектерін және оның ұлғаюын көрсетті, 
газды жылу машиналарының жұмыс істеу принципін 
тұжырымдап берді. 


70
Карноның ойлары оның жаңашылығымен басында байқалмай қалып 
жатты. Тек 1834 жылы француз физигі және инженері Бенуа Поль Эмиль 
Клайперон (1799-1864) осы жұмыстарға мән берді, Карноның алғашқы циклін 
екі изотерма мен екі адиабата циклдерімен алмастырды және Бойль және Гей-
Люссактың заңдарын біріктіретін газ күй теңдеуін қорытып шығарды.
Ең ақырында жылу мен жұмыстың эквиваленттілігі туралы идеяны 1842-
43 жж. неміс дәрігері Юлиус Роберт Майер (1814-1878) және Джоуль 
тұжырымдап берген және жылудың механикалық эквивалентін сандық 
анықтаған. 
Клаузиус Рудольф Юлиус Эммануэль (02.01.1822–24.08.1888) (40-
сурет) – неміс физигі, Берлиндік ҒА (1876) және басқа да ғылым академиялары 
мен ғылыми қоғамдардың корреспондент-мүшесі. Кеслинде пастордың 
отбасында дүниеге келген. Берлин университетін аяқтап, доктор атағын алады 
(1847). Берлиндегі Королдық артиллериялық техникалық мектепте оқытушы 
болып қызмет атқарады. 1855 жылдан бастап Цюрихск политехникумында 
оқытушы, 1867 жылдан – Вюрцбергск профессоры және 1869 жылдан – 
Боннский университетінде қызмет атқарады. 
 
40 сурет. - Клаузиус 
Рудольф 
Юлиус Эммануэль 
Молекулалық 
физика, 
термодинамика, 
теориялық 
механика, 
математикалық 
физика 
облыстарында жұмыс жасаған. 1850 жылы У. 
Ранкиннен тәуелсіз жылу мен жұмыс арасындағы 
жалпы қатынасты алды (термодинамиканың бірінші 
бастамасы) 
және 
бу 
машинасының 
идеал 
термодинамикалық циклін өңдеді (Ранкин-Клаузиус 
циклі). Екінші бастаманың математикалық өрнегін 
кері процесстер жағдайында берді, энтропияның 
өзгерісі процестің өту бағытымен анықталатынын 
көрсетті. 
Газдың 
кинетикалық 
теориясына 
статистикалық көрінісін, молекулалар қозғалысының
сферасы туралы түсінік енгізіп, алғаш ыдыстың
қабырғасындағы газ қысымын теориялық түрде 
есептеп берді. 
1870 жылы бөлшектер жүйесінің орташа кинетикалық энергиясын оған 
әсер ететін күштермен байланыстыратын, вириал теоремасын дәлелдеді. Заттың 
балқу температурасының қысыммен байланысын негіздеп берді (Клайперон-
Клаузиус теңдеуі). 
Джоуль-Ленц заңын теориялық негіздеп, термоэлектр теориясын 
дамытты, электролитті диссоциация туралы ұғымды енгізді. Поляризация 
теориясын өңдеп, О. Моссоттиден тәуелсіз диэлектрлік өтімділік мен 
диэлектриктің поляризделуі арасындағы қатынасты қорытып берді (Клаузиус-
Моссотти формуласы). 
Клаузиус ішкі энергия туралы түсінікті енгізіп, бірінші бастаманың нақты 
математикалық формасын берді, сондай-ақ, термодинамиканың екінші 
бастамасын жаңа тұжырымдамасын берді: жылудың анағұрлым суық денеден 


71
анағұрлым ыстық денеге өздігінен берілуі мүмкін емес. 1865 жылы ол жаңа 
шама, термодиамикадағы іргелі орын алатын – энтропияны енгізді. Бұл идеал 
қайтымды процестерде тұрақты және нақты процестерде артатын шама.
Механикалық процестер мен жылулық құбылыстар арасындағы 
байланыстың нақтылығы газдардың кинетикалық теориясында іске асырылады.
Кинетикалық 
теория 
көптеген 
құбылыстарды 
түсіндіре 
алды: 
диффузияны, еруді, жылуөткізгіштікті және т.б. Молекулалар арасындағы 
әсерлесуді және олардың өлшемдерін есепке алу Иоганнес Дидерик Ван дер 
Ваальсқа (1837-1923) тиесілі болып, 1873 жылы идеал газ теңдеуіне түзетулер 
енгізіп, нақты газдарды сипаттап берді. 
Барлық 
процестер 
қайтымды 
болғанда, 
термодинамиканың 

бастамасының тұжырымдамасы дәстүрлі механикалық түсініктерге сай келмеді. 
Бұл қиындықтарды шешу Максвелл мен Больцманның қолынан келді, олар 
физикалық құбылыстардың ықтмалдылығы түсінігін енгізіп, механикадағы 
динамикалық заңдардың орнына термодинамикада статистикалық заңдарды 
қойды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет