Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного


ИСТОРИЯ ЗОЛОТОЙ ОРДЫ В РУССКОЙ ИСТОРИОГРАФИИ (ХІХ-ХХ ВВ.)



Pdf көрінісі
бет48/58
Дата27.02.2017
өлшемі7,72 Mb.
#5028
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58

ИСТОРИЯ ЗОЛОТОЙ ОРДЫ В РУССКОЙ ИСТОРИОГРАФИИ (ХІХ-ХХ ВВ.)                                            

Н.Т. Абдимомынов 

 

В статье проведен историографический анализ трудов российских ученых, посвященных 

истории  Золотой  Орды.  С  этой  целью  автором  проведен  систематический  хронологический 

анализ  и  оценка  работ  известных  русских  историков  времен  царской  России  и  Советского 

периода по данной теме.  

 

HISTORY OF THE GOLDEN HORDE IN RUSSIAN HISTORIOGRAPHY (ХІХ-ХХ)                                                                     

N.T. Abdimomynov  

 

 In the article the historiographical analysis  of works by the Russian scholars on the history of 

the  Golden  Horde.  To  achieve  this  aim,  the  author  conducted  systematic  chronological  analysis  and 

assessment of the works of the prominent Russian historians of Tsarist Russia and Soviet period on the 

given topic. 

 

 

ӘОЖ  930.8(093) (574) 



Г.Ж. Өтен                                                                                                                                                                           

«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 

 

ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ТАРИХЫНЫҢ 

ЕСТЕЛІКТЕРДЕ БЕЙНЕЛЕНУІ 

 

Мақалада  өнер  қайраткерлері  өмірге  әкелген  естеліктердің  ХХ  ғасырдағы  Қазақстан 

мәдениетін  байыта  түскен  театр,  опера-балет  және  кино  өнерлері  тарихын  зерттеуде  алатын 

орнының  ерекшелігі  көрсетіледі.  Естеліктердің  өзіндік  ерекшеліктеріне  сай  деректанулық  талдау 

жасай  білу  арқылы  қайта  құру  және  тәуелсіздік  жылдарындағы  өнерлер  тарихына  қатысты 

шынайылық  деңгейлері  де,  ғылыми  маңыздылығы  да  жоғары  мағлұматтар  алуға  болатындығы 

туралы атап көрсетілген. 

Түйін сөздер: мәдениет тарихы,  өнер қайраткерлері, естеліктер, өнер тарихы. 

 

Қазақстан  мәдениеті  тарихының  қарама-қайшылықтарға  толы  кезеңдерінің  бірін  –  кеңестік 



кезең  мәдениеті  тарихы  құрайды.  Бір  жағынан,  ұлттың  сан  ғасырлық  дәстүрлі  шаруашылығы 

күйретіліп, халықтың жаппай аштан қырылуы, ұлттың бетке ұстар мәдениет, өнер, ғылым өкілдерінің 

үздіксіз қуғын-сүргінге ұшырап, көбінің опат болуы, екінші жағынан, өнердің жаңа түрлерінің пайда 

болып,  қазақ  жастары  арасынан  жаңа,  «пролетариаттық    мәдениет»  өкілдерін  дайындау  сияқты 

қоғамдық  құбылыстар  бір  мезгілде  қатар  жүріп  жатты.  Большевиктер  партиясы  басқарған  Кеңес 

өкіметінің осындай екіжүзді саясатының салдарында қазақ халқы бір жағынан, өзінің ондаған жылдар 

бойы табиғи жолмен өсіп жетілген  ұлттық мәдениет өкілдерінің алдыңғы тобынан айырылса, екінші 

жағынан, мәдениеттің жаңа буын, жас толқынына ие болып жатты. 

Жеке  адамдық  дерек  көздері  түрлерінің  үлкен    бір  бөлігін,  өзіндік  ерекшеліктері  бар  

естеліктер  құрайды.  Мысалы,  дерек  көздерінің  өзіндік  ерекшеліктері  мол  осы    түрлерінің 

субъективтілігі  мен  негізгі  түрлік  ерекшеліктері  туралы  деректанушы  Қ.  Атабаев:  “Бұлардың  ең 

басты  түрлік  ерекшелігі  пайда  болу  негізі  жағынан  жеке  адамдық  деректер  тобына  жатқандықтан, 

олардың  аса  субъективтілігі.  Сонымен  қатар  ол  дерек  көздерінің  түрлік  айырмашылықтарының 

айқынсыздығы.  Ол  бір  жағынан  ондағы  мәліметтердің  құжаттылығында  (немесе  ғылымилығында), 

екінші жағынан олардың мазмұны мен формасының көркемділігі мен публицистикалығында” дейді 

[1, 236 б.]. 

ХХ  ғасырдағы  Қазақстан  мәдениеті  тарихының  дерек  көздерінің  маңызды  бөлігін  құрайтын 

біз  қарастырып  отырған  өнер  қайраткерлері  естеліктерінің  басым  бөлігі  кеңестік  кезеңде  пайда 

болған.  Сондықтан  кеңестік  кезең  ерекшеліктерінің  естеліктер  мазмұнына,  ондағы  мәліметтердің 

сипатына  әсер  етуі  заңдылық.  Кеңестік  дәуірдің  өзіндік  ерекшеліктері  туралы  академик  М.  Қ. 

Қозыбаев ғұмырнама жанрын зерттеу мәселесі туралы айта келе: “Ғұмырнаманың тағы бір қайнары – 

естелік,  мемуарлық  еңбектер.  Екеуі  егіз  қозыдай  етене  жақын  жанр.  Қазақ  сахарасында  бұл  жанр 

негізінен ХХ ғасырда дамыды. Төңкерістен кейін Сәкен Сейфуллин бастайды да, Әліби, Тұрар, Сәбит 


328 

 

қостайды. 1916 жыл туралы естеліктер жинағы баспаға терілген жерінен 1937 жылы зынданға түскен. 



Социалистік дәуірде, жеке басқа табыну заманында азаматтар естелік айтудың өте қауіпті екендігін 

түсінді. Естелікті тек партизандар, Отан соғысының қаһармандары ғана жазатын болды”- деп, біздегі 

естелік  жазу  тарихының  өзіндік  ерекшелігі  туралы  айтса  [6,  42  б.],  “Казахстан  на  рубеже  веков: 

размышления и  поиски” деген еңбегінде кеңес өкіметінің көшпенділер тарихына, оның ішінде қазақ 

халқының  тарихына  да  қатысты  жүргізген  саясаты  мен  оның  салдарын  өте  анық  та,  дәл  көрсете 

білген.  Академик  ойын  сол  қалпында  жеткізу  мақсатында  кітаптың  жазылған  тіліндегі,  яғни  орыс 

тіліндегі  нұсқасынан  сілтеме  келтіргенді  дұрыс  көрдік.  Онда:  “Система  запретительной  политики 

ограничивала источниковедческую базу исследований, особенно советского периода. Господствовала 

методология, в основу которой был положен классово – социальный подход ко всем явлениям жизни 

общества, базирующийся на марксистско – ленинской интерпретации классов и классовой борьбы.  

Недооценивалось  богатейшее  культурное  наследия  казахского  народа,  роль  кочевой 

цивилизаций в мировой историй. Развитие мировой культуры связывалось только с оседлым образом 

жизни  и  хозяйствования.  Все  достижения  человеческой  культуры  и  техники  приписывались 

исключительно  европейской  цивилизации,  в  особенности  –  России.  Эти  тенденции  находили 

широкое распространение в официальной историографии. Народ был лишен возможности знать, где 

его  исторические  корни,  какое  место  он  занимает  в  истории  Европы  и  Азии,  каковы  были  его 

подленные взаимоотношения с другими странами и народами в прошлом” - делінген. [ 7, 26 с. ]. 

Мұндай  таптық  көзқарасқа  негізделген  большевиктік  методалогия,  орыс  емес  халықтардың 

тарихына қатысты саналы түрде жүргізілген кеңестік саясат өнер қайраткерлері естеліктеріне де әсер 

етпей  қойған  жоқ.  Өнер  иелерінің  Қазақстан  мәдениетінің,  оның  ішінде  өздері  қызмет  еткен  өнер 

салаларының  дамуын  да,  өздерінің  үлкен  өнер  иелері  ретінде  қалыптасуын  да  партияның,  кеңес 

өкіметінің  атымен  байланыстыруы,  бәрін  қазан  революциясының  жеңісінен  бастаулары  соның 

салдары. Мысалы, театр және кино өнерлерінің патриархтары Қ. Бадыров: “Октябрь таңы атты. Совет 

өкіметі орнағаннан кейін республикамызда театр дүниеге келіп, бірте-бірте қанат жайды” десе [4, 3 

б.],  С.  Қожамқұлов:  “Октябрь  маған  үлкен  өнерге  жол  ашты.  Совет  өкіметінің  орнағанына  қырық 

жыл – шын мәнінде, бұл менің бүкіл өмірім. Мен өзімнің балалық, жігіттік шағымды, революцияға 

дейінгі қазақтардың өмірін еске аламын. Біздің ауылда жүз шаңырақтың бірінде ғана сауатты қазақ 

болды” деп жазады [8, 66 б.], 

Бұл жерде, басқасын айтпағанның өзінде, С. Қожамқұловтың “Біздің ауылда жүз шаңырақтың 

бірінде  ғана  сауатты  қазақ  болды”  деп,  сол  кездегі  кеңестік  ресми  тарихнамада  қалыптасып, 

бұлжымас  шындықтай  болып  санаға  сіңген  “Октябрь  революциясына  дейінгі  қазақтардың  екі-ақ 

проценті  сауатты  болған”  деген  тұжырымға  сәйкес  айтып  отырғандығына  күмән  жоқ.  Мұндай,  өз 

естеліктерін  партияның  саясатына  сай  жазушылық  немесе  баяндаушылық  аталған  өнер  салалары 

негізін  қалаушылардың  көбіне  тән.  Мысалы,  елімізде  театр  өнерінің  дамуына,  ал  кино  және  опера 

өнерлерінің  ірге  тасын  қалауға  ат  салысқан  Қанабек  Байсейітов  өзінің  естелігінде  өзі  куә  болған 

тарихымыздың  қара  түнек  беттері  туралы:  “Сұрастырып  көрсем,  бұрынғы  мен  білетін  кісілерден 

ешкім  қалмапты,  көбі  сол  отызыншы  жылдардың  бас  кездерінде  әр  түрлі  жағдайға  ұшыраған 

көрінеді”  деп  [5,    208  б.]    немесе  “Өкініші,  трагедиясы  көп  болғанмен,  отыз  сегізінші  жылы  жас 

театрымыз біраз алға басты” деп, жұмбақтап жеткізеді  [5, 160 б.].  

Ал, ешкімді қалдырмаған “сол  отызыншы жылдардың бас кездеріндегі әр түрлі жағдайдың” 

қандай жағдай екендігі немесе “Өкініші, трагедиясы көп болған, отыз сегізінші жылдың” қандай жыл 

екендігі, неге сол жылы өкініштің, трагедияның көп болғандығы, ол қандай трагедия екендігі туралы 

ештеңе  айтпайды.  Әрине,  оның  бәрі  де  сол  естеліктердің  пайда  болған  кезіндегі  тарихи  жағдаймен 

байланысты  екендігі  бүгінгі  ұрпаққа  түсінікті.  Десекте,  келешекте  де  зерттеушілер  кеңестік  кезең 

естеліктері тобының мазмұнына әсер еткен мұндай тарихи жағдайдың да маңызды фактор екендігін 

ескерулері керек. 

Тәуелсіздік  жылдары  дайындалып,  жарық  көрген    белгілі  өнер  қайраткерлері  Бикен 

Римованың,  Асанәлі  Әшімұлы  және  Тұңғышбай  Әл-Таразидің  естеліктері.  Бұл  жерде  Бикен 

Римованың  1997  жылы  жарық  көрген  “Өнердегі  өнегелі  өмірлер”  атты  естелігінің,  1987  жылы 

өнердегі  өнегелі  өмірлер  сериясымен  шыққан  “Еңлікгүлім”  атты  естелігінің  толықтырылып  қайта 

басылған  екінші  нұсқасы  екендігін  айтуымыз  керек.  Демек,  ол  да  кеңестік  кезең  туындысы.  Ал,  А. 

Әшімұлы  мен  Т.  Әл-Таразидің  естеліктері  таза  тәуелсіздіктің  “жемістері”.  Оларда  Октябрь 

революциясы  жеңісінің  маңызы  да,  партияның  дана  басшылығы  да  жоқ.  Керісінше,  сол  уақыттың 

шынайы шындықтары туралы айтылған объективті пікірлер бар. 

  Мысалы, А. Әшімұлының естелігіндегі кеңестік өмір салты туралы: “Махаббат зұлымдыққа, 

зұлымдық махаббатқа, батырлық опасыздыққа, опасыздық батырлыққа, дана дүмшеге, дүмше данаға, 



329 

 

тұлпар  жабыға,  жабы  тұлпарға,  бұлбұл  шымшыққа,  шымшық  бұлбұлға  айналып,  бәрі  де  сатылып, 



сатылып  алынып  жатқан  мына  дулы  өмірде... ”  деген жолдарды өмір  шындығына сай емес  деп  кім 

айта алады? [2, 50 б.]. Немесе Т. Әл-Таразидің өз естелігінде Желтоқсан көтерілісіне қатысты: “Осы 

үкімет  қит  етсе  қазақты  неге  қырғысы  кеп,  жоқ  қылғысы  кеп  тұрады?..  Он  алтыда  бір  қырды,  он 

сегізде  екі  қырды,  жиырмасыншыда  аштықтан  үш  қырды,  отыздың  аштығында  төрт  қырды,  отыз 

жетіде  бес  қырды,  қырық  бір-қырық  бесте  алты  қырды,  қырық  тоғыздан  бастап  полигонмен  жеті 

қырды, әлі қырып жатыр, сексен алтыда сегізінші дүркін сайланып кеп тағы да атып, азаптап жатыр. 

Осы  қазақ  десе  үкіметтің  мылтығы  мен  түрмесі  даяр  тұратыны  несі?  Алғашқыларын  көрмесем  де, 

соңғы  екеуіне  куәгермін,  ішінде  болдым.  Оққа  кеудемді  тоспасам  да,  таяққа  тойдым.  Адамды 

тулақша  талаған  итін  де көрдім,  тепкілеп сабаған иттен  бетер  итаршысын да  көрдім...”  деуін  кеңес 

үкіметіне жабылған жала деп кім айтады? Бәрі де рас. Дәл солай болған. Кезінде өнер ардагерлерінің 

өз естеліктерінде ризашылық білдірген кеңес үкіметінің шынайы бейнесі осындай  [3, 124 б.].  

 Тәуелсіздік  жылдары  дүниеге  келген  естеліктердің  тағы  бір  сипатты  белгісі,  оларда  ұлттық 

мүдденің алға шығуы, ашық айтылуы. Өнердегі ұлттық үрдістің маңызы мен орнының айқындалуы. 

Мысалы,    А.Әшімұлы:    “Ұлттық  үрдістен  ажыраған  елдің  өнерін  ешкім  де  қабылдай  алмайды, 

тұшынып көрмейді” деп жазса [2, 65 б.],  Т. Әл-Тарази: “Біздің халқымыз сөзге тұрған, сөзге жүгінген 

жұрт... Ендеше, артистеріміз, режиссерлеріміз ана тілінің қасиетін білмесе, бұл қасірет. Ендігі жерде 

қазақ театрын ұстап тұратын жалғыз-ақ тірек – ұлттық сана” дейді [3, 168 б.]. 

Естеліктерді  бір  ғана  хронологиялық  принцип  бойынша  сыныптаудың  өзі,  уақыт 

айырмашылығына  сай,  дерек  көздерінің  мазмұны  мен  бағыт-бағдарларының  да  үлкен  өзгерістерге 

ұшырайтындығын  көрсетіп  отыр.  Бұл,  дерек  көздерін  дұрыс  сыныптай  білу  қажеттігінің  тағы  бір 

дәлелі,  сонымен қатар, Қазақстан мәдениеті тарихының дерек көздері ретінде қарастырып отырған 

өнер қайраткерлері естеліктерін мазмұнына қарай: естелік авторларының өздері туралы, өз өнерлері 

туралы,  өнердегі  әріптестері  туралы,  өнер  тарихы  туралы,  өнер  проблемалары  туралы  т.б. 

сыныптауға  болса,  естелік  авторларының  негізгі  мамандықтарына  қарай  театр,  кино  актерлерінің, 

опера  әншісінің,  балет  бишісінің,  режиссердің,  өнер  ұжымы  басшысының  естеліктері  деп  те 

сыныптауға болады. 

 Дегенмен,  мұндай  сыныптау  да  әдетте  шартты  түрде  жүргізіледі.  Өйткені  көбіне  естелік 

авторы бір өзі театр және кино актері де, опера әншісі де, режиссер де, театр директоры де  болып 

келеді. Сондықтан ол өз естелігінде бірде театр немесе кино туралы айтса, бірде опера өнері, бірде 

режиссура туралы баяндайды.  Мысалы, өздерінің өнердегі өмір жолын театр актері ретінде бастаған 

Қ.  Байсейітов,  кейіннен  опера  әншісі,  кино  актері,  режиссер,  директор,  драматург  міндеттерін  де 

атқарды.  А.  Әшімұлы  мен  Т.  Әл-Тарази  да  солай,  алдымен    театр  және  кино  өнерлерінің  жас 

актерлері  ретінде  бастап,  режиссер,  ұлттық  театр  директоры  сияқты  қызметтер  атқарды.  Демек, 

зерттеуші  өзінің  алдына  қойған  нақты  мақсатынан  шыға  отырып,  бір  естеліктен  өнер  тарихына 

қатысты әр түрлі мағлұматтар ала алады. 

Сонымен,  қорыта  айтқанда,  өнер  қайраткерлері  естеліктері  Қазақстан  мәдениеті  тарихының 

маңызды дерек көздері болып табылады. Естеліктерде өнер зерттеушілерінің еңбектерінде, басқа да 

құжаттарда  кездеспейтін  мағлұматтар  сақталған.    Дегенмен,  өнер  қайраткерлерінің  естеліктерінің 

басқа    жазба  дерек  көздері  сияқты,  пайда  болуының  өзіндік  себептері  болғандығы  белгілі. 

Сондықтан,  өнер  адамдарының  естеліктерін  Қазақстан  мәдениеті  тарихының  дерек  көздері  ретінде 

деректанулық  талдаудан  өткізу,  мәдениетіміз  тарихының  жаңа  қырларын  айқындап,  өнер  иелерінің 

мәдениет тарихындағы тұлғалық бейнелерін аша түсуге және шынайылық деңгейі жоғары мәліметтер 

алуға көмектесері күмәнсіз. 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Атабаев Қ. Қазақстан тарихының  деректанулық  негіздері - Алматы: Қазақ университеті,  

2002. – Б. 23. 

2.

 

Әшімұлы А. Жан бөлек. – Алматы: Санат, 2001. – Б. 50, 65. 



3.

 

Әл-Тарази Т. Наз. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2001. – Б. 124, 168.  



4.

 

Бадыров Қ. Естен кетпес есімдер. – Алматы: Өнер, 1981. – Б 3. 



5.

 

Байсейітов Қ. Құштар көңіл. – Алматы: Жазушы, 2004. - 208, 160 б. 



6.

 

Қозыбаев М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері // Қазақ тарихы. -1997. - № 4. -  Б 42. 



7.

 

Козыбаев М. К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски: - Алматы: Рауан, 2000. 



- Т. ІІ.  - С 26. 

8.

 



Қожамқұлов С. Шеберлік мектебі. – Алматы: Өнер, 1973. - Б 66. 

 


330 

 

ИЗОБРАЖЕНИЕ ИСТОРИИ КУЛЬТУРЫ В ВОСПОМИНАНИЯХ, НАПИСАННЫХ   



В ГОДЫ ПЕРЕСТРОЙКИ  И НЕЗАВИСИМОСТИ                                                                                          

Г.Ж. Отен  

 

В статье рассказывается об особенной роли воспоминании деятелей искусства 

Казахстана XX века в исследовании истории театра, оперы, балета и кино. Отмечено то, что 

анализируя воспоминания можно узнать важные научные сведения об истории искусства 

Советского периода и в годы Независимости. 

 

 



THE IMAGE OF HISTIRY OF CULTURE IN THE MEMOIRS WRITTEN IN THE YEARS 

OF REORGANIZATION AND INDEPENDENCE                                                                                           

G. Oten  

 

The article talks about the role of art in Kazakhstan remembrance of the XX century in the study 

of the history of theater, opera, ballet and film. It is noted that the analysis of memories can learn 

important scientific information about the history of art of the Soviet period and in the years of 

independence. 

       

 

ӘОЖ: 958.4 



М.М.Тастанбеков, Л.С.Динашева                                                                                                                                                             

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 



 

НӘЗІРГЕ ҚҰРМЕТ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАНДАҒЫ НӘЗІРТАНУ ШАРАЛАРЫ 

 

Бұл  мақала  Нәзір  Төреқұловтың  есімін  ардақтау  мәселелері  және  Түркістан  қаласында 

Нәзіртану шаралары шеңберінде атқарылып жатқан игі істер баяндалады. 

Түйін сөздер: Нәзір Төреқұлов, Түркістан, Ахмет Ясауи, ХҚТУ, Әнел Нәзірқызы. 

 

 



Ғазымбек  Бірімжанов,  Ораз  Исаев,  Тұрар  Рысқұлов,  Сұлтанбек  Қожанов  және  Нәзір 

Төреқұлов...  «Егемен  Қазақстан»  газетінің  Мәскеудегі  тілшісі  Серікқали  Байменшенің   «Бесеудің 

бесігі»  атаған  «Коммунаркада»  шейіт  болған  алаш  ардақтыларының  тізімі.  1937  жылы  қамауға 

алынып, жазықсыз ату үкімі кесілген Нәзір Төреқұловтың туғанына 120 жылдығы атап өтілді. Нәзір 

Төреқұлов аз ғұмырында  Орынборда бүкілқазақ съезіне қатысты, Торғайда «Қазақ мұңы», Түркістан 

Республикасында  бірнеше  газет,  журналдардың  редакторы  болды,  Түркістан  компартиясының, 

Орталық Атқару комитетнің  төрағасы болып істеді, Мәскеуде  Орталық баспаның директоры, КУТВ 

проректоры, «Темірқазық» журналының редакторы, Сауд Арабиясында төтенше елші және Өкілетті 

министрі қызметтерін атқаруы Нәзір Төреқұлов өткен жолдың толық емес тізімі ғана.  

Марқұм  Рахманқұл  Бердібай  ағамыз  «Нәзір  Төреқұловтың  тағдыр  кешулері  өзімен  тұстас 

даңқты қазақ қайраткерлерінен өзгешелеу екенін көреміз. Оның шықан тегі Оңтүстік Қазақстан, Сыр 

бойындағы  ел  болғанымен,  оқыған,  өскен,  құлашын  биікке  сермеген  ортасы  көбіне  басқа  халықтар 

ортасы», дей келе, «Есімі мен еңбегін туысқан халықтардың қастер тұтып, оның атынан мектеп, көше 

аттарын  беріп  отырулары  да  қайраткер  даңқы  қазақ  елінің  шекарасынан  асып  кеткенін  әйгілейді. 

Мәселен, Ташкент қаласындағы 283 санды орта мектепке, осы шаһардың А.Икрамов ауданындағы бір 

үлкен  көшеге,  төрт  тұйық  көшеге  Нәзір  Төреқұловтың  аты  берілген.  Қоқан  қаласында  Нәзір 

Төреқұлов  атындағы  көшеде  «Түркістан  мен  Өзбекстан  мемлекетнің  көрнекті  қайраткері»  деп 

жазылған  мемориалды  тақта  қойылған»  [1,16]  деп  жазады.  Сонау,  1974  жылы  Қоқанда  Нәзір 

Төреқұловқа  көше  атының  берілуі  інісі  Қадырдың  қызы  Саида  Төреқұлованың  есімімен  тікелей 

баланысты. Төреқұлов 8 жыл Сауд Арабиясында елшілікте қызмет етіп, соңғы екі жылында дуайен 

атағына  көтерілген.  Яғни  сол  елдегі  барлық  елшілерге  басшылық  еткен.  Қазіргі  таңда  Сауд 

Арабиясында Нәзір Төреқұлов атындағы орталық пен көше бар.   

Соңғы жылдары Нәзіртану саласында жемісті шығармалары жарық көрген қоғам қайраткері, 

саясат  ғылымдарының  докторы  Тайыр  Мансұров  «Нәзір  Төреқұловтың  есімін  мәңгі  есте  қалдыру 

бағытында  мемлекет  тарапынан  атқарылған  істерге  көңіліңіз  тола  ма?»  деген  сұраққа  «Үкімет 

тарапынан  шама  келгенше  Нәзір  Төреқұловтың  есімін  мәңгі  есте  қалдыру  бағытында  іс-шаралар 

жасалынды және қолға алынып жатыр. 2002 жылғы желтоқсанда осынау айтулы тұлғаның туғанына 


331 

 

110  жыл  толуына  орай  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігі  мен  Л.Н.Гумилев  атын-



дағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  ұйымдастыруымен  Астанада  «Н.Төреқұлов  –  көрнекті 

мемлекет қайраткері, дипломат және ағартушы» деген тақырыпта халықаралық ғылыми конференция 

өткізілді.  Сол  сияқты,  2006  жылы  қараша  айында  Түркістанда  Нәзір  Төреқұловтың  дипломатиялық 

және  саяси  қызметіне  арналған  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  ұйымдастырылды. 

Екеуіне де қатысып, тақырыпқа қатысты баяндамалар жасадым. Алматы, Шымкент, Қызылорда қала-

ларында  Нәзір  Төреқұловтың  атымен  көшелер  аталған.  Оның  есімі  Шымкент  пен  Түркістанда, 

Шолаққорғанда  мектептерге  берілген.  Тарихи  қаламыз  Түркістанда  арнайы  мұражай  ашылды,  қор 

құрылды.  Қазақстан  Үкіметінің  2003  жылғы  20  қаңтардағы  №57  қаулысымен  Нәзір  Төреқұлов 

атындағы  медаль  белгіленді.  Ол  медальмен  республиканың  Сыртқы  істер  министрлігі  атынан 

Қазақстанның  сыртқы  саясатына  зор  үлес  қосқан  азаматтар  марапатталып  отырады»  деген  жауап 

берді.  

Нәзір  есімі  ұзақ  жылдар,  егемендігімізді  алғанға  дейін  шетқақпай  болып  келгені  жасырын 

емес.  Тәуелсіздігімізді  алумен  Нәзірді  дәріптеу  және  тарихта  есімін  қалдыру  шаралары  жасала 

бастады.  Бүгінде  Алматы,  Қызылорда,  Шымкент  қалаларында  Нәзір  Төреқұлов  атындағы  көшелер 

бар.  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  Нәзір  есімі  үш  мектепке  берілген.  «Қазақстанның  сыртқы 

саясатына  қосқан  үлесі  үшін»  Нәзір  Төреқұлов  атындағы  медаль  белгіленген.  Маңғыстау  жерінің 

Қазақстанның  құрамына  қосылуында  да  Төреқұловтың  қолтаңбасы  бар.  Ақтаудың  тарихи  өлкетану 

мұражайынан   Төреқұловқа  арнайы  бөлім  ашылып,  сондағы  бір  көшеге  Нәзір Төреқұловтың есімін 

беру  шешілген.  Ш.Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік  технологиялар  және  инжиниринг 

университетінде 2012 жылдың қараша айының 9 жұлдызында «Қазақ зиялылары және қазақ жерінің 

тұтастығы мәселесі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Тайыр Мансұровтың 

«Елші Нәзір Төреқұлұлының Арабия дастаны» атты бес томдық кітабы шығып, Төреқұловтың еңбек-

жазбалары жинақталып, өмірбаяны зерттеліп, барша халқымызға жария етілді. Ж.Әлмашевтың Нәзір 

өміріне құрылған «Сана дерті» қойылымы театр сахнасынан көрсетілуде. Былтырғы жылы Ш.Айма-

нов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы режиссер Болат Шәріповтың «Өкілетті елші» атты Нәзір 

Төреқұлов туралы деректі фильмін жұрт назарына ұсынды.  

Нәзір  Төреқұлов  есімін  ел  жадында  мәңгі  қалдыру  мақсатында  бірқатар  іс-шаралар  атқару 

жалғасын  табуда.  Осы  жылдың  21  маусымындағы  Сенаттың  жалпы  отырысында  сенатор  Қуаныш 

Айтаханов: «Тәуелсіздік туын көтерген еліміз үшін ардақты азаматтарымыздың есімін құрметтеу біз 

үшін парыз. Сондықтан, үстіміздегі жылы Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының 20 жылдығына және 

қазақтың  тұңғыш  дипломаты  Нәзір  Төреқұловтың  120  жылдығына  орай  Астана  қаласында  Нәзір 

Төреқұловқа  ескерткіш    орнатылса  игі.  Бұдан  бөлек,   Қазақстан  Республикасы  Президенті 

жанындағы мемлекеттік басқару академиясындағы Дипломатия институтына Н.Төреқұловтың есімін 

беріп,  үздік  магистранттарға  Нәзір  Төреқұловтың  атындағы  стипендия  тағайындау,  Астана  және 

Алматы қалаларында мектептерге Нәзір Төреқұловтың  есімін беру мәселелері шешілсе екен», - дейді 

депутат.  Тұлғаның  өмірін  насихаттаумен  айналысып  жүрген  ғалым  Сейітқали  Дүйсеннің  пікірінше 

«Қазақтан  шыққан  тұңғыш  дипломат  Нәзір  Төреқұловқа  ҚР  Сыртқы  істер  министрлігінің  алдынан 

үлкен  ескерткіш  тұрғызылса...»,  оның  айтуынша,  «елімізде  Төреқұловтың  өмірін,  еңбек  жолын 

зерттеп насихаттау әлі де болса өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ, әсіресе Астана қаласында» [2], 

дейді.  


Көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  қазақтың  тұңғыш  кәсіби  дипломаты  -  Нәзір 

Төреқұловтың туғанына 120 жыл, жазықсыз құрбан болғанына 75 жыл аталып өткеніне де көп болған 

жоқ. Тәуелсіздігімізді алғалы бергі уақытта Нәзірдің туған жері Түркістан қаласында осы бағыттағы 

игі  шаралары  айрықша  атап  өтерлік.  1995  жылы  Нәзір  Төреқұловтың  100  жылдығы  атап  өтілді. 

Бұрынғы Орджаникидзе көшесіне, Никитин атындағы орта мектепке «Нәзір Төреқұлов» есімі берілді, 

Төреқұловтың бюсті орнатылды, «Төреқұлов атындағы мұражай» жұмыс жасайды, «Нәзір Төреқұлов 

атындағы  мешіт-медресе»  ашылды  және  «Халықаралық  Нәзір  Төреқұлов  қоры»  құрылды. 

Орталықтағы  Сұлтанбек  Қожанов  көшесіндегі  «Дипломат  Нәзір  Төреқұлов  атындағы  кітап  үйі» 

көпшілікке  қызмет  көрсетеді.  2006  жылы  “Қазақстан  Республикасының  дипломатиялық  және  саяси 

өміріндегі  Нәзір  Төреқұловтың  рөлі”  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  өтті. 

Нәзір  Төреқұловтың  қызы  Анел  Нәзірқызының  Мәскеуден  Түркістанға,  ата-баба  жерінде  жерленуі 

де, кезінде мерзімдік басылым беттерінде аз жазылған жоқ.   

Қаланың  орта,  орта  анаулы  оқу  орындары  мен  Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы  қазақ-түрік 

университетінің 

конференция, 

пікірталастар 

мен 

басқосуларында 



Нәзір 

Төреқұловтың 

дипломатиялық, саяси қайраткерлік қызметі дәстүрлі тақырыпқа айналған.  


332 

 

Сауд  Арабиясы  Корольдігінің  діни  істер  жөніндегі  көмекшісі  Ад Тюрки  Жаджис  бен  Абель 



Азир Оңтүстікке келген іс-сапарында Нәзір Төреқұловтың құрметіне араб тарапынан қаржыландыра 

отырып,  араб  елдеріндегі  тұңғыш  қазақ  елшісі  Нәзір  Төреқұловқа  ескерткіш  ретінде  Түркістанда 

мешіт  салу  ниетін  білдірді.  Бүкіләлемдік  Ислам  лигасының  мүшелері  құрылыс  құнының  75  пайыз 

көлемінде қаржы бөлуге әзірлік танытқан. Түркістанда бұған арнап 0,5 гектарлық жер телімі бөлініп, 

құрылыстың  жобалық-сметалық  құжаттары  әзірленді.  Мешіт  салу  арқылы  Н.Төреқұловқа  мәңгілік 

ескерткіш  тұрғызу  араб  тарапынан  Нәзірге  деген  құрмет  болып  табылады  және  қазақ-араб 

арақатынасын жақындастыра түсер байланыс болмақ.  

Қазақтың  біртуар  азаматы,  тұңғыш  дипломат  Нәзір  Төреқұлов  атымен  аталатын  мешіт-

медресе  құрылысы  2003  жылы  асарлатып  салынған.    Осы  игі  істе  Астанадан  Қуаныш  Айтаханов, 

Алматыдан  Әбдірәсіл  Тәтібаев,  Тоқтар  Ералиев,  Сарыағаштық  Арынғазы  Серғазиев,  Ақтаулық 

Мұратхан  Жетібай,  Жетісайлық  Өстемір  Бектереев  тағы  басқа  көмегін  тигізген  азаматтардың 

есімдері  мешіт-медреседе  ризашылықпен  аталады.  Ғибадат  үйінің  жалпы  көрінісі  Түркиялық 

мешіттерді көзге елестетеді. Мешіт алаңы 50 сотық жерді алып жатыр. Ауласына тас кілем төселген 

және  мешіттің  сәулетіне  сай  оюланған  темірлермен  қоршалған.  Мешітке  9  баспалдақпен  кіреді. 

Мешіт  екі  қабатты,  ауқымы  22х13  метр  (286  шаршы  метр),  бір  мұнара  және  екі  күмбезі  бар. 

Мұнараның  диаметрі  3  метр,  биіктігі  15  метр.  Үлкен  күмбездің  диаметрі  9  метр,  кішісі  4,5  метр. 

Күмбезі көк  түсті.  Мешіттің  биіктігі  8,5  метр,  қабырғасы  күйдірілген  кірпіштен қаланған.  Іші  және 

сырты  евро  үлгіде  әшекейленген.  Мешіт  200-250  адамға  арналған.  Жылу  жүйесі  еден  асты  және 

қабырғаларымен электр энергиясы көзімен жылытылады. Михрабы Құран аяттарымен безендірілген. 

Мешіт  ішіне  үш  ұстын  орнатылған.  Мешіт  еденіне  ирандық  жасыл  түсті  ковролан  төселінген. 

Мешіттің  есік,  терезелері  пластикалық  металдан  орнатылған.  Сыртқы  есіктері  екі  жаққа  қарай 

ашылады.  Бірінші  қабатта  үлкен  намаз  оқитын  негізгі  зал  мен  кіші  қосалқы  бөлме,  екінші  қабатта 

үлкен  залды  жартылай  айнала  орналасқан  балкон  және  кіші  қосалқы  бөлме  орналасқан.  Медресеге 

арналған  жер  асты  бөлігінде  сабақ  оқитын,  жататын,  асхана,  имам  бөлмесі  және  аяқ  киім  шешетін 

бөлмелер бар [3]. Нәзір Төреқұлов атындағы мешіт-медресе пайғамбарымыздың с.а.с. айтқан кейбір 

хадистерін,  насихаттарын  жалпы  оқырманға  арналған  кітапшалар  шығарып  тұруды  да  қолға  алған. 

Мешіт-медресе Алматы-Қызылорда тасжолының бойындағы Б.Саттарханов даңғылы, Нәзір қорының 

басшысы болған, нәзіртанушы  Ыбырай Исмаилов атындағы көшеде орналасқан.  

Нәзір  Төреқұлов  атындағы  мұражай  көпшіліктің  тілегіне  орай,  Түркістан  қаласының  әкімі 

Әли  Бектаевтың  қолдауымен  әрі  көмегімен  құрылып, 2006  жылы  қараша  айында  ашылды. 

Мұражайдың  ашылу  салтанатына  алыс  -  жақын  шетелден  ғылым,  мәдениет  қайраткерлері,  соның 

ішінде  Төреқұлов  елшілікте  болған  Сауд  Арабиясынан  мемлекет  қайраткердері  келіп 

қатысты.  Мұражайдың  ашылу  салтанатының  лентасын  (сол  уақыттағы)  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының  әкімі  Өмірақ  Шүкеев,  Солтүстік  Қазақстан  облысының  әкімі  Тайыр  Мансұров,  сенат 

депутаты Қуаныш Айтахановтар қиды. Екі облыстың әкімдері музейдің "Құрметті кісілер" кітабына 

қолтаңбаларын  түсірді  [4].  2008  жылдан  “Саяси  қуғын-сүргін  құрбандары"  мұражайының  филиалы 

саналады.  Бүгінгі  таңда  мұражай  Ғабит  Мүсірепов  көшесіндегі  №  3  ғимаратқа  көшірілген.  Қайта 

жабдықталған мұражайдың ашылуы Нәзір Төреқұловтың туылғанына 120 жылдығына арналып отыр. 

Экспонаттарының  ішінде  Нәзір  Төреқұловтың    қызы  Анелден  алынған  әкесінің  жұмыс  столы  мен 

орындығы,  сиясауыт,  патефон  сияқты  жеке  қолданған  заттарымен  бірге,  бір  кездері  Нәзір 

кабинетінде  ілінген  Москва  көрінісі  бейнеленген  картина,  Москва  соборлары  топтамасының  суреті 

салынған  сый-кәде  тарелка  сияқты  жәдігерлер  бар.  Нәзір  Төреқұловтың  әкесінің  құманы  және  сол 

уақыттағы қолсандық та мұражайды тамашалаушылардың қызыға қарайтын бұйымдары.  

Түркістанда  мешіт-медресенің  ашылуында  және  мұражайдың  құрылуында  «Халықаралық 

Нәзір  Төреқұлов  атындағы  қордың»  тікелей    атсалысқандығы  белгілі.  Нәзір  Төреқұлов  қоры  1994 

жылы  алғаш  Түркістанда,  кейін  осындай  қорлар  2000  жылы  Шымкент,  Астанада  құрылып,  соңғы 

жылдары  жемісті  еңбек  етіп  келеді[5].  Қордың  құрылуы  туралы  Нұрмахан  Оразбек  былайша  еске 

алады:  «Түркістанда  «Халықаралық  Нәзір  Төреқұлов  атындағы  қордың»  ұйымдастырылғанын 

естідім. Бұған мұрындық болған Нұрмахан Назаров ініміз еді» [6]. Қор Нәзір Төреқұловтың мұрасын 

халыққа  таныту  міндетіндегі  үлкен  жауапкершілік  жүгін  абыраймен  жалғастыра  береді,  бұл 

Төреқұловтай  тұлғаның  көпқырлы  шексіз  болмысын  жан-жақты  танып-білуде  атқарылар 

жұмыстардың көп екендігімен де байланысты.   

2006  жылдың  10-11  қараша  күндері  Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрiк 

университетiнiң  ұйымдастыруымен  «Қазақстан  Республикасының  дипломатиялық  және  саяси 

өмiрiндегi  Нәзiр  Төреқұловтың  рөлi»  атты  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияның 

өткен  болатын.  Конференцияға  Сауд  Арабиясы,  Түркия,  Египет,  Ливия,  Ресей,  Әзiрбайжан, 



333 

 

Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан сияқты шет мемлекеттерден және елiмiздiң мемлекет және қоғам 



қайраткерлерi, елшiлерiмiз, нәзiртанушы ғалымдарымыз, дипломаттарымыз қатысты. Конференцияға 

қатысушылар «Халықаралық қаза-түрік универсиетнің ешқандай мереке, мүшелтойды күтпей-ақ бұл 

конференцияны  ұйымдастыруы  барынша  игілікті  іс»  [7]    деп  атады.  Конференцияны  жүргізуші  ҚР 

Президентінің  кеңсе  бастығының  орынбасары  Бердібек  Сапарбаев  өз  баяндамасында  жарық  көрген 

Нәзір  Төреқұлов  жинағын,  өмірдеректік  еңбекті  атай  отырып,  «Енді  Нәзіртану  саласында  жасалған 

осындай  игілікті  істерді  бір  қорытып  алу  үшін  халықаралық  конференция  жасақтадық»  деген 

болатын.  Қ.А.Ясауи  атындағы  халықаралық  қазақ-түрiк  университетiнiң  президентi  Серiк  Пiрәлиев 

өз кезегiнде, Түркiстан қаласында Нәзiр Төреқұлов мешiтi мен мұражайының ашылғандығын да тiлге 

тиек  еттi.  Сондай-ақ,  университет  өздерiнiң  екi  үздiк  студенттерiне  Нәзiр  Төреқұлов  атындағы 

стипендияны  тағайындағанын  да  айта  кеттi.  Екi  күнге  созылған  Халықаралық  конференцияға 

қатысушылар  ғылыми  пiкiрталасудың  нәтижесiнде  бiрнеше  ұсыныстарды  бекiттi.  Оның  қатарында: 

Бiрiншiден,  нәзiртану  iлiмiн  тек  саясаттану  және  халықаралық  қатынастар  пәндерiнiң  аясында  ғана 

зерттемей,  филология,  педагогика,  этнография,  тарих,  журналистика,  әлеуметтану  ғылымдарымен 

бiрлiкте  қарастырған  жөн.  Нәзiртануды  зерттеу  –  кешендi  ғылым  саласының  объектiсi  екендiгiн 

орнықтыру;  Екiншiден,  дипломат  еңбектерiн  насихаттау  үшiн  оның  теориялық  және  практикалық 

сипаттамасын  жасап,  ерекшелiктерiн  ғылыми  тұрғыда  нақтылау;  Үшiншiден,  Нәзiр  Төреқұловпен 

тұстас зұлмат жылдарын бастан кешкен мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң бiрқатары тарихтан 

лайықты  бағасын  алды.  Олардың  атында  мектептердiң,  көшелердiң,  оқу  орындарының  аттары  бар. 

Нәзiртану  саласын  әрi  қарай  тереңдете  зерттеу  үшiн  Қазақстандағы  бiр  жоғары  оқу  орнын 

(Дипломатиялық академияның) оның атымен атап, сол базада лайықты методологиялық негiз қалап, 

саясаттану  және  халықаралық  қатынастар  ғылымдарының  әрi  қарай  дамуына  кең  өрiс  ашқан  жөн; 

Төртiншiден, келесi 2007 жылы – Нәзiр Төреқұловтың туғанына 115 жыл толуына орай, Тәжiкстан, 

Өзбекстан,  Сауд  Арабиясы,  Түркiменстан,  Әзiрбайжан,  Иран  республикаларында  халықаралық 

деңгейде  семинарлар  мен  конференциялар  өткiзу;  Бесiншiден,  Сыртқы  iстер  министрлiгi 

ғимаратының  алдынан  елшi  Нәзiр  Төреқұлов  ескерткiшiн  орнату  министрлiктен  ойластыру  және 

дипломаттың 115 жылдығына орай деректi фильм түсiру iсiнiң қолға алыну қажеттiгiн атап көрсеттi. 

Аталмыш  қарарлардың  iшiнде  дипломатиялық  академияның  екi  студентiне  Нәзiр  Төреқұлов 

атындағы стипендияның тағайындау қажеттiгi де сұралып, интернеттен Нәзiр Төреқұлов атына сайт 

ашу мәселесi де қозғалды [8]. Қазіргі таңда аталған ұсыныстардың бірқатарының жүзеге асқандығын 

көріп  отырмыз,  ал  жүзеге  аспады  деген  мәселелердің  күн  тәртібінен  түспей,  жаңа  ұсыныстармен 

толығып жатқандығы да Нәзіртану шараларының жалғаса беретіндігін көрсетеді.  

2014  жылы  Түркістан  қаласында  Нәзір  Төреқұлов  есімін  еске  алу  шараларының  мерейтойы 

қасаңында  жиі  өкізіліп  жатқанын  айрықша  атап  өтуге  болады.  Қала  және  аудан  көлеміндегі  оқу 

орындарында  Төреқұлов  тақырыбына  арналған  тәрбие  сағаттары  жоспарлы  түрде  өткізіліп  келеді. 

Ал,  қала  көлемінде  атқарылып  жатқан  іс-шаралар  қатарында,  31-мамыр  күні  Саяси  қуғын  сүргін 

құрбандарын  еске  алу  митингісі  өткізілгенін  айтуға  болады.  Митингіні  қала  әкімі  ашып,  Нәзір 

танушы,  Түркістан  қаласының  «Құрметті  азаматы»,  ҚР  мәдениет  қайраткері,  ақын  –  Нұрмахан 

Назаров,  ХҚТУ-дың  тәрбие  іс  жөніндегі  маманы  –  Саян  Шылмановтар  «Алаш  арыстары»  туралы, 

қазақ  елінің,  көп  ұлтты  Қазақстанның  жарқын  болашағы  үшін  күрескен  қайраткер  азаматтарымыз 

жайлы өз пікірлерін білдірді. Рухани алып тұлғаға тағызым етті, алты алаштың аса дарынды ардағы 

Нәзір  Төреқұлов  ескерткіш  мүсініне  гүл  шоқтарын  қойды.  7  қазан  күні  Нәзір  Төреқұлов  құрметіне 

үлкен ас берілді, қала әкімшілігі мен ақсақалдар сөз алды. 24 қазан күні Нәзір Төреқұлов атындағы 

жалпы орта мектебінде митинг өтті. Бұл шарада «Нәзір Төреқұлов Мұражайының» директоры Нәзір 

өмірінен жастардың алар тәлімі туралы айтса, мектеп директоры Мырзақұл Базарқұл, мектептің 2001 

жылдың 17 қаңтарынан қала әкімінің бұйрығымен Нәзір Төреқұлов есімін иеленіп келе жатқандығын, 

білікті  де  білімді  жастарды  тәрбиелеу  мектеп  мақсаты  екендігін  айта  келіп,  мектеп  қабырғасынан 

Нәзір Төреқұловқа ұқсайтын жас дипломаттар шығатынына сенім білдірді.  

Ерен тұлға ерлерінің есімі ел есінде сақталуы қажет, тарихи әділдік осыны талап етеді. Осы 

бағытта  телеарналардағы  деректі  фильмдер,  құндылығы  жоғары  мақалалар,  ірі  көлемді  іс-шаралар 

жалғасын тауып жатыр. Соңғы жылдың өзінде Қ.А.Ясауи атындағы университет ғалымдары, ғылым 

докторлары  Құлбек  Ергөбектің  «Үлкен  Түркістан  үшін  күйген»,  Сейдулла  Садықовтың  «Түгел 

түркінің  қамын  ойлаған»,  Хазіретәлі  Тұсынның  «Нәзір  мен  Сұлтанбек»  атты  мақалалары  жарық 

көрді.  Нәзiртану  мәселесінде  бұл  iстің  өз  жалғасын  таба  беретіндігіне  көз  жеткізе  түсеміз.  Ал, 

Түркістан  қаласында  атқарылған  шаралар  Нәзіртану  саласында  игі  бастамаларға  негіз  болады  деп 

білеміз. 


334 

 

Мақала соңын, ақиық, тұлғалы ақын Мұхтар Шаханов қалада Нәзір Төреқұловтың ескерткіші 



ашыларда  оқыған  тарихымыздың  бүкіл  қайғысы  мен  бар  қуанышын  сыйдара  алған  «Түркістандағы 

тау» өлеңінің соңғы шумағымен аяқтауға болады: 

Бүгін міне сенің күнің күліп кірді есіктен, 

Қарсы ал кәне бақытыңды жетпіс бес жыл кешіккен. 

Саған шексіз қатал дәуір сыбағасы тиіпті-ау, 

Түркістанның маңдайына сыймай кеткен биік тау[9]. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Бердібай  Р.  Нәзірдің  жұлдызы  /  Төреқұлов  Н.  Шығармалар-сочинения.  Дипломат.  – 

Алматы, Қазақстан, 1997. – 336 бет. 



2.

 

Дүйсен  С.  Төреқұловқа  ескерткіш  тұрғызылса...  Астана.  11  қазан,  2012.  - 

https://baq.kz/history/kairatkerler/torekulovka-eskertkish-turgizilsa-68     

3.

 



«Н.Төреқұлов»  мешіті,  5  қаңтар,  2011.  -  ҚМДБ.  ОҚО  бойынша  облыстық  «Қаттани» 

орталық мешітінің ресми сайты,  http://kattani.kz/?s=Төреқұлов+мешіті&x=0&y=0  

4.

 

Қасиетті, киелі мекен – Түркістан / Нәзір Төреқұлов музейі. - Turgtk.narod.ru/Nazir.htm 



5.

 

Б.Жандарбеков. Тұғыры биік тұлғаның есімін ардақтайық / “Қазақстан Республикасының 



дипломатиялық  және  саяси  өміріндегі  Нәзір  Төреқұловтың  рөлі”  атты  халықаралық  ғылыми-

практикалық конференция. Түркістан, 2006.  

6.

 

Н.Оразбек. Ізденіс әлі де керек / “Қазақстан Республикасының дипломатиялық және саяси 



өміріндегі  Нәзір  Төреқұловтың  рөлі”  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция. 

Түркістан, 2006.  

7.

 

Бектасова Г. Тұңғыш дипломат: ұлт рухын ардақтаған Нәзір Төреқұлов // Түркістан . - 



2006. - 24 қараша (N 47)  

8.

 



Бақтияр Тайжан. Нәзіртанудың өрісі кең // Егемен Қазақстан. – 2006 – 11 қараша 

9.

 



Шаханов М. Түркістандағы тау /Тарихы терең Түркістан (мерекелік жинақ).-Алматы: 

Білім, 2000,-200 бет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет